Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда “мəдениетті ғылыми жолмен басқару”
атты сөз тіркесі кең етек алған – ды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тəсілі ретінде түсіндірілетін
мəдениетті басқару мүмкін емес, əйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла –
шарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше


билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мəдениеттің жəне рухани
ізденістің қандай деңгейде болғаны бəрімізге белгілі. Алайда солай екен-ау деп мəдениетке сыртқы ықпал
жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мəдениет –«жабулы қазанң емес. Мəдениеттегі реттеушілік
əрекеттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мəдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек
көңіл бөлінеді. Мəдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мəдениетті адамң
дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол-
білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сəнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік
талаптарына сай адам.
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мəдениеттің қоғамдығы негізгі қызметтерінің
бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мəдениеттер сұхбаттасуы - əлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам
ерекше бір өрісте – қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, əдемілік пен жақсылық тербелісі
адамды нəзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар,
мамандық, шеберлік тəжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мəдениет игіліктерін
жас нəресте анасының ақ сүтін еміп, оның əлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық
қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
Ғылымда социализация (əлеуметтену) деп аталатын процесс те мəдени қарым-қатынасқа негізделген.
Мəдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың əмбебаптығына жəне көп мағыналылығына көңіл бөлу
қажет.Мəдени құндылықтарды оларды жасаушылар жəне тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас
ретінде алуға болады. Мəдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі
бір себептермен жетпей жатса, онда ол мəдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап
бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол – жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап – шаң
басып жатқан қағаз. Мəдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз.
Мəдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық,
футурологиялық, герменевтикалық т.б. түрлерін атайды.
Өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді.Дамыған елдерде « не
жеймін, не киемінң сияқты мəселелер түбегейлі шешілген.
Мəдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. Мəдениеттануда негізінен үш
бағытты бөліп алуға болады.Х1Х ғасыр тарих тұрғысынан мəдениет типтерін негізінен біртұтас дүние
жүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына сəйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім
ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мəдени даму тұжырымдамасы бойынша əртүрлі
өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар жəне де барлық дамыған елдер мəдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда жаугершілік
пен алапат соғыстардың салдарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мəдени бірлігін қалпына келтіре
бастайды. Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883-1969) белдеулік
уақыт ілімі ерекше орын алады. К.Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі даму
бағыты ортақ жəне тағдыры мен болашағы ұқсас. Жалпыадамдық мəдениет пен өркениеттің қалыптасуына
шешуші əсер еткен фактор-тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ əрбір
дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы
қалыптастыра алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет