Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Қараханид кезеңінің мәдениеті. Қалалық мәдениет



бет25/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Культ Билеты-ответы

32. Қараханид кезеңінің мәдениеті. Қалалық мәдениет.
ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ – ортағасырлық мемлекет. Өмір сүрген уақыты мен шекарасы әлі дәл анықталмаған. 10 ғ-дың ортасы – 13 ғ-дың басы; кейбір деректерде 10 ғ-дың 90-жылдарында болды деп көрсетіледі. Құрамына Шығ. Түркістан, Жетісу, Мауераннахрдың едәуір бөлігі кірген. Мемл. Билеушілер әулетіне байланысты аталған (қ. Қарахан әулеті).
Бұрынғы қалаларда сауда-саттық күшейіп, жаңа қалалар салынды. 10 ғ-да қазіргі Қазақстан жері арқылы маңызды сауда жолдары өтті. Солардың бірі Шу өз. алқабын бойлап, Іле Алатауының сілемдері мен Талғарға дейін жетті де, одан әрі тармақталып кетті. Бір тармағы Шелекті басып өтіп, Шығыс Түркістанға дейін, екіншісі Іле өз. мен Алакөлден өтіп, Моңғолияға дейін созылды.
960 ж. Қ. М-нде ислам ресми мемл. Дін ретінде қабылданды. Мәдениеті дамыды. Түркі тілінде шығармалар жазылды. Солардың бірі – Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білік” (1069), Махмұт Қашқаридың “Диуан-и лұғат ат-түрк” атты туындылары. Архитектура мен сән өнері өріс алды. Мыс., Үзгендегі айшықты ою-өрнекті, порталды кесенелер.
Түркі ойшылдары ислам мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне елеулі ықпалын тигізді. 960 жылы Қарахан мемлекетінің ресми діні ислам болып жарияланды. Қарахандықтар дәуірінде қала мәдениеті дамып, мұсылмандық сәулет өнерінің ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Әулие Ата, Айша Бибі кесенелері, мешіттер мен медреселер, кітапханалар Қарахан мемлекетіндегі рухани-мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары болғанын дәлелдейді.
33.34.35. Қараханид кезеңінің мәдениеті.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Орталық Азия және Қазақстан халықтары үшін ортағасырлық тарихында өте күрделі де, қызықты кезеңдерінің бірі. Дәл осы кезде ,Қарахан мемлекеті дәуірінде , материалдық және рухани мәдениет жаңғырып , түркіхалықтарының өмірінде ерекше тарихи –мәдени рөл атқарды.Осы кезде жазу мәдениетінің жоғарғы сатыға көтеріле бастауын біз Әл-Фараби , Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласұған, Ахмет Иассауи , Сүлейман Бақырғани , Ахмет Иүгінеки еңбектерінен көре аламыз. Осы аталған ғұламалардың еңбектері әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар , Қарахан мемлекеті кезінде ғылыми ойдың дамуы ,қалалардың бой көтеруі , сәулет өнерінің кең өркен жаюы ,ислам дінінің таралуы және Жібек жолының гүлденіп тұруы Қазақстанның ортағасырлық тарихында өшпес ізін қалдырды. Бүгінгі таңда Қарахан мемлекетінің дамуына үлес қосқан түркілердің тарихын ,сол кезде өмір сүрген әйгілі ғұламалардың еңбектерін біртұтас аспектіде қарастыру өте күрделі мәселелердің бірі. Ғылымның дамуына үлес қосқан авторлардың еңбектері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет