Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Моңғол шапқыншылығы мәдени апат ретінде. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті



бет27/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Культ Билеты-ответы

37.38. Моңғол шапқыншылығы мәдени апат ретінде. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті.
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.
Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.
Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды.
Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.
Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді.
Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.
Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.
Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.
Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты.
Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия, Ібір-Сібір мен Қазылық тау (Кавказ) арасындағы ұлан-ғайыр өлкеде ХIII ғасырда ту тіккен, өз кезеңінде Жошы ұлысы, Ұлығ ұлыс, Бату ұлысы, т.с.с. деп әрқилы аталған, орыс жылнамаларында «Великая Орда Златая», «Ұлы Алтын Орда» деп дәріптелген. («Қазан жылнамасы». XVI ғ.), әлемдік тарихнамада «Алтын Орда» деген атпен қалған ұлы мемлекеттің мәдениет тарихындағы орны туралы жаңсақ тұжырымдар, дәйексіз, ұшқары бағалар ұзақ уақытқа дейін үстем болып келді. «Еуропа тылдық пен орысшылдық елесімен ауырған», «адамзат мәдениеті Еуропадан бастау алады, ал Ресей — Үшінші Рим» деген сыңаржақ, даурықпа қағидалармен қаруланған көптеген тарихшылар «Алтын Орданы монғол-татарлардың жабайы хандығы» деп жариялады, көшпелілер «алтын мұнаралы Киевті, биік мұнаралы Мәскеуді», орыстың басқа да ғажап қалаларын өртеп, қиратты, бай кітапханаларын күлге айналдырды деп ғайбаттаудан танбады. Нәтижесінде, ұзақ жылдар бойы тек Ресей ғана емес, Кеңестер Одағы делінген алып елдің оқу орындарында Алтын Орда туралы жартылай тағы, бүлдіруші, қиратушы, басқыншы, мәдениеттің қас жауы деген тұрғыдағы түсінік қалыптастырылды. Бұл — тарихи шындыққа қиянат еді. Егер тарихта Алтын Орда болмағанда Ұлы Ресей аталған империяның да дүниеге келуі неғайбыл екенін ілгеріде айттық, ендігі айтарымыз: Алтын Орда кезеңіндегі мәдениет, тұтастай алғанда, жасампаздық сипатта болды, көптеген халықтар мен елдердің, соның ішінде Ресейдің мәдени дамуына игі ықпал етті. Тағы бір еске тұтатын жәйт Алтын Ордадағы үстем ұлт тіпті де монғолдар емес, біздің балаларымыз -қыпшақ , қаңлы, қоңырат, найман т.б. еді. Жошы ұлысын аралаған араб жиһанкезі Әл Омари: «Азғана монғол қыпшақтарға мүлде сіңісіп, олардың бәрі қыпшақпен бір туысқандай, бір рудан шыққандай болып кетті», — деп жазды, Сондықтан Алтын Орданың мемлекеттік, әкімшілік, әлеуметтік құрылыс институттары, қала тұрғызу мәдениеті, өнері, әдебиеті дегенде, ойымызда түркі-қыпшақ мәдениеті тұруы керек.


Әрине, шапқыншылық кезінде қалалардың қирауы, мәдени ескерткіштердің жойылып кетуі, халықтың қырылуы — болмай қалмайтын зардаптар. Тіпті, жаугершілік заманның бұлжымас заңы да. Батудың жорығы кезінде орыс елінің бірқатар қалалары өртенгені, тоналғаны — тарихи шындық. Әйткенмен, белгілі орыс ғалымдары мұқият зерттеулерден соң, «Бату жорығы кезінде орыс қалаларының көпшілігі-ақ аман қалған еді», — деп тұжырым жасайды. Тарихшы-археологтар М.Покровский, Б.Грековтер «Киев монғол шапқыншылығынан 200 жылдай уақыт бұрын құлдырай бастаған еді, монғолдар жорығы кезінде қала өзінің бұрынғы маңызынан, сән-салтанатынан айырылып біткен болатын», — деген қорытындыға келеді. Яғни, бай да бақытты шаһар, ұлы Киевтің тозғынға ұшырауын «жабайы монғолдарға» жабудың ешқандай реті жоқ екен. «Бату жорығының зардаптары князьдықтар арасындағы сол кез үшін әдепкі құбылыс болып саналатын қақтығыстар зардабынан артық емес еді». — дейді орыс тарихшысы Л.Гумилев. Алайда, орыс князьдары өз елдерін кей кездерде жат жерлік шапқыншылардан бетер тұралатқаны тарихтан белгілі. Мәселен, князь Д.Галицкийдің 1256 жылғы жорығында славян жерлері қаңырап бос қалып, көптеген қалалар мен қисапсыз қоныстар жермен-жексен етілген.
Енді, кітапханалар жайына келсек, орыс елінің тарихы, негізінен, ежелгі жылнамаларға дәйектеліп жазылды, Бұл жылнамалар шіркеулерде, ғибадатханаларда сақталған болатын. Ал Алтын Орда әміршілершің шіркеулерге, қайсыбір жағдайларда болмаса, мүлде дерлік тиіспегендігі — белгілі жәйт. Ендеше, көшпелілер «орыс кітап мәдениетіне өлшеусіз нұқсан келтірді» деген пікір де қисынға жанаспайды. Шындығына сүйенсек, орыс кітап мәдениеті қорлықтың зорын XVIII ғасырдың аяғынан XIX ғасырдың ортасына дейін «білімдар» орыс монахтарынан көрген еді. Дүмше дін қызметшілері өздері қажетсіз деп тапқан қисапсыз қазына — көне қолжазбаларды жыртып, өртеп, суға ағызып құртқан болатын. онымен қатар, Алтын Орда шаһарлары орта ғасырлардағы ірі өндіріс, қолөнер орталықтары да болып табылады. Орданың 38 кентінде алтын, күміс теңгелер соғылған. Әр қалада дерлік қару-жарақ жасайтын ұсталардың, зергерлердің, тас қалаушылардың, мата тоқушылардың, тігіншілердің, құмырашы шеберлердің, т.б, махаллалары (кварталдары) болған. Және де қаланы қоныстанған отырықшы қауым мен даланы жайлаған көшпелі жұрт бірінің қажетін бірі өтеп отырған.
Тарихшылар Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінің ерекше өркендеуінің себебін бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің болуынан деп түсіндіреді. Расында да, орталықтандырылған қуатты мемлекет болмаса, ұшан өңірде бірыңғай ақша айналымы, сан салалы сыртқы, ішкі сауданың өндірістің дамуы жүзеге аспас еді. Алтын Орданың әкімшілік құрылысы ұлыстық жүйеге негізделген-ді. Ұлыстарды ұлыс бектері басқаратын, ұлыс бектері өз кезегінде бектер бегіне бағынатын. Бәрінің үстінен Шыңғыс хан әулеті билік жүргізетін еді. Ал мемлекеттің күнделікті мәселелері уәзір құзырындағы диуанда (кеңесте) шешілетін. Бұл жүйе (ұлыстық жүйе) ғасырлар бойы Ресей әкімшілігінің де негізгі басқару жүйесі ретінде (облыстарға бөліп басқару) қолданылып келді, Әрине, Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы, әкімшілік жүйесі, мәдениеті тек Ресейге ғана емес, басқа да көптеген мұрагер мемлекеттерге ықпалын тигізді. (Айталық, Қазақ Ордасы. Алайда, бұл — өз алдына бөлек әңгіме.)
Дамудың осыншама биік сатысына көтерілген Алтын Орда шаһарлары XIV ғасырдың аяғында Орта Азиялық әмірші Ақсақ Темірдің кесапатты соғыстары кезінде жойылып кетті. Әсіресе, Темірдің 1395 — 1396 жылдарға екінші жорығынан кейін өртелмеген, талқандалмаған екі-ақ қала — Сарай мен Сарайшық қана қалыпты. Осындай лаңды шапқыншы иесі Ұлы Алтын Орда да қайтып оңала алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет