Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Тимуридтер кезеңіндегі мәдениет. Ұлықбек



бет28/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Культ Билеты-ответы

39. Тимуридтер кезеңіндегі мәдениет. Ұлықбек.
Темір әулетінде 1394 жылы 22 наурыз күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстыран Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.
Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птоломей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, ферғани, Бируни, Ибн Сина, Нысреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темірөлгенне кейін империясы ыдырап екі - Хорасан, екіншісі - мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетрлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, таразы т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмаолығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов “Ұлықбектің астрономиялық мектебі” атты еңбегінде Ұлықбекте билеуші-әмір ретінде бағалайды: “Ұлықбектің қызмет -әрекеттері көп жағынан ілгерілерінен бөлек болды, оның өз кезінде, әсіресе, ғылым саласында прогрестік роль атқарған сөзсіз”
Ұлықбектің ғылым жолындағы жасалған ерлігін діншілдер қанша әрекеттенгенмен, жоқ ете алмайды. Халық ұлықбек есімін әр кезде жоғары тұтып, оның мәдениет үшін істеген көрнекті еңбегін аңыз етіп, айтып жүреді. Ұлықбектен сәл кейін өмір сүрген данышпан ақын Әлішер Науаи ол туралы былай деп дазған: “Сұлтан Ұлықбек, Әмір Темірдің әулеті, дүниеде теңдесі жоқ патша болды. Оның туысқандарының бәрі ол дүниеге сапар шекті. Оларды қазір кім біледі? Ал Ұлықбек ғылымға қол созып көп нәрсені игерді. Ол десе аспан төмен түсіп, жұлдыздар жақын келер еді. Оның ашқан заңдары мен ережелері дүниенің ақырына дейін әр уақытта адамдар кәдесіне жарай береді… ”
Ұлықбек өлгеннен кейін мұсылман фанатиктері обсерватоияны талқандап, кітап-құралдарды шашып, талан таржға салады. Ұлықбек мектебінің белсенді өкілі әл-Құсшы Меккеге тауап қылуды сылтау етіп, ең басты ғылыми еңбектерді шет елге алып кетпегенде, Ұлықбектің астрономиялық мектебінің тамаша жетістіктері жайлы тарих еш нәрсе білмей қалған болар еді. Алғаш әл-Құсшы, кейіннен Қазы-Заденің немересі Мариям Шелеби ол еңбектерді іріктеп, түсініктемелер жазып, Стамбулда жарыққа шығарады. Осылар аоқылы Ұлықбек лбсерваториясының негеізгі жетістіктері Европада кейіннен ғыдымның дамуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізеді.

1
Темір өз заманының аса зұлым жаулаушысы, елдер мен қалаларды қиратушы әлемге қорқыныш ұялататын қолбасшы ретінде танылса, бір қырынан ол аса талғампаз сәулетші де болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді мекендер, көпірлер тұрғызылған. Ол жердің бос жатуына жол бермеген. Темірдің жасампаздық өнерінің туындылары қалалар, медреселер, мешіттерге тіпті сол кезеңде еуропалықтардың өзі таңдана қараған (Клавихо). Ол өзіне дейінгі басшылар секілді парсы немесе араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік ерекше мұсылман сәулет өнері тарихында бұрын жасалмаған дүниелерді тұрғызған.


Темір жаратылыстану-математика, астрономия ғалымдары мен тарихшы, ақын, лингвист, теология саласындағы ғалымдармен өз мемлекетіндегі Мәуереннахр мен Хорезмнен басқа Алтын Орда, Ақ Орда, Хорасан, Үндістан, Ирак, Иран, Түркия және Батыс Магрибті қосқандағы иелігіндегі өзекті мәселелерді талқылаумен өткізген. Али Йезди тағы қызықты мәліметті келтіреді: жуырда ғана негізі қаланған Баилқан қаласында 806 ж. Темір атақты теолог ғалымдарды жинап: «Ғылым мен дін білгірлері патшаларға өз әрекетінде түрлі кеңес беру арқылы көмек көрсетіп тұрған, сендер бұл қызметті атқармайсыңдар. Менің мақсатым - әділетті шешім шығаруға жәрдем көрсетіп, менің бағыныштыларым бейбітшілікте өмір сүруіне жағдай жасап, мемлекеттің дамуына жағдайды жақсарту».
Темір сарайында Абдужаппар Хорезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигманиддин Хорезми, Ходжа Афзал, Алаутдин Каши, Джалал Хаки және басқа да ғалымдар қызмет жасаған. Темір математика - риезнет, геометрия - хандас, архитектура - миморлик, астрономия - ханат, әдебиет, поэзия, тарих, музыка – мусики ғылым салаларының дамуына ерекше көңіл бөледі. Ол үлкен қызығушылықпен сахиб хунар (ғалымдармен) әңгіме дүкен құратын. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір Темір тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.
Темір Самарқанда Сарай мен мешіт, Бибі-ханым медресесін; Шахи-Зинд медресесін тұрғызады, ал қаланың айналасына бақтар мен сарайлар Шинар-Бағы, Шамал-Бағы, Дилкуш-Бағы, Бехишт-Бағын тұрғызады. Бибі ханымның салынуы жөнінде Клавихоның «Күнделігінде» атап өтіледі: «Дүйсенбі күні Темір Самарқанға аттанып, қалаға кіретін жердегі бір үйге тоқтады. Сол үйді өзінің қайын енесінің құрметіне (Бибі-ханым) салдырады».
Кухак пен Заравшан өзендері арқылы жолдар мен көпірлер салынады, ал кейін Әмудария мен Сырдария арқылы көпір жүргізеді, Сырдария мен Ахангаран арқылы канал жүргізіледі. Суландыру жүйесі мен керуен-сарайлардың құрылысы Бұхара, Лахрисабзда, Ферғанада, Түркістанда жасалады. Өте үлкен көлемде қалалар, ауылдар, монша, медресе мен мавзолейлер салынады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті сәулетшілерден - созиби хунарлармен қатар Темір жаулап алған мемлекеттердің сәулетшілері мен құрылысшылары әкелінеді (Якубовский). Темір басып алынған елдерден 150 мыңға жуық қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға алып келді, оның бұйрығы бойынша қалада және қаланың сыртында көптеген әсем сарайлар салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті жорықтары бейнеленді. Ол Самарқанда салынып жатқан құрылыстың өзіне дейінгі салынған ғимараттардан әлдеқайда кең көлемде болғанын талап етті.
Клавихоның «Күнделігінде» Самарқан қаласының құрылыс жұмыстары жөнінде қызықты жайттар кездеседі: «Бізді жұма күні патшаның бұйрығы бойынша салынып жатқан үлкен сарайды аралатуға алып келді, бұнда шеберлер 20 жыл бойы күні-түні еңбек етіп келеді. Сарайда өте кең дәліз бен үлкен қақпа бар, оның екі жағында әртүрлі бедерлермен сәнделген екі арка бар. Бұл аркалардың астында шағын бөлмелер орналасқан... сарайдың ортасында ені үш жүз қадам болатын суат бар, оның артында алтынмен, лазурьмен ерекше безендірілген ең үлкен есік орналасқан. Есіктің ортасында, күн бейнесінің ортасында арыстан бейнеленген, оның жан-жағы да солай көмкерілген. Бұл Самарқан билеушісінің герб болған. Сарай Темірдің бұйрығы бойынша салынған дегенмен, менің ойымша сарайды бұрынғы әмірші сала бастаған, себебі бұл герб күнде бейнеленген арыстан Самарқанның бұрынғы әміршісінің таңбасы, ал Темірдің таңбасы – үш дөңгелек».
Клавихоның дерегіне сүйенсек, Самарқан қаласының құрылысы оған дейін-ақ басталған. Ал оны өз мемлекетінің астанасы етіп таңдаған Темір қаланың құрылысын жалғастырғанын білдірсе керек. Темірдің астана ретінде Самарқан қаласын таңдап алуы турасында бірнеше пікірлер бар: бірі Самарқан алғаш Темір бағындырған қалалардың ішіндегі үлкені десе, енді бірі оған табиғаты қатты ұнады, ал үшіншілері ерте кезеңнен бері бұл аймақты Тұранды атақты Афрасиб билегендіктен қызықтырған деп есептейді. Аталғандардың барлығы шындыққа жанасады, бірақ объективті себебі ол Мәуереннахрдың орталығында орналасып, географиялық жағдайы қолайлы болғандығында. Қала бай су жүйесімен жан-жағынан үш қаламен байланысты, мұнда тау, өзен және ормандар қатар орналасқан. Сонымен қатар Самарқанда сирек кездесетін түсті металдар мен құрылыс материалдарының мол қоры шоғырланған. Осының барлығы Темір мемлекетінің астанасы Самарқанды таңдауына әсер еткендігі сөзсіз.
Темір салдырған қалалардың ерекшелігі олар қалың дуалмен қоршалмады. Мысалы Самарқандағы Көк сарайда Темір жиі болмаған, бұл қазына орны ретінде жұмыс жасаған. Әмір Темір өзінің қала сыртындағы тамаша бақтарымен қоршалған сарайында болуды ұнатқан, ал ол жоқ кезде бұл аймақ қаланың бай және кедей тұрғындарының серуендейтін орны болған.
В.В. Бартольд, атап өткендей мұсылмандардың ең басты қаласы Самарқан, Темірдің ойынша, әлемдегі бірінші қалаға айналуы тиіс болатын. Темір өз кезегінде шаруашылыққа, жер жырту мен мал шаруашылығына, сауданың дамуына ерекше көңіл бөлді. Али-Йезди «Зарфарнамеде» Темір «Мәуереннахрды үш жылға салықтан босатты», сол арқылы кәсіпшілер мен жер шаруашылығымен айналысушылардың экономикалық жағдайын жеңілдеткендігін айтады. Самарқанда бейнеленген Темірдің және оның ұрпақтарының жеңістерін салуда тақырыптық кескіндеме арқылы жасалған. Темір мен оның ұрпақтары кезеңіндегі (ХІҮ-ХҮ ғғ.) қабырға суреттері көлемі мен қатардағы миниатюрасы бойынша «Үлкен француз хроникасынан» (ХҮІ ғ.) асып түскен. Осы кезеңде Орта Азияда жергілікті және шет аймақтардан келген сәулетші безендірушілердің мектептері де ашылады.
Қазақстан аумағындағы Темірдің ең үздік салдырған туындысы - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына жағдай жасаған. Ахмет Ясауи тек насихатшы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама, мейірімді, кішіпейіл, ойшыл ақын ретінде түркі жұртына танымал болды. Ахмет Ясауи - халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты - мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.
Бұл құрылысты салу себебі, 1390-95 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып астанасы - Сарай Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Ахмет Ясауидің ескі мазарының орнына жаңа үлкен мемориалды ескерткіш орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда мұсылманшыл Темір тек діни мақсат мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Сонымен қатар қазіргі күні бұл кесене тек қазақ халқы ғана емес барша түрік-мұсылман әлемінің мақтанышына айналып отыр. Кесене қазақтың Ақ Орда мемлекетінің оңтүстік бөлігі, Сыр бойы қалаларын Темір жаулап алған жеңісінің белгісі ретінде тұрғызылды.
Кесене құрылысы жайлы негізгі жазба деректер Йездиден шыққан Шериф ад-диннің «Зафарнама-ий Теміри» («Темір жеңістері») атты кітабында баяндалған. Бұл кітапта 1397 жылы Темірдің Қызыр Қожа ханның қызы сүйіктісі Тәукел ханымға аттанғандығы жайлы жазылады. Самарқаннан Ташкентке барар жолда Ясы қыстағындағы Қожа Ахмет Ясауи басына зиярат етуге бұрылады. Мұнда ол ескі мазардың орнына зәулім кесенені тұрғызуға әмір етеді.
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің тамаша туындысы. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темірдің тікелей өзі қатысып, өлшемдерді өзі анықтаған көрінеді. Кесене – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архетектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесенені тербездік Шараф ад-дин Тербездің баласы Абд ал-Азиз құрылыс жұмысын салған. Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин былай деп жазады: «Әзірбайжан, Парсы, Үнді және т.б. елдерден әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап отырды. Темір заманында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды. Кесене оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені 46,5 м., ұзындығы 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу әдістері қолданылған. Ескерткіште күмбезді аркалы элементтер мол. Сәулетші шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы – 18, 2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғаның қалыңдығы – 3 м. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғаның үстіңгі жағымен өткізілген эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған.
Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – қабірхана ортасында Қожа Ахмет Ясауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене-мешіттің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасында Меккедегі Қағба іспетті 3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің оңтүстік-батыс жағындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жерасты ғибадатханалары Ясауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған.
Темір «Қалаларда мәдениетті адамдар неғұрлым көп болса, оның өсіп-өркендеуі, дамуы тез жүреді, Мәуереннахр мен Түркістан қалалары мейлінше көркейе түседі деп есептеді». Мәуереннахр мен Самарқанда бой көтерген жаңа құрылыс нысанында пейзаж көркем өнері кең тарады. Бұндай тамаша көркем суреттер Ширин-бика-ага (1385), Бибі-ханым (1404), Туман-ака (1405) қабырғаларында бейнеленген. Олардың барлығы көк бояумен, ақ жолақтармен және алтын түстермен көмкерілген. Пейзаждық туындыларда ХІV-ХV ғасырларда көркем өнер метаформасы әлемде жоқ «фирдаус» - жұмақ бақтары бейнеленді [19]. Мәуереннахрда қолданбалы өнер кеңінен тарады. Ол әсіресе, Ясыда, Самарқан пен Бұқарада жақсы таралды. Сонымен қатар Әмір Темірдің мұсылманшыл екендігі және он екі жасынан бастап намазға жығылғандығы, мұсылмандық салт-дәстүрді ерекше ұстанғандығы және өз мемлекетінде мұсылман дінінің таралуына жағдай жасағандығы деректерден белгілі. Темір өзі таққа отырып, мемлекет билігін өз қолына ұстаған сәттен бастап мемлекеттің негізгі тірегінің бірі дін екендігін мойындаған. Ол Темір түзіктері («Уложение Тимура») атты шығармада дін туралы былай дейді: "Маған тәжірибе көрсетті. Дін мен заңға бағынбаған мемлекет ешқашан өзінің күші мен қуатын сақтай алмайды... Дінсіз мемлекетті шатыры жабылмаған, есіксіз, қоршаусыз, кез-келген арам пиғылды адам кіре беретін қорғансыз үймен салыстыруға болады.
Мен сондықтан өз ғимаратымды ислам дінінің ұлылығына негіздедім. Оған ережелер мен заңдарды үйлестірдім және оларды өзім билік жүргізген кезімде сақтап, мойынсұндым" - дейді [3, C. 69]. Бұл Әмір Темірдің мемлекетті басқаруда дін мен дін өкілдеріне арқа сүйегендігін көрсетеді. Сондай-ақ осы шығармада Әмір Темірге пірінің мемлекетті басқару жүйесін қалыптастыруға қатысты жазылған ойлары келтіріледі. Онда былай делінеді: «Менің пірім маған былай деп жазды: Темір, Тәңір оны өзі қорғасын, сен мыналарды есіңде ұста. Мемлекетті басқару – Ұлы жаратушының әлемді басқаруына ұқсас. Бұл басқаруда әртүрлі қызметтер бар: тыңшылар, қызметшілер, жасауылдар және олардың әрқайсысының атқарар қызметіне қарай мойындарына артылған міндеттері бар. Олар өздеріне артылған міндет шеңберінде ғана қызмет атқарады әрі олар өз шекараларынан шықпайды және Жаратушының заңдарын қатаң сақтайды. Сонымен қатар Темір: «Мемлекет және оған билік жүргізуге арналған менің бірінші қағидам – Алла тағаланың діні мен Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) шариғатына бас иіп қана қоймай, оған мейлінше өріс бердім. Әр жерде және әр уақытта ислам дінін қолдап қуаттадым».
Сен пайғамбар ұрпақтарын қол астыңдағы өзге халықтан жоғары ұста. Оларға үлкен құрмет көрсет. Оларға берген сыйыңды дүние шашу деп есептеме. Сенің құдай жолына жұмсаған қаржың босқа дүние шашу емес. Сен өз қол астыңдағы халықты 12 топқа бөл. Ол сенің мемлекетіңнің сәулеті де, тірегі де болады».
Әмір Темір пірінің осы айтқанымен қоғамды он екі сатыға бөледі. Сол он екі сатылы жүйенің алғашқы сатысында Пайғамбар ұрпақтары мен ұлыс бектері, заң шығарушылар тұр. Бұл да Әмір Темірдің дінге, дін қызметкерлеріне, әсіресе Пайғамбар ұрпақтарына көзқарасы қандай болғандығын көрсетеді. Темір саясаткер ретінде ислам дініне сүйене отырып, мұсылман діндарларының беделін өз мемлекетін нығайту үшін пайдаланған және осы мақсатта ол өзге де діни нанымдарды ұтымды пайдаланған. Ол бос уақытын саятшылық пен шахмат ойнауға арнап, оны жетілдіріп отырған.
Темір өз заманында тек соғыс өнерімен ғана ерекшеленіп қоймай, жасампаздық өнерімен: өз мемлекетінде сәулет өнерінің өркендеп, жаңа мешіттер мен медреселер, бақтар мен суландыру жүйелерінің дамуына және жер шаруашылығын өркендетуге жағдай жасаған. Сонымен қатар, тарихта мұсылман сәулет өнерінің ең бір дамыған кезеңі де Темірдің есімімен тығыз байланысты. Мұсылман діні салтанат құрып, ғылымның дамуына жағдай жасаған тұлға екендігін байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет