2.3 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері
Қазіргі кезде әлемнің барлық дамыған елдері, оқушының шын мәнінде оқу процесінің орталық тұлғасы болуы үшін білім беру жүйелерін қайта қараудың қажеттілігін саналы түрде сезінуде. Соған орай, бүгінгі қоғамда білім жүйелерін яғни, адамды білімнің әртүрлі саласындағы мақсатты іс-әрекетке тартудың негізінде оның интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан дамытудың стратегиялық бағыттары айқындалды.
Бүгінгі қоғамға өзбетінше дербес, сыни тұрғыдан ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және шығармашылықпен шеше білетін адам қажет. Бұл білім берудегі тиісті іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру арқылы шешіледі, яғни оқушының жеке әлеуетін іске асыру арқылы. Оқушының жеке білім алу қызметінің негізі элементтері: іс-әрекетті талдау (мен мұны не үшін істеймін,), жеке мақсат қою (таңданарлық нәтиже), іс-әрекет жоспары (өзінің іс-әрекетін сезіну), бағалау.
Осы айтылған іс-әрекет элементтерінің кейбір тұстарын А.В.Хуторскойдың 12 жылдық мектеп бітірушінің жеке қасиеттерінің креативтік, когнитивтік, ұйымдастырушылық-іскерлік топтарында біз ұсынып отырған әмбебап тәсілдер арқылы оқушы бойында қалыптасатын қасиеттерді көруге болады:
Ұйымдастырушылық –іскерлік (методологиялық) қасиеттерде:
белгілі бір оқу пәндері арқылы әрбір сабақтың немесе тапсырманың мақсатын сезіну және түсіндіру;
жаңа немесе әлі қол жетпеген мақсаттың жетудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу, істі ақыр аяғына дейін жеткізуге деген табандылық, мақсатқа берілгендік, мақсатқа жетуді көздеу, мақсаткерлік, мақсатқа жетудегі табандылық;
белгілі білім немесе қызмет саласында оқу мақсатын қоя білу, оған жетудің жоспарын жасау;
Іс-әрекеттің мағынасын анықтау, нәтижелерді мақсатпен біріктіру, өзін-өзі талдау және өзіндік бағалау, өз идеяларын қорғай білу;
Креативтік қасиеттерде:
жаңаны сезіну, обьектіге сәйкес келетін танымдық әдістерді таңдау, анықтай білу, жаңа әдістерді құру;
даралық, тәуекелге бейімділік.
Когнитивтік қасиеттерде:
білуге құмарлық, талдай білу, ұқсастықтарды таба білу қабілеті, сұрақ қоя білу, әр түрлі міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, қорытындылар жасау;
өз іс-әрекеті арқылы өз білімін және алынған нәтижелерді дәлелдей білу;
кез келген туындаған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсінбегенін білдіру қабілеті, алынған білімді рухани, материалдық және іскерлік нысандарға жұмсау қабілеті.
Жоғары аталған қасиеттер оқушының 12 жылдық мектептің жалпы мақсаттарымен, мазмұнымен бірге оқушының жеке басын дамытудың бірі ретінде қызмет етеді деп санаймыз.
Көрсетілген қабілеттерді оқушылардың оқу тапсырмаларын орындау барысында қалыптасатындығын дәлелдеу мақсатында эксперимент жүргіздік.
Зерттеу жұмысы барысында әмбебап тәсілдердің тиімділігін эксперименттік түрде байқаудан өткізу жалпы білім беретін мектептердің үшінші сыныптары алынды. Тәжірибелік –эксперименттік жұмыстың қалыптастыру кезеңіне 200 оқушы қатысты, олардың ішінде эксперимент тобында 101 оқушы, бақылау тобында 99 оқушы қатысты.
Жүргізілген эксперименттің нәтижесін тексеру мақсатында анықтаушы эксперимент кезеңінде жүргізілген әдістемелер қайта алынды. Бірнеше сабақтардан кейін тапсырмалар ұсынылды, одан кейін сауалнамалар жүргізілді.
Туған күндеріңіз бен жылдарыңыздың цифрларын пайдаланып, есеп құрастыр.
«Ғажайып фигуралары сандар». Берілген фигуралардан есеп құрастыр:
Сурет бойынша есеп құрастыр.
?
Математика сабағы. өзіндік жұмыс жүріп жатыр. Жазира әрі тез
орындап, әрі көп жинау үшін тапсырмалардың орнын ауыстырды. Ол бірінші қандай тапсырмаларды орындауы мүмкін? Сен ше? Тез орындалатын тапсырмалардың 3-еуін құрастырып көр. Тапсырмаларыың әртүрлі болсын (мысал, өрнек, теңдеу, есеп т.б.)
Кестені пайдаланып есеп құрастыр және шығар:
Қаптың массасы
|
саны
|
Қаптардың жалпы массасы
|
60 кг
|
6
|
? Бірдей
|
40 кг
|
?
|
? Бірдей
|
Есепке сызба құр және оны шығар.
№
|
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
1
|
550 тг
|
3 дана
|
?
|
2
|
250 тг
|
?
|
500тг
|
3
|
?
|
3 дана
|
2100тг
|
4
|
11 тг
|
?
|
5200тг
|
5
|
30 тг
|
90 дана
|
?
|
7.Кесте бойынша есеп құрастыр. Есептің шартын айт. Сұрақтар ойластыр.
Жылдамдық
|
Уақыт
|
Қашықтық
|
Бірдей
|
5 сағат
|
360 км
|
?, 3 сағатқа артық
|
?
|
Есептің берілуін сұрақпен толықтыр және шығар. Осы есептің берілуі бойынша тағы қандай сұрақтар қоюға болады?
Оқушы екі тіктөртбұрыш сызды. Бір тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см. Екінші тіктөртбұрыштың ұзындығы 7 см, ені 3 см.
Сауалнама
Достарыңызбен бөлісу: |