Қазақ тілінен жаттығуды, математикадан есепті орындауды неден бастайсың? Неге? деген сұраққа жауап берген оқушылары жауаптары: Жакупова Хауа: «Берілген жаттығуды талдаймын, яғни нені орындау керектігін анықтаймын» десе, Есеналиева Мадина: «Жаттығуда не белгілі, не белгісіз анықтап аламын, сосын орындаймын» деп жауап берсе. Бертайыз Н. «Алдымен талдаудан бастаймын» деп жауап берді.
Кесте 16 – оқушылар жауаптарының сандық және сапалық көрсеткіштер
Деңгейлер
|
Бақылау тобы (99 оқушы)
|
Эксперимент тобы (101 оқушы)
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
Жоғары
|
25
|
25,2%
|
58
|
57,4%
|
Орташа
|
19
|
19,2%
|
30
|
29,7%
|
Төмен
|
55
|
55,6%
|
13
|
12,9%
|
16-кесте бойынша эксперименттік сыныпта мақсатты түрде жаттығуды талдаудан бастау туралы түсінік қалыптасқандығын байқауға болады. Эксперименттік топтағылардың көрсеткіштері жоғары. Ал бақылау сыныбында арнайы жұмыстар жүргізілмегендіктен жаттығуды талдаудан бастауды айыра алмаған оқушылар 75% көрсеткішті көрсетіп отыр.
Тапсырманы дұрыс орындағанда қандай күйде боласың? Тапсырманы аяқтағаныңа қуанасың ба? Неге?
Деңгейлер
|
Бақылау тобы
|
Эксперимент тобы
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
Жоғары
|
17
|
17,4%
|
62
|
61,4%
|
Орташа
|
25
|
25,2%
|
39
|
37,6%
|
Төмен
|
57
|
57,4%
|
-
|
-
|
17-Кесте бойынша эксперименттік сыныпта тапсырмалардың дұрыс шешімін тапқанда оқушылар ерекше қуаныш сезімінде болатындықтарын байқадық. Ал бақылау сыныбында арнайы жұмыстар жүргізілмегендіктен тапсырмаларды орындауға аса қызығушылықтары жоқ, мақсатсыз, уақыт өткізу үшін орындайтын оқушылар саны 75% құрап отыр
Жаттығу орындау қызықты ма? Неге қызықты? Қызықты болса,
дәлелде.
Кесте 18– оқушылар жауаптарының сандық және сапалық көрсеткіштері
Деңгейлер
|
Бақылау тобы
|
Эксперимент тобы
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
Жоғары
|
8
|
8,1 %
|
78
|
77,9 %
|
Орташа
|
20
|
20,2%
|
23
|
22,1%
|
Төмен
|
71
|
71,7%
|
-
|
-
|
18-кесте бойынша эксперименттік сыныпта жаттығуды орындауға қызыққан, не себепті қызыққандыын дәлелдей алған оқушылардың көрсеткіштері жоғары болды. Ал бақылау сыныбында жаттығуды орындау міндетті болғасын, тек тезірек қоңырауға шығуды мақсат еткен орындайтын оқушылар саны - 90% құрады.
Жаттығудың құрамын неден тұрады?
Кесте 19– Оқушылар жауаптарының сандық және сапалық көрсеткіштері
Деңгейлер
|
Бақылау тобы
|
Эксперимент тобы
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
Жоғары
|
7
|
7,1%
|
85
|
84,1%
|
Орташа
|
43
|
43,4%
|
16
|
15,9%
|
Төмен
|
49
|
49,5%
|
-
|
-
|
19-кестеде эксперименттік сыныпта жаттығудың құрамын нақты анықтай білген оқушылардың көрсеткіштері жоғары. Ал бақылау сыныбында арнайы жұмыстар жүргізілмегендіктен жаттығудың құрамын шатастыра, айыра алмағандар саны төмен і- 95%.
Бүгінгі тақырыпқа байланысты мәтіннен жаттығу құрастырдың. Осындай жаттығу орындау қызықты болды ма? Неге?
Кесте 20– оқушылар жауаптарының сандық және сапалық көрсеткіштері
Деңгейлер
|
Бақылау тобы
|
Эксперимент тобы
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
Жоғары
|
8
|
8,1 %
|
63
|
62,3
|
Орташа
|
37
|
37,3%
|
38
|
37,7
|
Төмен
|
54
|
54,6%
|
-
|
-
|
20-кесте бойынша эксперименттік сыныпта өтіліп жатқан тақырыпқа жаттығуды құрастыруда қиналмаған оқушылардың көрсеткіштері жоғары. Ал бақылау сыныбында арнайы жұмыстар жүргізілмегендіктен төмен көрсеткіш көрсетті- 92%.
Есептің құрамы қандай бөліктерден тұрады?
Кесте 21 – оқушылар жауаптарының сандық және сапалық көрсеткіштері
Деңгейлер
|
Бақылау тобы
|
Эксперимент тобы
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
Жоғары
|
19
|
%
|
80
|
|
Орташа
|
23
|
%
|
21
|
|
Төмен
|
57
|
%
|
-
|
-
|
Жүргізілген эксперименттік жұмыстың қорытындылау кезеңінде мұғалім мен оқушылардың біріккен саналы әрекеті барысында эксперименттік жұмыстың нәтижелері математикалық тәсілмен өңделді.Оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру барысы төмендегі кестеде көрінеді.Үшінші кезеңде қалыптастыру нәтижелерінің тиімділігі оқушылардың танымдық қызығушылығын оқыту әрекеті арқылы педагогикалық эксперимент нәтижесіне жеттік. Сауалнама, тапсырмалар қайта жүргізілген кезде оқушылардың танымдық қызығушылығының оқу тапсырмаларына деген сапасының артқанын байқадық.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысысымыздың нәтижелерін анықтап, қорытындылай келгенде, оқушылардың оқу үрдісіндегі қызығушылығының жоғары екендігі, шығармашылық танытуы, белсенділік көрсетуі тапсырманың мақсаты мен мәнін ажырат білуі, атқарған іс-әрекетті дұрыс бағалай білуі, іс-әрекетке ұмтылып, дербестігінің дамуы т.б. білімдерінің салыстырмалы түрде көтерілгендігін көрсетті.Жүргізілген жұмыстың оқыту әрекетінде оқушылардың танымдық қызығушылығының әлдеқайда жоғары деңгейге жеткенін байқатты.
Кесте 23 – Эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңіндегі оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру деңгейлерінің сипаттамасы
Деңгейлер
|
Бақылау тобы – 99
|
Эксперименттік топ – 101
|
бастапқы кезең
|
соңғы кезең
|
бастапқы кезең
|
соңғы кезең
|
Жоғары
|
8 (8,1 %)
|
11 (11,2 %)
|
12 (11,8 %)
|
34 (33,6 %)
|
Орташа
|
35 (35,4 %)
|
35 (35,4 %)
|
29 (28,7 %)
|
46 (45,5 %)
|
Төмен
|
56 (56,5 %)
|
53 (53,4 %)
|
60 (59,5 %)
|
21 (20,9 %)
|
Эксперименттік топта: жоғары деңгей 22,8 %-ға артқан, орта деңгей 17,8 %-ға артқан. Ал төмен деңгей 38,6 %-ға кеміген.
Яғни, екі топты салыстырсақ, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығы бақылау тобына қарағанда эксперименттік топта 22,8 %-ға жоғарылағанын көріп отырмыз. Бұл біз жүргізген зерттеу жұмысының оң нәтиже бергенін көрсетеді. Сөйтіп, бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиімділігіне эксперименттік іс-тәжірибе арқылы көз жеткіздік.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы оқушылардың білім сапасы мен танымдық қызығушылығын қалыптастыруға тиімді ықпал етіп, нәтижелі екендігін көрсетті.
Оқыту әрекетінде оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейлерін төмендегі 1-2 суреттерден көруге болады.
Сурет 8 – Экспериментке дейінгі оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейлері
Сурет 9- Эксперименттен кейінгі оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейлері
Біз пән бағдарламалары бойынша оқушылардың үлгерімінің жоғарылағанын байқадық. Оқушылардың әрекеті мақсатқа бағытталған және ынталы, жүйелі бола түсті. Яғни, оқушыларда тұрақты қызығушылық, тапсырмалардың бірте-бірте күрделенуін және логикалық жүйедегі тапсырмаларға ерікті түрде ұмтылысымен сипат алды.
Тәжірибелік жұмысты қорытындылай келе, эксперименттік топтарда даму деңгейі төмен оқушылардың саны 59,5%–дан, 20,9%-ға кемісе, орташа деңгейдегі оқушылар саны 28,7%–дан, 45,5%-ға өссе, жоғары деңгейге көтерілген оқушылардың саны 11,8%–дан 33,6%–ға артқанын көреміз.
Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтижесін талдай келе, оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауда оңтайлы әдіс-тәсілдерді білмейтіндігі, өз бетімен ізденімпаздықпен жұмыс істеу білігінің жоқтығы, мұғалімнің бір сарынды тәсілдерді қолдануы, ақпарат көздерінің жетіспеушілігі, танымдық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілмейтіндігі анықталып отыр.
Біздің зерттеулеріміз бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдары бар екенін, бұл бағытта дұрыс ұйымдастырылған жұмыстар арқылы оқушыны жан-жақты дамытуға, іскерлігі мен қабілетін жетілдіруге, жеке тұлғаның ізденімпаздығын қалыптастыруға болатынын, тиімді әдіс-тәсілдері мен құнды нұсқаулар беру арқылы, жұмыс мазмұнын түрлендіру, оны жетілдіруде дәйектілігін көрсетті.
Демек, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің дәйектілігін, дайындалған ғылыми әдістеменің тиімділігін дәлелдейді.
Нәтижесінде оқу үрдісінде оқу тапсырмасын жұмыс түрінде талдап, мақсатын қоюды үйренген оқушылардың танымдық қызығушылығы артқанын көруге болады.
Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылатындығын негізге ала отырып қазақ тілі пәнінде ұсынылатын жаттығуға, математика пәнінде есепке тоқталып, оның атқаратын қызметіне сипаттама берілді.
Зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектептің оқу бағдарламаларында есеп және оның құрамы туралы материалдардың кездесетіндігін, ал, жаттығудың құрамы туралы материалдарды кездеспейтіндігін байқадық. Сондай-ақ, оларға нақтылы анықтама берілмегені байқалады. Біздің ойымызша есеп пен жаттығудың құрамын негізге ала отырып, есепке мынадай анықтама беруге болады. Есеп дегеніміз сұрақ және шарттан тұратын жұмыстың бір түрі, осыған сәйкес жаттығу дегеніміз сұрақ және мәтіннен тұратын жұмыстың бір түрі.
Эксперимент барысында ұсынылған тапсырмалар (жаттығу,есеп) 12 жылдық білім беру стандарты талаптарын орындауға бағытталған. Сондай талаптардың бірі- оқушыларды талдауға, өзінің орындағалы отырған тапсырмасының (жаттығу, есептің) мақсатын анықтауға үйрету деп есептейміз. Қорытындыда, мынадай әдістемелік ұсыныстар береміз:
оқу үрдісіне қажетті құжаттардың мазмұнын, талабын біле отырып, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестірудің қажеттілігі;
оқу әрекетінің теориясын жете меңгеру, оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылатындығын ұдайы есте сақтау;
оқулықтағы тапсырмаларға байланысты жаттығуларды, оның қамтитын сұрақтарын анықтау арқылы бір жылда оқушы нені білуі тиіс, нені біледі, нені білмейтіндігін анықтау;
нені біледі, нені білмейді, не істеу керек екендігіне мән беру;
теория мен практиканы ұштастыра отырып, бастауыш сынып оқушыларының міндетті және мүмкіндігіне қарай оқу тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәсілдерін шығармашылықпен қолдана білу;
оқушылардың жаттығуларды орындаудағы жетістіктерін ұдайы атап отыру;
оқушыларды жаттығуды талдауға, мақсатын анықтауға үйрету;
жаттығу құрастыруға үйрету;
жаттығудан жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтарды тапқызу;
жаңа тақырыпты игеруге бағытталған сұрақтарды бірінші кезекте орындату, игерту;
екінші кезекте өткен материалдарға байланысты сұрақтарды еске түсіріп, оны орындатуға үнемі бағыттау.
Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, тек қана әрекет жеке тұлға қалыптастырудың алғы шарттарын жасайды, олай болса, белсенді қоғамның жасампаз шығармашылық еңбегіне даярлау жеке тұлғаны қалыптастыру үшін соған сай жеке тұлғаның өз әрекеттерін қызықты ұйымдастыруы қажет.
Оқу әрекеті - жетекші әрекет. Оқу әрекетінің құрылымын бастауыш сыныптан бастап қалыптастыру керек. Оқу әрекетінің инвариантты тізбегін меңгерген оқушылардың бір-біріне де қарым-қатынасы, өз ойын айта білуі және дәлелдеуі жоғары деңгейде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |