Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи



Pdf көрінісі
бет13/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

 
 
 


29 
2 ЕБҚ БАР БАЛАНЫҢ ДАМУЫ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУДАҒЫ 
ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ РӨЛІ 
Инклюзивті білім беру бүгінгі таңда еліміздің мемлекеттік білім беру 
саясатының басым бағыты болып табылады. Инклюзивті білім берудің маңызды 
міндеті әр білім алушының жеке басын барынша дамыту ғана емес, сонымен 
қатар оның одан әрі дамуға дайындығын қалыптастыру болып табылады. Осыған 
байланысты инклюзияның негізгі функциялары баланы әлеуметтік бейімдеу, 
түзету және оңалту, сондай-ақ отбасын мектептің білім беру кеңістігіне тарту 
болып табылады. 
Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ өмірдің тәжірибесі көрсеткендей, ата-аналар 
мен педагогтердің өзара әрекеттестігі ЕБҚ бар баланың жақсы оқып, өзін жайлы 
сезінетіндігіне алып келеді. Ата-аналар мен педагогтердің бірлескен қызметі, 
яғни білім беру процесін бірлесіп қолдауы баланы жақсырақ тануға, оны әртүрлі 
жағдайларда байқап көруге және осылайша жеке ерекшеліктерді түсінуге, 
өмірлік құндылық бағдарларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен 
қатар ата-аналар балалардың мектепте білім алу қажеттілігін білім алуы үшін 
емес, қоғамда және балалар тобында әлеуметтенуі үшін қарастырады. 
Әлбетте, ата-аналар мен қоғамдастықтың өзара әрекеттесуі жаңа 
тұжырымдама емес. Отбасылардың, қоғамдық ұйымдардың, ЕБҚ бар 
балалардың, мүгедектер ұйымдарының және жалпы балалар немесе ЕБҚ бар 
балалар құқықтары мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың 
өзара іс-әрекетін инклюзивті білім беру арқылы барлық балалардың құқықтарын 
дамыту, іске асыру, теңдік, әділдік мақсаттары үшін пайда әкелетін құралдар 
ретінде қарастыруға болады [19]. 
ЮНИСЕФ-тің «Балаға мейірімді мектептер» бастамасы секілді бірқатар 
мысалдарды келтіруге болады, олар көптеген жылдар бойы ата-аналар мен 
қоғамның өзара әрекеттесуі үшін тиімді платформа болып келді және солай 
болып қала береді [19]. Көптеген өңірлер мен елдерде заңдастырылған мұндай 
тәжірибе инклюзивті білім беру саласындағы жаңа бастамалардың дамуына 
ықпал етуі мүмкін. ЮНИСЕФ және басқа ұйымдардың көптеген жылдар бойы 
ана мен бала денсаулығын сақтау, балаларды қорғау және жас балаларды дамыту 
саласында жүргізіліп келе жатқан бастамалары аясында отбасылар мен 
қоғамның өзара әрекеттесуінің мысалдары көп. Осы бағдарламалардың барлығы 
балалар мен олардың мектептері, отбасылары мен қоғам арасындағы қарым-
қатынасты нығайтуға, әртүрлілікті қабылдауға және барлық балалардың дамуы 
мен әлеуметтік интеграциясын ынталандыруға жағдай жасауға негіз бола алады. 
Халықаралық ұйымдардың бағдарламаларында ынтымақтастық мәдениетін 
қалыптастыру үшін келесі негізгі мәселелер ұсынылады: 
- отбасының қатысуы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың 
бүкіл өмірлік циклі бойында, әсіресе алғашқы жылдары маңызды мәнге ие; 
- ата-аналар мен қоғамның өзара іс-әрекеті сыныпта да, сыныптан тыс 
жерлерде де инклюзивті білім беру сапасының маңызды қағидаты болып 
табылады; 


30 
- ата-аналар мен мектептер арасындағы оң байланыс балалардың өмірлік 
ұстанымдары мен білім беру саласындағы жетістіктерге әсер етеді; 
- отбасылар мен азаматтық қоғам ұйымдары инклюзивті білім берудің 
құқықтық және саяси негізін ілгерілету процесінде маңызды рөл атқара алады
- бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін ғана емес, ата-
аналар, сыныптастар, педагогтер мен мектептер үшін де пайдалы [19]. 
Бұл принциптер инклюзивті білім беру жағдайында өте маңызды, ол 
формальді білімге қарағанда әлдеқайда кең және сыныптың төрт қабырғасымен 
шектелмеуі тиіс. 
Қазіргі уақытта көптеген мектептер үшін климатты қалыпастыру және 
ынтымақтастық мәдениетін сақтау проблема болып табылуда. Алайда уақыт өте 
келе дәл осы проблемалар үлкен дивидендтер әкеледі. 
ЕБҚ бар баласы бар отбасымен өзара әрекеттесу, ата-аналардың 
ынтымақтастығы тек балалар үшін ғана емес, сонымен қатар барлық тараптар 
үшін де пайдалы болуы мүмкін, мысалы: 
- ата-аналар балаларымен қарым-қатынасты жақсартады, олардың 
қажеттіліктеріне сезімтал болады және өздерінің ата-ана ретінде дағдыларына 
сенімдірек болады; 
- педагогтер отбасылардың мәдениеті мен алуан түрлілігін тереңірек 
түсінеді, жұмыста өзін жайлы сезінеді және моральды рухын көтереді; 
- ата-аналар мен қауымдастықтарды тарту арқылы мектептер өздерінің 
беделін нығайтады. 
Отбасылардың мектептермен өзара әрекеттесуінің, ынтымақтастығының 
алғашқы қадамы әлеуметтік және білім беру атмосферасын қалыптастыру болып 
табылады, онда ата-аналар мен серіктестер өздерін қалаулы, құрметті, сенімді, 
естіген және қажет сезінеді. 
Өзара іс-әрекеттің, ынтымақтастықтың және әріптестіктің әртүрлі 
деңгейлерін түсіну үшін халықаралық бағдарламалардың авторлары негізгі 
тармақтар ретінде мынадай қорытындыларды келтіреді: 
- ағымдағы қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді шынымен ескеру үшін 
отбасылар, мектептер мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты ұжымдық көп 
орталықты тәжірибе ретінде қарастырған жөн. 
- сараптамалық мекемелер мен мүгедектер ұйымдары инклюзивті білім беру 
мақсатында отбасыларды тарту және қоғам мен мемлекеттің ынтымақтастығына 
жәрдемдесу үшін нақты іс-қимылдарды ынталандырады. 
- қолдауды қамтамасыз ету, ата-аналарды үнемі оқыту және достық негіздегі 
институционалдық ортаны құру ата-аналар мен қоғамды тарту бойынша жиі 
ұсынымдар қатарына жатады. 
Балалардың білім алуына отбасының қатысу деңгейі білім беру жүйесі 
ұсынатын қатысу мүмкіндіктеріне сәйкес өзгеруі мүмкін. 
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар жағдайында отбасының 
өзара іс-әрекетке қатысуға дайындығы денсаулықтағы бұзушылық түріне, 
сондай-ақ отбасының әлеуметтік-экономикалық статусына және ата-аналар мен 
бала (немесе қамқоршы мен бала) арасындағы өзара қарым-қатынастардың 
сипатына байланысты болуы мүмкін. 


31 
Ата-аналарды қолдауды және тұрақты оқытуды қамтамасыз ету, ақпарат 
пен кеңестерге тұрақты қол жеткізуді жеңілдету, сондай-ақ Достық 
институционалдық орта құру инклюзивті білім беруге ата-аналар мен қоғамды 
тарту жөніндегі тиімді саясатты іске асыру жөніндегі жиі ұсынымдар арасында 
орын алады. 
Мектептер, отбасылар және қауымдастықтар арасындағы өзара 
әрекеттесудің әртүрлі типтері мен деңгейлерін бағалау үшін бірқатар шкалалар 
қолданылады. Әртүрлі типтер мен мақсаттарды салыстыру пайдалы. 
Көзқарастардағы, 
динамикадағы 
және 
одан 
кейінгі 
тиімділік 
пен 
тұрақтылықтағы ауытқуларды көптеген зерттеушілер зерттегеніне қарамастан, 
мұндай айырмашылықтарды түсінудің мәні тек академиялық сипатта ғана емес. 
Керісінше, бұл процеске араласудың әртүрлі тәсілдерін немесе деңгейлерін 
жүйелеуге және талдауға мүмкіндік береді, бұл қатысушылар арасындағы 
динамиканы түсіну үшін пайдалы және барлығы бағалайтын маңызды және 
тұрақты ынтымақтастық тәжірибесін алға тартады. 
Ең танымал шкалалардың бірі (1-сурет) адамдардың неге және қалай өзара 
әрекеттесетінін зерттеуді ынталандыру идеясымен жасалды [19]. 
1-сурет. Өзара әрекеттесу формаларын ажырату үшін
қолданылатын шкаланың мысалы 
Баспалдақ адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту идеясынан туындаған өзара 
әрекеттесу формаларын, сондай-ақ символдық деңгейде қалатын немесе тікелей 
манипуляциялық әсерге ие өзара әрекеттесудің басқа әдістері мен формаларын 
ажыратуға көмектеседі. 
ЮНЕСКО өзінің әйгілі инклюзивті білім беру туралы ашық 
құжаттамасында [20] өзара тәуелді қатынастарды бастан кешіруге бағытталған 
«ата-аналарды тарту» нұсқаларының егжей-тегжейлі тізімін ұсынады: 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет