Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи



Pdf көрінісі
бет12/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

Қазақстан мектептерінің ЕБҚ бар баланың отбасымен жұмысты 
ұйымдастыру жөніндегі тәжірибесі инклюзияның жаппай практикаға айналып 
жатқанын айғақтайды, ал бұл кез келген мектеп заңнама нормаларына сәйкес 
ЕБҚ бар балаларды қабылдауға және оларға жағдай жасауға міндетті екенін 
білдіреді. Әкімшілік пен педагогтердің алдында мектептерді инклюзивтілік 
қағидаттарына сәйкес дамыту міндеті тұр. 
Қарағанды қаласының №27 орта мектебінің педагогикалық ұжымы 
республикада алғашқылардың бірі болып инклюзивті білім беру құндылығын 
қолдап, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін 
мектеп кеңістігіне қосудың тиімді үлгілерін іздестіруді бастады. 
Мектепте инклюзияның дамуын стратегиялық жоспарлау, педагогикалық 
ұжымның осы бағыттағы жұмысын үйлестіру үшін мектеп ұжымы мектептің екі 
даму стратегиясын іске асырды: «Бейімделген мектеп – баршаға арналған 
мектеп» және «Бейімделген мектептен – табысқа жету мектебіне». 
Стратегияның мақсаты – арнайы психологиялық, әлеуметтік, түзету-
педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету жолымен ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар білім алушыларды табысты әлеуметтендіру үшін жағдай жасау, 
сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бейімделу мектебінің 
моделін жасау, әзірлеу және іске асыру. 
Стратегияны әзірлеудің аналитикалық кезеңінде мектеп қызметіне 
проблемаға бағытталған талдау жүргізілді, білім алушылар контингенті 
зерделенді, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды анықтау бойынша 
жұмыс жүргізілді, білім беру процесі субъектілерінің төзімділік деңгейі 
зерттелді, бейімделген мектеп құрылымын нормативтік және әдістемелік 
қамтамасыз ету әзірленді. 
Мектептің даму стратегиясын іске асырудың аналитикалық кезеңінде 
төзімділік деңгейін және инклюзивті тәжірибеге қатысуға дайындығын зерттеу 
маңызды рөл атқарды. Білім беру процесінің субъектілерінде төзімділік деңгейін 
зерттеу үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары әр 
жастағы оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін сауалнамалар әзірледі. 


25 
2016-2019 
жылдары мектепте «Бейімделу мектебінен – табыс
мектебіне» – мектептің екінші даму стратегиясы жүзеге асырылды. Стратегия 
форматында инклюзия жағдайында білім беру сапасын арттыруға, ғылыми-
әдістемелік 
ресурстарды 
шоғырландыруға, 
балалардың 
бастапқы 
мүмкіндіктеріне қарамастан білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған үш маңызды әлеуметтік-педагогикалық жоба әзірленді және іске 
асырылды. 
«Үйде оқыту мектебі» жобасы олардың психофизикалық ерекшеліктеріне 
барынша бейімделген жағдайда денсаулық жағдайы бойынша мектепке уақытша 
немесе үнемі бара алмайтын балаларға сапалы және қолжетімді білім алуға 
мүмкіндік беруге бағытталған.
«Тьюторлық мектеп» жобасы тьюторлық қызметтің білім беру бағдарын 
қолдау кезінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды 
мектеп өміріне табысты қосу үшін жағдай жасау мақсатында іске асырылады. 
Осы жобаны іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының студенттері, 
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары, ата-аналар, 
мектеп оқушылары қатарынан волонтерлердің ерекше білім берілуіне 
қажеттіліктері бар балаларды тьюторлық қолдау ұйымдастырылған. 
«Ата-аналарға арналған мектеп» жобасы балалардың білім беру 
бағдарламаларын табысты игеруі және оларды табысты әлеуметтендіруі үшін 
олардың отбасыларына психологиялық және түзету көмегін көрсетуге, 
отбасының түзету ресурстарын өзектендіру үшін жағдай жасауға, оның жұмыс 
істеу тиімділігіне, баланың ерекшеліктеріне барабар тәрбие стратегиясын, 
конструктивті ата-ана ұстанымдарын қалыптастыру және іске асыруға 
бағытталған [15]. 
Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясында инклюзивті білім 
беруді жүзеге асыру мақсаттарының бірі ЕБҚ бар білім алушыларға инклюзивті 
білім беру моделін құру болып табылады. Мектепте инклюзивті білім берудің 
қалыптасатын моделінде мынадай компоненттерді ерекшелеуге болады: 
- инклюзивті білім беруді іске асыру үшін мектептің нормативтік-құқықтық 
базасын құру; 
- мектепте ЕБҚ бар білім алушыларды оқыту үшін жағдай жасау (кедергісіз 
орта, ИҚК (инклюзияны қолдау кабинеті), мамандар); 
- балалар ұжымын, олардың ата-аналарын және педагогтерін ЕБҚ бар білім 
алушыларды қабылдауға дайындау
- инклюзияны қолдау кабинеті мамандарының қызметі; 
- баланың әл-ауқаты комиссиясының қызметі; 
- педагогикалық ұжымның кәсіби дайындығы; 
- әлеуметтік әріптестікті дамыту (ҚР Ұлттық музейімен бірге музей 
педагогикасы, Haileybury Astana School және «ДАРА» ҚҚ бірге инклюзивті 
театр, ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетімен бірге бейімделген спорт 
түрлерінің І фестивалі және т.б.); 
- балалар үшін қосымша білім беруді енгізу (хор, шулы оркестр, 
эрготерапия, бейімделген спорт түрлері және т.б.). 


26 
Мектеп қызметінде инклюзивті білім беру мәселелерінде ағартушылық 
жұмыс үлкен орын алады. 2016 жылдың басында ата-аналармен алғашқы жалпы 
мектептік жиналыс өткізілді. Бұдан әрі білім алушылардың ата-аналары үшін 
ИҚК мамандарының кеңестері өткізіледі, тренинг ұйымдастырылады, ЕБҚ бар 
білім алушыларды инклюзивті оқытуды іске асыру кезінде қолдау жүзеге 
асырылады. 
2017 жылдан бастап мектепте КБР жұмыс істейді – білім беру 
бағдарламасына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы 
психологиялық-педагогикалық 
қолдауды 
жүзеге 
асыратын, 
сондай-ақ 
инклюзивті білім беру ортасының барлық субъектілерін қолдауды жүзеге 
асыратын тұрақты жұмыс істейтін, жалпы мақсаттармен біріктірілген, 
үйлестірілген мамандар ұжымы. КБР-дің өзінің ережесі, іс-әрекет алгоритмі 
және құжаттама тізімі бар [15]. 
Ақмола облысында 2014 жылдан бастап Білім басқармасының жанында 
алқалық-кеңесші орган ретінде құрылған инклюзивті білім беруді дамыту 
жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің мақсаты инклюзивті білім 
беру үшін жағдай жасау процесіне тартылған барлық құрылымдардың
іс-қимылдарын реттеу және үйлестіру болып табылады. 
Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің негізгі 
міндеті инклюзивті білім беруді енгізуге тартылған немесе мүдделі барлық 
құрылымдардың күш-жігерін біріктіру, білім беруді басқарудың мемлекеттік 
органдары, білім беру ұйымдары үшін инклюзивті білім берудің жай-күйін 
жақсарту және дамыту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып 
айқындалған. 
Ақмола облысының білім беру ұйымдарының білім беру процесін
оқу-әдістемелік қолдау мақсатында Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі 
үйлестіру кеңесі басшылығымен және қолдауымен инклюзивті білім беру 
мәселелері бойынша оқытушыларға, мұғалімдерге және білім алушыларға 
арналған бірқатар құралдар әзірленді және шығарылды [16]. 
Елде карантиндік шараларды енгізу кезеңінде Инклюзивті білім беруді 
дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі мүшелері бұл жағдайда психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеттерінде (ППТК) оңалту және дамыту бойынша 
сабақтарға қатысатын балалардың назардан тыс қалғанына назар аударды. 
ППТК-дағы 
сабақтардың 
ерекшелігі, 
жоғары 
оқу 
орындарындағы, 
колледждердегі және мектептердегі білім алушылардан айырмашылығы
ППТК-ға баратын балалар аурудың түрі мен дәрежесін ескере отырып 
құрастырылған жеке даму бағдарламасы бойынша білім алады, яғни сабақтар 
бала мен педагогтің тікелей байланысымен жеке тәртіппен жүргізіледі. Мәселе
коронавирустық пандемияның таралуына жол бермеу шараларын сақтау 
қажеттілігін ескере отырып, сабақтарды қалыпты түрде жүргізу және өткізу 
мүмкін еместігінде. Осылайша, ППТК-да сабақ ұсынылған балалар оларға 
пандемияға қарсы шектеу шараларының бүкіл кезеңінде бара алмайды, бұл 
олардың тоқтап қалуына, сонымен қатар осы балалардың дамуында 
регрессияның пайда болуына әкеледі. 


27 
Аталған мәселені сәтті шешу үшін Инклюзивті білім беруді дамыту 
жөніндегі үйлестіру кеңесі мүшелері тиімді шешім ретінде ЕБҚ бар балалардың 
ата-аналарын ЕБҚ бар балалардың танымдық, физикалық және әлеуметтік 
дағдылары оңалту және дамыту бойынша жұмыс әдістеріне оқытуды ұсынды. 
Бұл оқытуды онлайн білім беру платформаларының бірін пайдалана отырып, 
вебинарлар түрінде жүзеге асыруға болады. 
Ақмола 
облысының 
әдіскерлер 
мен 
арнайы 
педагогтерден 
(дефектологтардан, логопедтерден, психологтардан) тұратын білім беру 
мамандарының тобы ЕБҚ бар балалардың ата-аналарын балаларды оңалту және 
дамыту жөніндегі жұмыстардың әдістемелері мен тәсілдеріне оқыту бойынша 
сабақтар сериясын әзірледі. Сабақтарды нақты балалардың денсаулық 
мәселелерін ескере отырып және қажетті құпиялылық дәрежесін сақтай отырып, 
25 адамға дейін топтың толықтырылуы жоспарланған. Сабақтарға арналған 
топтар ата-аналардың келісімімен және олар үшін ақысыз негізде құрылады. 
Сабақтар аптасына екі рет бір-бірін толықтыратын оқытушылардың 
тандемімен, алынған білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін 2-3 күндік 
сабақтар арасындағы үзілістермен жоспарланады. Сабақтар барысында немесе 
олар аяқталғаннан кейін ата-аналар үшін жалпы топтық және жеке форматта 
өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап түрінде консультациялар өткізуге 
болады. Сабақтарды өткізу кезінде қажеттілігіне қарай тиісті жабдықтар мен 
құралдар пайдаланылуы тиіс. 
Жобаның жалпы мәлімделген мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді 
ескере отырып, оны 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2020 жылдың 
қыркүйек-желтоқсан айларында ППТК-да сабақ өткізу үшін ұсыныстар алған 
ЕБҚ бар балалардың ата-аналары үшін жалғастыру жоспарланған. 
Оқытудың бұл нысанын кейіннен, пандемияға қарсы іс-шаралар 
тоқтатылғаннан кейін сабақтың негізгі нысандарына қосымша ретінде 
пайдалануға болады. Осы оқу құралының қосымшасында осы жобада 
апробациядан өткен ата-аналарға арналған сабақтарға мысалдар келтірілген [18]. 
Қазақстанда көптеген үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бар, олар іс жүзінде 
мектептерге инклюзивті білім беруді енгізу мәселесімен айналысады. Мұндай 
ұйымдар мектеп білім алушыларына, олардың ата-аналарына, мұғалімдерге, 
сондай-ақ ЕБҚ бар балалардың ата-аналарына ерекше қажеттіліктерді түсіну 
бойынша тренингтер өткізеді. Осылайша, қоғамдық ұйымдар ЕБҚ бар балалар 
туралы қоғамның ақпараттылығын арттырады, инклюзивті білім беру 
тақырыбын аша түседі (біреулер үшін жаңалық болуы мүмкін) және оның жұмыс 
істеуінің сәтті тәжірибелерімен бөліседі. 
Инклюзивті білім беруге арналған әдебиеттерге шолу кейде сыни тұрғыдан 
қабылданатын бұл тәжірибенің дамыған елдерде өзін табысты, сенімді, 
адамдардың құқықтарын жүзеге асыратын және білім беру процесінің барлық 
қатысушылары үшін пайдалы деп танылғанын көрсетеді. 
Қазақстанда осындай жобалардың бірі – 2018 жылы ресми тіркелген, бірақ 
2016 жылдан бастап ата-аналардың, мамандардың, түрлі ұйымдардың бірлестігі 
ретінде жұмыс істеген Алматы қаласындағы «Әлеуметтік инклюзивті 
бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры. 2020 жылға қарай Орталықта жобаға 


28 
қатысушылар саны жүзге жуық баланы құрады, олардың 30%-ы ерекше білім 
беру қажеттіліктеріне ие. 
Аталмыш жобаның миссиясы: 
1) жеке даму траекториясының арқасында әрбір білім алушының 
ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайларын ескеруге болатын жобалық алаң 
ретінде гибридті инклюзивті мектеп моделін құру және іске асыру; offline/online 
пайдалану білім алушыларды жағдайға қарамастан – үйден немесе 
мектептен/қосымша білім беру орталығынан процеске қосуға мүмкіндік береді. 
PBL технологиясы ЕБҚ бар балаларды жобалық жұмысқа қосу үшін, процестің 
барлық қатысушылары ерекшеліктердің болуына немесе болмауына қарамастан, 
әр адамның өзіндік әлеуметтік рөлі бар екенін түсіну үшін қолданылады; 
2) инклюзивті топтарда PBL әдісі бойынша жобалық жұмысты 
ұйымдастыру арқылы қалыпты дамыған балаларда эмпатия деңгейін арттыру, 
осы модельді Қазақстанның басқа мектептеріне тарату; 
3) мүгедектіктің салдарын азайту және мектеп бітіргеннен кейін ЕБҚ бар 
балаларды барынша әлеуметтендіру мүмкіндігін арттыру; 
4) ЕБҚ бар мектеп түлектерінің жұмысқа орналасуы және өз бетінше табыс 
табуы, кәсіпті иеленуі, басқа әлеуметтік процестерге қосылуы үшін олардың 
қаржылық көмекке қажеттілігін азайта отырып, мүмкіндіктерін кеңейту; 
5) мектептердегі қауіпсіздік деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 
индикаторын арттыру. 
Әлеуметтік және инклюзивті бағдарламалар орталығында жұптық жұмыс, 
топтық жұмыс және ата-аналармен жұмыс сияқты жұмыс түрлері кеңінен 
қолданылады. 
Орталықта жұмыстың негізгі түрлерінің арасында ерекше көңіл «Ата-анаға 
өз баласының көмекшісі болуға қалай көмек көрсетуге болады?» отбасылық 
бағдарламасына аударылады.
Қысқа мерзімге қарамастан Орталық жұмысында белгілі бір нәтижелерді 
атап өтуге болады: 
1) ментальдік ерекшеліктері бар балаларда (ПДТ) математиканы (кеңістіктік 
ойлау), химияны (абстрактілі ойлау, логика) меңгеруде тұрақты оң динамика 
байқалады, стресске төзімділік деңгейі артады, үлгерімі жоғарылайды; 
2) ментальдік ерекшеліктері бар білім алушылардың коммуникативтік 
процестерге қатысу деңгейі айтарлықтай артты, бұл олардың мектепті 
бітіргеннен кейін, болашақта әлеуметтену мүмкіндігін арттырады; 
3) стресстен зардап шеккен, төмен уәжделген балалар (балалар үйінен кейін) 
қызығушылық таныта бастайды, мотивациялары артады, кәсіби бағдар алуға 
деген ұмтылыс пайда болады; 
4) АСБ бар балаларда қарым-қатынасқа түсу, білім беру және ойын 
процесіне қатысу қабілеті артты, мазасыздық деңгейі төмендеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет