Суфизм идеялық-діни ағым ретінде сөздерінің жағдайларына көңілі толмайтын, өзерінің осыниеттерін дін арқылы білдіретін қала кедейлері мен халифаттар қалалық орташа ауқатты тұрғындарының пікірлерін білдірді.
Сопылық авторлардың еңбектерінде тек діни-этикалық мəселелер ғана емес сонымен бірге космологиялық, тіпті əлеуметтік тұжырымдар да талданды. Х ғасырда суфизмге эллинстік философиялық идеялар да ене бастады. Суфизм идеялары ашариттік теолог Əбу-Хамиди əл-Газалидің (1059-1111) доктринасы негізінде дамыды. Өйткені ол суниттердің дəстүрлі мистицизмін сопылардың сезімімен құдайшылдар мен философтардың жаңашыл əдісімен дамытуға талаптанды.
Сопылық діни-философиялық əдебиеттерімен қатар мұсылман мистиктердің идеясын астарлап насихаттайтын сопылық поэзия да дамыды. Мысалы Алла өте жақсы көруші деп аталып, осы арқылы оны сүюге тағы сол сияқтыға шақырды.
Кейінгі кезеңдегі суфизмде енжар жəне пантеистік суфизмнің екі бағыты да қатар дамытылды. Оның ірі өкілі Испания мұсылмандарынан шыққан мистик-пантеист Мухи ад-Дин ибн əл-Араби (1165-1240) болды. Ибн əл-Арабидің еңбектерінде жалғыз жаратушының вахдат əл-вужуд көзқарасы дамытылып, жаратушының тыныс-тіршілігі өз пенделерімен бірге қарастырылды.
Жалпы айтқанда сопы дегеніміз-физиологиялық əрі психологиялық бақылау процестері-аз ұйқы, аз ас ішу, ораза тұту сияқты тəндік жаттығулар, белгілі бір уақыт адамның жəне бүкіл сезім мүшелерінің сыртқы əлеммен байланысын үзу, ішкі əлемін арттыру арқылы бүкіл ойлау қабілетін бақылауға алып, ынтасын тек «Тəңірдің үйі көңілге» аударып одан басқа барлық əлемнен өзін абстрактілеу процесс нəтижесінде дам құмарлық атаулардан қол үзіп, құдайлық ақиқаттарды тікелей қабылдауға дайын айна халіне келеді.
Абай творчествосындағы рухани құндылықтар мəселесі
Абай- өзі жасаған əлеуметтік ортаны, оны құрайтын жеке адамдарды тəрбиелеу, түзеу арқылы өзгертуге ұмтылған ағартушы-демократ. Осы себебті өз шығармаларында көп сөз болатын түбірлі, желілі негізі бар «толық адам» яғни ахлақи мінездерді өзіне сіңігрен адам жайлы өте күрделі тамыры ғасырлар қайнауында жатқан гуманистік танымға мейілінше мол түрде көңіл бөлген.
Абайдағы толық адам жайлы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен басталып, ақынның осы өлеңдегі «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылатыны бар.
Адамзат қоғамы тарихында адамгершілік идеясы ғасырлар бойы күн тəртібінен түспей келе жатқан ең басты мəселелерінің бірі-жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келуде. Гуманист атаулының бəрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нəрсе- адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттары неден тұрмақ дегенде əр заман ойшылдары ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келді. Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір сүрген ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында ұлы ойшыл алдына да қойылды. Абай өзінің гуманистік танымы тұрғысынан осы қоғамдағы өмір сүруші жастардың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөле бастады. Абай өзінің гуманистік танымының шыңы болған үш сүю (имани гүл) жайлы мораль философиясында ұстанатын өзекті ойын «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» берілген
тезистік ойлары арқылы тарататынын көреміз. Ойшыл ақын «Түзетпек едім заманды» деп өз арманы тұрғысынан жас ұрпақты жаңа буын, жаңа дəуір заман талабы деңгейінде тəрбиелеуді мақсат тұтып, күрес жүргізді. Осы жолда Абай адам болуға ұмтылған əрбір жалынды жстың бойында адамшылықтың қандай нəрін, нендей ізгілікті қасиеттерін егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нəрсенің төркінінен хабар да береді. Сол себепті бұл өлеңді М. Əуезов «Абайдың əсіресе көп ой қорытып айтқан мағыналы жəне програмдық бір өлеңі»- еді деп жай айтпаған. Мұндағы Абайдың басты ойы- «Адам болам десеңіз» деген тезисінде жатыр. Абайдың адам болу жайлы ойларының желісі өлеңдерінде айтылғанымен, оның негізгі өзекті желілері қарасөздерінде толығырақ таратылған. «Адам болу, адамшылық, адамшылықтың кəмəлат шаппағы, толық инсаният» т.б. терең мəні бар этикалық терминдік сөздер мен күрделі ұғымдардың бəрі де шығар көзі, түп төркіні жағынан камили инсани жайлы пікірлер жатқанын көреміз.
Абай баладағы адам болу талабы неден басталады деген сұраққа : «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»- деп жауап беретіні бар.
Абай шығармаларын сырттай таныған адам толық адам болу жайлы ой желістерінде кездесетін «пенделіктің кəмалаттығы, кəмалат ғазамат, толық инсаният, толық адам, жарым адам» жайлы ойлар төркінін, ол ұғымдар табиғатын жете түсіне бермейді. Тіпті Абай сүйенген əдебиеттер төркінінен хабары аз кісі осы аталған күрделі ұғымдарға үрке қарауы да қиын емес.
Абай иманды адамшылық өлшемі ретінде қабылдайды. Абайдың түсінуінше білуге құмарлықты шектеу, талаптанба, өз əрекетіңе салғырт қарау-имансыздық.
Абай өз халқының бойындағы оң қасиеттерімен қатар оғаш қылықтарды, теріс мінездерді қатты сынға алған. Оның бəрімізге жастайымыздан белгілі:
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ...
өлең жолдары арқылы қазақ бойындағы тұрмысын тоқ санап, жайбарақаттыққа салынған надандық кейпі іш ашитындай тұралықпен берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |