Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


аль-Берунидің этикалық көзқарастары



бет15/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
этика

аль-Берунидің этикалық көзқарастары


Атақты ғылым тарихшысы Сартон ХІ ғ. бірінші жартысын Беруни дəуірі деп атайды. Беруни бойынша дүниені Құдай жаратқан. Берунидің этикаға арнайы жазған еңбектерінің бар-жоқтығы белгісіз. Алайда басқа еңбектеріне қарасақ Беруни ахлақ/мораль мəселесін өте жақсы білгендігін байқаймыз.
Ол өз еңбектерінде ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, бақыт, достық деген ұғымдарға қатты мəн берген.
Берунидің көзқарасы бойынша басқа жəндіктерге қарағанда адамға ең маңызды жауапкершілік берілген, яғни адам-ең ұлы болмыс. өйткені адамға ақыл берілген. Сондықтан Беруни бойынша ол өте тəрбиелі, білімді болу керек. Яғни оның ішкі дүниесі өз міндетіне сай болу керек.
Адамның қылықтарының негізін Беруни адамның өзінде іздеген. Беруни былай деген: «Адам бір-біріне қарамақарсы болған бөлшектерден тұратын денеге сай. Сондықтан əр адамның өз мінезі бар.» Беруни бойынша барлық адам бір-біріне ұқсайды, жəне де əр қайсысы өзгеше. Адам ішкі дүниесі қоғамда қалыптасады.
Беруни бойынша Аллаһ тарапынан берілген ақыл адамдарды қоғамда тұруды үйретсе де адамды толық қанағаттанырмайды. Ол үшін көп еңбектену керек. Тек ақыл мен еңбек адамның өмірін жақсы қыла алады. Адамның міндеті-еңбек ету, жəне осы еңбек арқылы адам өз мақсатына жете алады.
Өз еңбектерінде Беруни өтірік, екіжүзділік, мақтаншақтық, көкіректік т.б. деген сияқты жаман қасиеттер туралы да айтады. Бұл өмірде адам өз нəпсісін тия білу керек. Адам өмірінде ең бастысы – ақыл мен əділдік. Əдемі адам деген сырқы жəне ішкі дүниесі əдемі, əрі бір болған адам.
Беруни этикасының ең басты нүктесі-еш қарсылық күтпей адамдарға қызмет ету.

Абу Али ибн Синаның этикалық көзқарастары


Орта ғасырлық философ Ибн Сина 980-1037 жылдар аралығында өмір сүрген. Батыс еліне танымал болған Ибн Синаны батыс елі Авиценна -дейді. Бұхарада жəне Иранда өмір сүрген. Тиімді ойлауды жəне жаратылыстану ғылымдары мен математика ілімін насихаттауды жүйелеуде көп іс жасады. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материялистік жəне идеялистік бағытын ұстанды. Аристотельдің логикасын, физикасын жəне метафизикасын жетілдірді. «Емдеу», «Медицина каноны» деген еңбектері бар. Ибн Синаның көзқарасы бойынша əлемді құдай жаратты бірақ осы дүние оның қалауы бойынша емес қажеттілік үшін жаратылған –дейді. Материя барлық заттардың негізі болып саналады да мəңгі жасайды. Материя себеп салдардың бірлестігі. Ибн Синаның осыған ұқсас пікіріне қарап оны біз материялист деп айта алмаймыз. Ибн Синаның көптеген еңбектері күнімізге дейін сақталмаған. Мысалыға Махаббат турал трактаттары, Рух туралы, Құстар туралы жəне этика туралы т.б. еңбектері ғана жеткен.
Адам өзін бақытты еткісі келсе өз қылықтарын түзету керек. Этика адамның өзіне немесе басқаларға ұстанған қарым-қатынасы. Ибн Синаның этикасы саясат жəне жалпы философиямен байланысты. Өйткені бұларды түсінбеген этиканы да түсінбейді-дейді.
Ибн Синаның ұстанымы материялистік сияқты көрінгенімен этика тақырыбында дінге негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет