Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет39/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
33 
Соған байланысты «Абай жолы» рома-
нының «Қайтқанда», «Өрде», «Тайғақта» деген 
тарауларынан ым-ишараты бар мысалдар 
жинақталып, оның 130-ға жуығы талдау ныса-
нына алынды жəне орыс тіліндегі аудармасы да 
терілді. Соған сəйкес классификация жаса-
лынды. Ол келесі түрлерге бөлінеді: 
1)орыс тілінде баламасы (эквиваленті) жоқ 
ым-ишараттар; 
2)стилистикалық 
жəне 
толыққанды 
мағыналық 
қызметіндегі ым-ишараттар; 
3)мүлдем аударылмаған ым-ишараттар; 
4)калька əдісімен жасалған ым-ишараттар; 
5)теңестіру 
(компенсация) 
жолымен 
жасалған ым-ишараттар. 
I.  Орыс тілінде баламасы жоқ ым-
ишараттар 
Бұл ым-ишараттарға тоқталатын болсақ, 
олар тек қазақ халқына тəн, қазақ болмысын 
(менталитет), салт-дəстүрін, мəдениетін, тари-
хын, т.б. танытатын ым-ишараттар тобы болып 
табылады. Соған мысалдар арқылы көз 
жеткізсек:
- Бəрəкалла, бəрəкалла.. бирахматика я 
архамəр-рахимин, деп 
отырып, Абайға қол 
жайып бата берген-ді [2, 25.].
- Аллах милосердный и всемилостивый да 
пошлет блага свои и щедрой милостью своею да 
наградит его, торжественно произнес мулла и, 
подняв ладони, благословил Абая [3, 42]. 
Қол жаю 
Алақаны жоғары қаратыла ашылған қолды 
кеуде тұста ұстау [4, 85.]. 
Бұл Құран оқып болған кезде жасайтын 
ишарат. Құран Ислам дінінің негізі. Исламда 
дұға-тілек ету Құранда көрсетілген. 
Орыс халқында мұндай ырым-дəстүрлер 
кездеспейтіні белгілі. Орыс халқы дұға-тілекті 
қолдың саусақтарын маңдайына жəне екі иығы-
на тигізу ишараты арқылы жүзеге асыратыны 
белгілі. Міне, келесі мысалдар да соның дəлелі 
бола алады. 
- Айналдым, қарашығым, қоңыр қозым! – 
деп алып, - Аямайды, аямайды ол! – деп келіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет