40
адамдардың да үлесі көп . Оқиға қызық әрі шынайы болуы үшін сахна
жақсы безендірілуі керек . Бұл оңай шаруа емес . Ондай шығармашылық
қабілет Жұлдыз мен Гүлжанда бар, – деп түсіндірді Адина апай .
Аружан бұл оймен бірден келісті .
– Оларға бұл жұмысты сеніп тапсырдым, себебі екеуі де суретті жақсы
салады . Жақсы пьеса қойылуы үшін сахна
қызметкерлері де ауадай
қажет . Олар декорацияны орны-орнына реттеп қоя білгені жөн . Сара
мен Аспандияр осы жұмысқа лайық деп есептедім . Дер кезінде біреудің
актерлерге жарықты түсіріп отырғаны да маңызды . Ол үшін жыпырлаған
кнопкалардың қайсысын қай кезде басу керегін әбден зерттеп білген адам
қажет . Ол, әрине, Ерлан . . .
41
Аружан басын изеді . Кім-кім де
Ерланның гаджеттерді өте жақсы
меңгергенін және өте ақылды бала
екенін мойындайтын . Ал
Сара мен Аспандиярға
не
жұмысты тапсырсаң
да, тап-тұйнақтай етіп
орындайды . Екеуі де
тың ғылықты оқушылар .
– Әрбір қойылым үшін
жақсы сценарий жазып,
бірігіп жұмыс істей ала-
тын адамдар да қажет . Сон-
дықтан Алмас пен Фарида да
тапсырма алды, –
деді Адина
апай .
Аружан Алмас пен Фари-
да ның жақсы арала-
сатынын және екеуі
де жазуды жақсы кө-
ретінін білетін .
– Ал әрбір мюзиклді
өмірге әкелу үшін, үй-
лесім мен ырғағы бар әуен керек, – деді Адина апай . – Міне, сондықтан сені
күйші ретінде таңдадым .
Аружан әр адамның маңызды орны бар екенін түсінді . Бірақ оның әлі де
басты рөлді сомдағысы келіп тұрған еді . Не
болса да ол Адина апайдың
айтқанын істеп көрсем қайтеді деп те ойлана бастады .
– Апай, қойылым пазл секілді ғой, иә, – деді Аружан .
– Солай десек те болады, – деп келісе кетті Адина апай . – Әр қатысушы
пазл бөлшектері .
– Иә, – деді Аружан, – Әр бөлшек пьесаны толықтыра түседі .
Адина апай басын изеді, сол кезде оның түйілген
бұйра шашы шешіліп
кетіп, иығына түсе қалды .
42
– Кімнің орны маңызды екенін айта алмаймын . Актерлер де, сахна
сыртында еңбек еткен әрбір оқушының да өз салмағы бар, – деп сөзін
сабақтады Адина апай .
– Иә, актерлерсіз ешқандай пьеса қоя алмайсыз . Сондай-ақ декорация -
сыз, костюмсіз, сценарийсіз де ойын бола ма екен? – деп қостады Аружан .
– Режиссер мен жарық түсіруші болмаса ше?
– Ешкім ешкімге бағынбас еді және сахна тас қараңғы болатын шығар . . .
– Ал, күйші болмаса қалай? – деп сұрады ақырында Адина апай .
– Онда
қойылым тып-тыныш өтер еді, – деді Аружан .
Аружан Адина апайға алғысын білдіріп, ойлану
үшін дәлізге шықты . Әсияға Еңліктің рөлі
не үшін берілгенін түсінген сияқты .
Домыраны дәл Аружандай өзге біреу
ойнай алмайды деп сенгендіктен,
бұған күймен сүйемелдеу се-
ніп тапсырылған екен . Бәл-
кім . . . Аружан кенеттен сол
қо йылымға үлесін қосқысы ке-
летінін түсінді . Тағы біраз ой-
ланып, Аружан қойылымда күй
шертемін деп шешті .
– Адина апай, – деді ол сыныпқа
қайта бас сұғып, – қойылымды
күймен сүйемелдеймін!
– Әрине!
Кейінірек басқа да
пьесалар мен басқа да рөлдер де
бола жатар .
Аружан болашақта өзі арманда-
ғандай сахна жұлдызы болуға бір қа-
дам жақындағанын түсінді . Бірақ қазір
ол күй шертеді . Оның көңілі көтеріліп қалды .
Осы жолы басты рөлді ойнамағанымен,
маңызды
және жауапкершілігі мол жұмыс тапсырылғанына қуанды .
– Сіз басты рөлде ойнап көрдіңіз бе? – деп сұрады Аружан мұғалімінен .
– Кейде, – деп жауап берді Адина апай . – Бірақ мен қосалқы болғаны