«ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ
ӨМІР ДАҒДЫЛАРЫ»
КІТАПТАР СЕРИЯСЫ
Мінсіз
адам жоқ
Мінсіз адам жоқ
Перфекционизм
туралы балаларға
арналған
әңгіме
Перфекционизм туралы
балаларға арналған әңгіме
Аружан Мұратқызы əркез алдыңғы қатарда жүргісі ке-
леді. Əлдебір істе кенже қалып қойса, еңсесі түсіп, салы суға
кетеді. Жеңілемін-ау деп қауіптенсе, жаны қалайтын істі де
орындағысы келмейді, ондай сəттерде тым сылбыр. Əркез
өзін өзгелермен салыстыра береді. Əрбір ісінің мінсіз бола
қоймайтынына жаны ауырады.
Анасы мен ұстаздарының көмегімен Аружан бойындағы
осы мінезін түзейді. Бəрінен асып түсуді
ойға алмай-ақ,
көңілі ауған іске кірісуді үйренеді.
«Мінсіз адам жоқ» кітабында əсіре перфекционизм өмірдің жарқын түстерін көруге
кедергі болатыны жайлы айтады. Əр істі мінсіз атқаруым керек деп жанталасқан əрбір
балаға осы кітапты оқуға кеңес берер едім».
Достарыңызбен бөлісу: