Минсизадамжок indd



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата12.12.2023
өлшемі6.16 Mb.
#486219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
мінсіз адам жоқ

ЖАМАН ЕМЕС
Аружан мектептен келгенде, анасы аулада сурет салып отыр еді . Інісі 
Шыңғыс сол маңда баскетбол ойнап жүр . Ол кітаптарын ас үйдегі үстел 
үстіне қоя сала, соларға қарай беттеді .
– Білесіңдер ме? – деді ол анасының қасына, шөпке отыра кетіп . . .
– Білмейтін несі бар? Тағы да бес алдың ба? – деп келеке етті інісі .
Анасы Шыңғысқа қатулана қарады .
– Күлкімді келтірмеші, Шыңғыс . . . .Анашым, мектепте футбол командасына 
балалар жинап жатыр екен, – деді Аружан .
– Жақсы ғой! – деді анасы . – Футбол – тамаша ойын .
Аружан басын изеді де, анасына сүйсіне қарады . Ол бақшадағы қыз ғал-
дақтарды қызғылт және күлгін түсті бояуымен салып отыр еді .
Ол анасына Гүлжанмен мектеп дәлізіндегі әңгімесін айтып бергісі 
келді, бірақ әңгімені неден бастарын білмеді .
– Сізге сурет салған ұнайды, иә? – деді сөзін басқа арнаға бұрып .
Анасы құптай басын изеді:
– Сурет салғанда ерекше сезімге бөленемін . Сурет салу – шынымен де 
сүйікті ісім . Сурет – өмірімнің мәні .
– Суретті тамаша саласыз, сондықтан ұнайтын болар, – деді Аружан .
– Рақмет . Иә, суретті жап-жақсы салатыным рас . Бірақ сурет салуды ұна-
татынымның негізгі себебі ол емес . Маған, мысалы, теннис ойнаған да 
ұнайды ғой, – деді анасы .
Тоғызыншы Тарау


46
– Теннисте үнемі жеңіліп қаласыз, – деп 
күлді Шыңғыс допты баскетбол себетіне 
тастап жатып .
Ештеңе етпейді, жеңілгеннен еш 
жерім кеміп қалмайды ғой, – деп 
жауап қатты анасы .
– Жеңілсем де, жаным қалайтын 
теннис ойынынан бас тарта алмай-
мын . Теннис ойнағанда көңіл күйім 
көтеріліп қалады, теннисті сол үшін 
жақсы көрем, – деді анасы .
Тағы бір қызғалдақтың суретін салып 
болып:
– Футболға жазылдың ба? – деп 
сұрады анасы .
– Жоқ, бірақ Гүлжан жазылды .
– Сен ше? Футбол ойнағың келмей 
ме?
Аружан басын шайқады:
Футбол ойнасам, үй тапсырмасын кім 
орындайды?
– Үй тапсырмасын орындау, әрине маңызды, – 
деді анасы, қылқаламын қойып, – Көп дүниеге 
араласатының үшін сені мақтан етемін, әрине . 
Бірақ, сонымен қатар өте маңызды бір нәрсені ұмытпа .
«Кілең бестікке оқу шығар», – деп ойлады Аружан .
– Уақытты қызықты өткізу, – деді анасы .
Аружан анасының уақытты қызықты өткізу үй тапсырмасын орын-даудан 
да маңызды деп ойлатынына таң қалды .
– Сурет салу мен теннис ойнауға уақыт таба алмасам, көңіл күйім бұзылар 
еді, – деп қосып қойды анасы .
– Жазылар едім, бірақ мен футболды нашар ойнайтын сияқтымын, – 
деп мойындады Аружан . Футболға жазылмауының негізгі себебі осы 


47
еді . Ол өзгелерден нашар ойнайтын ойынға қатысқысы келмеді . Түптеп 
келгенде, ол барлығынан үздік болуға үйренген ғой .
– Онда тұрған не бар екен? – деді анасы . – Жеңілемін деген ойға бола 
футболға барудан бас тартасың ба?
– Жеңіліп қалсам несі қызық? – деді Аружан ызалана .
– Неге қызық емес екен? – деп сұрады анасы .
– Түсінбейсіз, – деп күрсінді ол, – сіз, мысалы, ешқа-шан жаман сурет 
салмас едіңіз .
– Мені бірден осындай жақсы 
суретші болып туа қалды деп 
ойласаң, қатты қателесесің, – деп 
тіл қатты анасы . – Жүре ғой . . .
Ол үйге кіріп, ескі суреттерін шы-
ғара бастады .
– Мұны сіз салған жоқ шығарсыз! – 
деді Аружан таңдана әрі шошына .
Ол сондай нашар суреттерді анасының 
салғанына сенбей тұр еді .
– Әрине, мен салдым, – деп күлді 
анасы . – Бұл суреттердің бірде-біреуін 
ешкім сатып та алмайды . Бірақ мен 
үшін бұл суреттер сондай ыстық .
Осындай нашар сурет салып 
жүріп те қылқаламнан безіп кетпеге-
ніңізге таң қалам, – деді Аружан . Кенет 
ол мұндай жағдайда ерекше ерік-
жігер керек екенін түсінді .
– Ол кезде сурет салуды енді-енді 
үйреніп жүргенмін . Түстерді араласты рып, су-
рет салғанды ұнататынмын . Сурет салу маған шабыт бер ді . Ал, жақсы 
сурет салу – бәліштің бетіндегі тәтті қаймақты жеген сияқ ты ғой . Көңіліңді 
көтере түседі, – деп түсіндірді анасы .
Аружан анасының сурет салуды өте жақсы көретінін енді түсінген еді .


48
– Футболды жақсы ойнай аламын ба, жоқ па – екінші кезектегі 
мәселе . Алдымен өзіме ұнаған соң, үйірмеге жазылуым керек екен ғой, – 
деді Аружан .
– Әрине!
– Сіздің сурет салуды үйреніп кеткеніңіздей, мен де допты жақсы 
тебе бастармын .
– Дұрыс айтасың! Ол үшін шыдам мен көп дайындық қажет . Әрі жаңа 
достар да табарсың, – деді анасы . – Осы 
үшін-ақ футболға жазылуға болмас па?
– Ал, футбол кейін ұнамай қалса ше?
– Ештеңе етпейді . Онда фут болға 
қатыспай-ақ қоясың . Бас қа бір 
ермек табасың . Бірақ қазір 
қызығып тұрған соң, футболға 
барып көрмесең, оның саған 
ұнайтын, ұнамай-тынын қай-
дан білесің?
Аружан сәл кідіріп барып:
– Анашым . . . Доп тебуді 
үйрене алмасам, маған рен-
жіп қалмайсың ба? – деп 
сұрады ол анасынан .
Ол бәрінен бұрын ата ана сын 
ренжітіп алудан қатты қор-
қатын .
– Жоға . – Анасы күлім-сіреп 
Аружанды бауырына тартты . 
– Неге олай дейсің?
Аружан үндемеді . Шыны-мен 
де неге олай ойлайтынын өзі 
де білмейтін еді .
– Аружан, әкең екеуміз сені 
мақтан тұту үшін тек қана беске 


49
оқуға немесе футболдан чемпион болуға міндетті емессің, – деді анасы . – 
Түптеп келгенде, біз сені осы қалпыңда жақсы көреміз .
Аружан қуанып кетті: әрбір салада ерекше болуға, әрбір істі мінсіз атқаруға 
тыраштанудың түк те қажеті жоқ екен . Ол өзіне ұнайтын іспен ғана 
айналысып, сол салада топ жара алады . Жаңа нәрсені бастаудың себебі 
тым көп . Үздік болудан бұрын, ол іс ең алдымен өзіңе ұнаса ғажап емес 
пе?! Аружан футболға жазылғысы келетінін түсінді .


50


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет