15 - тарау. Бұрғылау бағаналарын жинақтау және пайдалану
325. Бұрғылау құбырларының типі және мөлшері, түбін жинақтау жобасымен анықталады және бұрғылау және обсадты бағаналардың, қашаулар мен ауырлатылған бұрғылау құбырларының диаметрлерінің сәйкестігі ескеріле отырып таңдалады.
326. Бұрғылау бағанасын беріктікке есептеу бұрғылау әдісіне, ұңғыма оқпанының тереңдігі мен жағдайына байланысты технологиялық регламентке сәйкес ақаулардың барлық түрлеріне жүргізіледі.
327. Бұрғылау, ауырлатылған, жетекші құбырларды және ауыстырғыштарды жинақтау, пайдалану және жөндеу технологиялық регламентпен анықталады.
328. Бұрғылау құбырларын өңдеу жинақтармен жүргізіледі. Жинақтың әрбір құбырында құбыр базасында өндірілген және жинақтың нөмірі мен жинақтағы құбырдың нөмірін қамтитын маркалау бар.
329. Бұрғылау, жетекші және ауырлатылған құбырларға, ауыстырғыштарға және бұрғылау бағанасының тіреу-орталықтандыру элементтеріне куәліктер бұрғылау құралының жұмыс істеуі басталғанға дейін беріледі және тізімнен шығарғанға дейін пайдаланудың барлық кезеңінде толтырылады.
330. Бұрғылау және обсадты бағаналардың екі жақты үйкелуі болған кезде бұрғылау кезінде бұрғылау құбырларына және жетекші құбырға ұңғыма оқпанының отырғызылған бөлігінде протекторлар орналастыру, ТҚЖ фланецінің төменгі жағында превентор астындағы түтікшені және фланецті үйкелуден қорғайтын жүзік-протектор орнатылады.
331. Түсіріп-көтеру операциялары кезінде құбырлар шамдарын бұрау майлауды қолдану арқылы жүргізіледі.
332. Бұрғылау, жетекші, ауырлатылған құбырлардың, ауыстырғыштардың және бұрғылау бағанасының астының жинақтау элементтерінің бекіту бұрандаларын бұрау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
333. Пайдалануда болатын құбырлар бақыланады (бұзылмайтын бақылауды және гидротығыздауды қоса алғанда), технологиялық регламентке сәйкес және жинақ үшін белгіленген мерзімге сәйкес тозу, тығыздау, құралмен өлшеу және ақауды анықтау нәтижелері ескеріле отырып, дер кезінде жөнделеді.
334. Бұрғылау ұйымында апаттық жұмыстар үшін сол бағытты бұрандамен бұрғылау құбырларының жинағы бар. Жинақ ұзындығы және беріктік сипаттамалары бойынша қызмет көрсетілетін ұңғымалардың шекті тереңдігіне сәйкес.
335. Бұрғылау бағанасының шамдары бірдей ұзындықта алынады. Олардың ұзындықтарындағы айырмашылық 0,75 м көп емес рұқсат етіледі, онда ұзындығы қысқа шамдар стационарлы люлька жақтауларынан 0,5 кем емес, ал үлкен – 1,25 көп емес асады.
Осы талапты орындау мүмкін боламған жағдайда мұнара қозғалмалы люлькамен жабдықталады.
Электр бұрғылаумен бұрғылау кезінде құбырлар мен шамдардың ұзындығы технологиялық регламентке сәйкес таңдалады.
336. Құбырлар мен шамдарды бұрау кезінде муфтаға кілт конусының соғылуына жол берілмейді.
337. Бұрғылау құбырлары және УБТ ажырату кезінде типтік мөлшерлері, беріктік санаттары, қабырғаларының қалыңдығы бойынша жинақпен төсемдері және тіректері бар сөрелерге төселеді, тазартылады, бұрандалы құрамалары майланады және зақымданудан қорғалады.
338. Жөндеу кезінде дайындаушының құжаттамасына, технологиялық регламентке сәйкес, техникалық куәлікті рәсімдеумен көзбен шолып, құралмен және ақауды анықтайтын бақылау, гидравликалық тығыздау орындалады.
339. Бұрғылау құбырларын, құралдар мен жинақтау элементтерін түсіру, тиеу және тасымалдау кезінде апатты жою үшін қауіпсіздік және бұрандалы құрамалардың зақымдану мен ақаулардан қорғаныс талаптары сақталады.
16 - тарау. Еңісті-бағытталған және көлденең ұңғымалардың құрылысы
340. Еңісті-бағытталған және көлденең ұңғымаларды жобалау және салу кезінде технологиялық регламент сақталады, оқпанның кескіні ескеріле отырып, бұрғылау ерітіндісінің түрі мен көрсеткіштерін, оқпанды бекітудің техникалық құралдарын бұрғылау, есептік кескіннен, апаттан, ГМСК және ашық атқымадан ауытқудың алдын алу әдістерін таңдау жүзеге асырылады.
341. Таңдалған кескін типі, БАТӨ, бұрғылау режимінің көрсеткіштері, ұңғыма оқпанының ауытқу бұрышының таңдалған типтері және өзге шаралардың кешені обсадты бағаналардың үйкелуін, науа қалыптасудың, құрал мен геофизикалық саймандардың созылуы мен тұрып қалуының алдын алады.
342. Бұрғылау кезінде оқпанның ауытқуын бақылау жүзеге асырылады.
343. Ауытқу аралықтарында рұқсат етілген бұрыштан, құбыр бағанасының иілетін жүктемесінен асуға жол берілмейді.
344. Оқпанның еңісті және көлденең учаскелерін бұрғылау кезінде технологиялық регламентке сәйкес бұрғылау бағанасының тозуы мен жағдайына үнемі көзбен шолып және құралмен бақылау жүзеге асырылады.
Тозу, ақаулар анықталған жағдайда құбырларды қолдауға жол берілмейді.
345. Обсадты бағаналардың беріктігі технологиялық регламентке және жобаға сәйкес қауіпсіздік коэффициенттерін ескере отырып есептеледі, ұңғыманы бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспарларында нақтыланады.
346. Обсадты бағаналарды түсіру кезінде оқпанның ауытқу аралықтарында өтетін жер қамтамасыз етіледі.
347. Ұңғымаларды бұрғылау және бекіту ерекшеліктері жұмысты ұйымдастыру жоспарларында және ГМСК, оқу-жаттығу сабақтарын және нұсқаулық жүргізу кезінде сағаны қымтау бойынша вахта әрекетінде ескеріледі.
17 - тарау. Ұңғыманың бұталық құрылысы
348. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұңғыманы бұталы салу және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспары жасалады.
349. Жоспарда құрастыру, бөлшектеу, бұрғылау, өнімдік деңгейжиектерді аршу, ұңғымаларды сынау, пайдалану және жөндеу бойынша бір уақытта жұмыстар жүргізу жағдайлары анықталады.
350. Жұмыстарды бастау алдында ұйымдар мен жұмыс орындаушыларының өзара қатынасын, бұталы алаңда жалпы өндірістік бақылауды жүзеге асыратын басшы тағайындалады, жұмыс орындаушылардың мақсатты нұсқаулығы жүргізіледі.
351. Бұталы алаңда объектілерді орналастыру жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
352. Өрт техникасын орналастыру үшін бұтада объектілерге келетін жолдарымен, 20х20 м кем емес мөлшерде алаң орналастырылады.
353. Негізгі және қосымша жұмыстарды орындау наряд-рұқсаттар бойынша жүргізіледі:
мұнараны, блоктарды, қондырғыларды, жабдықты тасымалдау;
бұрғылау қондырғыларын, мұнай газ кәсіпшілік жабдығын, құбырларды, резервуарларды қауіпті аймақта құрастыру және бөлшектеу;
ұңғымадағы ату-жару жұмыстары (бұдан әрі − АЖЖ);
ұңғымаларды сынау және игеру;
аршылған өнімдік деңгейжиек кезіндегі апаттық жұмыстар;
манифольдты жабдықтау және ұңғымаларды қабатты қысымды жинау және ұстау жүйесіне қосу;
ұңғымаларды игеру және жөндеу үшін қозғалмалы агрегаттарды құрастыру және бөлшектеу;
құбырларды, қысыммен жұмыс істейтін сауыттар сынау;
газға қауіпті, электр дәнекерлеу және отпен жұмыстар;
қауіпті объектілердің және учаскелердің аумағын жабу.
354. Бұтада персоналдың әрекеті және қауіпті жағдай пайда болғанда қауіпсіз аймаққа эвакуациялау объект басшысының нұсқауы бойынша, ал ол болмаған жағдайда – АЖЖ, ұңғыма сағасын қымтау бойынша технологиялық регламентке және құлақтандыру жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
355. Мұнаралы-шығырлы блоктың қозғалысы, мұнараны сынау және ұңғымада апаттық жұмыстар жүргізу кезінде жұмыс жүргізуге қатыспайтын жұмысшылар қауіпті аймақтан шығарылады, ұңғыманы сынау бойынша жұмыстар тоқтатылады.
356. Жұмыстар орындау кезінде қорғалатын және қауіпті аймақта ұңғыма сағасын, жадықтарды, құбырларды, арматураны зақымданудан қорғау жүргізіледі.
357. Жер үсті жабдығын, құбырларды, манифольдты беріктік пен қымталуға сынау, ұңғымаларды сынау және зерттеу кезінде жұмыстар жүргізуге қатыспайтын жұмысшылар қауіпсіздік белгілерімен белгіленген, қауіпсіз аймаққа шығарылады.
358. Бірінші ұңғыманы пайдалануға енгізу кезінде бұтада алаң аумағында және тазалық-қорғаныс аймағында (бұдан әрі – ТҚА) жұмыс аймағының ауасын бақылау кестесі орнатылады.
359. Жуатын сұйықта газдар анықталған жағдайда жұмыс аймағының ауасын үнемі бақылау жүргізіледі, шекті рұқсат етілген концентарциядан (бұдан әрі - ШРК), шекті рұқсат етілген жарылу концентрациясынан (бұдан әрі - ШРЖК) асқан кезде дем алу органдарын жеке қорғаныс құралдары қолданылады және АЖЖ сәйкес газдалуды жою бойынша әрекеттер орындалады.
360. Мұнай және зиянды заттар төгілген жағдайда жұмыстар тоқтатылады және АЖЖ бойынша әрекеттер орындалады.
Перфорация кезінде ұңғыма сағасынан 10 м қашықтықта қауіпті аймақ белгіленеді және қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді.
361. Ұңғымаларды сынау және игеру кезінде компрессор ұңғыма сағасынан 25 м кем емес қашықтықта орнатылады.
362. Ұңғымаларда қашықтықтан басқарылатын қақпақ-кескіштерді және қапсырмаларды орналастыру жобаларда, сағаны жабдықтау сызбаларында және дайындау құжаттарымен анықталады.
18 - тарау. Күкіртсутегі бар кен орындарында
ұңғымаларға қойылатын талаптар
363. Күкіртсутегі бар объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өнімдік деңгейжиектерді аршу кезінде жұмыстар түрлері бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспарлары жасалады, жауапты басшылар және орындаушылар тағайындалады және объект басшысының нұсқаулары орындалады.
364. Ұңғымаларды салуға жобада құрамында күкіртсутегінің болуы ескеріле отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жасалады:
күкіртсутегі болған кезде геологиялық-техникалық жағдайлар бойынша алғашқы мәліметтер және ұңғыманы пайдалану кезеңінде белсенді ортада техникалық құрылғыларды пайдалану бойынша дайындаушының кепілдемелері және технологиялық сипаттамасын көрсете отырып, парциальды қысым мен коррозияның әсер етуін ескере отырып, бұрғылау, обсадты, сорғы-компрессорлық бағаналардың есебі;
күкіртсутегі бар технологиялық ортада пайдалануға арналған құбыр бағаналарының және ұңғыма құрылымының, жабдықтың, құралдың және саймандардың тозуы мен коррозиялық жағдайын тексеру әдістері, құрылымы және кезеңдігі;
бағаналы ұштардың, құбырлы, әмбебап және кесетін плашкаларымен ТҚЖ, атқыма арматурасының, газсыздандыруға арналған жабдықтың, күкіртсутегі бар ортада пайдалану үшін шамшырақ қондырғысының және дайындаушының пайдалану кезіндегі кепілдемесінің типтері;
бейтараптандырғыштардың, ингибиторлардың типтері, күкіртсутегісін бейтараптандыру және жуатын сұйықты өңдеу әдістері мен технологиясы, ұңғыманы салу үрдісіне реагенттердің шығысы;
жуатын сұйықта көмірсутегілермен қоспада күкіртсутегі құрамын бақылау әдістері мен құралдары;
жұмыс және тазалық-қорғаныс аймағының ауасында күкіртсутегінің құрамын бақылау кезеңдігі және құралдары;
алаңның, мұнара асты кеңістіктің және бұрғылау бөлмесінің, сорғы блогының жұмыс аймағын желдету әдістері және құралдары, жуатын сұйықты тазалау және газсыздандыру;
күкіртсутегі бар ГМСК алдын алу және ерте анықтау бойынша шаралар және техникалық құралдар;
коррозиялық орындалудағы техникалық құрылғыларды апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелері;
күкіртсутегінің бейтараптандырумен газды бөлу технологиясы;
бейтараптандыру және ингибрлеумен қымталған ыдыстарда сұйық өнімдерді жинау, сақтауға арналған жабдық;
обсадты бағаналарды цементтеу, цементті көпірлерді орналастыру үшін күкіртсутегінің әсеріне төзімді, тығынды қоспалар;
ұңғыманы бұрғылау, сынау және игеру, жабу және жою кезінде персонал мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар.
365. Күкіртсутегі бар флюидтермен қабаттар аралығын бұрғылау алдында шатырға 50-100 м дейін және аршу кезеңінде жұмысты ұйымдастыру жоспары жасалады және келесі шаралар орындалады:
бұрғылау және ГМСК, күкіртсутегі белгілері анықталған жағдайда геологиялық-техникалық бақылау станцияларын орналастыру;
қауіпті аймақты белгілеу объект аумағында, жолдарда, қозғалыс маршруттарында, коммуникацияның қауіпті учаскелерінде және төмендетілген жердің кедірінде, қорғалатын аймақта және ТҚА қауіпсіздік белгілерін орнату;
құралдардың дұрыстығын тексеру, жұмыс аймағының ауасында күкіртсутегінің болуын бақылау, ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, СКЗ, метеорологиялық жағдайларды бақылауға арналған және апаттық дыбыс және жарық белгілерін беру құралдарының болуы және дайындығын тексеру;
жобада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес, ингибрлеу, жуатын сұйықтың жұмыс және қор көлемін бейтараптандырумен өңдеу жүргізіледі;
жедел дайындық режимінде құбырлы және кесетін плашкаларымен ТҚЖ, саға жағдайын тестілеу;
бұрғылауда ұңғыманың екі көлемінен кем емес мөлшерде, жуатын сұйықты өңдеу үшін, бейтараптандыратын күкіртсутегінің, материалдардың және химиялық реагенттердің болуы;
цементтеу агрегатының үнемі жұмысқа дайындықта болуы;
объектіде эвакуациялау үшін көлікті қамтамасыз ету;
желдің бағытын ескере отырып, апаттық жағдайларда жұмысшыларды жинау және шығар үшін маршрутты анықтау және белгілеу;
журналда қол қою арқылы тіркеумен, АЖЖ; қауіпті аймақтан шығу, медициналық көмек көрсету бойынша қосымша нұсқаулық жүргізу.
366. Күкіртсутегімен қабаттарды аршу жабдықтың, персоналдың жұмысқа дайындығын тексергеннен және белгілегеннен, ГМСК немесе қауіпті жағдай пайда болған жағдайда газдалу мүмкін болатын аймақта персоналды және халықты қорғау бойынша шаралардың орындалуы тексерілгеннен кейін жүргізіледі.
Тексеру қауіпсіздік қызметінің мамандарының, АҚҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымның басшысымен тағайындалған комиссиямен жүзеге асырылады.
Тексерулер нәтижелері объекті мен персоналдың күкіртсутегімен деңгейжиектерді аршуға дайындығы мен жағдайын көрсете отырып, актімен рәсімделеді.
Күкіртсутегі бар қабаттарды бұрғылау кезінде жуатын сұйықта күкіртсутегінің және сульфидтердің болуы бақыланады. Күкіртсутегі анықталған жағдайда бұрғылау ерітіндісі бейтараптандырғышпен өңделеді, қауіпсіздік бойынша шаралар орындалады.
367. Өнімдік деңгейжиектерді бұрғылау ашуға арналған құрылғысымен кері қақпақ және қосымша кран болғанда, коррозияға қарсы орындалған шар крандарының жинағын орналастырумен жүргізіледі.
Көпірлерде беріктік сипаттамалары және диаметрі бойынша бұрғылау бағанасының жоғарғы секциясына сәйкес келетін, тығыздалған құбыр болады. Құбыр ашық жағдайда болатын, орнатылған шар кранымен сары түске боялған.
368. ГМСК ерте анықтау үшін келесі көрсеткіштер бойынша технологиялық регламентке сәйкес тікелей және жанама белгілерін бақылау жүзеге асырылады:
1) газдың құрамы, сульфидтердің болуы және жуатын сұйықтың тығыздығы;
2) қысатын желіде қысымның және бұрғылаудың механикалық жылдамдығы;
3) айналма тоқтатылған кезде ұңғымадағы жуатын сұйықтың деңгейі;
4) қабылдау ыдыстарындағы жуатын сұйықтың деңгейі;
5) жуатын сұйықтың айналу көлемі және шығысы;
6) ұңғыманы бұрғылау кезінде жүктеменің өзгеруі.
369. Күкіртсутегі бар мұнай, газ, газ конденсаты ұңғымаларды игеру және зерттеу сынамаларын жүргізу алдында қауіпті және зиянды заттардың мүмкін болатын әсерінен қауіпсіздік бойынша шараларды қамтитын және ескеретін, жұмысты ұйымдастыру жоспары жасалады.
Жұмысты ұйымдастыру жоспарында персоналдың саны, газға қарсы және дем алу аппараттарын қоса алғанда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары және шаралары, апаттардың алдын алу бойынша шаралар, әуе ортасын, жұмыс аймағы, ТҚА бақылау кестесі мен құралдары, ШРК, ШРЖК асқан жағдайдағы шаралар көрсетіледі.
Жоспар ұңғыманы игеру және зерттеу бойынша жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қол қойғыза отырып жеткізіледі.
Жұмысты ұйымдастыру жоспарында жердің кез-келген бағытында мүмкін болатын апаттар мен газдалу жағдайында қауіпті аймақтан шығу маршрутын көрсете отырып, жабдықтың, машиналардың, механизмдердің орналасуының сызбалары мен ситуациялық жоспары, қорғалатын аймақта, ТҚА объектілер мен коммуникациялардың орналасу сызбасы, тұрғылықты пунктер бойынша қашықтық және мәліметтер көрсетіледі.
370. Ұңғымаларды сынау және игеру мұнай газ өңдеу ұйымының және апаттық-құтқару қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
371. Атқыма арматурасы шамшырақ қондырғысымен және қашықтықтан басқарумен, ұзындығы 100 м кем емес, қарама-қарсы жағына бағытталған, флюидті әкетуге арналған құбырлармен қосылады.
Бұрандалы құрамалардың типі және әкетуге арналған құбырлардың маркасы күтілетін қысымдарға сәйкес және 1,25 кем емес қауіпсіздік коэффициентімен шекті қысымға тығыздаумен беріктік пен қымталуға сыналады.
Әкетулер бетон немесе металл тіректерге, бұрылыстарсыз және ақауларсыз бекітіледі. Әкетуді бекіту кезінде температуралық кернеуден және дірілден өтем қарастырылады.
Атқыма арматурасымен ұңғыманы құбыр және құбырдан тыс кеңістік арқылы басу үшін құбырлар және манифольд қосылады.
Басу желісінде кері қақпақтар орнатылады.
Қорғаныс қақпақтары, сынауға арналған қондырғылар мұнайды, конденсатты және сұйықтарды сүзу құрылғылары арқылы шамшырақ жүйесімен жеке құбырлармен қосылады. Ол кезде қақпақтардың біреуі іске қосылған жағдайда қабатты флюидтің кері ағуы жоққа шығарылады.
372. Объектілерде ұңғыманы игеруге жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес материалдар мен химиялық реагенттердің қоры, ұңғымада болатын ерітінді көлемін есепке алмай, сәйкес тығыздықтағы ұңғыманың екі көлемінен кем емес мөлшерде күкіртсутегінің бейтараптандырғышымен өңделген, жуатын сұйық қоры қамтамасыз етіледі.
373. Қабатты флюидтің қымталған жиналуы мүмкін болмаған жағдайда пайдалану ұңғымаларын сынауға, игеруге және зерттеуге жол берілмейді.
Күкіртсутегі бар газды жағу кезінде технологиялық регламенттің талаптары қамтамасыз етіледі.
374. Ұңғыманы зерттеу және ағынды шақыру тұрғылықты мекен-жайлардың орналасуы ескеріле отырып, желдің қолайлы бағыты кезінде жарық уақытта жүргізіледі.
375. Қабаттан ағынды шақыру және ұңғымаларды басу кезінде күкіртсутегінің әсерінен қорғаныс бойынша қосымша шаралар қамтамасыз етіледі:
кесте бойынша жұмыс басшыларының тұрақты кезекшілігін ұйымдастыру;
объектіде персоналды эвакуациялау үшін көліктің болуы;
цементтеу агрегаттарының жұмысқа жедел дайындығы;
қауіпті жағдайда персонал мен халықтың күкіртсутегінің әсер етуінен қорғануға дайындығы және ақпарат.
376. Ағын болмаған жағдайда ұңғыманы игеру технология мен жабдықты көрсете отырып, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі:
1) күкіртсутегіге және көмірқышқылды газға инертті, тығыздығы аз жуатын сұйықпен алмастыру;
2) күкіртсутегіге және көмірқышқыл газына инертті, көбікті жүйелерді қолдану;
3) инертті газдарды қолдану;
4) ағынды шақыру үшін ауаны қолдануға жол берілмейді.
377. Оқшаулайтын дем алу аппаратынсыз немесе газға қарсы құралсыз және бақылаушысыз сағаға, құбырларға, тарату тетіктеріне, айналдыру және шамшырақ қондырғыларына келуге жол берілмейді.
378. Тасқын кезінде, өзеннің жағалауындағы аймақтарында орналасқан ұңғымаларға сынау, игеру, зерттеу жүргізуге жол берілмейді.
379. Зерттеу жұмыстары, құралдарды түсіру және көтеру кезінде зақымданусыз және ақауларынсыз коррозияға қарсы орындалған сым қолданылады.
Құралдарды түсіру және көтеру күкіртсутегінің бейтараптаумен қымталған құрылғы арқылы жүргізіледі.
380. Ұңғымаға құралды тереңге түсіру-көтеру кезінде әкетуде қапсырманы ашу алдында осы операциялармен байланысты емес жұмысшылар желдетілген жаққа қауіпсіз қашықтыққа кетеді.
381. Әкетуде ысырманы ашу және лубрикатор арқылы құралдарды алу, үлгіні алу оқшауланған дем алу аппараттарында, бақылаушы болғанда және жұмыс жетекшісінің бақылауымен жүргізіледі.
382. Жұмыстар аяқталғаннан кейін технологиялық регламентке сәйкес, құралдарды, аппараттарды, ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ күкіртсутегіден және зиянды заттардан тазалау және өңдеу жүргізіледі.
383. Жұмыстардың қорытынды кезеңінде жұмыс аймағының ауасын және ТҚА күкіртсутегінің болуына бақылау және сағалы арматураның қымталуын тексеру, аумақты тазалау және жаңарту жүргізіледі.
384. Күкіртсутегі бар ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер және ТҚЖ коррозияның әсерінен және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша қорғаныс шараларын, газ белгі бергіштерді, ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ қолдануды қамтитын, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.
385. Жұмысты жүргізгенге дейін акт жасаумен, ұңғыма, геофизикалық жабдықтың, байланыс құралдарының жағдайын, күкіртсутегіден қорғау құралдарын тексеру жүргізіледі.
386. Ұңғыманы шаблондау кезінде ТҚЖ жүргізу алдында бос орын аралығындағы гидростаттық қысым анықталады. ТҚЖ қабатты қысымның гидростаттық қысымнан жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілген көлемнен кем емес мөлшерде асу кезінде жол беріледі.
387. Күкіртсутегі бар қабаттарды ұңғымаы бұрғылау кезінде құбыр сынағыштармен сынау жабдықтың, персоналдың және қоршаған ортаның қорғанысын қамтамасыз ететін, қауіпсіздік бойынша қосымша шаралар орындалғаннан кейін, АҚҚ келісілген, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.
388. Геофизикалық зертханаларды және көтергішті орналастыру кезінде жұмыс алаңын бақылау және бөлмелерді желдету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Күкіртсутегінің белгілері анықталған жағдайда дер кезінде белгі беру үшін жұмыс жетекшісі ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, газдалуды бақылау және құлақтандыру үшін жұмысшыны тағайындайды.
389. Қиындатылған жағдайларда және күкіртсутегі болған кезде геофизикалық жұмыстарды және ТҚЖ орындау үшін АҚҚ өкілдерінің қатысуы қарастырылады. Жұмыс жетекшісі мұнай газ өңдіру, бұрғылау, геофизикалық ұйымдармен және АҚҚ келісім бойынша тағайындалады.
390. Күкірт сутегі бар қабаттарды аршу бұрғылауды тексергеннен және персоналдың қабатты ашуға дайындығын тексергеннен және анықтағаннан, мұнай мен газдың (ашық атқыманың) апаттық шығарылуы кезінде мүмкін болатын газдалу аймағында жұмыс істейтіндерді және халықты қорғау бойынша шаралар орындалғаннан кейін, техникалық басшының қатысуымен, жұмыстың жауапты жетекшісінің басшылық етуімен жүргізіледі.
391. Күкіртсутегі бар қабаттарды бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінде күкіртсутегі мен сульфидтердің болуы бақыланады. Олар пайда болғанда бұрғылау ерітіндісі бейтараптандырғышпен өңделеді.
392. Күкіртсутегінің шоғырлануы 6 % көп емес кен орындарында өнімдік деңгейжиектерді бұрғылау жетекші құбыр астында және үстінде коррозиялық-төзімді орындалған шар крандарын орнатумен жүргізіледі.
Бұрғылау көпірлерінде диаметрі мен беріктік сипаттамалары бойынша бұрғылау бағанасының жоғарғы секциясына сәйкес келетін, тығыздалған құбыр болады. Құбыр сары түске боялады және ашық жағдайда болатын шар кранымен жабдықталады.
393. Газдың көрінуін ерте анықтау мақсатында келесі өзгерістерді бақылау жүргізіледі:
айналма болмаған жағдайда ұңғымадағы жуатын сұйықтың деңгейін;
қысатын желідегі өтудің және қысымның механикалық жылдамдығын;
қабылдау ыдыстарындағы ерітінді деңгейін;
ерітіндідегі газ құрамын, сульфидтердің құрамын және бұрғылау ерітіндісінің тығыздығын.
394. Шамшырақты жағу автоматты немесе қашықтықтан басқарылатын құрылғымен жүзеге асырылады.
395. Әрбір шамшырақта тазартылған газ берілетін, кезекші жанғыш бар.
396. Қабылдау көпірінен керн қабылдағыштан кернді алу алдында, осы жұмыспен байланысты емес персонал әкетіледі.
397. Кернді алу және өңдеу бойынша жұмысты атқаратын персонал оқшаулайтын газға қарсы құралдармен және резеңке қолғаптармен қамтамасыз етіледі.
398. Керннің үлгілері күкірт сутегіге төзімді материалдан жасалған, қымталған контейнерлерге төселеді.
399. Кернді сақтау қоймасы стационарлы газ талдағышпен және желдету жүйесімен жабдықталады.
19 - тарау. Ұңғымалардағы авариялардың, инциденттердің
Достарыңызбен бөлісу: |