Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар Кіріспе



бет9/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.98 Mb.
#13373
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

39 - тарау. Ұңғымаларды өшіру

777. Сағаны саңылауландырумен байланысты жөндеу жұмыстарын бастау алдында (сағалық арматураны ауыстыру, жер асты жабдығын жөндеу) қажет болған жағдайда ұңғыманы өшіреді. Өшіргеннен кейінгі тұру уақыты 1 сағаттан кем емес.

778. Ұңғыманы бекітілген ЖҰЖ болған кезде ұңғыманы жөндеуге қабылдау туралы актіге қол қойылғаннан кейін өшіреді.

779. Өшіру алдында жер үстіндегі жабдықты ұзындығы 25 м кем ұңғыманы өшіру үшін құбырлармен жабдықтайды. Құбырларды кері қақпақтармен және бақылау-тіркеу аппаратурасын қосу үшін құрылғылармен жабдықтайды. Ұңғыма сағасында құбырларды және арматураны күтілетін шекті қысымнан 1,5 есе қысымдағы сумен тығыздайды. Қысымды ұлғайту желілері тез шешілетін құрамаларымен құбырлардан құрастырылады.

Қондырғының шаятын шлангасының барлық ұзындығы бойынша әрбір 1-1,5 м сайын ілмектерімен диаметрі 8 мм кем емес болат жұмсақ арқанмен сақтандырылады. Арқандардың соңы шланганың кері фланецтеріне бекітіледі. Шланганың үзілуінің алдын алу үшін сорғы агрегатында шлангаға рұқсат етілетіннен 25 % төмен қысымға қорғаныс қақпағын орналастыру.

Бұрандалы құрамалар өздігінен бекітілу мүмкіндігін болдырмайды.

780. Ұңғыманы өшіру алдында жөнделетін ұңғыманың екі көлеміне тең көлемде қажетті көрсеткіштерді өшіру сұйығының қоры қарастырылады. Қорды ұңғымада немесе өшіру құбырына жедел қосу үшін тікелей жақын жерде сақтайды.

781. Өшіруге қабатты қысымы статтықтан жоғары барлық ұңғымалар немесе қабатты қысымдар статтықтан төмен болғанда атқыма немесе газ-, мұнай-, су көрінулерінің жағдайлары сақталатын ұңғымалар жатады.

782. Өшіру сұйығының тығыздығын бағанмен келесі көлемде қабатты қысымнан асатын гидростаттық қысымның бағанын құру есебінен анықтайды:

тереңдігі 1200 м дейінгі ұңғымалар үшін 10 – 15 % (аралығы 0-ден 1200 м дейін), алайда 15 кгс/см 2 (1,5 МПа) көп емес;

тереңдігі 2500 м дейінгі ұңғымалар үшін 5 – 10 % (аралығы 1200-ден 2500 м дейін), алайда 25 кгс/см 2 (2,5 МПа) көп емес;

тереңдігі 2500 м артық ұңғымалар үшін 4 – 7 % (аралығы 2500 м-ден жобалық реңдікке дейін), алайда 35 кгс/см 2 (3,5 МПа) көп емес.

783. Ұңғыманы өшіру кезінде қабаттың гидроыдырау қысымынан немесе сұйықты қабатпен сіңіру қысымынан аспайтын гидростаттық динамикалық қысымды құрайды (ұңғымадан мұнайды өшіру сұйығымен шығару кезінде).

784. Күкіртсутегі бар көмірсутегілерін өндіретін ұңғымаларды күкіртсутегісін бейтараптандырғыш бар сұйықпен тұншықтырады.

785. Өшірусіз ҰЖЖ жүргізуге қабат флюидтерінің ұңғыма сағасына өздігінен түсу мүмкіндігін жоққа шығаратын, таукен-геологиялық жағдайларымен кен орындарында жол беріледі.

786. Өшіру жүргізілгеннен кейін ұңғыма сағасын кен орнындағы бұрғылау және пайдаланудың таукен-геологиялық жағдайларын есепке ала отырып, ҰЖЖ және апаттық жағдайлар кезінде ұңғымаларды бақылауды және басқаруды қамтамасыз ететін, ЖҰЖ бекітілген сызбаға сәйкес тастамаға қарсы жабдықпен жабдықтайды.

787. Тастамаға қарсы жабдықты байлау және орналастыру сызбасын ұйым жасайды.

788. Тастамаға қарсы жабдықты орналастырғаннан кейін оны күтілетін, алайда пайдалану бағанасын тығыздау қысымынан жоғары емес қысыммен сумен тығыздайды. Тастамаға қарсы жабдықты тығыздауды пайдалану бағанасының техникалық жағдайын, қабатты флюидтің (газ факторының) құрамын және жабдықтың куәлігін ескере отырып, АҚҚ өкілінің қатысуымен жүргізеді.

789. Мұнай газ көрінулердің белгілері анықталған кезде ҰЖЖ тоқтатады, ұңғыманы қайтадан өшіреді. Жұмысты қайта бастауға ұйымның техникалық басшысы рұқсат береді.

790. ҰЖЖ бойынша жұмыстардағы үзілістер кезінде ұңғыма сағасын сенімді жабады (қымтайды).

791. Мүмкін болатын газ-мұнай-су көрінулерінің алдын алу және жою үшін өшіру сұйығын құю блогын орнатады және оны сорғы көмегімен өздігінен немесе мәжбүрлеп құю қамтамасыз етілетіндей есеппен байлайды (ұңғыманы шаюға арналған агрегатты). Ұңғымалардан құбырларды көтеруді құюмен және сағада деңгейін ұстаумен жүргізеді. Құятын ыдысты градуировкасы бар деңгей өлшегішпен жабдықтайды.

792. Ұңғыманың сағалық арматурасын бөлшектеу алдында құбыр және құбырдан тыс кеңістіктегі қысымды атмосфералыққа дейін азайтады (ыдыратады).

793. Сағалық арматураны ажыратуды ұңғымадан газдың шығуын көзбен анықтағаннан және ондағы сұйық деңгейінің тұрақтылығын тексергеннен кейін жүргізеді. ЖҰЖ-да ұңғымадан сұйық ағының жоқ екендігін тексеру үшін, сағалық арматураны шешкеннен кейінгі технологиялық тоқтау уақытының ұзақтығы көрсетіледі.

794. Бригада персоналы газ-мұнай-су көрінулерді анықтау белгілеріне үнемі бақылау жасайды және технологиялық регламентке сәйкес ұңғыма сағасын қымтауды жүргізеді.

795. Құбыр кеңістігін қымтау үшін көпірлерде құбырды жинау ауыстырғышымен, шар кранымен, кері қақпақпен немесе белгіленген қысымға тығыздалған және қызыл түске боялған, ашық күйдегі апаттық ысырмамен құбыр жинағы болады.

796. Жұмыс жоспарымен алдын ала өшіру жүргізу қарастырылмаған зобойлы қақпақ-кескішпен жабдықталған ұңғыманы ҰЖЖ алдында тоқтатады, қысымды атмосфералыққа дейін түсіреді және кем дегенде үш сағат бойы ұңғыманы қақпақ-кескіш немесе өзге арналар арқылы ағынның жоқ екендігіне тексереді.

797. Қақпақ-кескішті тексеру бойынша жұмыстарды дайындаушы зауыттың ұсыныстарына және кәсіпшілік тапсырыстарына сәйкес орындайды.

40 - тарау. Ұңғыманы жөндеу кезіндегі түсіріп-көтеру операциялары
798. Ұңғыманы жөндеуге арналған көтеру агрегатын түсіріп-көтеру операцияларын басқару тетігі қауіпсіз жерде орналасады, онда: мұнара, діңгек, ұңғыма сағасы, шығыр және агрегаттар және жұмыс алаңында орнатылған өзге механизмдер жақсы көрінеді.

799. Салмағы мен қысымын анықтаусыз (анықтағыш) сорғы-компрессорлық құбырларын (бұдан әрі - СКҚ) ұңғыма түсіруге немесе ұңғымадан көтеруге, ұңғыма тереңдігіне қарамастан, құбырларды тарату және созумен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Манометр салмағын анықтағыштың дұрыстығы ҰЖЖ алдында тексеріледі.

Келесі кезде түсіріп-көтеру операцияларын жүргізуге жол берілмейді:

1) жабдық және құрал, бақылау-өлшеу құралдары істен шыққан кезде (жазатын құрал, манометрлер және сол сияқты);

2) вахтаның құрамы толық болмағанда;

3) желдің жылдамдығы 15 м/с асқанда және тұман мен қар кезіндегі көрініс болмағанда;

4) мұнай газ су көрінулер;

5) ЖҰЖ болмағанда.

800. Түсіріп-көтеру операциялары кезінде газ-мұнай-су көрінулері анықталған жағдайда ҰЖЖ бригадасы ұңғыманы қайтадан өшіреді және бұдан әрі ЖҰЖ сәйкес әрекет етеді. Қайтадан өшіру мүмкін болмаған кезде ұңғыма сағасын қымтайды және бұдан әрі апатты жою жоспары бойынша әрекет етеді.

801. Мүмкін болатын мұнай-газ-су көрінулерінің алдын алу және жою үшін ұңғыманы шаюға арналған агрегат немесе құю ыдысы түсіріп-көтеру операциялары кезінде құбырдан тыс кеңістікке тұрақты қосылған, ал ұңғыма сағасында тастамаға қарсы жабдық орнатылған.

802. СКҚ ұңғымаға түсіру алдында әрбір құбырды үлгілейді. Құбырларды бұрау алдында бұрандасын металл щеткамен тазартады және ЖҰЖ қарастырылған қорғаныс қабатымен жағады (графитті майлар, сурик, арнайы қымтағыш және сол сияқты).

803. Журналға жазыла отырып, кесте бойынша ұңғыма сағасында шаятын сұйықты қамтамасыз етумен ұңғымаларға бақыланатын құю жүзеге асырылады.

804. Жұмыстар басталғанға дейін шаятын сұйықтың жұмыс көлемінің және жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес геологиялық-техникалық жағдайларға және бақылауды реттегішке сәйкес көрсеткіштерімен ұңғыманың екі көлемінен кем емес қор қамтамасыз етіледі.

805. СКҚ барлық бұрандалы бөлігіне бұрайды және толық тірелгенге дейін бекітеді.

806. ҰЖЖ бастау алдында станок-тербелткіші бар ұңғымада кронблоктан ұңғыма сағасына дейін ілмекпен білікті блок үшін өтетін жол босатады. Ол үшін стақан-тербелткішті теңестіру басын артқа әкетеді немесе жағына әкетеді (құрылымына байланысты).

807. Әкетулерді жағына лақтыру және теңестіру ұшын жұмыс жағдайына әкелу, арқан ілмегін шешу және кигізуді жұмысшыны станок-тербелкіштің теңестіргішіне шығару қажеттілігін жоққа шығаратын құралдардың көмегімен жүргізеді.

808. Білікті блоктың немесе вертлюгтің үлкен көлемі кезінде олардың станок-тербелткіш теңестіргішіне тиуін болдырмау мақсатында түсіріп-көтеру операциялары кезінде шатунды кривошиптен ажырату және теңестіргішті бұрылған немесе лақтырылған ұшымен шеткі жағдайға қою керек. Ол кезде сальникті (жылтыратылған) штоктың арқанды ілмегі бір жағына әкетіледі және ол салмақта тербелмейтіндей және жабдықтау, арқанды айырбастау және жөндеу жұмыстары кезінде бригадаға кедергі келтірмейтіндей етіп, станок-тербелткіштің бағанына бекітіледі.

809. Тиелген орталықтан жүретін электр сорғымен жабдықталған ұңғымаға жөндеу жүргізу алдында сымды тоқтан ажырату, сым шығыршығының бекітілу сенімділігін және оны орнату дұрыстығын тексереді.

810. Тиелген орталықтандырылған сорғы сымымен барабан көтергіш агрегатын басқару тетігінен және жұмыс алаңынан көрінетін жерде болады.

811. Сым шығыршығымен және ұңғыма сағасымен бір тік жазықтықта орнатылған, сымды барабанға орау және шешу механикаландырылады. Сымның орамдары барабанға дұрыс атармен орналастырылады.

812. СКҚ көтеру және түсіру жылдамдығын СКҚ салмағына, техникалық жағдайына, ұңғымаға өшіру сұйығын құю, ұңғымадан сұйықты ағызу жылдамдығына, желдің жылдамдығына байланысты жұмыс кезінде бақылау тұлғасы анықтайды.

813. СКҚ көтеру кезінде СКҚ жалпы ұзындығын және көтерілген құбырлардың санын өлшейді. СКҚ түсіру кезінде СКҚ түсу тереңдігін және түсірілген құбырлардың санын өлшейді, өлшемдердің мәліметтерін «Құбырды өлшеу» журналына енгізеді. Ұйымның техникалық басшысымен бекітілген журналда әрбір құбырдың диаметрі, қабырғасының қалыңдығы және ұзындығы көрсетіледі.

814. Пайдалану бағанасының ішкі жағынан муфта алдының, үштіктердің және қиғаштардың тиісуінің алдын алу үшін бағыттаушы сүзгіштерді қолданады.

Ұңғымаға сорғы штангаларын түсіру алдында олардың әр біреуін қарайды, бұрандасын металл щеткамен тазалайды және графитті маймен майлайды.

815. Болаттың әр түрлі маркаларынан жасалған штангаларды араластыруға жол берілмейді. Штангалар көпірлерге төселеді және ҰЖЖ ЖҰЖ бекітілген жинаққа сәйкес ұңғымаға түсіріледі.

816. Штанганың басқышты бағанасын түсіру кезінде ЖҰЖ нұсқаулары сақталады.

817. Ұңғымаға түсірілетін штангаларды өлшейді, өлшем мәліметтерін ұйымның техникалық басшысымен бекітілген нысан бойынша «Штангаларды өлшеу» журналына енгізеді, журналда әрбір түсірілген штанганың диаметрін, ұзындығын, болат маркасын көрсетеді.

818. Ақауы бар құбырлар және штангалар бракталады және жөндеу аяқталғанға дейін көпірлерден әкетіледі.

819. Көпірлерге лақтыру және олардан диаметрі 51 мм асатын сорғы-компрессорлық құбырларын көтеруді егер де олардың әр біреуінің ұзындығы 16 м аспайтын болса, ал түсіріп-көтеру құрылғысы 22 м кем емес биіктікке ие және мұнаралардың есіктері құбырлардың еркін өтуіне жол беретін болса, екі түтіктермен жүргізуге жол беріледі. Құбырларды екі түтіктермен көтеру және түсіру кезінде орташа муфта бекітіледі.

820. СКҚ көтеру және түсіру бойынша ұзақ уақыттық үзілістер кезінде ұңғыма сағасы қымталады (жабылады).

821. Мұнарамен немесе діңгекпен жабдықталған ұңғымаларды жөндеу кезінде білікті арқанның жүретін ұшы созатын шығыршық арқылы өтеді, ол кезде арқан мұнара немесе діңгек элементтеріне тимейді, көпірлер мен жұмыс алаңынан өтпейді; созатын шығыршық мұнараның немесе діңгектің рамалық қырлы бөренеге немесе арнайы құралға бекітіледі және металл қоршауы бар. Созатын шығыршықтарды қолдану үшін арқанды ілмектерді қолдануға жол берілмейді.

822. Көтеру-түсіру операциялары кезінде көпірлерде бұранданы зақымданудан қорғау үшін арнайы қорап орнатылады.

823. Түсіріп-көтеру операциялары алдында тежегіш жүйесінің сенімділігі және дұрыстығы тексеріледі.

824. Көтеретін ілмекте ілмекті болт және ілмектен штроптардың ұшуын болдырмайтын, дұрыс қауіпсіз автоматты ұстағыш бар.

825. Құбырларды көрілерге түсіру және көпірлерден көтеру ақырын, және рұқсат етілгеннен аспайтын жылдамдықта орындалады. Шығыр тежегішінде жұмыс істейтін жұмысшы соққы алмас үшін, тежегіш ұстағышының қозғалы желісінен басқа жақта тұрады.

826. Құбырларды көпірден ұңғыма сағасына тасымалдау кезінде қолдың зақымдануының алдын алу үшін оның соңғы ұшын бағыттау және қолмен ұстап тұру керек.

827. Тасымалданатын құбырдың жолында немесе жанында болуға жол берілмейді.

828. Элеватор құлақшынында шпилькалар өте нақты тығылады.

829. Түсіріп-көтеру операциялары кезінде штроптар құлақшадан ұшып кетпес үшін олар штроптарға ілмекпен байланады, ал түйреулер, спайдер, гидравликалық кілт олардың жағдайын бекітуге ие.

830. Техникалық талаптарға және бекітілген технологиялық регламентке сәйкес штроптарды, ілмекті, элеваторларды, блок тегершіктерін және басқаларды пайда болған жасырын құлақшаларды, жарықташаларды және өзге ақауларды анықтау үшін ультрадыбысты ақау анықтағышпен зерттейді.

831. Қосымша жабдық – спайдер, гидравликалық кілт және басқа да жұмыс кезінде өздігінен қосылудан бекітіледі.

41 - тарау. Ұңғымаларды жөндеу кезіндегі негізгі

қауіпсіздік талаптары
832. Ұңғыманы жөндеу бойынша өндірістік операциялар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген, Мұнай және газ ұңғымаларына жер асты жөндеу жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда орындалады. Тапсырма берілген кезде журналға тіркеле отырып персоналды нұсқаулықтан өткізеді.

Жұмыс аймағының ауасының газдалу қауіптілігі кезінде ұңғыманы жөндеу бойынша жұмыстар наряд-рұқсаттама бойынша орындалады.

833. Жұмыстың басталуы алдында, жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес, ГМСК және АА қауіптілігін болдырмау үшін технологиялық регламентке сәйкес ұңғыманы тоқтату жүргізіледі.

Қабатты флюидінде күкіртсутегі бар ұңғымалар үшін күкіртсутегі игнибиторымен және бейтараптандырғышпен өңделген шаятын сұйық қолданылады.

Тоқтатылғаннан және басылғаннан кейін ұңғыма өнімдік қабаттардан флюидтің түсуін және ГМСК белгілерін тексеру үшін қабаттың сипаттамалары мен тереңдігіне байланысты 8-24 сағат ұсталады.

834. Сағалық арматураны шешу алдында құбырдағы және құбырдан тыс кеңістіктегі қысым атмосфералыққа дейін түсіріледі және ұңғымаға қабатты флюидтің түсуінің болмауы бақыланады. Ұзақтығы өндірістік операцияларды жүргізу кезінде ГМСК белгілерін анықтау уақытымен анықталады және жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетіледі.

835. ГМСК мүмкін болатын ұңғымаларда жөндеу жүргізу кезінде саға тастамаға қарсы жабдықпен жабдықталады. Тастамаға қарсы жабдықты байлау және орнату сызбасы ұйыммен жасалады. Тастамаға қарсы жабдықты орнатқаннан кейін ұңғымаға сәйкес құжаттама рәсімделе отырып, пайдалану бағанасын тығыздау қысымынан жоғары емес, шекті күтілетін қысымға тығыздалады.

836. Қондырғыны қауіпсіз пайдалану, жұмыстар мен түсіру-көтеру операцияларын орындау жағдайлары дайындаушының құжаттамасына, Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес реттеледі.



837. Мұнараларды құрастыру, бөлшектеу және жөндеу бойынша жұмыстарды қараңғы кезде, желдің жылдамдығы 8 м/с асқанда, жауын, қатты қар, мұз-тайғақ, құйын, 100 м кем көрінетін тұман кезінде жүргізуге жол берілмейді.

838. Ұзақтығына қарамастан, жұмыс кезіндегі үзілістерде ұңғыма сағасы қымталады.

839. ГМСК белгілерін анықталған кезде ұңғыма сағасы және құбырлар қымталады, персонал АЖЖ сәйкес, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша әрекеттерді орындайды.

840. Электр сорғысымен жабдықталған ұңғымаға жөндеу жүргізу алдында ескертетін қауіпсіздік белгілерін орнатумен электрмен қамтамасыз ету өшіріледі.

Сым шығыршығымен және ұңғыма сағасымен бір тік жазықтықта орнатылған барабанға сымды төсеу механикаландырылған әдіспен жүргізіледі. Сым барабанға бос орынсыз төселеді.

Түсірілетін электр сорғысының сымымен барабан жұмыс алаңынан көрінетін жерде орналасады. Сорғыны түсіру (көтеру) кезінде ұңғыма сағасы мен барабан арасында жұмысшылардың болуына жол берілмейді.

841. Арқанды техниканы қолдану Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілген кезде жүргізіледі:

сақтандыру құрылғылары және одақтасу болған кезде қауіпсіз қашықтықта шығырды, көтергішті орнату;

қақпан-кескішті және кезеңдігін тексеру журналға тіркеле отырып, жоспарға, технологиялық регламентке, дайындаушының құжаттамасына және технологиялық регламентке сәйкес орындалады;

лубрикаторларды және тастамаға қарсы жабдықты тексеру кезеңдігін пайдалану бойынша құралға сәйкес қымталу мен дефектоскопияға сынауды қоса алғанда, кестемен белгіленеді;

ингибиторлы, газ лифті, айналмалы қақпақтарды алғаннан кейін отырғызу орнына шешілетін тығындарды орнатады. Тығындарды орнатпастан жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.

842. Мұнараны қолданумен ұңғымалардың жұмысы кезінде машина кілттері білікті жүйемен жанасуын болдырмайтын шығыршықтар арқылы ілінеді.

Шаятын штанга мұнараға бекітілген шығыршық арқылы арқанға ілінеді.

843. Шаятын агрегаттың сорғысында қосалқы гайкалармен бекітілген, ыдысқа әкетумен қорғаныс құрылғысы және манометр орнатылады.

844. Құмды құбырларды шаю кезінде ұңғымаларда, құбыр бағанасында кері қақпақ немесе шар краны орнатылады және ГМСК қауіптілігін жоққа шығаратын, тығыздығымен шаятын сұйық қолданылады.

Ұңғымаларды улы және белсенді сұйықтармен шаю және өңдеу кезінде жұмыстар сәйкес ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ құралдарын қолданумен, қосымша жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.

ГМСК мүмкін болатын немесе күкіртсутегі бар ұңғымаларда құм тығындарын жою үшін шағын науаны қолдануға жол берілмейді.

845. Бұталы алаңдағы жөндеу жұмыстары ұңғымаларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар орындалғаннан кейін технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

846. Бірнеше ұңғымаларда бір мезетте жұмыстар жүргізу және орындаушылардың өзара әрекет ету тәртібі АҚҚ келісілген, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген ережемен реттеледі.

Бұтада бір мезетте бұрғылаумен ұңғымаларды жөндеу, игеру және әрекетке енгізу бойынша жұмыстар жүргізу үшін әрекеттердің үйлесімділігін және өндірістік бақылауды жүзеге асыратын басшы тағайындалады.

Жұмыс жетекшілері қауіпті жағдай, ГМСК белгілері, технологиялық регламенттен ауытқу пайда болғанда дереу құлақтандырылады.

Бұтадағы жұмыстар қауіпті жағдайдың пайда болу себептері жойылғанға дейін уақытша тоқтатылады.

Механикаландырылған ұңғымаларды жөндеу кезінде жанында орналасқан ұңғыма жұмысты ұйымдастыру жоспарына және объект басшысының тапсырмасына сәйкес тоқтатылады.

Ұңғымаларды жөндеу немесе игеру кезінде жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсете отырып, сағалық жабдықтың механикалық зақымданудан қорғалуын қамтамасыз ететін экранды құрылғылар қолданылады.

Қорғалатын экранды құрылғының немесе қоршаудың құрылымы желдетілмейтін аймақтардың қалыптасуын болдырмайды және ұңғыма арматурасын басқару үшін қауіпсіз келуді қамтамасыз етеді.

Газлифтті ұңғыманы жөндеуге беру кезінде қосымша мөлшері және газ қысатын ұңғымаларды өшіру тәртібін көрсетумен, бұта ұңғымаларының газ мұнай өтетін коммуникацияларының жоспар-сызбасы жасалады.

Жөндеуге берілетін газлифті ұңғыманың газ құбырларын ажырату және газ орамын бөлшектеуді пайдалану қызметі жүргізеді.

Жабдықты құрастыру және бөлшектеу алдында жөнделетін және қауіпті аймақта болатын ұңғымаға газды қысу тоқтатылады. Газ құбырларындағы және орамдағы газдың артық қысымы атмосфералыққа дейін төмендетіледі. Көтергіш қондырғысын құрастыру және бөлшектеу аяқталғаннан кейін ұңғымаларды іске қосады.

847. Жер асты жабдығын көтергеннен кейін ұңғыманың пайдалану бағанасын тұздардың, қара майдың, асфальттың, парафиннің, коррозия өнімдерінің қалдықтарынан тазалайды және техникалық талаптарға сәйкес келетін диаметрі бар үлгімен үлгілейді.

848. Қажет болған жағдайда жасанды забойдың тереңдігін өлшейді (жасанды забойды соғады), жасанды забойды тазалайды.

849. Газ-мұнай-су көрінулері мүмкін атқыма ұңғымаларында құм тығындарын шағын науамен тазалауға жол берілмейді.

850. Қажет болған жағдайда пайдалану бағанасын бұрғылау аяқталған кездегі тығыздау қысымына тең қысыммен ұңғыманы өшіру сұйығымен тығыздайды.

851. Ұңғымаға жер асты жабдығын түсіреді (СКҚ соңындағы сүзгішті, газлифті қақпақтарды, муфтаны, тереңдегі сорғыларды және сол сияқты). Жер асты жабдығын түсіру тереңдігін өлшейді, өлшеулердің нәтижелерін ұңғыманы ПРС-тан пайдалануға беру актісінде көрсетеді.

852. ҰЖЖ ЖҰЖ көрсетілген ұңғыманың жұмысының технологиялық көрсеткіштерін орнатады.

853. Ұңғыманың дебитын, өндірілетін мұнайдың су басуы, сағадағы қысым мен температураны өлшейді. Өлшеулердің нәтижелерін ұңғыманы ПРС-тан пайдалануға беру актісінде көрсетеді.

854. Жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде газ, мұнай қысымымен, қабаттардың мүмкін болатын ашылуы аралығында обсадты бағаналарды перфорациялауға жол берілмейді (ағынды шақырғаннан кейін және өтетін өнімдік емес қабаттардың аралығында).

855. Перфорация кезеңінде ұңғыма сағасының айналасына 10 м кем емес радиуспен қауіпті аймақ белгіленеді және орнатылады.

856. Жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін ұңғымаларды игеру жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Ұңғымаларды жөндеу және игеру кезінде ұңғыма оқпанында болатын мұнайдың, сұйықтың төгілуінің алдын алатын шаралар орындалады.



42 - тарау. Ұңғыманы жөндеу кезіндегі қорытынды жұмыстар
857. Жоспарға сәйкес келетін, ұңғыманың жұмыс көрсеткіштерін өлшеу нәтижелерін алғаннан кейін технологиялық сұйықтың қалғанын жояды, техникалық істен шыққан СКҚ, штангаларды, жабдықты ұңғыма сағасынан жөндеу базаларына шығарады.

858. Ұңғымада орнатылған жөндеу жабдығын бөлшектейді, шешеді және ПРС жүргізу үшін кезекті ұңғымаға немесе алдын ала қарау жүргізу үшін жөндеу базасына ауыстырады (өшіру құбырлары, ыдыстар, көпірлер, сөрелер, жұмыс алаңы, көтергіш агрегаты және сол сияқты).

859. Ұңғыма жанындағы аумақты мүмкін болатын жөндеу қалдықтарынан тазалайды, алаңды жоспарлайды және тегістейді.

860. Ұңғыма сағасындағы жер үсті жабдығын тазалайды, мұнай газ кәсіпшілігінде қолданылатын бейнеге сәйкес бояйды.

861. Барлық орындалған қорытынды жұмыстарды ұңғыманы ҰЖЖ пайдалануға беру актісінде көрсетеді.

43 - тарау. Ұңғымалардың бұталы орналасуы кезіндегі ұңғымаларды жер асты жөндеу ерекшеліктері
862. Бұтада орналасқан ұңғыманы жер асты жөндеуді келесі талаптарға сәйкес жүргізеді:

сағалардың арасындағы қашықтық 1,5 м және одан кем бұтада тереңдегі-сорғы ұңғымаларын жөндеу кезінде көршілес ұңғымалар тоқтатылады және қажет болған жағдайда өшіріледі.

Көрші ұңғыманы тоқтатпастан бұтада ұңғыманы жөндеуге ЖҰЖ қарастырылған шаралар жүзеге асырылған кезде жол беріледі.

863. Бұтада басқа ұңғыманы бір мезетте бұрғылаумен ҰЖЖ жүргізуге, ҰЖЖ екі бригадасының бір мезетте жұмысына жол беріледі. Жұмыс жүргізуші ұңғымада апаттық жағдайдың пайда болғандығы туралы бұтадағы барлық жұмысшыларды құлақтандырады (газ-мұнай-су көрінулерінің белгілері, технологиялық регламенттен ауытқу және сол сияқты). Ол кезде бұтадағы жұмыстар апаттық жағдайдың пайда болу себептері жойылғанға дейін уақытша тоқтатылады.

864. Ұйым бұтада бір мезетте жұмыс жүргізу бойынша ЖҰЖ жасайды. ЖҰЖ ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.

865. ҰЖЖ алдында жөндеу жабдығын орналастыру алдында газлифті бұталарда жөндеуді күтетін ұңғыманың оң және сол жағындағы көрші ұңғымаларға газды беру жөндеу кезінде тоқтатылады.

866. Әрекеттегі шлейфтарға, газ құбырларына жөндеу жабдығы мен арнайы техниканы орналастыруға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет