29 - тарау. Ұңғыманы пайдалану
653. Жер үсті жабдығында күтілетін шекті қысымнан 1,25 тең, қор коэффициентімен тығыздалған, диаметрі 100 мм кем емес және ұзындығы 100 м кем емес үрлейтін және апаттық (ұңғыманы тұншықтыру үшін) желілер бар. Желілер кері қақпақтармен жабдықталады және бақылау-тіркеу аппаратурасын қосу мүмкіндігіне ие.
654. Тығыздау элементтерінің құрылымы және материалы ұңғыманы ұзақ уақыт пайдалану кезінде белсенді ортаның сенімді оқшаулануын қамтамасыз етеді.
655. Ұңғыманы келесіні қамтитын забойлы ұңғымалық жабдықсыз атқыма әдісімен пайдалануға жол берілмейді:
1) қабылдау қақпағы және керең тығын үшін отырғызу ниппельі;
2) пайдалану бағанасын қорғау үшін пакер, айналдыру қақпағы, ингибиторлы қақпақ, қақпақ-кескіш.
Орнатқаннан кейін пакер қымталуға сынауға жатады, ал пакер үстіндегі ұңғыманың құбырдан тыс кеңістігі ингибиторлы сұйықтың ерітіндісімен толтырылады.
656. Барлау ұңғымаларында пайдалану және лифтілі бағананы бұзбай ингибрлеу кезінде забойлы ұңғыма жабдығынсыз ұңғымаларды зерттеу және игеруге жол беріледі.
657. Орталық ысырманы, атқыма арматурасының шектерінде орнатылған сағадан бірінші жақтық ысырмаларды, сағалық қақпақ-кескішті басқару қашықтықтан және автоматты.
658. Ұңғыманы пайдалану лифтілі құбырлар бойынша жүзеге асырылады.
659. Пайдалану кезінде дайындаушының техникалық құжаттамасына және технологиялық регламентке сәйкес, кезең сайын қақпақ-кескіштің іске қосылуын тексеру жүргізіледі.
660. Қақпақ кескішті орналастыру және оның іске қосылуын тексеру актімен рәсімделеді.
661. Ұңғымалар мен жағалаулары күн сайын өзімен дем алу аппараттары, ауаны бақылау және байланыс құралдары бар, құрамында кем дегенде екі операторы бар ұялы бригадамен айналу кезінде қаралады. Қараулардың нәтижелері журналға тіркеледі.
662. Сағалық арматурада күкіртсутегі бар мұнайдың, газдың ағуы анықталған кезде ұңғыманы басқару тетігінен сәйкес ысырманың немесе сағалық қақпақ-кескіштің көмегімен жабады. Ұңғыманың лақтыру желісінен күкіртсутегінің ағуы анықталған кезде басқару тетігінен лақтыру желісіндегі ысырманы, өлшеу құрылғысындағы кіре беріс желісін жабады. Осы жағдайлар туралы жедел түрде ұйымның техникалық басшысына және АҚҚ қызметкерлеріне хабарлайды.
663. Саңылаулану, бағана аралық көріну (қысым) және жер үсті жабдығы істен шыққан кезде ұңғыманы пайдалануға жол берілмейді.
Бағана аралық кеңістікте қысым анықталған кезде зерттеулер жүргізіледі және ағу себептерін анықтау және жою бойынша жедел шаралар қолданылады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша ұңғыманы пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылданады.
30 - тарау. Атқыма және газлифті ұңғымаларды пайдалану
664. Ұңғыманың, бағаналы ұштың, тақыма арматурасының, НКТ бағанасының, ұңғыма ішіндегі және жер үстіндегі жабдықтың, құрастыру сызбасының құрылымы жобаға сәйкес ұңғыманың тиімді және қауіпсіз жұмыс режимін, құбыр, құбырдан тыс және құбыр аралық кеңістікті қымтау, технологиялық операциялар жүргізу мүмкіндігін, тереңдегі зерттеулерді, үлгіні алуды, сағалық қысымды және температураны бағалауды қамтамасыз етеді.
665. Пайдалануға енгізу алдында ұңғыманың дайындығы, ұңғыманы пайдалануға беруге құжаттаманың болуы тексеріледі.
Әрбір ұңғымаға сағаның жабдықталуының, ұңғыма ішіндегі жабдықтың жинағының, көлденең және тік белгілері бойынша мөлшерлерін, байлаудың стандарттан тыс элементтерін, қорғалатын және тазалық-қорғаныс аймақтарын, келетін жолдарды көрсете отырып, жер үсті жабдығының жинақталуының нақты сызбасы жасалады. Сызбаға техникалық куәліктің мәліметтерін, шығарған жылын, орналастыру уақытын және пайдалану мерзімін, қымталуға сынау актілерін көрсете отырып, ұңғыманы байлау және жабдықтау элементтерінің тізімі (мамандығы) қоса беріледі. Аталған құжаттама АҚҚ өкілдерінің қатысуымен жасалады.
666. Құбылмалы температурамен ұңғыманы пайдалану кезінде сағада атқыма арматурасы, технологиялық үрдістің, жабдықтың және қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылым және термотөзімділік қолданылады.
677. Биіктікте орнатылған атқыма-компрессорлы арматураның лақтыру желілерінің астында жөндеу кезінде ажыратқанда желілердің құлауының алдын алатын, сондай-ақ ағынның соққысынан дірілді боладырмайтын, сенімді бекітілген тіректер орнатылады.
668. Ұңғымаларды пайдалану МГК өңдеу жобасына және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
669. Ұңғымалардың бұталы орналасуы кезінде жабдықтар, құбырлар, станция-тербелткіштер, басқару станциялары, трансформаторлы шағын станциялар, сым эстакадалары ұңғыма бұтасының білігінен бір жаққа орналастырылады. Осы аумаққа көліктің баруына жол берілмейді (техникалықтан басқа).
670. Шахта құрылғысымен сағаның жабдығы бағаналы ұштардың, тастамаға қарсы жабдықтың нақты көлемі және аталған аймақтың жағдайлары ескеріле отырып, сызбалар бойынша жүргізіледі.
671. Ұңғымаларды қымталуға сынау және жабдықты, құбырларды тығыздау дайындаушының техникалық пайдалану құжаттамасына, қабатты флюидтің, таукен-геологиялық жағдайлардың сипаттамасы ескеріле отырып, технологиялық регламентпен сәйкес жүргізіледі.
672. Қауіпті немесе апаттық жағдай пайда болғанда әрекеттегі ұңғымада бұзушылықтарды жою АЖЖ сәйкес жүргізіледі.
673. Газлифті ұңғыманы басқару станциясы жергілікті жердің кедірлігі мен желдің үстем бағыты ескеріле отырып, сағадан қауіпсіз қашықтықта жабындыда немесе бөлмеде орнатылады, сенімді бекітіледі және жермен жанастырылады. Пайдалану температурасы жобаға және дайындаушының құжаттамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Басқару станциясын атқыма арматурасымен қосатын құбырлар және сымда эстакадаларда төселеді.
674. Ұңғыманы газлифті пайдалануға ауыстыру ұйымның техникалық басшысымен бекітілген тәртіпте жобаға сәйкес жүзеге асырылады.
675. Атқыма және газлифті пайдалану кезінде ұңғыманы, жабдықты, аппаратураны және құбырларды байлау үшін дәнекермен біріктірілген, тігіссіз болат құбырлар қолданылады. Фланецті құрамаларға ысырмаларды және өзге арматураны орналастыру орындарында ғана жол беріледі. Құбырлардың түрі, маркасы және дәнекерлеу технологиясы қабатты флюидтің сипаттамаларына және ұңғыманы пайдалану жағдайларына сәйкес анықталады.
676. Газ тарату қондырғылары басқару жүйесін диспетчерлік пунктіге шығарумен, ингибиторды беру үшін үрлеу және орналастыру үшін шамдарды шығарумен, қысымды және газдың шығысын автоматты жеке өлшеу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
677. Тығындарды жою кезінде газ құбырындағы қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі, ал осы учаскелерді жылыту бумен жүзеге асырылады. Өтетін қабілеттілігін сақтаған кезде газ құбырын тоқтатпастан алдын ала ингибиторды беруге жол беріледі. Аталған жұмыстар наряд-рұқсаттама бойынша орындалады.
678. Газлифті жүйенің компрессорлы станцияларын пайдалану кезінде келесі жүргізіледі:
1) нәтижелерін журналға жаза отырып, барлық алаң ішіндегі технологиялық құбырларды, сепараторларды, ыдыстарды, бекіту-реттеу арматурасын, қорғаныс құрылғыларын және БӨҚжА ауысым сайын қарау;
2) техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша апатқа қарсы, атқымаға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің, газды құрғату, жарықтандыру, желдету және апаттық белгі беру, найзағайдан қорғау, статтық электрден қорғау, байланыс пен электрмеханика жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін бақылау.
31 - тарау. Штангалы сорғылармен ұңғымаларды пайдалану
679. Ұңғыманы пайдалануға енгізу алдында мұнай газ өндіру объектісінің нақты жағдайларын, штангалы сорғының және станок-тербелткіштің құрылымын ескере отырып, осы Талаптардың 664, 665, 670-672-тармақтарында көрсетілген, талаптар мен жағдайлар орындалады.
680. Ұңғыма сағасы жобаға, байлау сызбасына, дайындаушының құжаттамасына сәйкес, штокты қымтау үшін бекіту арматурасымен және құрылғымен жабдықталады.
681. Ұңғыма сағасын жабдықтау сызбасы жылтыратып майланған штоктың қымтағышын ауыстыруды және ұңғымада қысым болғанда манометрді алмастыруды, технологиялық регламентке сәйкес сағалық қысымды және температураны өлшеуді қарастырады.
Станок-тербелткішке қызмет көрсету үшін қоршауы бар алаң орнатылады.
Станок-тербелткіш қозғалатын бөліктердің оның мұнанарасының немесе діңгектің, іргетестың және топырақтың бөлшектерімен жанасуы болмайтындай етіп орнатылады.
682. Қысымды өлшеу, дебит, ұңғыманы іске қосу мен тоқтатудың технологиялық көрсеткіштерінің жүйелері журналда диаграммада, жазбаша және электронды тасымалдағыштарда тіркеумен, диспетчерлік пунктіге шығуын қамтамасыз етеді.
683. Станок-тербелткіштің жабдығы жобаға сәйкес жермен жанастыру, найзағайдан, статтық электрден қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
Кондуктормен біріктіру орнында жермен жанастыратын өткізгіштер 0,5 м кем емес тереңдікке орнатылады.
Жермен жанастыру үшін болат арқанды қолдануға жол берілмейді. Жермен жанастыратын өткізгіштер жер үсті жабдығын сыртынан қарау мүмкіндігі жағдайымен орнатылады.
32 - тарау. Орталықтан өтетін, диафрагмалық,
бұрандалы, тиелетін электр сорғыларымен
ұңғымаларды пайдалану
684. Орталықтан өтетін, диафрагмалық, бұрандалы және тиелетін электр сорғыларын қолданумен ұңғымаларды пайдалану кезінде дайындаушының пайдалану құжаттамасына, жобалық құжаттамаға, технологиялық регламентке сәйкес осы Талаптардың 665, 666, 670-672-тармақтарында көрсетілген шарттар, электр қауіптілігі туралы талаптар орындалады.
685. Ұңғыма сағасының жабдығы құбырлы және құбырдан тыс кеңістіктің қымталуын, тереңде зерттеулер жүргізу және жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін, МГК қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сағалық арматурада электр сымы үшін өтетін тесік қымталған және қауіпсіз нығыздалуға ие.
686. Электр сымы басқару станциясынан немесе электр қалқанынан эстакада бойынша ұңғыма сағасына төселеді. Диэлектрлі материалдан бекітумен баған-тіректерде сымды төсеуге жол беріледі.
687. Сым ролигі шынжырдың көмегімен немесе арқан ілмекте көтергіш агрегатының діңгегіне ілінеді және шекті динамикалық жүктемеге және беріктік қорына сәйкес келетін, арқанмен сақтандырылады.
688. Құбырларды бұрау және ажырату кезінде электр сымы жұмыс орнынан қауіпсіз қашықтыққа әкетіледі және бекітіледі.
689. Сүңгитін жабдықтың ұңғымаға қауіпсіз түсу (көтерілу) жылдамдығы ұңғыма оқпанының жағдайы мен кесінін ескере отырып, технологиялық регламентте көрсетіледі.
690. Пайдалану бағанасы сорғыны ауыстыру кезінде түсірілетін электр-сорғысын түсіру алдында үлгімен тексеріледі.
691. Ұңғымадан түсірілетін электр сорғысын алу алдында электр сымын өшіру, кернеуді шешу және «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде» белгілерін орнату бойынша шаралар орындалады.
Көтеру кезінде электр сымының зақымдану қауіптілігін болдырмайтын және оның қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін жағдайлар сақталады.
33 - тарау. Гидропоршеньді және ағынды
сорғылармен ұңғымаларды пайдалану
692. Гидропоршеньді және ағынды сорғыларды қолданумен ұңғымаларды пайдалану кезінде жұмыстарды бастау алдында осы Талаптардың 665, 666, 670-672-тармақтарында көрсетілген және жобаға сәйкес қосымша орналастыру талаптары мен жағдайлар орындалады.
693. Технологиялық блоктың бөлмесінде келесі қамтамасыз етіледі:
1) сағат көлемінде бөлменің толық ішкі көлемі бойынша сегіз еселік ауа алмасуын қамтамасыз ететін, тұрақты ағынды-соратын желдеткіш;
2) блоктардағы температура 5 °C төмен емес, шу деңгейі 80 ДБ көп емес, дірілдің жылдамдығы 2 мм/с көп емес.
694. Технологиялық сұйық ретінде көмірсутекті өнімді пайдалану кезінде газдалуды бақылау, өртке қарсы қорғаныс және автоматты көлемдік газбен өрт сөндіру жүйелері қарастырылады.
695. Технологиялық блоктың бөлмесіне кірер алдында қауіпсіздік бойынша талаптар орындалады, нақты алғанда:
1) бөлменің газдалуын және желдету жүйесінің жағдайын тексеру;
2) жарықты қосу;
3) газбен өрт сөндіру жүйесін автоматты режимнен қолмен басқаруға ауыстыру.
696. Блокта өрт қауіптілігі пайда болған кезде персонал бөлмеден шығарылады, барлық есіктер жабылады және кіре беріс есікте орналасқан нүктемен автоматты өрт сөндіру жүйесі қосылады.
697. Пакерді және ұңғыма ішіндегі жабдықты түсіру алдында сағаның жабдығымен бірге, бағананы үлгілеу, шаю және тығыздау жүргізіледі.
698. Гидропоршеньді сорғыны, қырнауышты және өзге ұңғымалық жабдықты алу қондырғы жиынтығында бар лубрикаторды қолданумен жүргізіледі.
699. Лубрикаторды құрастыру және бөлшектеу технологиялық регламент талаптарын сақтаумен орталық ысырма жабық болғанда жүк көтергіш механизмін қолдана отырып наряд-рұқсаттама бойынша жүргізіледі.
700. Әрбір қысымды ұлғайтатын желі жұмыс сұйығының шығысын реттегішпен және манометрмен жабдықталады.
701. Сорғы қондырғылары электр байланыс манометрлермен және қорғаныс қақпақтарымен жабдықталады. Қорғаныс қақпағынан әкету сорғының қабылдау желісімен қосылады және бекітіледі.
702. Автоматика және қорғаныс құрылғыларының техникалық жағдайы технологиялық регламентпен белгіленген мерзімдерде тексеріледі.
703. Сорғы қондырғысы сорғының жұмыс сұйығын қабылдау, қысу және қайта жіберу желілерінде ашық бекіту құрылғылары кезінде автоматика жүйелерінің дұрыстығын тексергеннен кейін жұмысқа қосылады. Ағын жүйесіндегі қысым жер үсті жабдығының қалыпты жұмыс режимін бекіткеннен кейін құрылады.
704. Сорғы тоқтатылған кезде қысымды ұлғайтатын құбырдағы қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі.
705. Қысымды өлшеу, ұңғымалар дебиті және сорғылардың технологиялық көрсеткіштерінің жүйесі тіркейтін БӨҚжА диспетчерлік пунктіге шығарумен қамтамасыз етіледі.
34 - тарау. Қысымды ұлғайту құбырларын пайдалану
706. Қысымды ұлғайту құбырының құрылымы (обсадты бағаналардың диаметрі, болат маркасы, цементті көтеру биіктігі және басқа элементтер) келесі жағдайлардың орындауын қамтамасыз етеді:
қысымды ұлғайтудың қарастырылған қысым кезінде сәйкес көлемде жұмыс агентін қабатқа толтыру;
толтыру қабаттарын және объектілерін сенімді жалпылау;
қабатты забой жанындағы аймағына әсер ету бойынша шараларды орындау және зерттеулер жүргізу;
жөндеу және апаттық жұмыстарды жүргізу.
707. Қысымды ұлғайту ұңғымаларының құрылымы және забой бөлігінің жағдайы қауіпсіз технологиялық жағдайларды және ұңғыманың жұмыс режимін құру үшін агентті ұлғайту кезінде қабаттардың (қабаттың) сүзетін беткейінің шекті ашылуын қарастырады.
708. Қысымды ұлғайту ұңғымаларын пайдалану режимі технологиялық регламентте және жобада анықталады.
709. Қысымды ұлғайту ұңғымасының сағасын жабдықтау және байлау қысымды ұлғайту объектісі үшін болжанатын шекті қысымға, қабатты флюидтің және қысымды ұлғайту агентінің сипаттамасына байланысты жобаны жасау кезінде орындалған есептер негізінде таңдалады.
Ұңғыма сағасының жабдығында құйылатын агенттің қысымы мен көлемін, БӨҚжА реттеу үшін, олардың технологиялық үрдісті тоқтатпастан қауіпсіз ауыстырылуын қамтамасыз ететін автоматты және қолмен басқарылатын негізгі және қосымша кедергі құрылғылары қарастырылады.
710. Қысымды ұлғайту ұңғымалары толтырылатын агенттің физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты сорғы-компрессорлық құбырлардың бағанасының сәйкес жинақталуымен және пайдалану бағанасымен толтырылатын агенттің немесе қабатты флюидтің әсерінен қорғауды және оқшаулауды қамтамасыз ететін ұңғыма жабдығымен жабдықталады.
Ұңғыманы түсіру және қабатқа агентті толтыру алдында сағаның жабдығы, обсадты бағана, пакермен сорғы-компрессорлық құбырлардың жинағы, жер үсті жабдығы және құбырлар технологиялық регламентке сәйкес қымталуға сыналады. Сынау әдістері және тығыздау қысымы жобада және технологиялық регламентте көрсетіледі.
711. МГК пайдалану кезінде құжаттамалық тіркеумен әрбір қысымды ұлғайту ұңғымасының толтырылатын агентінің көлеміне және қысымның ұлғаюына тұрақты бақылау жүргізіледі.
712. Ағынды суларды және өзге коррозиялық-белсенді агенттерді қабаттарға толтыру кезінде, құбырларды, ұңғымалардың обсадты бағаналарын және өзге пайдалану жабдығын коррозиядан қорғау үшін қорғаныс жабындылары, коррозия ингибиторлары, құбырдан тыс кеңістікті қымтау және өзге шаралар қолданылады.
Толтырылатын агенттің сипаттамасы және қоюлығы жобалық шешімдермен және қауіпсіздік шарттарымен белгіленеді.
713. Қабат бойынша немесе құбыр аралық және бағанадан тыс кеңістік бойынша газдың апаттық атылуы болған ұңғыманы пайдалануға жол берілмейді, АЖЖ бойынша ұғыманы тоқтату жүргізіледі. Бұдан әрі жұмыстар жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша орындалады.
Бұзушылықтарды жойғаннан кейін ұңғыманың техникалық жағдайына тексеру жүргізіледі. Бұдан әрі пайдалану ұйымның техникалық басшысының рұқсаты болған кезде жүргізіледі.
714. Қысымды ұлғайту ұңғымасының сағасының жабдығы, жер үстіндегі және ұңғыма ішіндегі жабдық жобаға сәйкес пайдаланылады. Өңдеу кезінде қысылатын агенттің құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері және қысымды ұлғайтудың шекті қысымы ескеріледі.
715. Қысымды ұлғайту агенті улану қауіпсіздігі жағдайларына сәйкестік және өнімдік қабаттар мен қоршаған ортаға зиянды әсер етудің болмауы кезінде қолданылады.
716. Ұңғыманы немесе жеке жабдықты, аппараттарды, құбырларды тоқтату кезінде және кері температуралар кезінде орындалған жұмыстарды журналға тіркеумен, сұйықтың қатуы мен ұйып қалуын болдырмайтын, қауіпсіз әдістермен тазалау және үрлеу шаралары қолданылады.
35 - тарау. Ұңғымаларды қарқындату
717. Қабаттардың мұнай газ беруін жоғарылату мақсатында, ұңғымаларды қарқындату жоба немесе жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.
718. Жұмыс жетекшісі және орындаушылар, дайындау, негізгі және қорытынды жұмыстар, технологиялық бөлік, жабдықтың белгіленуі және орналастыру сызбалары, шекті рұқсат етілген концентрациясы мен қауіптілік санаты, қауіпсіздік шараларын көрсете отырып, қолданылатын материалдар мен химиялық реагенттердің тізімі мен саны жобада көрсетіледі.
Бақыланбайтын газ мұнай көрінулерінің және ашық атқыманың алдын алу мақсатында саға жабдығының сызбасы қабатты қарқындатудың қолданылатын әдісін ескере отырып жасалады.
719. Қымталмаған сағалық қысымымен және обсадты бағанамен, бағанадан тыс ағындармен және бағана аралық қысыммен ұңғымаларда ағынды интенсификациялауға және забой жанындағы аймақты өңдеуге жол берілмейді.
720. Ұңғымадан және қорғаныс құрылғыларынан жабдық, құбыр жүйесі байлау сызбасына сәйкес қауіпсіз қашықтыққа шығарылады және бекітіледі және акт жасау арқылы, жобада немесе жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілген қысымға тығыздалады.
Гидравликалық сынамалар кезінде персонал қауіпсіз аймаққа немесе қорғаныс панасына әкетіледі.
Ұңғыманы өңдеу және ағынды қарқындату кезінде 50 м кем емес қашықтықта қауіпті аймақ орнатылады және белгіленеді.
721. Қабат ішіндегі жану үрдісі жобаға және технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
722. Ұңғымалар өнімін жинау жүйесінде технологиялық үрдістің газ тәрізді өнімдерін қолдану, атмосфераға зиянды заттарды шығармастан жану өнімдерін бейтараптау және жою бойынша шаралар қарастырылады. Өнімде көмірқышқылды газ болған кезде жинау және айналдыру жеке жүйе бойынша жүзеге асырылады.
723. Ұңғыма сағасы бастау және жану үрдісі кезінде шығару мүмкіндігінің алдын алатын және ауаны қысу кезінде сағаны қымтауды және электр жылытқышты түсіру мен көтеруді қамтамасыз ететін, қашықтықтан басқарылатын ысырмасымен атқыма арматурасымен жабдықталады. Ұңғыманың жабдығы жану үрдісінің температуралық режиміне сәйкес пайдаланылады.
Ұңғыма аумағына бастау және қабат ішіндегі жану үрдісі кезінде ескерту белгілерімен белгіленген, 25 м кем емес қашықтықта, қауіпті аймақ орнатылады.
Қауіпті аймақ аясында жобамен және сызбамен қарастырылмаған, әр түрлі жабдықты, БӨҚжА орналастыруға жол берілмейді.
724. Электр жылытқышты қосуға тек ұңғымаға технологиялық регламентпен қарастырылған көлемде ауа бергеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Электр жылытқыш ауаны беру тоқтатылған кезде оның автоматты өшіретін құрылғымен жабдықталады.
725. Қабатты жылумен өңдеу кезінде бу генераторының отын беру желісінде жылу өткізгіштегі қысым рұқсат етілгеннен төмен немесе жоғары өзгеруі және суды беру тоқтатылған кезде отынды беруді тоқтататын автоматты қорғаныс қарастырылады.
Будың немесе ыстық судың қысылуына жабдықталған, ұңғыма алаңының аумағы қоршалады және ескерту белгілерімен ілінеді.
726. Жылу тасымалдағышты қабатқа толтыру пайдалану бағанасы үшін шекті рұқсат етілген мәнінен аспайтын қысым кезінде термотөзімді пакерді орнатқаннан кейін жүргізіледі.
727. Ұңғыманы жылумен өңдегеннен кейін құбырлар, құрама құрылғылары және жабдық тексеріледі. Арматураның техникалық жағдайын, қорғаныс жабындысын коррозияның алдын алу мақсатында қалпына келтіреді.
728. Қабатты ыстық мұнай өнімдерімен өңдеу кезінде жылытуға арналған қондырғы сақтау және толтыруға арналған ыдыстан 25 м жақын емес орналасады. Жабдықта және аумақта қауіпті учаскелердің қоршаулары және қауіпсіздік белгілері орнатылады.
729. Мұнай өнімін жылыту мен құю үшін қондырғыда қолданылатын электр жабдығы жобалық құжаттамада көрсетілген жарылыстан қорғалып орындалған.
730. Ыстық мұнай өнімімен ыдыс жергілікті жердің кедірлігі және желдің үстем бағыты ескеріле отырып, ұңғыма сағасынан 10 м кем емес қашықтықта орнатылады. Жұмыстар орнында жарықпен желдің бағытын көрсеткіш орнатылады.
731. Қабатты өңдеуге арналған забой электр жылытқыштары жарылыстан қорғалып орындалған. Тоқ көзіне қосу арқылы забой электр жылытқышын жинау және сынау электр цехында немесе жабдықталған бөлмеде жүргізіледі.
Забой электр жылытқыштарын ажырату, жөндеу және оларды ұңғымада жүктемемен сынауға жол берілмейді.
732. Забой электр жылытқышын ұңғымаға түсіру және көтеру лубрикаторды қолданумен қымталған саға кезінде механикаландырылған әдіспен жүргізіледі.
Электр жылытқыштың сым-арқанына тіреу қапсырмасын орнату алдында ұңғыма сағасы жабылады.
Электр сымын электр жылытқыштың іске қосу жабдығына сым-арқанды трансформаторға қосқаннан және электр жабдығын жермен жанастырғаннан, ұңғымада, сағада барлық дайындық жұмыстарын жүргізгеннен және адамдарды қауіпсіз қашықтыққа әкеткеннен кейін қосуға жол беріледі.
733. Оқ және жару материалдарын қолданумен қабатты термо газды химиялық өңдеу кезінде жобада (жоспарда) қосымша қауіпсіздік шаралары көрсетіледі. Дайындау, негізгі және қорытынды жұмыстарды жүргізу, жарылыс материалдарын сақтау және тасымалдау жағдайлары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген, Жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша орындалады.
734. Қабаттың гидроыдырауы кезінде обсадты бағананың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету үшін пакерлі құрылғылар қолданылады.
735. Қабаттың гидроқышқылы ыдырауын жүргізу кезінде коррозия ингибиторлары қолданылады.
Персонал қышқылдар мен зиянды заттардың әсер етуінен жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ), дем алу органдарын жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі – ДО ЖҚҚ), ұжымдық қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі - ҰҚҚ) қамтамасыз етіледі, жұмыс аймағының ауасындағы қауіпті заттарды бақылау жүргізіледі.
36 - тарау. Ұңғыманы жөндеуге қойылатын жалпы талаптар
736. Жөндеу бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспары жұмыс орындаушысы болып табылатын ұйыммен жасалады және бекітіледі, жұмыстар ГМСК немесе АА қауіптілігі, қабатты флюидте күкіртсутегі болғанда АҚҚ сәйкес жүргізіледі.
737. Ұңғыманы құрылымның өзгеруімен және жаңа өнімдік деңгейжиектерді аршумен байланысты, еңісті-бағытталған және көлденең оқпандарды бұрғылау әдісімен ұңғымаларды қайта құру үшін жоба жасалады.
738. Жөндеу бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспарында немесе жобада ұңғыманың жағдайы, пайдалану шарттары, техникалық құралдар, жұмыс технологиясы және қауіпсіздік шаралары, мерзімдері, орындаушылар және басшылары туралы мәліметтер көрсетіледі:
өндірістік инфрақұрылымын, жергілікті жердің кедірлігін және желдің бағытын ескере отырып, ұңғыманы жөндеуге арналған қондырғының түрі, жинақталуы және орналасу орны;
ұңғыманың белгіленуі, санаты, тереңдігі, пайдалану, жабу, жою жағдайлары, жөндеуге шығару себептері және жұмыс мақсаты;
обсадты бағаналардың құрылымы, беріктік пен қымталуға сынау туралы мәліметтер;
обсадты бағаналарды цементтеу, цементті жүзіктің жағдайы, ұңғыма оқпанының қиындықтар аймағының және апаттық учаскелерінің болуы туралы мәліметтер;
қабатты, құбырлы, құбырдан тыс және бағана аралық қысымдар және соңғы өлшеу уақыты;
қабатты флюидтің құрамы және сипаттамасы, дебит және газ факторы;
сағалық және тасматаға қарсы жабдықтың сызбасы, түрі;
ұңғыма ішіндегі жабдық туралы мәліметтер;
жоспарланатын өндірістік және технологиялық операциялардың тізімі және кезектігі;
технологиялық үрістердің режимі және көрсеткіштері;
шаятын сұйықтың түрі, жұмыс және қор көлемі, көрсеткіштері;
шаятын сұйықты өңдеу және газсыздандыруға арналған құралдар;
өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, ГМСК және АА алдын алу бойынша шаралар;
АЖЖ сәйкес апаттық жағдайлардағы персоналдың әрекеті.
739. Ұңғымаларды жөндеу және қайта құру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген жоспарлармен, жобамен, технологиялық регламентпен қарастырылған, бақылау құралдары мен жүйелерінің, механикаландыру, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс құралдарының болуы және қызмет етуі қамтамасыз етіледі.
740. Мұнараларды, діңгектерді құрастыру, бөлшектеу, жөндеу, түсіріп-көтеру операцияларын күндізгі уақытта, желдің жылдамдығы 15 м/с кем болғанда, 50 м көрініс кезіндегі қатты қар, мұз тайғақ, жауын, тұман болмаған кезде жүргізеді.
741. Ұңғымаларды қайта құру, жөндеу үшін беру және оларды жөндеуден және қайта құрудан кейін қабылдау актілермен рәсімделеді.
ЖҰЖ-на ұңғыма ерекшеліктеріне сәйкес келетін әдістеме бойынша ұңғыманы тұншықтыру есебі қоса беріледі. Жер асты жөндеуін жүргізуді бастау алдында персонал қол қою арқылы ЖҰЖ-мен танысады.
742. Жөндеуді бастау алдында жабдықтың, құралдың және саймандардың жиынының дұрыстығын алдын ала қарау және тексеру, оны тиеу, тасымалдау, түсіру және ұңғыма сағасына орналастыру, мұнараны (діңгекті), көпірлерді, сөрелерді, жұмыс алаңын орналастыру, штангалардың, сорғыларды көпірлерде, құбыр сөрелерінде тасымалдау және төсеу, арқанды және крон блокты қарау, білікті механизмін қарау және оның элементтерін майлау, мұнаралардың, діңгектердің, созуларды бекітудің, басқыштарды, едендерді, көпірлерді, сөрелерді және сол сияқты жөндеудің жағдайын тексеру жүргізіледі.
Ұңғымаларды жөндеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
37 - тарау. Ұңғыманы жөндеуге дайындық жұмыстары
743. Ұңғыманы жөндеу үшін қондырғыларды, агрегаттарды, жабдықтарды тасымалдау және құрылыс-құрастыру жұмыстары келесі шарттар орындалған кезде жүргізіледі:
1) белгіленген тәртіпте бекітілген, жұмысты ұйымдастыру жоспарларының болуы;
2) қондырғылардың қозғалыс жолының дайындығын және мұнай газ объектісінің электр беру сымдарын, темір жол жолдарын, құбыр жолдарын, өзге коммуникацияларды және инфрақұрылым объектілерін басып өту жағдайларын сәйкес ұйымдармен келісудің болуы тексеру;
3) қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша функцияларын көрсете отырып, жауапты орындаушыларды тағайындау (мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді).
Ұңғымадағы қондырғылардың қозғалысы және жабдықты құрастыру белгіленген тәртіпте тағайындалған, бақылау тұлғасының басшылық етуімен жүргізіледі.
Жабдықты тасымалдауға және құрастыруға қатысатын персонал қозғалыс жолымен, қауіпті учаскелермен және қауіпсіздік шараларымен танысады.
Жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілетін, көрініс пен жұмыс қауіпсіздігін шектейтін метеорологиялық жағдайлар кезінде жабдықты қозғалтуға және құрастыруға жол берілмейді.
744. ҰЖД алдында ұңғыма сағасында мұнарамен жөндеу жүргізу кезінде 4 х 6 м кем емес көлемде және діңгекпен жұмыс істеу кезінде 3 х 4 м кем емес жұмыс алаңы орнатылады.
745. Атқыма ұңғымасының сағасында сағаны саңылауландырумен байланысты жөндеу кезінде құрамына кесетін плашкаларымен превентор кіретін, тастамаға қарсы жабдық орнатылады.
746. Жұмыстар жүргізуге арналған алаң аумағы жобаланады, кедергілерден тазартылады. Жер асты коммуникациялары және аумақ белгіленеді, сағалар және ұңғымадан құбырлар қорғаныс қорабымен жабылады. Келетін жолдар объект аумағындағы қозғалыс қауіпсіздігі және өндірістік операциялар ескеріле отырып төселеді.
747. Алаңға қойылатын талаптар:
алаң еденінің қалыңдығы 4 мм кем емес, бөлінген, кесілген немесе дәнекерленген металл парағынан дайындайды;
алаңның еденінде көтергіш агрегатына бекіту үшін сенімді тіректер және құрал-саймандар бар;
алаң ұңғыма сағасында төгілетін және ұңғымадан келетін (ағатын) сұйықты (мұнай, тұншықтыру сұйығы) жинау және құю үшін құрылғылар мен ыдыстарға ие;
алаңды ұңғымаға қатысты желдетілетін жағынан желдің үстем бағыты ескеріле отырып орналастырады;
жұмыс алаңы көпірлермен және сөрелермен жабдықталады:
көпірлердің ені 1 м кем емес. Көпірлердің биіктігі жердің деңгейінен 0,5 м асатын болса олардан жиын орналастырады.
Сөрелер құбырлар мен штангаларды олардың ұштарының салбырауынсыз төсем мүмкіндігін қамтаамсыз етеді. Құбырлардың оралуының алдын алу үшін сөрелерді қорғаныс бағандарымен жабдықтайды.
748. Қондырғыларды, жабдықты, қосымша объектілерді орналастыру бекітілген сызба бойынша жүргізіледі.
Персоналға арналған бөлмелер мұнара биіктігінен 10 м асатын қашықтықта ұңғыма сағасынан қауіпсіз жерде орналасады.
Жер асты және жер үсті коммуникацияларын орналастыру сызбасы мұнай газ өндіру ұйымының маркшейдерлік қызметімен бекітіледі, орындаушыға дайындау және жөндеу жұмыстары басталғанға дейін беріледі.
Агрегаттардың мұнаралары 1 кВ дейін – 2м; 1-20 кВ 10 м; 20-35 кВ – 15м; 35-110 кВ 20 м; 110-220 кВ – 25 м; 220-500 кВ – 30 м, 500-750 кВ – 40 м кернеуімен қорғалатын аймақтың мұнарасының биіктігінен кем емес қауіпсіз қашықтықта орнатылады.
749. Қондырғылар және жабдық ауысу, дірілдің әсер ету қауіптілігін жоққа шығаратын, дайындаушының пайдалану бойынша құралына сәйкес орындалған, негіздерге немесе іргетастарға орнатылады.
750. Объект аумағында көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі белгіленген талаптарға, маршруттарға сәйкес және жұмыс жетекшісімен бақыланады. Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы 10 км/сағ артық емес. Аумақта және алаңдарда апаттық жағдай пайда болғанда жиналу орындары және персонал мен көлік құралдарын эвакуациялау жолы көрсетіледі.
751. Мұнара тартпаларын арқанды зақымдамаусыз пайдалану бойынша құралға сәйкес орнатады. Тартпаларды бекіту шөміштерді қолданумен және дайындаушы құжаттамасына сәйкес шекті жұмыс және желдің жүктемесін ескере отырып жүргізіледі.
752. Қысымды ұлғайту желілері акт жасаумен қымталған құрамаларды орнатумен және 1,5 қауіпсіздік коэффициентімен, шекті жұмыс қысымына тығыздаумен орнатылады.
753. Шаятын шланг ұзындығы бойынша әрбір 1-1,5 м сайын ілмектерімен диаметрі 8 мм кем емес болат жұмсақ арқанмен сақтандырылған. Арқандардың ұштары шланг фланеціне және мұнара құрылымына бекітіледі. Шланганың үзілуінің және шекті қысымның алдын алу үшін сорғы агрегатында шлангаға рұқсат етілген қысымның 25 % кем қорғаныс қақпағы орнатылады.
Құрастыру элементтері қосалқы гайкалармен немесе штифтармен бекітіледі.
754. Ұңғыманың бақыланатын толуын қамтамасыз ету үшін басқыштауы бар, сорғымен және сағамен біріктірілген, деңгей өлшегішімен ыдыс орнатылады.
755. Жұмыс орындарын және аумақты жарықтандыру үшін жарылыс өрт қауіпсіздігі талаптарына және тазалық нормаларына сәйкес жарылыстан қорғалып жасалған шамдар қолданылады.
756. Әуе және сымды электр желілері, трансформаторлар және тарату құрылғылары, электр қондырғылары және жабдық, диэлектр құралдары электр қауіпсіздігі талаптарына және дайындаушының құжаттамасына сәйкес орнатылады және пайдаланылады. Сымдарды жер асты төсеу жолы қауіпті аймақтың шекарасында, жолдар мен коммуникациялардың қиылысу орындарында орнатылатын қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді.
757. Электр желілерінің, мұнайгаз құбырларының және жарылыс өртке қауіпті объектілердің қорғалатын аймағындағы жұмыстар наряд-рұқсаттама бойынша жүргізіледі.
758. Электр энергиясын берумен, электр жабдығын қолданумен байланысты қондырғы және жер үсті жабдығы дайындаушының құжаттамасына сәйкес, жермен жанастырумен және найзағайдан қорғаумен қамтамасыз етіледі.
759. Қондырғыда жұмыс істеу үшін персонал ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ болғанда жол беріледі.
760. Жабдықты құрастырғанға дейін жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес ұңғыманы тоқтату жүргізіледі және акт жасалады. Шаятын сұйықтың тығыздығы мен саны, басу әдістемесі жұмысты ұйымдастыру жоспарымен анықталады және көрсетіледі.
761. Жұмыстың бұталы алаңдарында ұңғымада журналда және наряд-рұқсаттамада тіркеумен, қауіпті аймақта орнатылған өлшеу құрылғысынан және ұңғымадан тұншықтырғыштарды орнатумен мұнай газ көрінулердегі артық қысымды өшіргеннен және шешкеннен кейін жүргізіледі. Ажырату орындарында ескерту белгілері және қаупсіздік белгілері орнатылады.
762. Электр сорғыларымен жабдықталған ұңғымалардың бұталы алаңдарында жұмыс істеу кезінде өшірілудің қауіпті аймағында болатын электр сымдары эстакадалардан шешіледі және оқшаулау мен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ететін, эстакадалардан шешіледі және қораппен жабылады.
763. Қондырғы мен жабдықты әрекетке енгізу үшін жинақталу тексеріледі, дайындық актісін және іске қосу құжаттамасын жасаумен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
38 - тарау. Ұңғыманы жөндеу және қайта құру бойынша
жабдыққа қойылатын негізгі талаптар
764. Көтергіш агрегатының, мұнараның, діңгектің жүк көтерімділігі, рұқсат етілген жел жүктемесі жөндеу кезінде күтілетін, шекті жүктемелерге сәйкес.
Қондырғылардың, жабдықтың, қосымша объектілердің орналасуы бекітілген сызбаға сәйкес. Персоналға арналған бөлме ұңғыма сағасынан мұнараның (діңгектің) биіктігінен 10 м кем емес қашықтықта қауіпсіз аймақта орнатылады.
Жер асты және жер үсті коммуникацияларының орналасу сызбасы тапсырыс беруші ұйымның маркшейдерлік қызметімен бекітіледі және орындаушыға дайындау және жөндеу жұмыстары басталғанға дейін беріледі.
Жарылыс өрт қауіпті аймақтарда қолданылатын қондырғы, агрегаттар және жабдық жарылыстан қорғалып жасалады, апаттық жарық және дыбыстық белгілермен, жұмыс және апаттық жарықпен жабдықталады.
Мұнарада және жүк көтергіш механизмінде түрі, жүк көтерімділігі, нөмірі, дайындалу күні, тексеру (куәландыру) мерзімі көрсетіле отырып металл белгілер орнатылады.
Қондырғы техникалық және пайдалану құжаттамасымен жинақталады.
Ұңғыманы жөндеуге арналған, қозғалмалы қондырғылардың жұмыс алаңының биіктігі ұңғыма сағасында тастамаға қарсы жабдықты қауіпсіз орналастыруды қамтамасыз етеді.
Көтергіш қондырғысының, мұнараның, діңгектің жүк көтерімділігі, рұқсат етілген жел жүктемесі Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес, беріктік қорының коэффициенттерін ескере отырып, жөндеу кезінде күтілетін шекті жүктемелерге сәйкес анықталады.
Ұңғыманы жөндеуге арналған агрегаттың түсіріп-көтеру операцияларын басқару құрылғылары қауіпсіз жерде орналасқан және агрегатта орнатылған механизмдер мен шығырды, мұнараны, діңгекті, ұңғыма сағасын көруді қамтамасыз ететін тетікте болады.
Қондырғы пайдалану бойынша құралға сәйкес ұңғыма сағасына қатысты орталықтандырылады.
765. Қондырғы қауіпсіздік құралдарымен, одақтасу және еңбекті механикаландыру құралдарымен жинақталады:
шығыр ілмекте жүк көтерімділігін шектегішпен қамтамасыз етіледі;
агрегат шығыр барабанының қозғалысын блоктаумен білікті блоктың биіктігін автоматты шектегішпен жабдықталады (кронблок астына білікті блокты сүйреуге қарсы);
көлденең жағдайда агрегат платформасының жағдайын бақылау қондырғысы үшін құрылғы;
білікті блокты орналастыру және тасымалдау кезінде мұнараны зақымданудан қорғауға арналған құрылғы;
қашықтықтан басқарумен мұнараны көтеру жүйесі және жүйе элементтері істен шыққан кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
тежегіш жүйе;
найзағайдан қорғау, жермен жанастыру және диэлектр құралдарын қорғау құрылғылары;
қозғалтқышты, ұшқын өшіргішті апаттық өшірудің блоктау құрылғысы;
аккумуляторларды зарядтау және апаттық жарық беру үшін тұрақты тоқ тартқышы, трансформатор, электр құрылғылары;
жоғарыдағы жұмысшыны қауіпсіз көтеру және түсіру үшін басқыш, қоршаулар, апаттық эвакуациялауға арналған құрылғылар;
механикалық ұстағыштармен және іргетас балкаларымен гидравликалық тірек көтергіштері;
қосымша шығырдың арқанының астына кронблокты шығыршық, машина кілттерін ілу арқанының астындағы шығыршықтар және гидравликалық кілтті ілуге арналған құрылғы;
діңгек секциясын жылжыту және отырғызудың дыбыстық және көзбен шолатын дабыл белгісі;
ауаны құрағатуға арналған құрылғы;
салмақтың гидравликалық көрсеткіші, манометрлер, қозғалтқышты бақылау құралдары;
жарық. Ротордың жарықтануын - 100 лк, білікті блоктың – 30 лк, қабылдау көпірлерінің – 10 лк қамтамасыз ететін, жарылыстан қорғалып жасалған шамдармен орындалады. Жөнделетін ұңғыманың жұмыс орындарының және аумағының жарықтануы тазалық нормаларының талаптарына және Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес;
платформаның әрбір жағынан бір жақты есіктермен және жұмыс алаңының жағынан екі жақты есіктерімен, биіктігі 2,5 м жұмыс алаңының жабындысы;
сым шығыршығын ілу үшін агрегат діңгегіндегі құрал;
қылтима «саусағынан» тыс орналастыру кезінде, диаметрі 60, 73, 89 мм сорғы-компрессорлы құбырлармен және диаметрі 19, 22, 25 мм сорғы штангаларымен жұмыс істеу үшін жабдықтар мен құралдардың жинағымен құбырлардың тік қондырғысының құрылғысы;
құбырлар мен штангаларды бұрау және ажырату механизмдері, ұңғымаларда жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-саймандар;
ұңғымаларды жөндеу бойынша агрегаттарды жабдықтау ретінде қолданылатын болат арқандар жүк көтергіш крандарын пайдалану кезіндегі талаптарға жауап береді және арқандарды дайындаушы кәсіпорынның сертификаты немесе сертификатының көшірмесі, МСТ 3241 және МСТ 18899 сәйкес, оларды сынау туралы куәлік бар.
Сертификаты жоқ арқандарды алу кезінде олар аталған стандарттарға сәйкес сыналады.
Дайындаушы кәсіпорынның сертификаты немесе сынау туралы куәлігі жоқ арқандарды қолдануға жол берілмейді.
766. Білікті арқанының жүретін соңы бекіту орнында арқанның зақымдануы мен тозуын болдырмайтын құралдың көмегімен, шығыр барабанында бекітіледі. Білікті блоктың төменгі жұмыс режимі кезінде шығырдың барабанында арқанның кем дегенде үш орамы болады.
767. Білікті арқанның беріктік қорының коэффициенті (арқанның үзілу күшінің білікті арқанның соңғы ұшын созу күшіне қатынасы) екіден кем емес.
768. Арқанның жағдайына бақылау орнатылады. Бақылау қарауларының жиілігі жұмыс жағдайларының сипатына байланысты және техникалық басшымен арқанның техникалық жағдайына сәйкес анықталады.
769. ҰЖЖ үшін агрегаттардың білікті жүйесін жабдықтау, мұнаралар мен діңгектерді көтеру, созғыштарды, жүк көтергіш арқандарын, жұмысшыларды ұстағыштарды дайындау және оларды сақтандыру арқаны ретінде пайдалану үшін жалғанған арқандарды қолдануға жол берілмейді.
770. Білікті арқандарды электр дәнекерін қолданумен кесуге жол берілмейді.
771. Білікті арқанның қозғалмайтын ұшы аргегат платформасының металл құрылымдарымен сенімді біріктірілген құрылғыда бекітіледі.
772. Қондырғы сорғылары бекіту және қорғаныс құрылғыларымен, басқару тетігінде бақылаумен технологиялық үрдістің көрсеткіштерін реттеу үшін құралдармен қамтамасыз етіледі.
773. Иілетін құбырларымен тюбингті қондырғылар келесімен жабдықталады:
жүк көтерімділікті шектегіштермен;
түсіріп-көтеру операциялары кезінде пайда болатын, жүктемелерді бақылау және тіркеу жүйелерімен;
құбырлардың қозғалысын бақылау жүйесімен;
технологиялық операциялар кезінде сұйықтардың иілімді құбыры арқылы ағызу кезінде қысымды бақылау және тіркеу құралдарымен;
қысымдағы құбырларды түсіру үшін ұңғыма сағасындағы құрылғы жиынымен.
774. Алаңды дайындау, тюбингті қондырғыларды құрастыру және пайдалану дайындаушының пайдалану бойынша құралына, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
775. Арқанды техниканы қолданумен ұңғыманы жөндеуге арналған жабдық жылдамдықтың белгіленген аралығында және арқанға рұқсат етілген жүктеме көлемінде арқанмен барабаның айналуын қамтамасыз ететін, әкелгіші бар шығырмен жинақталады.
776. Отырғызылған ұңғымалардан жаңа оқпандарды бұрғылау үшін кесетін құрылғылар жобаға және технологиялық регламентке сәйкес қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |