Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар Кіріспе


- тарау. Ұңғыманың қымталғандығын бақылау



бет4/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.98 Mb.
#13373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

11 - тарау. Ұңғыманың қымталғандығын бақылау
241. Обсадты құбырлардың бұрандалы құрамаларының типі пайдалану кезінде күтілетін флюидке және қысымға сәйкес. Обсадты құбырлардың бұрандалы құрамаларының бұралған ұшы ұсынылатын айналмалы кезеңнің және ниппельдің муфтаға кіру көлемімен бақыланады. Осы көлемдер, бұрандалы құрамаларға қымтау құрамы және оларды қолдану технологиясы құбыр жеткізушімен ұсынылатын немесе технологиялық регламентке сәйкес.

242. Обсадты бағаналар цементтеу аралығы шегінде технологиялық жабдықтау элементтерімен (оларды орнату мүмкін болғанда) жабдықталады, олардың номенклатурасы, саны және орналастыру орны ұңғыманы салуға жобамен анықталады және бағананы түсіруге жұмыс жоспарында нақтыланады. Жабдықтау элементтері, соның ішінде олардың бұрандалы құрамалары, түйістіру желілері және обсадты бағананың құрамына қосылатын өзге элементтер оның қымталуы мен есептік беріктігін төмендетпейді.

243. Сериямен шығарылатын тығындама материалдарды және олардың негізінде ерітінділерді таңдау келесі талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:

тығындама материал және олардан жасалған тас цементтеудің барлық көлемі бойынша ұңғымадағы статтық температура диапазонына сәйкес;

тығындама ерітіндінің құрамы цементтеу аралығында, ұңғымада цементтеу кезінде күтілетін динамикалық температура және қысым бойынша таңдалады;

тығындама ерітіндінің тығыздығы бұрғылау ерітіндісінің тығыздығынан төмен емес ұсталады. Берік тең жағдайларда тығындама ерітіндінің тығыздығының жоғарғы шегін шектеу цементтеу кезінде гидродинамикалық қысымның әсерімен жыныстың ыдырауын болдырмау болып табылады.

Жобалаушымен келісу бойынша сыналған тығындама материалдармен немесе бекітудің жобадан төмен емес беріктігі мен ұзақ уақыттығын қамтамасыз ететін бөлшектермен бекітуге жол беріледі.

244. Осы бағананы цементтеуге сәйкес жағдайларда (температура, қысым, ұстаудың басталуы және аяқталуы, қоюлану, беріктік және басқалар) зертханалық талдау жүргізбестен цементті қолдануға жол берілмейді.

245. Гидростаттықтан жоғарғы қабатты қысымдар күтілетін алаңдар мен кен орындарында, газ кен орындарында пайдалану бағаналарын түсіру және цементтеу жоспары жасалады және жұмыстар АҚҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

246. Цементтеу бойынша жөндеу-оқшаулау жұмыстары кезінде, сапасыз цементтеу кезінде газ ұңғымаларында өтетін өнімдік емес қабаттардың аралығында, қабаттардың мүмкін болатын гидро ыдырау аймағында обсадты бағаналарды перфорациялау жүргізуге жол берілмейді.

247. Аралық бағананы және тастамаға қарсы жабдықты қымталуға тексеру кейіннен акт жасай отырып, АҚҚ өкілінің қатысуымен, ал пайдалану бағанасын және атқыма арматурасын – АҚҚ және тапсырыс берушінің қатысуымен жүргізіледі (7 - қосымша).

Кондукторды және обсадты бағананы беріктік пен қымталуға сынау цемент қатқаннан, цементтеу сапасын тексергеннен кейін, ұңғыманың нақты жағайын және келесі талаптардың орындалуын ескере отырып, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі:

1) кондукторлар мен аралық бағаналарды қымталуға тексеру оларды сағасынан 20-25 м дейінгі тереңдікке дейін сумен, ал қалған бөлігін тампонаждау қоспасын басу жүргізілген бұрғылау ерітіндісімен толтырумен тығыздау арқылы жүргізіледі;

2) пайдалану бағанасы алдын ала бұрғылау ерітіндісін техникалық сумен алмастырумен тығыздау арқылы қымталуға тексеріледі (соның ішінде минералдандырылған);

3) пайдалану бағанасы су деңгейін төмендетумен қымталуға қосымша сыналады;

4) тығыздау әдісімен бағаналарды қымталуға сынау кезінде құбырларға әсер ететін ішкі қысым ГМСК және ашық атқыманы жою кезінде, ұңғыманы сынау және пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін қысымнан 10% кем емес асады;

5) бағана қымтауға сынау жоспарында көрсетілген кезеңнен соң, 30 минут ішінде тығыздау қысымы 5 кгс/см2 көп емес төмендеген болса (0,5 МПа) қымталған деп саналады;

6) кондукторда және оларда бірге орналасқан өртке қарсы жабдығымен аралық бағана цементті стақанды бұрғылаудан және табанынан 1-3 м шыққаннан кейін, түсіру тереңдігінен 10-20 м жоғары көтерілуін қамтамасыз ететін көлемде су құюмен қайтадан тығыздалады;

7) цемент жүзігін тығыздау қысымы ұңғыма сағасын жабу, ГМСК жою және ашық атқыма кезінде бағананың қымталуын қамтамасыз ету жағдайымен анықталады;

8) газды және газ конденсатты кен орындарында, жоғары газ факторы (200 м3/т асатын), күкіртсутегі бар мұнай ұңғымаларында бағана ұшымен және ТҚЖ бағананың сағалық бөлігі сумен тығыздағаннан кейін жобаға сәйкес қысыммен, инертті газбан (азотпен) қосымша тығыздалады;

9) бағана аралық кеңістікті тығыздау әдісі, көрсеткіштері және технологиясы технологиялық регламентпен белгіленеді;

10) ұңғыма сағасындағы бағана аралық кеңістік алдыңғы бағананың қалған беріктігінен аспайтын қысымға және бағанадан тыс кеңістіктің цементті тасты қысу беріктігіне сумен немесе қатпайтын сұйықпен тығыздалады;

11) тығыздау сұйығының тығыздығы обсадты бағаналарды сыртқы қысыммен қысу мүмкіндігін алдын алатын деңгейге дейін, артық сыртқы қысымдарды өтеу есебінен анықталады.

12 - тарау. Тастамаға қарсы жабдықты

құрастыру және пайдалану
248. Кондукторды және аралық бағананы түсіргеннен кейін, өнімдік деңгейжиектерді аршу және ГМСК мүмкіндігі қарастырылатын бұрғылау кезінде пайдалану бағанасына ГМСК қауіптілігімен жұмыстар жүргізу кезінде аршылған өнімдік деңгейжиекте тастамаға қарсы жабдық орнатылады. Обсадты бағаналар бағаналы ұшпен жабдықталады.

Бағаналы ұштың отырғызу фланеці кондукторға бұрандалы құрамаға орнатылады.

Бағана ұшының, превенторлар блогының және манифольдтың жұмыс қысымы жобада анықталады және ГМСК немесе ашық атқыманы жою үшін қауіпсіздік коэффициентін ескере отырып, ұңғыманы бұрғылаудың әрбір кезеңіне есептелетін, обсадты бағананы қымталуға тығыздаудың шекті қысымынан кем емес құрайды.

ГМСК қауіптілігі болған жағдайда кондуктор аралығындағы бағыт диверторлы қондырғымен жабдықталады.

Саға жабдығын құрастыру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету дайындаушының құжаттамасына және техникалық жағдайларға, технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

249. Сағаның жабдығы үшін ұйыммен құрастыру сызбасы жасалады.

Сағаның жабдығының сызбасы дайындаушының құжаттамасына және геологиялық-техникалық жағдайларға сәйкес технологиялық регламентте көрсетіледі.

250. Сағаның жабдығының сызбасы бұрғылау тәжірибесі, жергілікті жердің кедірлігі, бұрғылау жабдығының, коммуникациялардың орналасуы ескеріле отырып жасалады.

251. Бұрғылау басталар алдында бұл сызбаны АҚҚ өкілдері қарайды.

252. Нақты сызбада ГМСК және ашық атқыманы жою кезінде жұмыс қауіпсіздігін жеңілдету мақсатымен, сағаның жабдығының, манифольдтың, құбырлардың, сепараторлардың, шамшырақ қондырғысының құрамына кіретін элементтер, ажырату науасы көрсетіледі және белгіленеді.

253. Тұншықтыру және ұнтақтау блоктарынан желілер ұңғыма сағасынан еңіспен тіреулерде және оларға бекітулерде өндірістік және тұрмыстық құрылыстардан басқа жаққа жіберіледі. Желілер және оларда орнатылған қапсырмаларда орталықты әкетудің ішкі диаметрімен бірдей, ішкі диаметрі бар, қапсырмалардың блогынан кейін олардың диаметрін 30 мм көп емес үлкейтуге жол беріледі.

Әкетулердің соңынан барлық коммуникациялар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық ұңғымалардың барлық санаттары үшін 100 м кем емес құрайды.

254. Желілердің ұзындығы келесідей қабылданады:

200 м3/т кем газ факторымен мұнай ұңғымалары үшін – 30 м кем емес;

Шашатын негізден немесе шектелген алаңдардан құрастырылатын ұңғымалар үшін әкетулердің ұзындығы және бағыты жобада қауіпсіздікті қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді;

200 м3/т асатын газ факторымен мұнай ұңғымалары үшін, газды және барлау ұңғымалары үшін – 100 м кем емес.

255. Ұнтақтау және тұншықтыру блоктарында орнатылатын манометрлер тастамаға қарсы жабдықты және обсадты бағананы бірге тығыздаудың қысымынан 30 % асатын, өлшеу диапазонының жоғарғы шегі бар.

256. ТҚЖ, бағаналы ұшты, манифольдты құрастыру, ауыстыру және жөндеу үшін техникалық құжаттамасы бар элементтер мен бөлшектер қолданылады.

АҚҚ келісе отырып бекітілген салалық стандарттарға сәйкес жеке бөлшектерді және желілерді қолдануға жол беріледі. Дайындалған желілер мен бөлшектердің куәліктері болады.

257. Превенторлармен және гидравликалық қапсырмаларды басқару үшін негізгі және қосымша құрылғы орнатылады.

Негізгі басқару құрылғысы ұңғыма сағасынан 10 м кем емес қашықтықта ыңғайлы және қауіпсіз жерде орналасады.

Қосымша құрылғы тікелей бұрғылаушы құрылғысының жанында орнатылады. Ол өнімдік газ мұнай су көрінетін қабаттар ашылған кезде жедел дайындық режиміне қосылады.

258. Бұрғылау бұрғылау құбырларының диаметрі бойынша ауыстырғыштармен кем дегенде екі шарлы крандармен қамтамасыз етіледі. Біреуі жұмыс құбырының және оның қорғаныс ауыстырғышының арасында орнатылады, екіншісі қосымша болып табылады.

Құбылмалы жоғары қысымымен газ қабаттарын және күкірт сутегі бар қабаттарды ашу кезінде бұрғылауда үш кран орнатылады. Бір шарлы кран жұмыс құбыры мен вертлюг арасында, екіншісі – жұмыс құбыры мен бұрғылау бағанасы арасында орнатылады, үшіншісі резервті болып табылады.

Барлық шарлы крандар ашық күйде болады. Бұрғылау бұрғылау құбырларының диаметрі бойынша ауыстырғыштармен кем дегенде екі кері қақпақтармен және оларды ашық күйде орналастыру үшін құралдармен қамтамасыз етіледі.

Шарлы крандар, ауыстырғыштармен, апаттық құбырмен жинақтағы кері қақпақтар тығыздалады, ауысым сайын және орналастыру алдында ашылуға және жабылуға тексеріледі. Бұрғылау ерітіндісін айналдыру кезінде шарлы крандар ашық күйде болады.

259. Превенторлар орталықтарымен және тамырлы қапсырмаларымен бірге ұңғыма сағасына орналастырғанға дейін куәлікте көрсетілген жұмыс қысымына сумен, ал дәнекермен және механикалық өңдеумен байланысты жөндеуден кейін – сынама қысымға тығыздалады.

Кесетін плашкаларымен превентор қабырғада плашкалардың жабық күйінде жұмыс қысымына тығыздалады, ал превентордың жұмысқа қабілеттілігі плашкаларды ашу және жабу арқылы тексеріледі.

260. Превенторлы қондырғыны құрастырғаннан немесе кезекті обсадты бағананы, соның ішінде жасырын түсіргеннен кейін цементті стақанды бұрғылауға дейін превенторлы қондырғы жоғары қысымды манифольдтардың соңғы қапсырмаларына дейін обсадты бағананы тығыздау қысымына сумен немесе азотпен тығыздалады.

Лақтыру желілері соңғы қапсырмалардан кейін келесі қысымға сумен тығыздалады:

5 МПа (50 кг/см2) – 21 МПа дейінгі қысымға есептелген ТҚЖ үшін (210 кгс/см2);

10 МПа (100 кгс/см2) – 21 МПа жоғары қысымға есептелген ТҚЖ үшін 21 МПа(210 кгс/см2).

Тығыздау нәтижелері актімен рәсімделеді (8 - қосымша).

261. Құрастыру сапасын және тығыздау нәтижелерін тексеру нәтижелері бойынша, актіде көрсетілген оң қорытынды кезінде бұрғылау ұйымының техникалық басшысы немесе объектінің басшысы ұңғыманы бұрғылау немесе сынау бойынша жұмыстар жүргізуге рұқсат береді.

262. Плашкалы превенторлар ТКО, қабаттарды аршу алдында, апаттар мен өзге де нормадан ауытқушылықтарды жойғаннан кейін, кезең сайын ашылуға және жабылуға тексеріледі. Тексеру кезеңдігі бұрғылау ұйымымен, алайда аптасына бірден кем емес белгіленеді.

263. Превенторлардың, манифольдтың, арматураның, әкетулердің бөлшектері мен элементтерін ауыстыру кезінде және жөндеуден кейін акт жасау арқылы қосымша тығыздау жүргізіледі.

264. Превенторлардың құбыр плашкалары бұрғылау құбырларының диаметріне сәйкес орнатылады. Диаметрлері әр түрлі болғанда сағаны қымтау үшін диаметрі және техникалық сипаттамасы бойынша бұрғылау бағанасының жоғарғы секциясына сәйкес келетін, ауыстыру, шар краны немесе кері қақпағы бар тығыздалған бұрғылау құбыры қолданылады.

Бірегей плашкалар кесетін плашкаларымен превентор болмаған жағдайда, төменгі превенторда орнатылады.

Обсадты бағананы түсіру алдында және әмбебап превентордың ГМСК немесе ашық атқыма кезінде күтілетін сағалық қысымға сәйкес еместігі кезінде обсадты құбырлардың диаметріне сәйкес келетін құбыр плашкалары орнатылады немесе қабылдау көпірлерінде сәйкес қысымға тығыздалған және қызыл түске боялған, ашық күйде обсадты құбырлар, шарлы кран немесе кері қақпақ астында ауыстырғышпен бұрғылау құбыры болады.

265. Қызмет көрсетуші персоналдың сағада орнатылған тастамаға қарсы жабдыққа кедергісіз рұқсаты үшін бұрғылау астында қатты төсем, , ТҚЖ, құбырларды ластану мен зақымданудан қорғауға, бұрғылау ерітіндісін жинауға арналған құрылғы орнатылған.



13 - тарау. Бұрғылау ерітінділері
266. Бұрғылау ерітіндісінің типі, көрсеткіштері және сипаттамасы бұрғылау режиміне, бекіту және ұңғыманы сынау жағдайларына, қиындықтардың, апаттардың, ГМСК және ашық атқыманың алдын алу режиміне сәйкес жобамен арықталады. Зиянды заттарды қайтадан қолдану, зиянсыздандыру және бейтараптандыру мүмкіндігі қарастырылады.

267. Бұрғылау ерітіндісін (жуатын сұйықты) дайындау және өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде технологиялық регламентке сәйкес химиялық реагенттердің әсер етуінен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қорғаныс құралдары қолданылады.

268. Бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы ұңғыма забойына гидростаттық қысым және келесіден аз емес көлемге жобалық қабатты қысымнан асатын, өнімдік деңгейжиекті ашу қарастырылады:

1) 10-15% - 1200 м дейінгі тереңдіктегі ұңғымалар үшін (0-ден 1200 м дейінгі қашықтық), алайда 1,5 МПа көп емес (15 кгс/см2.);

2) 5-10% - 2500 м тереңдіктегі ұңғымалар үшін (1200-ден 2500 м дейінгі қашықтық), алайда 2,5 МПа көп емес (25 кгс/см2);

3) 4-7% - 2500 м көп тереңдіктегі ұңғымалар үшін (2500м-ден жобалық тереңдікке дейінгі қашықтық), алайда 3,5 МПа көп емес (35 кгс/см2).

Гидродинамиканы ескере отырып, бұрғылау ерітіндісін айналдыру кезіндегі рұқсат етілген репрессия мен қысымның үлкендігі гидро ыдыраудың алдын алу немесе аралықта бірігетін геологиялық-техникалық жағдайларды сіңіру жағдайынан анықталады.

Қиындықтар, тұрақсыз және ағымдағы деңгейжиектер аралығында бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы және көрсеткіштері, құрамы ұңғыманы бұрғылау және бекіту кезінде оқпанның тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайына байланысты белгіленеді.

269. Бұрғылау ерітіндісінің айналымында болатын тығыздықтың жобамен белгіленген шекті мөлшерден ±20 кгс/м3 (0,02 г/см3) көп ауытқуға жол берілмейді (газдан босатылған ерітінді өлшемі бойынша), қияндықтарды, ГМСК, ашық атқыманы жою кезіндегі жұмыстардан басқа.

270. Бұрғылау ерітіндісін химиялық реагенттермен және ауырлатқыштармен өңдеу таңдалып алынған әдіске сәйкес жүргізіледі және журналға тіркеледі.

271. Газ мұнай сумен қоректендірілген қабаттарды аршу кезіндегі бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы бірігетін жағдайлардың аралығында қабатты қысымның шекті шекарасымен деңгейжиектер үшін анықталады.

272. Қиындықтар, ГМСК, бұрғылау құралының отыруы немесе созылуы белгілері анықталған жағдайда ерітіндінің тығыздығы мен көрсеткіштерінің тиімді мәні жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша, ақырын өзгерту кезінде анықталады.

273. Зиянды заттарды дайындау, өңдеу, ауырлату, тазалау, бейтараптандыру және газсыздандыру құрамы мен әдістемесі жобада, технологиялық регламентте көрсетіледі, техникалық басшымен бекітілген кестеге сәйкес бұрғылау және ұңғыманы салуға авторлық қадағалау жүргізу кезінде бұрғылау және жобалау ұйымының мамандарымен бақыланады.



274. Бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштерін бақылау журналған жазыла отырып, жобаға, технологиялық регламентке сәйкес анықталады.

275. Ұңғыманы бұрғылау және жуу кезінде бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштері (қасиеттері) келесі кезеңдікпен бақыланады – тығыздығы және шартты тұтқырлығы 10-15 минуттан кейін; температурасы, сүзу, құмның құрамы, коллоидті фазаның құрамы, рН, СНС1/10 және реологиялық көрсеткіштері (тиімді тұтқырлығы және жылжудың динамикалық кедергісі) - әрбір 4 сағат сайын. Құрамында газ бар деңгейжиектерді бұрғылау кезінде ұңғымадан тығатын және газсыздандырудан кейінгі бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы әрбір 5 минуттан соң өлшенеді, қалған көрсеткіштер жоғарыда аталған кезеңдікпен өлшенеді.

Газ көрсеткіштерін және газдың құрамын бақылау геологиялық-техникалық зерттеулер станциясымен тұрақты режимде немесе бұрғылау, түсіріп-көтеру операциялары, ұңғыманы жуу, өңдеу және бекіту кезінде, қиындықтарды, ГМСК апаттарын, ашық атқымаларды жою кезінде газ талдағыштармен жүргізіледі. Нәтижелері журналға жазыла отырып, дереу жұмыс орындаушыға, объект басшысына және белгіленген тәртіпте ұйымның басшысына хабарланады.

276. Бақылау нәтижелері бойынша бұрғылау және жобалау ұйымдарының мамандары объект басшысына және жұмысты орындаушыларға бұрғылау ерітіндісі көрсеткіштерінің жобаға және нақты геологиялық-техникалық жағдайларға сәйкестігі бойынша ұсыныстар ұсынады.

277. Бұрғылау ерітіндісін газсыздандыру кезінде газсыздандыру жүргізіледі, флюидтің келу себептері анықталады және САЖЖ ескере отырып, қорғаныс және газдалуды бақылау құралдарын қолдана отырып жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша шаралар орындалады.

278. Бұрғылау ерітіндісін ауырлату айналма кезеңі кезінде ақырын жүргізіледі.

279. Бұрғылау ерітіндісін бұрғыланған жыныстан және көмірсутегілерден тазалау ұңғыманы салуға жобамен қарастырылған, құралдар кешенімен жүзеге асырылады.

280. Қабатты қысымы гидростаттықтан жоғары өнімдік немесе құрамында газы бар деңгейжиектерді ашу алдында бұрғылау ұңғыманың 1,5 көлемі мөлшерінде жұмыс ерітіндісімен және бір көлемде қор ерітіндімен қамтамасыз етіледі.

Журналда тіркей отырып, көрсеткіштерін үнемі бақылау және жұмыс және қордағы ерітіндіні араластыру жүргізіледі.

281. Бұрғылау ерітіндісінің құрамдас бөлшектері сертификаттармен және қолдану бойынша құралмен қамтамасыз етіледі. Зиянды заттар болған жағдайда зертханада токсикологиялық сараптама жүргізіледі.



282. Геологиялық-техникалық жағдайлар сәйкес болмаған немесе қиындықтар пайда болған жағдайда көрсеткіштерін өзгерту өнімдік деңгейжиекті аршу кезінде жобалау ұйымымен және АҚҚ сәйкес жүргізіледі.

Қауіпті және апаттық жағдайларда қиындықтар туған кезде көрсеткіштерін өзгерту кейіннен өзгерістерін (қосымшаларын) белгіленген тәртіпте рәсімдеумен, жұмыс жетекшісінің нұсқауы және ұйымның техникалық басшысымен келісу бойынша АЖЖ сәйкес жүргізіледі.

283. Бұрғылау ерітіндісін айналдыру кезіндегі шекті рұқсат етілген қысым қабаттың гидро ыдырау қысымының немесе сіңірудің көлемінен аспайды.

284. Қиындықтар аралығында бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштері жобаға және технологиялық регламентке сәйкес, қабатты қысымның көтерілуін ескере отырып, бұрғылау аралығында ұңғыма оқпанының ашық бөлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайынан белгіленеді және өзгертіледі.

285. Бұрғылау ерітіндісін сіңіру немесе ГМСК қауіптілігі кезінде апаттың алдын алу мақсатында көрсеткіштерін реттеу, ұңғыманы шаю, бұрғылау режимі бойынша жоспар жасалады.

286. Бұрғылау ерітіндісін дайындау және өңдеу бойынша құрылғылар техникалық жағдайы тексерілгеннен және персоналдың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгеннен кейін жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша қосылады.

287. Бұрғылау ерітінділерін дайындау, өңдеу, қолдану және жою кезінде технологиялық регламентке сәйкес жұмыс орындарын тазалау, әуе ортасын және аумақты зиянды заттардың әсерінен бақылау бойынша талаптар сақталады.

Шекті рұқсат етілген концентрациядан асқан жағдайда (бұдан әрі - ШРК) АЖЖ бойынша әрекеттер орындалады, персонал қауіпсіз аймаққа шығарылады.

288. Көмірсутекті негіздегі ерітіндінің өздігінен тұтану температурасы ұңғыма сағасындағы шекті температурадан 50 0С асады.

289. Бұрғылау ерітіндісінің температурасы 40 0С көп болған жағдайда технологиялық регламентке сәйкес персоналды қорғау бойынша шаралар орындалады.

14 - тарау. Бұрғылау кезіндегі түсіру-көтеру операциялары
290. Түсіріп-көтеру операцияларын орындауға (ары қараТКО) жабдық дұрыс, жоғарғы жұмысшымен дабыл белгісі мен көріну болғанда технологиялық регламентке сәйкес вахтаның құрамы толық, білікті блокты қайтадан көтерудің одақтасуы қосылған, шығырға жүктеме, автоматты бұрғылау кілтінің, машина кілттерінің сақтандыру арқандарының дұрыс болуы кезінде жол беріледі.

291. Бұрғылау және түсіріп-көтеру жабдығының; БӨҚжА; бұрғылау шығырының әкелгішінің; білік жүйесінің, ротордың, кілттердің қауіпсіздігінің бұзылуы анықталған; желдің жылдамдығы 15 м/с көп, жоғарғы жұмысшы көрінбеген, дабыл белгісі мен көріну болмаған жағдайда ТКО жол берілмейді.

292. ТКО жылдамдығы гидродинамикалық қысымның рұқсат етілген құбылысы ескеріле отырып, жобамен реттеледі. Бұрғылау ерітіндісінің технологиялық қасиеттері жобадан ауытқыған жағдайда өзгертулер енгізіледі.



293. ГМСК алдын алу және бұрғылау құралын көтеру кезінде ұңғымада гидростаттық қысымды ұстау үшін сәйкес тығыздықтағы бұрғылау ерітіндісін бақылап құю жүзеге асырылады.

Құю режимі жобалық құжаттамада, геологиялық-техникалық нарядта көрсетіледі, атқымаға қарсы қауіпсіздік және жобалық гидростаттық қысым талаптарын ескере отырып, сағадағы бұрғылау ерітіндісінің деңгейін ұстау немесе деңгейін қауіпсіз тереңдікке дейін төмендетумен, нақты ұңғыма үшін кесте-номограмма жасалады.

Обсадты бағаналарды түсіру кезінде жобаға және жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес, ГМСК немесе құбырдың майысуының алдын алатын құю режимі қолданылады.

Ұңғымадан шығарылатын бұрғылау ерітіндісінің көлемі құбыр металлының көлемі, бұрғылау ерітіндісінің технологиялық шығысы ескеріле отырып бақыланады және ұңғыманы толтыру кестесімен бірге қойылады.

294. Сифон немесе айналу болған жағдайда бұрғылау бағанасын көтеруге жол берілмейді. Олар пайда болғанда көтеруді тоқтату, бұрғылау құбырларының бағаналарын айналдыру және ажыратумен ұңғыманы шаю.

Сифонның ағу себептерін жою мүмкін болмаған жағдайда құбырларды көтеру шығарылатын және құйылатын бұрғылау ерітіндісінің, гидростаттық қысымның сәйкестігі қамтамасыз етілетін жылдамдықта жүргізіледі.

295. ТКО кезінде бұрғылау бағанасын отырғызу немесе ұстау белгілері анықталған жағдайда объект басшысын құлақтандырумен, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша ұңғыма оқпанын шаю және өңдеу жүргізіледі.

Бұдан әрі жұмыстар АЖЖ, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету кезіндегі нақты геологиялық-техникалық жағдайлар ескеріле отырып орындалады.

296. Газ таситын және бұрғылау ерітіндісін сіңіруге бейім қабаттарды ашу кезінде бұрғылау бағанасын түсіру және көтеру өтетін деңгейжиектердің гидроыдырауының пайда болу және қабаттан ағынды шақыру мүмкіндігін төмендету мақсатында, төмендетілген жылдамдықта жүргізіледі.

297. Бұрғылау, өңдеу кезінде және аяқталғаннан кейін жетекші құбырды және бұрғылау бағанасын аралықта көтеру бірінші жылдамдықта жүргізіледі.

298. Бұрғылау ерітіндісінің құйылуы және ГМСК белгілері анықталған жағдайда ТКО тоқтатылады және технологиялық регламентке, АЖЖ сәйкес сағаны қымтау жүргізіледі. Бұдан әрі жұмыстар объект басшысының тапсырмасы бойынша орындалады.

299. Ауырлатылған бұрғылау құбырларын түсіру және бұрғылау құбырларын ұңғымаға түсіру кезінде олардың бұрандалы құрамалары технологиялық регламентпен белгіленген, рұқсат етілген бұрау кезеңінің көлемін манометр көрсеткіштері бойынша сақтай және қосылатын элементтер арасындағы бос орынды бақылай отырып, машина немесе автоматты кілттермен соңына дейін бекітіледі.

Бұрғылау бағанасын көтеру және түсіру кезінде оны айналдыруға жол берілмейді.

300. Шурфке жетекші құбырды орналастыру құралдардың көмегімен жүргізіледі (авто тасымалдау, бағыттаушы науа).

301. Бұрғылау бригадасы ауысым сайын журналға жазу арқылы, түсіріп-көтеру жабдығының жағдайына алдын ала қарауды жүзеге асырады (білікті блокты, ілмекті, ілмек-блокты, вертлюгті, штропты, білікті арқанды және бекітуге арналған құрылғыны, элеваторларды, спайдерлерді, қорғаныс құрылғыларын, одақтасуды).

302. ТКО кезінде бұрғылаушы, вахта мүшелері білікті блоктың, түсіріп-көтеру жабдығының және құралдың, бұрғылау бағанасының жағдайына үнемі көзбен шолып бақылауды жүзеге асырады.

303. ТКО үзілісі кезінде ұңғыма сағасы ұңғымаға бөтен заттардың түсуінен жабылады.

304. Орналастыру кезінде бұрғылау құралының шамдары құлаудан сақтандырылады.

305. Көтеру және білікті жүйенің жүктемесі кезінде бұрғылау шығырының жылдамдығын ауыстыруға жол берілмейді.

306. Жетекші құбырды көтеру забойдан бұрғылау ерітіндісі шыққанға және құбыр және құбырдан тыс кеңістікте тығыздық тұрақтанғанға дейін ұңғыманы шайғаннан кейін бірінші жылдамдықта жүргізіледі.

307. ТКО жүргізу кезінде келесіге жол берілмейді:

ротордың көмегімен бұрғылау құбырларының шамдарының бұрандалы құрамаларын және бұрғылау бағанасын жинақтаудың өзге элементтерін ажыратуға;

білікті блок толық тоқтатылғанға дейін элеваторды ашуға және жабуға;

бұрғылаудың жұмыс алаңы және қабылдау көпірі маңайында бұрғылау (обсадты) құбырларын ауыстыру кезінде төңкерілген (жарма астына) элеваторларды қолдануға;



шам қойғыштар бұрғылау шамдарын беруге және арнайы құралдарды қолданбай орналастыруға;

білікті жүйенің қозғалысы және құбырларды бекіту және ажырату бойынша жұмыстар кезінде роторда және қауіпті аймақта персоналдың болуына;

қауіпті әрекеттер орындауға және істен шыққан қол құралын қолдануға.

308. Тиелмеген элеваторды көтеру, бағана роторынан бұрғылау және обсадты құбырларды шешу кезінде білік жүйесін шайқалтуға жол берілмейді.

309. Бұрғылау бағанасын түсіру кезінде бағана толық тоқтатылғанға дейін танапты ұстау немесе сәйкес құрылғыны қосуға жол берілмейді.

310. Бұрғылау (обсадты) құбырларының бағанасына машина және автоматты кілттерді әкелуге тек танапқа немесе элеваторға отырғызғаннан кейін ғана жол беріледі.

311. Пневмо ажыратқышты қолдану кезінде созатын арқанды және кілтті бір көлденең жазықтықта орналастырады, арқанды бекіту тығынмен, ораммен немесе үш қысқыштармен жүргізіледі. Бағыттаушы бұрылатын доңғалақсыз пневмоажыратқыштың жұмысына жол берілмейді.

312. Қашауларды бұрау және ажырату үшін роторға қосымша ретінде дайындалған құрылғылар қолданылады. Бұралған қашау бекітілген ротор кезінде машина кілтімен бекітіледі.

Ротордың көмегімен қашауды бекітуге және ажыратуға жол берілмейді.

313. Істен шыққан машина кілттерін және бұрғылау немесе обсадты құбырлардың диаметрінің мөлшеріне сәйкес келмейтін кілттермен жұмыс істеуге жол берілмейді.

314. Бұрғылау және обсадты құбырларды дөңгелек кілтті немесе арқан ұстағышты қолданбастан бұрғылау шығырының орауышының көмегімен кедір немесе болат арқанмен бұрауға және ажыратуға жол берілмейді.

315. Бұрғылау шығырының орауышының көмегімен құбырларды бұрау және ажырату үшін шынжырлы кілттерді қолдануға жол берілмейді.

Шет ел қондырғыларын қолдану кезінде құбырларды бұрау және ажырату үшін шынжырлы кілттер қолданылады.

316. ТКО жүргізуге арналған алаңдар және құрылғылар сақтандырылған контргайкалармен, арқанмен, шпилькамен және құлауды болдырмайтын ұстағыштармен, жабындылармен және қоршаулармен қамтамасыз етіледі.

ТКО жүргізу үшін қол құралы және саймандар мұнара элементтеріне бекітіледі және байланады.

ТКО және биіктікте жұмыстар атқару кезінде персонал сыналған қорғаныс құрылғыларын және тікелей жұмыс орындарында дұрыс жағдайда болатын, қорғаныс құралдарын қолданады.

Алаңдарда және жұмыс орындарында биіктікте бекітілмеген заттарды және құралды, қорғаныс құралдарын қалдыруға жол берілмейді.

317. Мұнаралы блокта бұрғылау құбырларын орнату үшін алаң төсем деңгейінен 0,5 м көп емес биіктікте құралады.

Алаң құрылымы жуатын сұйықтың орнатылған бұрғылау құбырларынан түбіне ағуын және қысқы уақытта құрамаларды бумен немесе ыстық сумен жылыту мүмкіндігін қарастырады.

318. Бұрғылау құбырларының шамдарының ұзындығының рұқсат етілген айырмашылығы 0,75 м көп емес рұқсат етіледі, ол кезде кіші ұзындықтағы шамдар стационарлы люлька жақтауларынан 0,5 м кем емес, ал үлкенінен – 1,25 м көп емес шығады.

Осы талаптарды орындау мүмкін болмаған жағдайда мұнара қозғалмалы алаңмен (лифтімен) жабдықталады.

319. Роторда забои қозғалтқышын тексеруге жуатын сұйықты берместен жол беріледі.

320. Шурфта болған жағдайда вертлюгті жұмыс құбырынан (шаршыдан) ажыратуға жол берілмейді.

321. Көтеру және түсіру кезінде салмақ индикаторының көрсеткіші үнемі бақыланады.

Рұқсат етілген жүктемеден асу, созу белгілері, құбыр бағанасын отырғызу немесе ұстау анықталған жағдайда бригада жетекшісі және бұрғылаушы АЖЖ ескере отырып, қосымша нұсқаулар бойынша әрекеттерді орындайды.

Созуды, ұстауды жою кезінде құбырлар мен ТКО үшін рұқсат етілген жүктемеден асуға жол берілмейді.

Құралды отырғызу немесе созу кезінде ұңғыма оқпанын шаю және өңдеу жүргізіледі.

322. Бұрғылау бағанасын көтеру кезінде құбырлардың сыртқы беткейі құралдарды қолдану арқылы (сүрткіштерді) бұрғылау ерітіндісінен тазартылады.

323. Құбырлардан бұрғылау ерітіндісінің төгілуінің алдын алу үшін құралды көтеру алдында ұңғыманы сағадан забойға дейін тығыздығын түзетуге дейін шаю жүргізіледі.

Құйылуды жою мүмкін болмаған жағдайда көтерілу жылдамдығы шектеледі және шығарылатын және құйылатын ерітінді көлемінің сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

324. ТКО жүргізу жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі, жедел дайындық режимінде технологиялық регламентке және АЖЖ сәйкес бұрғылау құбырларын және сағаны қымтау үшін құралдар болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет