Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Кейс-стади қолданыста бар теорияны тексеріп, толықтыру үшін де



Pdf көрінісі
бет73/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Кейс-стади қолданыста бар теорияны тексеріп, толықтыру үшін де, 
жаңасын әзірлеу үшін де өте тиімді. Ол, негізінен, зерттеу сұрақтары-
на байланысты таңдалады. Зерттеушіде «неге?», «қалай?» деген сұрақ 
анағұрлым көп туындаса, соғұрлым кейс-стадиді зерттеу дизайны 
ретінде таңдау ықтималдығы жоғары болады (Yin, 2014).
Кейс-стадидің басты сипаттамалары
Проблемаға бағытталушылық пен тар ауқымдылық – 
кейс-стадидің негізгі сипаты (Merriam, 1988). Бұл жерде кейстің 
өзі маңызды, себебі кейс арқылы зерттелетін құбылыс пен оның 
әлеуметтік құрамы ашылады. Кейс-стади мақсаттың нақтылығы-
ның арқасында практикалық міндеттерді шешудің тамаша әдісі 
болып табылады. 
Сипаттамалық пен көрнекілік те аталған әдістің айрықша 
белгілері болып есептеледі. Кейс-стади зерттелетін жағдайдың күр-
делілігі мен көп қырлылығын ашуға мүмкіндік береді. Зерттеуші 
деректерді жинағаннан кейін зерттелетін мәселеге толыққанды әрі 
мазмұнды сипаттама жасайды. Ол назарды сан мен статистикаға 
түсіретін сандық зерттеумен салыстырғанда сапалы сипатқа ие.
Зерттеуші зерттеуге қатысушыларға сілтеме жасай отырып, 
жағдайға қатысты бақыланатын оқиғалар мен артефактілерді жа-
зып алады. Оның үстіне кейс-стади зерттеушінің зерттеу пәні 
туралы түсінігін кеңейтеді, жаңа дүние іздеуге немесе бұрыннан 
барын қайта қарауға жетелейді. Кейс-стадидің көмегімен алынған 
білім оқырманға жетеді, өйткені сипатталып отырған нақты да 
жанды мәселе оқырман тәжірибесімен астасып жатады. Басқа-
ша айтқанда, мәнмәтінге негізделген деректерден айнымалы-
лар, ұғым-түсініктер, болжамдар арасында жаңа байланыс пайда 
болғанда кейс-стади зерттеліп отырған мәселенің мәнін түсінуге 
ықпал етеді. Әдіс зерттеушіге мәселенің себептері мен астарын (не 
болғанын және неліктен болғанын) түсіндіруге, сонымен қатар 
мәселені талқылап, бағалауға, жалпылап, қорытындылауға мүмкін-
дік береді, сол арқылы зерттеудің қолданбалы әлеуетін арттырады.


117
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет