212
Сурет 157. Жылқының жіліншік және саусағының аумағында жүйкелерін тежеуі
(медиалдық жақ): 1 – медиалықты пальмарлық жүйкені жіліншіктің ортасында; 2-
медиалықты пальмарлық жүйкені тұсамыс буының үстінен; 3- тереңді пальмарлық
жіліншік жүйкені грифель сүйегі соңысында; 4 - пальмарлық жүйкенің пальмарлық
бұтақтарын.
Пальмарлық жүйкені тұсамыс буының үстінен тежеу.
Көрсетуі
алдындағы тежеулермен бірдей (сінір қынаптан тыс). Осы тежеуді, егер тап
осы облыста оған анатомиялық бұзулар кедергі болмаса (ісіктер, тыртықтар
және т. б.) орындайды.
Тежеу техникасы. Инъекцияны алдымен аяқты аздап жоғары көтеріп
оны қарама-қарсы тұрған аяқпен айқастырып, аяқтың медиальды бетінен
бастайды. Ерітінді грифель сүйегінің төменгі
жуандатылған соңғысы
деңгейінде, саусақтың терең бүккіш сіңірлерінің жағын бойлай енгізеді (2).
Осы ине шаншыған нүктеден иненінің үшін грифель сүйегінің төменгі
жуандатылған соңысына жылжытып 3-4 мм ерітіндінің жіберіп, инені алға
жылжыта бұлшық ет - тері жүйкенің бұтақтарын тежейді. Егер инені грифель
сүйегіне әкелуге болмаса,
оны шығарып, жаңадан шаншудан кейін осы
сүйектің
төменгі
соңысының
астына
инъекцияны
жалғастырады.
Латеральдық беттерге осы тәсілді қайталайды. Бұл қосымша инъекциялармен
метакарпальдық пальмарлық терең жүйкелерді тежейді.
Пальмарлық жүйкенің пальмарлық бұтақтарын тежеуі. Көрсетуі. Тұяқ
аумағында дифференциальды аурулар. Мына тәсілде майтабан, ұлтаны, тұяқ
сүйегі толық жансызданады, ал тұяқ буының сезгіштігі қалады, сол себептен
мына жансыздандыру тәсілі тұяқтың басқа бөлімдерінің ауруының
дифференциялауға мүмкіндік етеді, әсіресе тұяқтың тиек буын ауруын.
Тежеу техникасы. Инені майтабан шеміршегінің жоғарғы шетіне,
саусақ
қан тамырдың артынан, саусақтың терең бүккіш сіңірлерінің
нұсқасына қарсы тері астына қадайды (4). Әрбір жүйкені жансыздандыру
үшін 3 - 4 мл жансыздандыратын ерітінді қажет.