140
см жерден шаншиды.
Құрсақ қабырғасының тiзе қыртысы маңынан
басқа терiнiң сезiмi
түгелдей жойылады.
Ұлпа қабаттарының сезiмiн жоюда иненi шаншитын жердi мына
тәсiлмен табады. Екiншi бел омыртқасының көлденең қанатының ұшын
табады, ол ең соңғы қабырғаның артында әрдайым анық бiлiнедi. Одан 4-5 см
жоғары жерден дененiң ұзын бойына сызық сызады (бiрiншi бел омыртқаның
көлденең қанаты нақтылы белгi бола алмайды, өйткенi ол семiз малда қолмен
басқанда сезiлмейдi). Иненi сол сызық бойынша үш
жерден шаншиды,
бiреуiн көлденең қанаттарының алдыңғы жағынан шаншиды.
Операциядан кейiн асқынудан сақтандыру үшiн құрсақ қабырғасының
сезiмiн жоюмен бiрге қосымша түрде Мосин тәсiлiмен плевра үстiлiк тежеу
жасайды.
Операцияның техникасы. Руменотомия кезiнде малды қозғалмайтын
етiп (танау қысқыш салу, қабырға белбеулермен тартып байлау) байлаудың
қажетi жоқ (сурет 110).
Малға операцияны әдетте түрегелiп
тұрған бойда жасайды, тек улану
салдарынан мал аяғының шала параличi болып, ол
тұра алмай жатқан
жағдайда операцияны малға сол жатқан жерiнде жасайды.
Құрсақ қуысының малдың мiнер жағындағы қабырғаның бойымен
оның артқы шетiне үш елi (6-7см.) жерден және бел
Достарыңызбен бөлісу: