Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет65/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
а 
 
б
Сурет 110 Мес қарынын тiлiп жару (rumenotomia): а – мес қарынның ілмегі; б – резеңке 
түтікті резеңке бетке бекітілген; в- -жарып ашылған мес қарын резенке бетке бекемделген 
омыртқалардың көлденең қанаттарынан да осындай қашықтықтан алынған 
жерден тiледi. Терi тiлiгiнiң ұзындығы 18-20 см. болу қажет, құрсақ 
қабаттарын бiрiнен соң бiрiн сол терiнi кескен бағытта тiледi. Терiнiң 


141 
тiлiнген жерiне зарарсыздандырылған клеенка жабыстырады (сурет 111). 
а -
 
 
 
б 
Сурет 111. а - Қолды қарынға еңгізу. 
б – Мес қарының қабырғасына тігіс
салу
Ауруды анықтау мақсатымен жасалған операциялар кезiнде, сондай-ақ 
жұмыршақ қарынның қабынуына операция жасағанда құрсақ қуысын 
тексерiп байқайды. Ең алдымен мес қарынның жемге толықтығын және оның 
iшiндегi заттың қою не сұйықтығын, сол жақтағы бүйректiң жағдайын, 
көлемiн, жыныс мүшлерінің күйiн анықтайды. Содан соң қолды оң жақ 
сербектен төмен және алға қарай бағыттап, қабат жасап тұрған шарбыны арт 
жағына қарай жылжытады да, бауырының оң бөлiгiн тексередi. Бауырдан 
iшке қарай және сәл төмен жұмыршақ қарынды табады. Қолды құрсақтың 
сол жақ қабырғасына жылжытып, талақты табады, ол тiлген жердiң алдыңғы 
жағында жатады. Талақтың жоғарғы жағын саусақпен басып байқап, оның 
жабысқан жерi болмаса, қолды кеуде қуысымен iш қуысын бөлiп тұратын 
көк ет-диафрагмаға дейiн жылжытады, жалбыршақтың және аздап 
ұлтабардың күйiн анықтайды.
Құрсақ қуысын тексерiп болған соң, мес қарынның артқы жоғарғы 
жаңындағы жынын төмен және алға қарай ығыстырып, қарынның босаған 
бөлiгiн сыртқа шығарады. Шығарылған қарын қабатын орамалмен орап
оның түп жағына қалақша тәрiздi, ұзындығы 35-40 см. екi жұмыр таяқшадан 
жасалған қысқыш салады. Қарын қабатының пайда болған тiк қырының 
ұзындығын 15-18 см. етiп барлық қабатын қамти тiледi. Тiлiк орнына арнайы 
қысқышпен немесе құйрық қайырып ұстағышпен зарарсыздандырылған екi 
кленка бекiтiледi (П.А. Алексеев).
Осыдан соң мес қарын қысқышты алып тастап, iшiн аздап тазартып 
жұмыршақты тексередi. Табылған бөгде заттарды алып тастайды. Егер 
қатпарша қарын да бiтелiп қалған болса, оны жуан резина түтiк (танау- өңеш 
зонды) арқылы глаубер тұзының 5% ерiтiндiсiн жiберiп жуады. Ол үшiн 
түтiктiң ұшын операциялық жара және жалбыршақ арқылы жұмыршақ қарын 
қабаттарына өткiзедi. Одан кейiн мес қарынға қысқышты қайта салып, тiлiк 


142 
жерiне бекiтiлген клеенканы алып тастайды. Қарынды екi қатарлы сiрi қабық 
тiгiсiмен тiгедi. Тiгуге жұмыр түзу ине, тiгiс жiбi ретiнде жiңiшке жiбек, 
кетгут, немесе № 10 мақта жiп қолданылады. Тiгiстiң бiрiншi қатарын 
шырша тәрiздi етiп, иненi тiлiк жиегiнен немесе одан 2-3 мм жерден өткiзiп 
тiгедi, екiншi қатарында шырша немесе Садовский - Плахотинше тiгедi. 
Қысқышты босатып алып, қарынға новакаин араластырылған пенициллин 
ерiтiндiсiн шаншиды да, оны құрсақ iшiне қайта салады.
Көк шандырды оны көлденең жұқа шандыр қабаты және көлденең 
етiмен бiрге кетгутпен Реверденнiң үздiксiз оралымды тiгiсiмен және құрсақ 
қабырғасының барлық ет қабаттарын бiр қатарлы тiгiспен тiгедi. Құрсақ 
қуысын жабар алдында оның iшiне пенициллиннiң новакаиндегi ерiтiндiсiн 
жiбередi. Терiнi жiбек жiптi керi тұзақталған немесе әдеттегi түйiндi тiгiспен 
тiгедi. Операциядан кейiнгi алғашқы күндерi малға аздап сапалы пiшен
тамыр жемiстiлер және басқа жеңiл қорытылатын жем-шөп бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет