Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Құрсақ жарықтарын операциямен емдеу



Pdf көрінісі
бет66/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Құрсақ жарықтарын операциямен емдеу
Құрсақтың сыртқы жарықтарында мынандай белгілері болады; жарық 
қақпасы (шығырығы) - ішкі ағзалар сыртқа шығатын тесік; жарықтың қабы - 
созылған париентальдық құрсақ пердесі; жарықтың мазмұны - ішектің 
бөлшектері, шарбы майы, қуық және т.б. ағзалар болуы мүмкін. Кейбір 
зерттеушілер жарықтың қабының екі түрін ажыратады: сыртқы – созылып 
керілген терісі және ішкі - тері астына созылып енген құрсақтың 
париентальдық пердесі. Құрсақтың бұлшық ет қабаттары мен іш пердесі 
жарылып ішкі ағзалар тері астына шыққанды – проляпсус (prolapsus) деп 
аталады.
Құрсақтың сыртқы жарықтары орналасу аумағына байланысты 
кіндіктің, құрсақ қабырғаларының, шап–ұманың (интравагиналдық), шаптың 
және т.б. түрлеріне бөлінеді. Барлық аталған жарықтардың түрлері қайтадан 
орнынына келуіне байланысты 2 топқа бөлінеді. 1) Орнына қалыптасатын - 
құрсақ қуысқа қайтадан оңаймен орналасатын жарықтар. 2) Қалыптаспайтын, 
кері – құрсақ куысына қайтадан орналаспайтын жарықтар. 
Жарықтың бір қауіпті түрі болады ол қысылған жарық, газдармен және 
тығыз азық заттарымен кептеліп бітеліп қалған ішек ілмектері кеңейуінен 
жарықтың сақинасында қысылып қалады. Кейде жарықтықтың қабына 
кенеттен тағы басқа ішек бөлімдері кіруінен серпімді қысым болады.
 
Кіндік жарықтарының операциялары 
 
Кіндік жарықтары операцияларының сипаты малдың түріне, жарықтың 
көлеміне, оның қысылуына және т.б. әртүрлі себептердің барысына тәуелді 
болады. 
Дайындау. 12- сағаттық аш диета, еркек малдың күпек қабын тазалау, 
ішекті және қуықты босату. 
Бекіту және жансыздандыру. Көп малға арнайы потенциялды наркоз, 


143 
ұсақ малдарға жергілікті жансыздану қолданады. Малды арқасына 
жатқызады. 
Ірі қара малға, жылқыларға, шошқаларға операцияны жасау 
техникасы. Олардың бәрінің жалпы бір бағыттары болады. 
1. Жарықтың қақпасы тым үлкен болған жайында немесе жарықтың 
мазмұны жарықтың қапшығымен бірігіп желімденсе келесі тәсілді 
қолданады. Жарықтық қапшығының бас жағынан Мюзе қысқашымен ұстап, 
оны айналдыра ойып тіледі. Егер операцияны қабанға жасаса күпекті сылып 
алып, артқа қайырып оның алдынан тілімді орақ тәрізді түрде жасалады. 
Жарық тесігінің жанындағы терісін 2-4 см шетке қайырады. Жарықтың 
қабын бөліп алып оны құрсақ қуысқа қайтадан енгізуге тырысады. Егер ол 
жарықтың тесігі тарлығынан ішке кірмесе, тесікті кесіп кеңітеді. Жарықтың 
мазмұндарын құрсақ қуысына орналастырғаннан кейін, ішкі ағзаларды 
зақымдамау үшін сұқ саусақты құрсақ қуысқа енгізіп, оның бақылаумен, 
жарықтың қақпасын, құрық тәрізді тігіспен тігеді. Тігісті жарық қақпасынан 
1,5 – 2 см алыс салады.
Тігіс салынғанан кейін жарықтықтың беті айдар түрінді болады. Тігіске 
жібек немесе капрон жіптерді қолданады (сурет 112). Теріні түйінделген 
тігіспен тігіп қояды, ал ірі малда тігіс үстінен тағыда қосымша тері бүрмені 
жасайды (сурет 113). Тігістерді 7 - 10 күннен кейін шешеді. 
Сурет , 112, 113. 
Сурет 114. 
Кіндік жарықтарының операцияалары:
Жарықтықтың қақпасын
А - қапшығы сақталғанда және
пласмасты тормен жабу
Б - жарықты қапшығын кесіп алынғанда 
2. Егер жарық қапшығына резекция жасау қажеттілігі туса (жабысып 
қалғанда, өкпе жуандауы) операцияны келесі түрде жүргізеді. Бөлінген 
жарықтың қапшығын қолмен ұстап, оны жарықтың қақпасынан 1,5 - 2 см 
шеттеп алып айналдыра кесуімен оның жабысқанын ажыратып бөліп, құрсақ 
қуысына орындарына салады. Жарықтық қақпаны жоғарғыда көрсетілген 
тәсілмен тігіп қояды. Тігіске лавсан немесе капрон жібін қолданады. Тігісті 
жарықтың шетінен 2-3 см ара қашықтықта салады. Теріні түйінделген 
тігіспен тігіп қояды, оның үстінен терісін алдындағы тәсілдегідей бүріп 
қояды. Тігістерді 10 күннен кейін алады. 


144 
3. Жарықтықтардың қапшықтарын аллопластикалық материалмен 
жабу. Ол үшін капронды матаны (капронды елеуіш), лавсан және т.б. 
заттарды қолданады. Жарықтың қапшығын бөліп алғаннан кейін оны 
ішіндегі мүшлермен бірге құрсақ қуысына салады. Жарықтың тесігі 
мөлшерімен сәйкес келтіріп, матаның немесе тордың кесегін пішіп, ұшын 
жарықтың шеттерінен 2-3 см артық шығарып, капронды жіптермен 
(түйінделген тігіспен) жарықты айналдыра тігеді (сурет 114). Терісіне 
түйінделген тігістер салынады. Жараның жазылуы біріншілік тартылыумен 
жүреді. Синтетикалық мата ұлпаларға жақсы сіңіп жарықтың қақпасын берік 
нығайтады. Жарықтың қабы жарылған немесе жартылай кесіп алынған 
жағдайда оның шеттерін капронды жібпен түйінделген тігістермен 
жақындатады, ал содан соң үстіңгі жағынан жамау жасап қояды. Теріні 
түйінделген тігіспен тігіп қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет