1. Жалпы жағдайлар
- Қызметкер жайлы ақпарат (штаттағы есеп бойынша), қызметтік нұсқау арқылы реттеліп отыруы тиіс қызметкердің міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі. Егер мәселе жаңа бағыт туралы болатын болса, онда бұл тармақ өте маңызды. Бұл тұрғыда белгіленген нұсқау атқарылуы тиіс жұмыстың мазмұнын барынша ашық етіп көрсетуі керек және де оны қызметкер де, өзге адамдар да оң қабақ, шын көңіл-ниетпен қабылдайтындай етіп.
- Қызметке тағайындау және қызметкерді орнынан алу тәртібі. Бұл арада қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы шешімдерді кім қабылдауы тиіс екендігін анықтап алғаныңыз жөн.
- Қызметкердің тікелей бағыныштылығы. Бұл арада қызметкер кімге бағынуы тиіс, сол сияқты тікелей басшы болмаған жағдайда басшылық кімнің құзырына өтеді - осы жағын толыққанды ашып көрсететін болыңыз.
- Қызметкерге кім бағынышты, қызметтер мен қол астындағылардың, қарамағындағылардың саны. Бұл арада мәселе бір саты төмен тұрған персонал жайында, яғни олар тікелей өз басшысына (сіз белгілеген қызметкерге) бағынады.
- Қызметкердің білімі мен тәжірибелігіне, еңбектегі дағды-машығына қатысты талаптар. Қызметкердің Компанияның ішкі тәртіп-ережелерін реттеуші құжаттар мен техникалық қауіпсіздік нұсқауларымен, тәртіптерімен, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға қатысты барлық құжаттармен танысып, оларды меңгере білуіне қатысты талаптар. Сол сияқты бұл арада аталған қызметті орындауға тағайындалуы үшін қызметкер бір шама қажет талаптарды қанағаттандыра алатындай болуы керек, айталық, ең алдымен, білім деңгейі және кәсіби біліктілігіне қатысты талаптар.
- Егер қызметкер уақытша жұмыс орнында болмаса, оны алмастыру жөніндегі мәліметтер. Бұл арада қызметкердің қысқа не ұзақ мерзімде жұмыс орнында болмауы себепті оны алмастыру қажет пе, қажет болса, оның қызметін кім атқарады деген тұрғыдағы мәселелерді анықтап алғаныңыз дұрыс.
2. Функционалдық міндеттер:
- Қызметкерлердің өз міндеттерін атқару барысындағы жұмыс функциялары мен міндеттерін тізіп шығыңыз.
Бұл тармақ қызметтік нұсқаулықтың негізгі бөлігі болып табылады және де оның ішінде қызметкердің қызметі мен жұмыс функцияларының басты бағыты жайында мәліметтер болады. Қызметкердің алдындағы міндетті айқын әлі нақты етіп жіктей білгеніңіз жөн және де оның жұмысындағы негізгі аспектілерді астын сызып тұрып көрсетіңіз, оларды тіпті бөлек тармақ етіп тізіп берсеңіз де артық болмайды. Бұл аспектілерді мән-мағынасына қарай бірінен соң бірін тізіп көрсетсеңіз де болады. Ең бастысы Сіздің нұсқауларыңыз барынша шағын әрі мазмұнды екендігіне көз жеткізіңіз, оның ішінде түсініксіз талаптар мен қайталаулар болмау керек.
- Компания, аталған қызмет бойынша қызметкердің алдына қандай мақсат қойып отыр. Бұл арада қызметкер бағдар етіп, талпынуы тиіс бағыттарды нақтылап көрсету керек.
- Қызметкердің жұмысын бағалау өлшемдері (критерийлер) және бағалау тәртібі. Бұл тұрғыда, қызметкер одан қандай нәтиже күтілетінін жақсы түсінетіндей болуы керек, оның жұмысы қандай өлшемдер бойынша бағаланады? Белгілі бір қызметке тағайындалған қызметкердің өз жұмысына деген көзқарасын дәл осы өлшемдер анықтайтынын ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |