Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Персонал маркетингінің ақпараттық функциясы



бет33/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73
multi-293 x970856161

Персонал маркетингінің ақпараттық функциясы.
Өнімді сату бойынша іс-шараларды жүргізу үшін сыртқы ортаны нарықты, тұтынушыларды, сонымен қатар сатушының имиджін зерттеу қажет. Бұл персонал маркетингіне де қатысты.
Персонал маркетингінің ақпараттық функциясы ақпараттық базаны құрудан тұрады, ол нарықты сегменттеу аймағында және мақсатты топтар бойынша коммуникацияны (нарық сегменті) жоспарлаудың негізін құрайды. Ол келесідей жеке функцияларға бөлінуі мүмкін: лауазым мен жұмыс орнына қойылатын талаптарды зерттеу; ұйымның ішкі және сыртқы ортасын зерттеу; еңбек нарығын зерттеу; жұмыс беруші ретіндегі ұйымның имиджін зерттеу.
Персоналды басқарудағы маркетингтік ақпараттық жүйе өз алдына персонал маркетингі бойынша мамандарға маркетингтік іс-шараларды талдауға, жоспарлауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратпен алмасу жүйесін құрайды. Персонал бойынша маркетингтік ақпарат жүйесінің негізі осы ақпараттардың қайнар көздері болып табылады, соның ішінде:
- оқу орындарындағы оқу бағдарламалары мен мамандарды шығару жоспары;
- коммерциялық оқу орталықтары мен еңбек биржаларында қайта оқыту курстарын жүргізу үшін қосымша оқытудың білім бағдарламалары;
- еңбекпен қамту бойынша мемлекеттік органдармен жарияланатын аналитикалық материалдары;
- жұмыспен қамту агенттігінің (еңбек биржаларымен) ақпараттық хабарламалары;
- жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты, сонымен қатар персоналды басқарудағы жалпы мәселелерге арналған арнайы журналдар мен басылымдар;

  • экономикалық басылымдар;

- басқа ұйымдардың, соның ішінде бәсекелес ұйымдардың жарнамалық материалдары;
- оқу орындарында компанияның презентациясын, оқу орындарында «ашық есік күндерін» өткізу;
- лауазым мен жұмыс орнына қойылатын талаптарды,
сонымен қатар жұмыс орындарындағы еңбек мазмұнын оқып білуге байланысты аналитикалық материалдар;
- персонал маркетингі бойынша мамандардың ұйымның қызметкерлерімен, сыртқы серіктестермен және т.б. әңгіме жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет