2. Қызмет түріне және жұмыс орнына қойылатын талаптарды оқып білу (зерттеу). Жұмыс орнына қойылатын талаптарды талдау, жұмыс берушінің белгілі бір вакансияға үміттенетін персоналға қоятын талаптар жүйесін құрайды. Персоналға қойылатын талаптар мына параметрлер арқылы сипатталады.
Көрсетілген сапалық параметрлер белгілі бір қызмет түрінің немесе белгілі бір жұмыс орнының еңбек сипатымен анықталады. Өз алдына, еңбек сипаты жұмыс орнына қойылатын талаптарды анықтайды. Жұмыс орнына қойылатын талаптарды оқып-білу қазіргі және болашақ (талаптар болжамы) уақыттағы жағдайды көрсетуі қажет.
Персоналға қойылатын талаптарды параметрлер тобы мен мазмұнына бөліп қарастыруға болады. Параметрлер мазмұны бойынша ұйымға қажетті персоналды таңдау тиімді болып табылады. Ол төмендегі кестеде толығырақ қарастырылған.
Персоналға қойылатын талаптар
Параметрлер тобы
|
Параметрлер мазмұны
|
Қабілеті
|
- Алған білімінін деңгейі;
- Қажетті білімі (негізгі және қосымша);
- Кәсіби қызметтің белгілі бір саласындағы тәжірибелік дағдысы;
- Белгілі бір қызметтегі жұмыс тәжірибесі;
- Қызметтестік пен өзара көмек беру дағдысы.
|
Қасиеттері
|
- Белгілі бір қызмет түріне қажетті жеке қасиеттері;
- Кәсіби жүктемені қабылдау қабілеті;
- Есін, зейінін және т.б күйін шоғырландыру қабілеті.
|
Мотивациялық ұстанымдар
|
- Кәсіби қызығушылық ортасы;
- Өзін-өзі көрсете білуге және өз еңбегін жүзеге асыруға ұмтылу;
- Оқуға қабілетті болу;
- Белгілі бір қызмет бойынша қызығушылық білдіру,
кәсіби болашағын анықтау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |