3. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасын зерттеу. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың құрамы арқылы анықталады. Персонал маркетингі құрамын анықтайтын сыртқы факторларға мынау кестеде берілген факторларды жатқызуға болады.
Ұйым ортасының сыртқы факторлары
Фактордың аты
|
Фактордың сипаттамасы
|
Жалпы экономикалық жағдай мен қызмет саласының күйі
|
Бұл фактордың талдауы экономикалық даму тенденцияларын, бәсекелестік жағдайды, кәсіби одақтармен өзара қарым-қатынасты, білім саласындағы жағдайды көрсетеді.
|
Технологиялардың дамуы
|
Еңбек сипаты мен мағынасының, оның заттық бағытынын өзгеруін анықтайды, ол өз алдына, мамандықка және жұмыс орнына деген талаптардың өзгерісін, персоналды дайындау мен қайта дайындауды құрайды.
|
Әлеуметтік қажеттіліктердің ерекшеліктері
|
Осы факторды есепке алу берілген уақытта қалыптасып жатқан қоғамдық, өндірістік қарым қатынас ерекшелігімен анықталатын, ұйымның потенциалды қызметкерлерінің ядросының құрылымын ұсынуға мүмкіндік береді.
|
Заңдылықтың дамуы
|
Персонал маркетингінің мәселелерін шешу барысында еңбек заңдылығының сұрақтарын, оның осы уақыт аралығындағы өзгерістерінің, еңбекті қорғау , жұмыспен қамтуға байланысты заңдылықтың ерекшеліктерін ескері қажет.
|
Бәсекелес-ұйымдардың кадрлық саясаты
|
Кадрлық саясатты өзгертуге бағытталған, өзінің стратегиясын құру мақсатымен бәсекелес- ұйымдардағы кадрлармен жұмыс істеу әдістері мен түрлерін зерттеу.
|
Ішкі факторларға ұйым тарапынан басқарушылық ықпалға айтарлықтай деңгейде көнетін факторлар жатады. Негізгі ішкі факторлар келесі кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |