Фактордың аты
|
Фактордың сипаттамасы
|
Ұйымның максаттары
|
Бұл факторды «өндірістік» маркетинг пен персонал-маркетингі үшін жалпы деп санауға болады. Мақсаттылық жүйенің нақтылығы мен айкындылығы ұйымның ұзақ мерзімді саясатының қатаң бағытын анықтайды. Оның мақсаты мен міндеттері өнімді өндіру мен оны өткізу саласында ғана емес, сонымен қатар персонал саласында маркетинг стратегиясын қалыптастырады.
|
Қаржы ресурстары
|
Персоналды басқару бойынша іс-шараларды қаржыландыруда ұйымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін нақты бағалау персонал қажеттілігін жоспарлау, кадрларды пайдалану, оларды дайындау мен қайта дайындау және т.б. баламалы немесе компромиссті нұсқаларды таңдауда анықталады.
|
Ұйымның кадрлық потенциалы
|
Бұл фактор маркетинг қызметімен қатар персоналды басқаруға жалпы таралады. Ол кадрлық қызмет мамандарының мүмкіндіктерін бағалаумен, олардың арасында міндеттерді дұрыс бөлумен байланысты, бұл көбінесе персонал маркетингі жоспарын жүзеге асырудың сәттілігін анықтайды.
|
Кадрлық қажеттілікті өтеу көздері
|
Бұл факторды ішкі және сыртқы факторлардың жағдайына сай келетін (ұйым мақсаты, қаржы ресурстары, технологиялардын даму тенденциялары және т.б.) кадрға деген қажеттіліктерін өтеу көздерін таңдау мүмкіндігіне қарай ішкі деп қарастыруға болады.
|