4. Жұмыс беруші ретінде ұйымның имиджін зерттеу. Ұйымның имиджін зерттеу бұл - ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы ұйымның көрінісі. Бұл зерттеулер потенциалды, сонымен қатар ұйымда жұмыс істейтін қызметкерлердің көзқарастарынан бәсекелестердің алдында артықшылығы көрінуі үшін, жұмыс берушінің имиджін жақсарту бойынша іс-шараларға түрткі болады.
Ұйымның имиджі кәсіпкерлік орта тарапынан, сонымен бірге жеке талаптар мен ұстанымдар тарапынан сыртқы ықпалын құрады. Көп жағдайда имидж жұмыс беруші ретінде көрініс табатын ұйымның талаптары мен артықшылықтарының субъективті көрінісі ретінде болып келеді.
Имиджді зерттеудің негізгі міндеті - потенциалды үміткерлердің шешіміне немесе ұйымда бар қызметкерлерді ұстап қалу жөнінде ықпал ететін әлеуметтік және психологиялық факторларды дұрыс түсіну.
Имиджді зерттеу құралдарына мыналарды жатқызуға болады:
- жалдау компаниясын талдау, соның ішінде үміткерлерді таңдау бойынша сәтсіз іс-шараларды, сонымен қатар қызметкерлердің жақын айналасы шеңберінен персоналды өзіне тартуды (вербовка) талдау;
- іскерлік бағалау процесінде, арнайы ұйымдастырылған жүйе шеңберінде қызметкерлердің бейімделуі мен шағымдарын қарастыру;
- еңбек нарығын зерттеу ақпараттарын мақсатты талдау.
Персонал маркетингінің ақпараттық функциясының көмегімен адам ресурстарымен ұзақ мерзімге қамтамасыз етуді қиындатуы мүмкін аймақтарды анықтауға болады.
4. Персонал маркетингінің коммуникациялық функциясы.
Персонал маркетингі шеңберіндегі барлық коммуникациялық іс-шаралардың мақсаты - персоналға деген қажеттілікті қанағатандыру жолдарын бекіту мен жүзеге асыру, сонымен қатар жұмыс беруші ретіндегі ұйымның артықшылықтарын көрсету.
Коммуникациялық функцияның объектілері мыналар:
- ішкі еңбек нарығының қатысушылары және ұйымның имиджін қалыптастырушы ұйым қызметкерлері;
- потенциалды үміткерлер көздерінің кешені ретіндегі сыртқы еңбек нарығы;
ұйым жайлы пікірді құруға ықпал ететін негізгі фактор ретінде, басқару жүйесінің ашықтығы (соның ішінде, оның ақпараттық құрамы).
Достарыңызбен бөлісу: |