Әдебиет
-
Гримак Л.П., Резервы психологической психики – Политиздат, 1989.
-
Жарықбаев Қ.Б. Психология. – Алматы: Білім. 1993.
-
Иванов. П.И. “Общая психология”, Ташкент, 1967г., 360 с
-
Сәбет Бап-Баба“Жалпы психология”, Алматы-Дарын-2005.
-
Немов Р.С. Психология. Книга 2. М.: Гум.изд.центр Владос-2003, 141б.
-
Верткин И.М. О качествах творческой личности. В сб.: Нить в лабиринте. –Петрозаводск. Карелия 1988, 27б.
-
Глобальные проблемы современности /под.ред В. Н. Иноземцева – М.: Мысль 1991-285 с.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ниетбаева Г. Б.
Абай атындағы Қаз ҰПУ
Қазіргі уақытта мемлекеттердің білім беру нормаларын өзара мақұлдау, жоғары білім сапасы мен құрылымындағы бірізділікке көшу ой-пікірінің республикадағы жоғары білім беру жүйесіне енгізілуі оның сапалық жаңа сатыдағы көтерілу серпілісі және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бет бұрысы болып табылады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне толығынан кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Білімді мамандардың көбею Қазақстанның дамыған елдер қатарына енуде маңызды орын алады. Кәсіби білімді, батыл, болашаққа сенімді жас маман дайындау жоғарғы оқу орнының талабының бірі.
Университет қабырғасында, студенттік кезеңде болашақ маман қалыптасады, яғни, студенттерді оқытудың негізгі мақсаты-кәсіби білім беру.Оқытудың мазмұны-мақсатталған педагогикалық процесс: студенттердің ғылыми және қолданбалы білімін кәсіби әрекетте іске асырудағы қажетті тұлғалық қасиетін, ойлау қабілетін, шығармашылығын, белсенділігін дамытып, оқу-танымды әрекетін ұйымдастырып, студентті ынталандыру. Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар адам саналылығының бағыттылығын анықтайды, яғни, жеке адамның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау қоймасы қалыптасады.
Студенттердің жоғарғы оқу орнында білім алу кезеңін Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің еңбектерінде талданады В.А. Ананьвтің пікірінше, оқу орнында үлгерімді оқу үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде қабылдау, елестеу, ес, ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық қызығу-шылықтардың кең аясы, белгілі бір логикалық операциялардың аумағын меңгеру және тағы сол сияқтылардың жеткілікті жоғары деңгейі қажет /1,б.22/.Осы деңгейдің кейбір төмендеуі оқу әрекетіндегі жоғарғы мотивация немесе жұмысқа қабілеттілік, табандылық, мұқияттылық және ұқыптылықтың компенсациясы болуы мүмкін. Бірақ бұндай төмендеудің де шегі болады, мұнда компенсаторлық механизмдер көмектесе алмайды да студенттің оқудан шығарылуы да мүмкін. Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қатынас, адамның өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды. Міне осындай күрделі де маңызды үдерісте, студенттің кәсіби білім алуына, психологиялық денсаулықтың ауытқусыз дамуы әсер ететіні күмәнсіз.
Психологиялық денсаулық - адамның белсенді өмір сүруінің негізгі шарты екені анық. Жалпы психологиялық денсаулық сыртқы және ішкі ықпалдардың өзара әрекеттесуінен дамиды. Адамға ықпалдардың әсер етуі жеке түрде өтеді. Сонымен қатар сыртқы ықпалдар ғана ішкісі арқылы өтіп қоймайды, ішкі ықпалдар да сыртқы әсерлерді өзгерте алады /2, б.45/.
Психологиялық денсулыққа қатысты мәселелер әр түрлі ғылым мен тәжірибе саласындағы көптеген зерттеушілердің назарында. Сондықтан да, студенттердің психологиялық саулығы мен жалпы денсаулығына әсер етуші ықпалдарды зерттеу қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Студенттердің психологиялық денсаулығына әсер етуші ықпалдарды түбегейлі әрі айқын анықтаудағы бүгінгі күні орын алып жатқан еңбектер оларды жағымды тұрғыда өзгертудің неғұрлым дұрыс жолын анықтауға, ықпал етудің қолайлы әдістері мен тиімді технологияларын таңдап алуға, студенттердің психологиялық денсаулығына әсер етуші ересектер мен жанұялардың алуан түрлі дәрежелеріне қатысты жеке тұрғыдан қарауды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық негіздерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: “психикалық денсаулық” Б.С.Братусь, “психологиялық денсаулық” И.В.Дубровина, “тұлғалық денсаулық” Л.М.Митина, “рухани денсаулық” Ю.А.Кореляков, “жанның саулығы” О.И.Даниленко/3,с.34/.
Мәселен, И.В. Дубровина «психологиялық денсаулық» терминін ғылыми лексиконға алғаш енгізіп, оны адамның тiршiлiк әрекетiнiң процессiндегi бағалы жұмыс жасау және дамытуын керектi шарты деп анықтайды /4,с.98/.
Студенттердің психологиялық денсаулығын зерттеу өзектілігі студенттік топта емтихан жағдайлары, әлеуметтік бейімделу кезеңдері, болашақ кәсіби ортада тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігі және т.б. сияқты стрессогендік факторлардың болуымен анықталады.
Атап айтар болсақ, Т.И. Ронгинская өз еңбектерінде: «... бастан кешкен стресс және оның салдары тұлғаның психологиялық денсаулығына шын қауіп төндіреді. Әсіресе бұл адам өміріндегі жастық шақтағы және студенттік кезеңге қатысты. Бұл кезде тұлғалық қорлар шексіз болып көрінеді, ал өзінің денсаулығына қатысты оптимизм оған деген қамқорлықтан асып түседі. Осы шақтағы жағдайларды уайымдауға қатты бағдарлану және жоғарғы мотивация студенттің санасынан, ұзақ күйзелістің салдарынан мүмкін болып қалатын қауіп-қатерді, ығыстырып тастайды»- деп көрсеткен \5,б.173\.
Студенттік өмір көп жағдайларда студенттік ортамен, түрлі көңіл көтеру іс-шараларымен байланыстырылады. Көптеген студенттер үшін бұл өмір жеңіл және алаңсыз болып көрінеді. Басқа біреулері үшін бұл кезең, бейімделуді қажет ететін, өмірдегі кезекті бір өзгеріс. Студенттер жас және сондықтан да жастық шаққа тән түрлі мәселелерді бастан кешеді; алайда олар ересек болуы да мүмкін, онда оларға студент жасындағы қызықты кезеңмен рахаттануға кедергі болатын аса көп жауапкершілік жатады; оларда сабаққа шоғырлануға бөгет жасайтын жеке мәселелері болуы ықтимал. Қандай жағдай болса да жоғары оқу орнында білім алу – көптеген студенттер үшін күйзеліс кезеңі болып табылады .
Алғашқы курстарда студенттік ұғым пайда болады, ақыл-ой әрекетінің ұжымдастырудың дағды-үйреністері қалыптасады, таңдалған кәсіпке сәйкестік сезіледі, тұрмыстың бос уақыттың және еңбектің оптималды тәртібі жасалынады, жеке адамның кәсіби мәнді қасиеттеріне өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады.
Г.С.Никифоровтің «Денсаулық психологиясы» кітабында «Студенттік кезең, өзінің денсаулығына жанашырлықпен қарауды жоққа шығаратын, өмір сүру стилінен көрініс табатын эмоционалдық күйзелістердің алуан түрлілігімен сипатталады» делінген /6,б.23/. Яғни, өз денсаулығының қамын ойлау, әдетте, аға буынға тән болғандықтан, жастар оны «қызықтырмайтын және жалықтыратын іс», деп бағалайды. Осы арада өздерінің физикалық және психикалық ресурстарының шексіз деп ойлағандықтан, олардың босаңсуға және демалуға деген қабілеттері де шектелген. Жаңа әлеуметтік ортаға белсенді ену кезеңі, құрбы-студенттер тобында қабылданып, жоғарғы мәртебеге иеленуге бағытталған іс-әрекеттерден байқалады. Бұл жерде, денсаулықтың алдын алуға үнемі жатпайтын, әр түрлі құралдар да қолданылады (никотин, алкоголь, наркотиктер). Өз құрбыларының арасынан өзінің орнын табу талпыныстары көбінесе тәуекелді мінез-құлықпен, қалай болса да өз қадірін арттыруға деген ұмтылыспен байланысты болады.
Күйзеліс саласындағы көптеген зерттеулер, алғашқысында, оның факторларын, күйзеліске қайтаратын жауаптарының ерекшеліктерін, оны жеңу стратегияларын сипаттағанда, ойлары бір жерден шыққан /7,б.185/. Денсаулық психологиясы, адам аса жоғары талаптар жағдайында, психикалық жүктемелер мен артық жүктемелер үшін төлейтін, «баға» анықтамасына ерекше назар аударады. Күмәнсіз, студенттік топ мұндай жүктемелер мен талаптар барлық алуан түрлілігімен көрінетіндерге жатады. Басқа жағынан алғанда, дәл осы кезеңде болашақ кәсіби маман қалыптасады және де оның іс-әрекеттерінің табыстылығы мен жалпы өмір стиліне әсер ететін психикалық денсаулығының жағдайы осылайша жоғары қоғамдық мәнге ие болады. Күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде психикалық денсаулықты сақтауға қатысты тағы да бір қосымша қауіпті ықпал өзінің барлық күшімен көрінеді – қоғамдағы болашақ маманның әлеуметтік және кәсіби белгісіздігі және білімі мен біліктілігінің деңгейіне сәйкес келетін жұмыс орнын іздеу қажеттілігі.
Студенттердің психологиялық денсаулығының келесі маңызды факторы – өз іс-әрекеттерінің нәтижелерімен қанағаттану /8,б.73/. Табыстылық сезімі тұлғалық талпыныстардың жоғары субъективтік күйзелістерімен, сонымен қатар қойылған мақсаттарға қол жеткізуге деген жоғары мүмкіндіктермен ұқсас келеді. Мақсаттарын саналы түрде таңдау және оларға жету мүмкіндіктерін дұрыс бағалау өзін-өзі реттеу үрдістерінде аса маңызды болып табылады. Күйзелістік жағдай адамның мінез-құлқына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бейберекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық үрдістері қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң, қызба болады. Күйзелісті күйлерді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет. Мақсаттарды анықтау және оларға қол жеткізу мүмкіндігін сезіну стресске тұрақтылықтың қалыптасуына және стрессті жеңудің құрылымдық стратегияларын іздеуге ықпал етеді.
Өз ісінің тиімділігінің төмендігіне сену жүктеме жағдайында когнитивтік үрдістердің бұзылуына әкелуі мүмкін, мысалы, емтихан кезінде есте сақтау қабілеті мен ойлаудың тежелуі. Өз істері тиімділігінің перцепциясы ойлау, мотивациялық және эмоционалдық үрдістердің жүруіне әсер етеді, яғни стрессті жеңудің маңызды реттеуші механизміне айналады.
Әр түрлі жағдайлардағы өз іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау, жағдайдың мазмұнынан қатты тәуелділіктің болатындығын және тұрақты тұлғалық қырлардың болмашы әсерін көрсетті. Тұлғаның белсенділігі бір жағдайдан келесі жағдайға дейін өзгеріп отырады және оның тұрақты қасиеттерімен аса анықталмайды. Өз іс-әрекеттерінің тиімділігі тұжырымдамасын күтулер теориясымен салыстыра келе, өз әрекеттерінің тиімділігі өз мінез-құлқының салдарына байланысты, әсіресе субъектінің өзіне тәуелді емес немесе жартылай тәуелді күтулермен үнемі сәйкес келе бермейтіндігі туралы болжамдарды айқын көрсеткен жөн /9,б.153/.Тиімділік пен күтулер ұғымдарының арасындағы айырмашылықтар келесіде: біріншісі, субъектінің жағдайға шамасы жететіндей қылып сипаттайды, екіншісі - жағдайды шешкендігі үшін сыйақы, деп санайтын оның болжамдарын сипаттайды.
Аталған стратегиялардың ішінен әлеуметтіксүйемелдеуді іздеу ерекше орынға ие, себебі ол стресстік жағдайдың талдауын жеке деңгейден, тұлғаның басқа адамдармен өзара әрекеттестігінің ауқымды көлемін қамтитын, жалпы жағдай контекстіне аударады. Бұл Лазаруспен, Фолькманмен ұсынылған күйзеліс мәселелеріне когнитивтік көзқарас тәсіліне толығымен сәйкес келеді /10,б.87/. Әлеуметтік сүйемелдеуді жалпыланған түрде, тұлғаға қиын жағдайларда қоршаған ортамен көрсетілетін кез келген көмекті анықтауға болады. Бұған алдымен, күрделі жағдайлар, стресстік жағдайлар, ауыспалы өмірлік оқиғалар және т.б. жатады. Әлеуметтік сүйемелдеу негзгі үш элементтерден тұрады:
-
Эмоционалдық қолдау: өзара түсіністік, эмпатия, жағымды жәрдем.
-
Мәселелерді шешудегі көмек: тікелей: біреу үшін жұмыс атқару; жанама: мәселелерді шешудегі көмек, мәселені бірлесіп талдау, екінші жақтың қалауы бойынша және қажет болған жағдайда кеңестер мен ақпарат беру.
-
Нақты тұлғалар тарапынан қауіпсіздік сезімін кепілдік ететін, индивидтің белсенділігін ынталандыратын, қиын жағдайларды бастан кешуден көңілін аударуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қолдау //.
Жақын адамдар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік сүйемелдеу әр түрлі формаларда болуы мүмкін: кеңес, қажетті ақпарат, эмоционалдық бірге мазасыздану, әңгімелесу, бірлескен іс-әрекеттер. Ұғымның өз анықтамасынан шығатын болсақ, сүйемелдеу дегеніміз өзара көмекті білдіреді, яғни өзіне бірлескен іс-әрекетті қамтиды. Сүйемелдеудің көптеген түрлері туралы айтуға болады: ресми және бейресми. Біріншісі, студенттік іс-әрекетті қамтамасыз етуге бағытталған, бірқатар шараларды болжайды: кітапхана, шәкіртақысы, тәлімгерлер және т.б. Көптеген батыс университеттерінде студенттерге арналып арнайы ашылған кеңес беру пунктілері бар. Олар студенттерге студенттік өмірді ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. Стресс және психикалық денсаулық төңірегіндегі мәселелер жиынтығында алдыңғы қатарға сүйемелдеудің екінші түрі шығады – бейресми әлеуметтік сүйемелдеу. Мұнда, алдымен, студенттердің өз жағынан жасалатын, сонымен қатар оқытушылар тарапынан көрсетілетін қолдау жатады.
Қоршаған ортасы тарапынан болатын әлеуметтік қолдауды сезінудің орташа деңгейі назар аудартады. Мұны бірінші курс студенттерінің білім ортасындағы жаңа іс-әрекеттерге бейімделуінің бастапқы кезеңінің мазмұнымен түсіндіруге болады. Бұл кезеңде студенттің жаңа әлеуметтік рөлі, өзін және айналысындағыларды әлеуметтік жаңа орта элементтері ретінде сезінуі қалыптаса бастайды. Өзінің осы ортаға жататынын мойындауының осы кезеңде пайда болуы, ортаға теңесуі оған аса сенімділікпен қарауын, болып жатқан оқиғаға қатынасуын немесе ықпал етуін, оқиғалардың дамуы тұлға күтілімдеріне сай келеді деп сенуді қажет етеді.
Студенттің әлеуметтік – психологиялық бейімделу сипаты ерекше назар аудартады. Қоғамда студент ең алдымен әлеуметтік жүйенің органикалық түйіні. Екіншіден студенттің ерекшелігі, мінезі, дүниетанымы, қоғамның мақсат талабына сай келеді.
Студенттің тұлғасының ішкі дүниесіне, сезіміне, уайымына педагогтың назар аударуы психологиялық жайлылықты туғызады. Білім беру процесінің тұлғаға бағытталуы, студенттің бойында денсаулыққа деген түрткі мен өрістеуді қалыптастырады /11,б.176/.
Студенттің тұлғалық ерекшеліктерін байқап, ескеру негізінде олардың психологиялық денсаулығын жақсарту үшін, оқытушы, әр-бір нақты жағдайда психология-педагогикалық әсердің талаптарын, іріктеп қолдануы қажет.
• Студенттермен әңгіме жүргізу. Емтихан алдында өз-өзіне сенімсіздіктен, алаңдаудан, мазасызданудан айрылуға бағытталған әңгіме;
• Көтермелеу. Студенттердің еңсесін көтеру. Алаңдау, қорқыныш сезімі студенттің өз мүмкіншілігін толық көрсетуге кедергі етеді. Ойлау қабілеті мен есте сақтау процесін бәсеңдетеді;
• Өзін-өзі бағалау деңгейі көтеріңкі студенттермен әңгіме;
• Бірінші курс студенттеріне білім алудың бастапқы кезеңінде, оқуға барлық жігерімен, зейінін шоғырландыруды үйрету;
• Енжарлы, селқосты студенттермен жұмыс;
• Сессия кезеңінде бөгде істермен: қызығушылық пен әуестерден бас тартуға кеңес беру.
Сонымен қатар, ескеретін жайт, студенттерді ұдайы бақылап тексеру, олардың білім алуына қызығушылығын, ізденуші, белсенділік, шығармашылық қасиеттерін төмендетуі мүмкін.
Сондықтан, шығармашылық, топтық әрекеттер білім алу процесіне студенттерді қатыстырып, олардың бойында сәттілік, жетістік сезімін арттырады. Ұстаз, өз әрекетімен психотерапевтілік элементін енгізеді.
Студенттік күйзелістің себептерін зерттеу барысында олардың бірі болып студенттік ортаға ойдағыдай сай болмауы, оны бөтен деп, кейде тіпті жау ретінде қабылдауы табылады. Мұны әсіресе, мектеп талаптарынан өзгеше, жаңа ережелерге алғаш рет тап болған, бірінші курс студенттерінен байқауға болады. Бірінші курс студентіне тән жасқаншақтықтыжаңа өмір салтына бейімделуі үрдісін басынан өткізіп жатқан, үйі мен жанұясынан алыстап кеткен, басқа жақтан келген студенттерден аңғарылады. Мұндай жағымсыз құбылысты жеңуде жоғары оқу орнының психологиялық қызметі оқу үрдісін ұйымдастыруға жәрдем беріп, әр түрлі кеңестер өткізіп, көмектеседі.
Жоғарғы оқу орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде, яғни әлеуметтік-психологиялық бейімделуі қалыпты денгейде өтсе, ол психиканың барлық деңгейлерінің одан ары жақсы дамуына жағдай жасайтыны анық. Олардың өзі тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлауды қалыптастырады. Сонымен қатар адамның өмірін қызықпен, әсемдікпен қамтамасыз ететін эмоционалдық жағдай студенттің оқу стилі мен оқу үлгеріміне, курстастары, сонымен қатар ұстаздарымен өзара қарым-қатынасына мәнді әсерін тигізеді. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін білу маңызды.
Қорыта айтқанда, аталмыш психологиялық күйлерді дер кезінде қалыпты жағдайға түсірмесе студенттер нашақорлыққа, маскүнемдікке, күйзеліске және т.б. жағымсыз жағдайға ұшыруы мүмкін.
Сонымен, студенттердің психологиялық денсаулығының дамуының ерекшеліктірін қарастыра отырып, студенттердің кәсіби білім алуда өздеріне сенімді, белсенді, құзіретті болашақ маман болып дамуында, жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің көмегі, сөзсіз, маңызды орын алады.
Әдебиет
-
Ананьев В.А. Практикум по психологии здоровья. - Санкт-Петербург. 2007
-
Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии.-М.,1984
-
Васильева О.С., Филатов Ф. Психическое здоровье как интегративная характеристика личности. Сб. Психол. Вест. Вып. 3. РГУ, 1998
-
Психическое здоровье детей и подростков / Под ред. И.В.Дубровина. М.: Акадпроект, 2000
-
Ронгинская Т.И. Профилактика стресса в студенческой среде// «Ананьевские чтения-2001».СПб.,2001
-
Психология здоровья / Под ред. Г.С. Никифорова.- СПБ.,2003
-
Абдулина, O.A. Личность студента в процессе профессиональной подготовки
// О. А. Абдулина // Высшее образование в России. — 1993.
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. — Р /наД.: Феникс, 1997
-
Ананьев Б.Г. К психофизиологии студенческого возраста / Современные психолого-педагогические проблемы высшей школы / Под ред. Б.Г. Ананьева, Н.В. Кузьминой. — Вып. 2. — Л.: ЛГУ, 1974
-
Лазарус Р. Теория стресса и психофизиологические исследования // Эмоциональный стресс: физиологические и психологические реакции / Под ред. Л. Леви,
В. Н. Мясищева. Л., 1970
-
Кон И. С. Психология ранней юности. М.: Просвещение, 1989
ЗДОРОВЬЕ КАК ЦЕННОСТЬ У ПОЖИЛЫХ ЛЮДЕЙ
Нурадинов А.С., Курочкин М.В.
Казахстанско-российский университет, г. Астана
На сегодняшний день пожилые люди составляют специфическую социально-демографическую группу, численность которой растет год от года. Согласно исследованию, проведенному экспертами Всемирной организации здравоохранения, к 2017 году число жителей планеты старше 60 лет превысит количество детей младше пяти лет /1/. В этой связи уже сегодня перед аналитиками от здравоохранения стран СНГ и Европы остро стоит вопрос разработки и внедрения стратегий, программ, как локального, так и межрегионального уровня, направленных на поддержку здорового старения. Включающих в себя мероприятия по предупреждению и борьбе с неинфекционными заболеваниями, а также вопросы модернизации сферы психолого-социальной помощи пожилым людям /2/.
В пожилом возрасте анатомо-физиологические системы человека претерпевают значительные изменения. Под влиянием данных обстоятельств у большинства индивидов фиксируется ухудшение, как физического, так и психологического здоровья.
Осознавая, что возрастная немощь – главная причина, способная повлиять на текущее социальное положение, акцент внимания пожилых людей смещается с ранее актуальных вопросов, в сторону сохранения и укрепления собственного здоровья.
И в этом заключается определенный парадокс. Исследователями доказано, что даже при значительной пропаганде со стороны государства политики в области здравоохранение, направленной на привитие гражданам культа здорового образа жизни. Единицы следуют заданным курсом. К примеру, в Казахстане по информации Национального центра проблем формирования здорового образа жизни в 2012 году число курильщиков составило 27% от общего числа населения, лиц употребляющих алкоголь в опасных дозах – 17%, страдающих избыточной массой тела – 37%. И здесь основную массу составили молодежь и люди до 50-и лет /3/.
Резюме: чем выше у индивида качественный уровень здоровья, тем ниже уровень ответственности последнего за него и наоборот.
Мы уже установили, что с возрастом у пожилых людей в силу определенных обстоятельств, происходит переосмысление жизненных ценностей, в связи с чем меняется отношение к собственному здоровью. В чем это выражается? В стремлении максимально долго сохранять имеющийся функциональный уровень. Следует отметить, что для решения данной конкретной задачи пожилые люди, как правило, задействуют все доступные медицинские, психолого-социальные и информационные ресурсы (организации медико-санитарной помощи, электронные информационные ресурсы, частные клиники и консультации).
Как показывает практика, в большинстве случаев подобный подход к своему здоровью, оказывает благотворный эффект. Однако временами специалисты организаций здравоохранения, в частности их психологических подразделений, вынуждены оказывать помощь пожилым людям, ставшим «заложниками» такого психосоматического заболевания как ипохондрия.
Напомним, ипохондрия - психосоматическое заболевание, при котором у пациента наблюдаются признаки органического заболевания, однако описываемые симптомы не находят подтверждения со стороны объективного состояния организма.
Пациенты с ипохондрией крайне обеспокоены риском заразиться, заболеть, либо уверены, что уже больны, даже после того, как тщательное медицинское обследование показало, что нет ни малейших поводов для беспокойства. Подчас отсутствие подтверждения результатами исследований еще более убеждает пациента в наличии «неизвестной неизлечимой болезни».
Как и другие соматоформные расстройства, ипохондрия очень трудно поддается лечению. На практике для оказания помощи пациенту с подобным заболеванием, применяется комбинация трех методик: поддерживающий уход, медикаментозное лечение, психотерапия.
-
поддерживающий уход – ориентация пациента врачом, которому он доверяет, на отслеживание наиболее важных, с точки зрения медика, симптомов, отвлекаясь от несущественных подробностей. Это позволяет врачу контролировать симптомы и оставаться в курсе любых изменений, которые могут свидетельствовать о реальном заболевании.
-
медикаментозное лечение - если ипохондрия сопровождается нарушениями со стороны эмоциональной сферы или тревожными расстройствами, пациенту могут быть назначены антидепрессанты и снижающие тревожность препараты.
-
психотерапия (консультативная методика) – в данной ситуации выступает в качестве средства изменения стереотипов мышления и поведения, которые, как полагают, могут обусловливать и способствуют тяжести симптомов /4/.
Еще момент, с которым регулярно сталкиваются представители медицинской и психолого-социальной служб, при работе с пожилыми людьми – увлеченность последних самолечением.
С увеличением числа электронных и печатных средств массовой информации (СМИ), а также развитием сети Интернет, обыватель получил возможность, затрачивая минимум финансов и времени, обладать любой интересующей его информацией. Однако, как показывает практика, не всегда информация опубликованная в СМИ или на странице Интернет-ресурса, отвечает критерию достоверности.
К сожалению, в силу особенностей воспитания, многие люди пожилого возраста, проживающие на территории СНГ, и по сути являющиеся представителями того поколения, большая часть жизни которого прошла в СССР. Стране, где СМИ – в сознании многих граждан выступали в роли источника эталонной правды. Были приучены верить тому, что печатают в газетах и говорят с экранов телевизоров.
У большинства пожилых людей эта вера сохраняется и по сей день. И поэтому некоторые из них, не задумываясь о последствиях, начинают практиковать самолечение. Черпая информацию из газет и медицинских ток-шоу.
Осознавая, что самолечение может быть опасно для здоровья пациентов, сегодня на базе некоторых казахстанских поликлиник и центров первичной медико-санитарной помощи начали создаваться так называемые «Школы для пациентов». Цель данных структурных подразделений – улучшение качества жизни пациентов, страдающих хроническими заболеваниями, а также предупреждение прогрессирования заболеваний по средствам обучения последних правильному приему лекарств и методикам оказания самопомощи в экстренных ситуациях.
Обосновать важность наличия подобных школ при лечебных учреждениях можно на следующем примере. В Астане на базе Учебно-практического центра семейной медицины «Демеу» больше года функционирует «Школа артериальной гипертонии». Проведя, анализ годичной работы данного подразделения эксперты от здравоохранения установили:
-
главные потребители услуг школы – люди, чей возраст варьируется в диапазоне от 50-и и старше;
-
за год качество жизни «учеников» школы улучшилось;
-
вовлеченность в волонтерскую работу, по принципу «равный равному», пенсионеров, прошедших обучение в школе, значительно повысила самооценку последних, что естественным образом благотворно отразилось на их психологическом состоянии /5/.
Таким образом, мы видим, что с прогнозируемым увеличением числа пожилых людей – одной из главных задач современного общества становится поиск и внедрение новых форм медико-санитарной и психолого-социальной помощи, для длительного сохранение высокого качества жизни в среде представителей данной категории граждан.
Достарыңызбен бөлісу: |