Бақылау сұрақтары
1. Жауапкершіліктің мәні неде?
2. Жауапкершілікті қалай жіктеуге болады?
3. Жауапкершіліктің технологиялық түрлерін атаңыз.
4. Экономикалық және материалдық жауапкершіліктердің айырмашылықтары неде?
5. Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне сипаттама беріңіз.
6. Әлеуметтік жауапкершілік қай кезде пайда болады?
7. Саяси жауапкершілікті жүзеге асыру нысандарын атаңыз.
13 Басқару шешімдерінің сапасы
13.1 Сапа, басқару қызметінің сапасы, басқарушылық шешімінің сапасы туралы түсініктердің мәні мен мазмұны
Сапа – бұл адамның немесе қоғамның белгіленген немесе болжалды қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын объектінің сипаттамаларының жиынтығы. Сапа функционалдық жарамдылығы, пайдалану сипаттамалары, қауіпсіздік пен сенімділік дәрежесі және т.б. бойынша бағаланады. 13.1-суретке сәйкес жақсы сапаның белгісі болып беделді фирмамен берілген растаушы сертификаттардың болуы табылады.
13.1-сурет – Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтердің сызбасы
Басқару қызметінің сапасы – бұл оның көпшілік мақұлдаған талаптарға немесе стандарттарға сәйкестік дәрежесі. Әдетте басқару қызметінің сапасы туралы басқарушылық шешімдердің сапасы бойынша айтады.
Өнімнің сапасына тек өндірістің техникалық деңгейі, өндірісті ұйымдастыру мен экономика жағдайы ғана емес, сонымен қатар басқарушылық шешімдердің мәдениеті мен кәсіпқойлығы да әсер етеді.
Басқарушылық шешімнің сапасы – бұл басқару шешімдердің ұйымның ішкі талаптарына (стандарттарына) сәйкестік дәрежесі. Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде басшы басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процесінің әрбір кезеңіне назар аударуы керек. Әрбір кезеңнің сапасы басқару шешімдер сапасының жалпы бағасына едәуір үлесін қосады. Сапа салыстырмалы бірліктерде 0-ден 1-ге дейін өлшенеді. Басқару шешімдердің төмен сапасына 0 мәні беріледі, ал жоғары сапасына 1 мәні беріледі. Басқару шешімдердің жалпы сапасы оның кезеңдерінің, сатылары мен операцияларының барлық құраушыларының сапа мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелінеді.
Мысалы. Әрбір басқару шешімі сегіз – процедураны орындауды талап етеді. Әрбір процедурада бір операция бар. Мұнда процедура сапасының мәндері келесі шамалармен бағаланады:
- ақпараттық дайындық – 0,8;
- басқару шешімдер нұсқаларын әзірлеу – 0,7;
- нұсқаларды келістіру – 0,8;
- бір нұсқаны таңдау – 0,7;
- басқару шешімдер нұсқасын бекіту – 0,8;
- басқару шешімдерді жүзеге асыру – 0,7;
- орындалуды бақылау – 0,7;
- ақпараттандыру – 0,8.
Әрбір операция сапасының мәндері жақсы. Бірақ басқару шешімнің жалпы сапасы 0,098! тең болады Бұл өте төмен деңгей. Сондықтан да басқару шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру процесінің барлық құраушыларына кәсіби қатынас кезінде ғана басқару шешімнің лайықты сапасын қамтамасыз етуге болады.
Басқару шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру процесінің сапасына: ақпарат, басқару мақсаттарының жиынтығы, басқару шешімдерді әзірлеу әдістері, компанияның тұжырымдамалық үлгісіне кіретін объекттер жиынтығы, қолданылатын басқарушылық технология, басқару шешімдерді жүзеге асыру процесінің таңдалған қасиеті, басқару шешімдерді ұсыну нысаны, басқару шешімдердің ұйымдық аудиті едәуір ықпал жасайды.
Басқарушылық шешімнің сапасын 13.2-суретке сәйкес ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, психологиялық, құқықтық, экологиялық, этикалық, саяси және партиялық жағынан қарастыруға болады. Бұл құраушыларының әрбіреуі өз ережелеріне, нормаларына, нормативтеріне немесе стандарттарына ие.
13.2-сурет – Басқару шешімдер сапасының негізгі құраушылары
13.1-кестеге сәйкес басқару шешімдер сапасының әрбір құраушысы жалпы сапаға өз үлесін қосады.
13.1-кесте – Басқару шешімдер сапасының негізгі құраушыларының мазмұны
Сапа жағының атауы
|
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар
|
Ұйымдық
|
Компанияда қабылданған жұмыс тәртібі, нұсқаулықтар
|
Экономикалық
|
Экономикалық есептеулердің сертификатталған әдістері
|
Әлеуметтік
|
Адам құқықтары
|
Технологиялық
|
Ұлттық немесе әлемдік технологиялық нормативтер
|
Психологиялық
|
Қоғамдық өмірдің озық дәстүрлері мен нормалары
|
Құқықтық
|
Ұлттық және халықаралық заң актілері
|
Экологиялық
|
ISO 14000 стандарттары мен тұрақты даму стратегиясы
|
Этикалық
|
Қоғамдық өмірдің озық дәстүрлері мен нормалары
|
Саяси
|
Ұлттық даму бағдарламасы
|
Партиялық
|
Партяиның жарғысы мен бағдарламасы
|
Басқару шешімдерді дайындау процесінің сапасын жоғарлатуда және оны жүзеге асырудан нақты нәтижелердің тиімділігінде үлкен мән ұйымдастырушылық жағына беріледі. Ол ең алдымен шығармашылық ұжымды құрудан тұрады. Басшы ұжымның тиімді жұмысы үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыруы керек. Бұл жағдайларға келесілерді жатқызуға болады:
- басқару шешімдерді дайындау кезінде шығармашылық жағдай жасау;
- әзірлеушілерді толық және уақытында ақпаратпен қамтамасыз ету;
- заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;
- ұжымда әзірлеушілермен ми шабуылын кәсіби өткізу және алынған нәтижені тіркеу;
- шешілетін тапсырма бойынша кәсіби мамандардың тәжірибесі мен білімдерін қолдану;
- басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру процесінің барлық кезеңдерін, әсіресе жағдайды жан-жақтан қарастыру;
- текшілдікті, субъективизмді және боямашылықты (мезеттік нәтижені) жеңуге назарды күшейту;
- шешімдерде беделді мамандар мойындаған ұжымның негізгі жетістіктерін (ғылымда, әдіснамада, технологияда) көрсету;
- шешімдер мониторингін жүзеге асыру.
13.2 Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтердің сызбасы
Көптеген басшылар өнімнің сапасын әдетте оның өндірісінің технологиясымен және персоналдың кәсіпқойлығымен байланыстырады – бұл өнім сапасын жоғарлатудың ең қарапайым және әдеттегі жолы. Бірақ ол сапаға жетудің ең төмен шегіне ие. Өндірістік қызметтің тәжірибесінде сапаны басқарудың (СБ) үш деңгейін бөліп көрсетуге болады:
1) өндірістік, материалдарды, құрал-жабдықтарды, персоналдың біліктілігін жетілдіру;
2) технологиялық, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту бойынша компанияның барлық өндірістік қызметін үйлестіру үшін функционалдық басқарушылық құрылымдарды құру;
3) басқарушылық, компанияның барлық құрылымында, соның ішінде басқарудың жоғары және орта буындарында, технологияда, өндірісте сапаны басқару жүйесін қалыптастыру.
Бірінші деңгей жергілікті тәсілді ұйғарады. Мұнда 13.3-суретке сәйкес басты назар заманауи құрал-жабдқтарды әзірлеу мен енгізуге, аса сапалы материалдарды қолдануға, жұмысқа біліктілігі жоғары жұмысшыларды, инженерлерді, дизайнерлерді, менеджерлерді шақыруға беріледі.
13.3-сурет – Сапаны басқарудың бірінші деңгейі кезінде өнім сапасын басқару орталығының орналасуы
Берілген тәсілдің таралуы ең үлкен. Ол үйреншікті ойлау деңгейінде түсіну мен жүзеге асыру үшін қарапайым. Бірақ мұнда өндірісті құрайтын жақсы құрал-жабдықтардың, материалдар мен қызметтердің жақсы өзара әрекеттесуіне әрқашан қол жеткізуге болмайды.
Екінші деңгей кешендік тәсілді ұйғарады. 13.4-суретте көрсетілгендей ол бірінші деңгейге қарағанда технологиялық ресурстарды басқаруды және өнім өндірісінің жүйесін қалыптастыруға аса өңделген тәсілге негізделеді.
13.4-сурет – Сапаны басқарудың екінші деңгейі кезінде өнім сапасын басқару орталығының орналасуы
Берілген тәсіл шеңберінде компанияда өнімнің сапасын басқару бойынша топ немесе бөлім құрылады. Бұл құрылымның функционадық міндеттеріне өндірістік және қызмет көрсететін бөлімшелердің қызметін жақсарту мен келістіру бойынша технологиялық және басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асырумен байланысты әрекеттер кіреді. Бұл әрекеттер ақпараттық дайындықтан, шешімдер нұсқаларын әзірлеуден, нұсқаларды келістіруден, жүзеге асыру үшін шешімдерді таңдаудан, оларды бекітуден, орындаудан және бақылаудан тұрады. Берілген деңгейді өнім сапасын басқарудың халықаралық стандарттарымен қолдайды. Компаниядағы өндірістік процестің сапасын басқару жүйесінің әрекеттегі стандарттарға немесе нормативтерге сәйкес келуі сапаның халықаралық сертификатын алу үшін себеп болуы мүмкін. Берілген сәйкестік сәйкес ұйымның мамандары өткізетін технологиялық аудиттің нәтижесі бойынша ресмилендіріледі.
Бірақ берілген деңгей компанияның басқарушылық және технологиялық топтары арасындағы сапаны басқару облысындағы бірыңғай саясатты қамтамасыз етпейді.
Үшінші деңгей жүйелік тәсілге негізделген. 13.5-суретке сәйкес ол компаниядағы барлық қызметтің сапасын басқаруды ескереді.
13.5-сурет– Сапаны басқарудың үшінші деңгейі кезінде өнім сапасын басқару орталығының орналасуы
Бұл процесті басқару компанияның бірінші басшысына немесе жоғары тұрған ұйымның сәйкес қызметіне жүктеледі. Компанияның барлық қызметінің сапасын қалыптастыруға бірыңғай тәсілдің өзі жүйелік тәсілді сипаттайды. Берілген деңгей – бұл комапанияның даму болашағы. Бұрын айтылған стандарттар мен нормативтерден басқа үшінші деңгейді басқарушылық қызметтің элементтеріне жергілікті стандарттары де жартылай қолдайды. Қазіргі уақытта үшінші деңгей компанияның меншік иелерінің бастамасы бойынша оның ішкі аудитін өткізу кезінде қолданылады.
Бақылау сұрақтары
1. Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтерді атаңыз.
2. Басқару қызметінің сапасы дегеніміз не?
3. Басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру процесінің сапасына не ықпал жасайды?
4. Басқарушылық шешім сапасының негізгі құраушыларын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
5. Сапаны басқарудың қандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады?
6. Сапаны басқарудың бірінші, екінші және үшінші деңгейлеріне сипаттама беріңіз.
14 Басқару шешімдерінің тиімділігі
14.1 Тиімділік, нәтижелілік, өнімділік туралы түсініктердің мәні мен мазмұны
Басқарушылық қызмет басқарушылық қызметтің нәтижесі (өнімі) болып табылады. Сондықтан да басқару шешімдері үшін өнімнің сипаттамасында қолданылатын ең маңызды көрсеткіштер 14.1-суретке сәйкес: тиімділік, нәтижелілік пен өнімділік тән.
14.1-сурет – Басқарушылық шешімдерді өндіру (дайындау мен жүзеге асыру) кезінде басқарушылық қызметтің негізгі көрсеткіштері
Өнімнің тиімділігі нәтиже мен оны алуға шығындар қатынасымен анықталады.
Нәтижелілік белгіленген мерзімдік немесе сандық параметрлерді қанағаттандыратын немесе асып түсетін өнімді өндіруді ұйымдастыру қабілетін айтады.
Еңбек өнімділігі – бұл персоналдың еңбек қызметінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіші. Ол шығарылған өнімнің санының оны өндіру шығындарына қатынасымен анықталады.
Қажетті көрсеткіштерді қалыптастыру мен қол жеткізу негізінде тиімділік жатыр. Берілген көрсеткіш көпқырлы болып табылады. Нәтижені әдетте шығындармен салыстырады және қандай да процестің немесе құбылыстың тиімділігін талдайды. Тиімділік оң және теріс болуы мүмкін.
Мысалы 1991 жылы Мәскеуде 17 мың жеңіл автомобильді такси болған, олар тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70% қанағаттандырған. Ал 1998 жылы – 4 мың жеңіл автомобильді такси болған, олар да тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70% қанағаттандырған. Оң нәтиже экология мен таксидің техникалық жағдайының жақсаруын айтуға болады. Теріс нәтиже жұмыс басты жүргізушілер санының төмендеуі, таксомотор қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесінің бұзылуы болып табылады.
Сонымен, 14.2-суретке сәйкес экологиялық, ұйымдық, экономикалық тиімділік және т.б. түрлері туралы айтуға болады.
14.2-сурет – Функционалды тиімділіктің негізгі түрлері
Тиімділіктің бір түрі басқасы есебінен өзгеруі немесе оны жартылай орнын толтыру керек. Ұйымдық тиімділікті жоғарлата отырып, экономикалық тиімділікті едәуір жоғарлатуға болады. Мысалы, компанияда технологиялық тәртіпті күшейту кезінде еңбектің өнімділігі мен нәтижелілігі жақсарады. Ал бұл экономикалық тиімділіктің (аса жоғары пайданының) жоғарлауына алып келеді. Басшы тиімділіктің барлық түрлеріне бірдей назар аударуы керек, себебі жиынтықта олар қорытында тиімділікті едәуір күшейте алады. Адам мен компания үшін экономикалық тиімділік аса маңызды емес. Жиі ол ұйымдық, экологиялық және басқа проблемаларды шешудің жанама жолы болып табылады. Компания үшін тиімділіктің негізгі түрлерінің жақсы мәндеріне қол жеткізе отырып, тура жолмен жүру жақсырақ. Компанияның тиімділігі БШ тиімділігінен, өнімнің тиімділігінен, компанияның оны өндіру қабілетінен, жабдықтаушылар, контрагенттер мен клиенттер арасында жоғары имиджден құралады.
14.2 Басқарушылық шешімдер тиімділігін құраушылар
Тиімділіктің кез келген түрінің маңызды құраушысы БШ тиімділігі болып табылатынын ескеріп, оның мәні мен мазмұнын аса толық қарастыру керек.
Басқарушылық шешімдер тиімділігі – бұл ұйымдағы басқарушылық шешімді дайындау немесе жүзеге асыру процесі нәтижесінде жаңа ресурстың немесе ескі ресурс өсімінің бұл процеске кеткен шығынға қатынасы. Ресурстар ретінде компанияның жаңа бөлімі, қаржы, материалдар, персонал денсаулығы, еңбекті ұйымдастыру және т.б. бола алады. Шығындар ретінде – ескі бөлімдер, персонал, қаржы және т.б. 14.3-суретке сәйкес тиімділіктің әрбір түрінің негізін адамның, ұжымның және компанияның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі құрайды.
14.3-сурет – Басқарушылық шешімдер тиімділігін бағалау идеясы
14.2-суретте көрсетілген басқарушылық шешімдер тиімділігінің кейбір түрлерін қарастырайық.
Басқарушылық шешімдердің ұйымдық тиімділігі – бұл аз күштер, қызметкерлердің аз саны немесе аз уақыт есебінен ұйымдық мақсаттарға жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты:
- адам үшін – бұл өмірді ұйымдастыру мен қауіпсіздік, басқару, тұрақтылық, тәртіп қажеттіліктері;
- компания үшін – бұл еңбекте (өнімге сұранысқа), ұйымдастыруда және қауіпсіздіктегі қажеттілік.
Ұйымдық тиімділіктің нәтижесі жаңа бөлім, ынталандыру жүйесі, басқаруды немесе өндірісті өте жақсы ұйымдастырушылардың тобы, жаңа тәртіп және т.б. бола алады.
Басқарушылық шешімдердің экономикалық тиімділігі – бұл нақты басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру есебінен алынған қосымша өнімнің өзіндік құны мен оны дайындау мен жүзеге асыруға шығындардың қатынасы. Қосымша өнім пайда, шығындарды төмендету, несиелер алу түрінде болуы мүмкін. Экономикалық тиімділік адам мен компанияның барлық қажеттіліктерін жүзеге асырумен байланысты.
Басқарушылық шешімдердің әлеуметтік тиімділігі қызметкерлердің аз санымен, аз қаржылық шығындармен, қысқа уақыт ішінде компания мен қызметкерлердің үлкен саны үшін әлеуметтік мақсаттарға жету нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Берілген тиімділік келесі қажеттіліктермен байланысты:
- адам үшін – бұл шығармашылық еңбектегі, махаббатқа, қарым-қатынасқа, өзін-өзі көрсетудегі қажеттілік;
- компания үшін – бұл сену және өздігінен даму қажеттіліктері.
Әлеуметтік тиімділіктің нәтижесі бөлімдегі жақсы әлеуметтік-психологиялық климат, өзара көмек, бейресми қатынастар болуы мүмкін.
Басқарушылық шешімдердің технологиялық тиімділігі – бұл қысқа уақыт ішінде немесе аз қаржылық шығындармен бизнес-жоспарда жоспарланған өндірістің салалық, ұлттық немесе әлемдік технологиялық деңгейіне жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктермен анықталады:
- адам үшін – бұл шығармашылық еңбектегі, білімдегі, ақпарат, өзін-өзі көрсетудегі қажеттілік;
- компания үшін – бұл өздігінен даму қажеттілігі және заманауи өндірістегі қызығушылық.
Технологиялық тиімділіктің нәтижесі шығармашылық еңбектің заманауи тәсілдері, өнімнің бәсекеге қабілеттігі, персоналдың кәсіпқойлығы бола алады.
Басқарушылық шешімдердің психологиялық тиімділігі – бұл қызметкерлердің аз санымен немесе аз психологиялық шығындармен қысқа уақыт ішінде халықтың немесе қызметкерлердің үлкен саны үшін психологиялық мақсаттарға жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты:
- адам үшін – бұл махаббаттағы, отбасы, бос уақыттағы, отаншылдық, сенімдегі, қарым-қатынастағы қажеттілік;
- компания үшін – бұл тұрақтылықтағы, қауіпсіздіктегі, сенудегі, ұйымдық мәдениетті дамытудағы қажеттілік.
Берілген тиімділіктің нәтижелері компанияның корпоративтік мәдениетінде, өзара көмекте, отаншылдықта және адалдықта көрінуі мүмкін.
Басқарушылық шешімдердің құқықтық тиімділігі қызметкерлердің аз санымен немесе аз қаржылық шығындармен қысқа уақыт ішінде персоналдың және ұйымның құқықтық мақсаттарына жету дәрежесімен бағаланады. Тиімділік келесі қажеттіліктер негізінде жүзеге асады:
- адам үшін – бұл қауіпсіздіктегі, ұйымдастыру мен тәртіптегі, өмір мен қызметті ұйымдастырудағы қажеттілік;
- компания үшін – бұл қауіпсіздіктегі және басқарудағы қажеттілік.
Құқықтық тиімділіктің нәтижесі заңды бизнеске көшу, құқықтық өрісте жұмыс жасау бола алады.
Басқарушылық шешімдердің экологиялық тиімділігі – бұл қызметкерлердің аз санымен немесе аз қаржылық шығындармен қысқа уақыт ішінде персоналдың және ұйымның экологиялық мақсаттарына жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктермен анықталады:
- адам үшін – бұл қауіпсіздіктегі, денсаулықтағы, өмірдің тұрақты дамуын ұйымдастырудағы, физиологиялық қажеттіліктер;
- компания үшін – бұл қосымша өнімдегі, тұрақтылықтағы, қызметкер үшін өмірдің қолайлы деңгейін жасау қажеттілігі.
Берілген тиімділіктің нәтижесі экологиялық таза өнім өндірісі, адамға лайықты еңбек жағдайлары болуы мүмкін.
Басқарушылық шешімдердің тиімділігі оны әзірлеу мен жүзеге асыру деңгейлері бойынша, адамдар мен компанияларды қамтуы бойынша бөлінеді. Компанияны, компания топтарын, саланы, аймақты, елді басқару мен өндіріс деңгейіндегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бөліп көрсетуге болады.
Басқарушылық шешімдердің тиімділігін басқару нақты көрсеткіштер, нормалар мен стандарттар негізінде сандық және сапалық бағалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, басқарушылық шешімдердің тиімділігі компания қызметінің әртүрлі бағыттарында көрінеді, соның ішінде:
- барлық компанияның жалпыланған қызметінде;
- компанияның паблик-рилейшнз нәтижелерінде;
- сыртқы коммуникациялар жағдайында;
- персоналдың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесінде;
- нақты нарықтағы компанияның қызметінде;
- басқарушылық, қызмет көрсетуші және өндірістік қызметте;
- тікелей өндіріс нәтижелерінде;
- материалдық және интеллектуалдық ресурстарды қолдануда.
Бақылау сұрақтары
1. Тиімділік, нәтижелілік пен өнімділік түсініктерінің мәні мен мазмұны неде?
2. Функционалды тиімділіктің негізгі түрлері қандай?
3. Басқарушылық шешімнің тиімділігі дегеніміз не?
4. Ұйымдық тиімділіктің нәтижесі қандай?
5. Психологиялық тиімділікке сипаттама беріңіз.
6. Басқарушылық шешімнің тиімділігі компания қызметінің қандай бағыттарында көрінеді?
Тестік сұрақтар
1 Шешімдер – бұл:
A) мақсатқа жету үшін әрекеттердің белгілі нұсқасының баламасын таңдау;
B) проблеманы анықтаудан оны тәжірибелік шешуге дейінгі әрекеттердің реттілігі;
C) ұйым ұмтылатын тіленген шекті нәтиже;
D) қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат;
E) жоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі.
2 Ұйым мақсатына жетуге бағытталған және басшының лауазымдық өкілеттігі мен құзырлығы шеңберінде ол жүзеге асырған баламаларды таңдау – бұл:
A) шешімдер;
B) басқарушылық шешім;
C) белгісіздік;
D) тәуекелдік;
E) мақсат.
3 Басқарушылық шешімдерді не ерекшелендіреді?
A) адамдар, технология, мақсаттар, ұжым;
B) технология, міндеттер, сыртқы орта, адамдар;
C) мақсаттар, салдарлар, еңбек бөлінісі, кәсіпқойлық;
D) еңбек бөлінісі, технология, мақсаттар, міндеттер;
E) кәсіпқойлық, мақсаттар, адамдар, технология.
4 Кез келген басқарушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру үшін қаржылық, материалдық және басқа ресурстар қажет етілуі бұл – басқарушылық шешімнің:
A) әлеуметтік мәні;
B) құқықтық мәні;
C) технологиялық мәні;
D) экономикалық мәні;
E) ұйымдық мәні.
5 Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру үшін компания сәйкес мүмкіндіктерге (қажетті персонал, бақылау жүйесі, нұсқаулар мен ережелер және т.б.) ие болуы бұл – басқарушылық шешімнің:
A) әлеуметтік мәні;
B) құқықтық мәні;
C) технологиялық мәні;
D) экономикалық мәні;
E) ұйымдық мәні.
6 Басқаруға қатысушыларының барлығының өзара әркеттесуіне жету мақсатымен атқарушылардың басқару механизмі бұл – басқарушылық шешімнің:
A) әлеуметтік мәні;
B) құқықтық мәні;
C) технологиялық мәні;
D) экономикалық мәні;
E) ұйымдық мәні.
7 Берілген шараларды құқықтық өрісте жүзеге асыру мүмкіндігі, яғни ҚР заң актілерін, халықаралық міндеттемелерді, компанияның жарғылық және басқа құжаттарын қатаң сақтау бұл – басқарушылық шешімнің:
A) әлеуметтік мәні;
B) құқықтық мәні;
C) технологиялық мәні;
D) экономикалық мәні;
E) ұйымдық мәні.
8 Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруға қатысатын персоналды қажетті техникалық, ақпараттық құралдармен және ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігі бұл – басқарушылық шешімнің:
A) әлеуметтік мәні;
B) құқықтық мәні;
C) технологиялық мәні;
D) экономикалық мәні;
E) ұйымдық мәні.
9 Шешімдердің қандай типтерін қарастыру орынды:
A) техникалық (технологиялық), биологиялық және басқарушылық;
B) әлеуметтік, құқықтық және ұйымдық;
C) әлеуметтік, құқықтық, және басқарушылық;
D) биологиялық, экономикалық және ұйымдық;
E) әлеуметтік, құқықтық және экономикалық.
10 Әрекет ету уақыты бойынша басқарушылық шешімдер жіктелінеді:
A) стратегиялық, тактикалық, оперативті;
B) шектеумен, шектеусіз;
C) ұзақмерзімді, тактикалық, қысқамерзімді;
D) ішкі, сыртқы;
E) стратегиялық, тактикалық.
11 Басшыда шешім дұрыс деген сезім болуы негізінде қабылданған шешім – бұл:
A) рационалды шешім;
B) интуитивті шешім;
C) пайымдауға негізделген шешім;
D) бағдарланған шешім;
E) бағдарланбаған шешім.
12 Біліммен немесе жинақталған тәжірибемен шартталған таңдау – бұл:
A) рационалды шешім;
B) интуитивті шешім;
C) пайымдауға негізделген шешім;
D) бағдарланған шешім;
E) бағдарланбаған шешім.
13 Объективті талдау процесі көмегімен негізделген шешім – бұл:
A) рационалды шешім;
B) интуитивті шешім;
C) пайымдауға негізделген шешім;
D) бағдарланған шешім;
E) бағдарланбаған шешім.
Достарыңызбен бөлісу: |