Н. У. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы



бет33/42
Дата24.04.2016
өлшемі5.8 Mb.
#78116
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42

ӘДЕБИЕТ

1. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи этнографиялық шолу) –Алматы: Ғылым, 1973

2.Балташұлы Е. Би ұлының кенжесі // Орталық Қазақстан. –2002. –№31, 32.

3.Букейханов А.Н. О киргизских поминках // Дала уәлаяты газеті. Адам, қоғам, табиғат. 1888–1902 жж .) / Құраст.Ү . Субханбердина. –Алматы: Ғылым, 1994. –711–715бб.

4.Валиханов Ч.Ч. Аблай // Валиханов Ч.Ч. Собр. соч.: в 5-и томах. –Алма-Ата, 1985. Т.4.

5.Көпеев М.Ж. Таңдамалы шығармалары: Екі томдық. –Алматы: Ғылым, 1992. –Т. 2.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1 том. Айтыс өлеңдері. –Алматы: Қаз. ССР ҒА баспасы, 1948. –Т. I . Фольклор.

7.Лирикалы поэмалар / Алғысөзін жазған Қ. Жұмалиев. –Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1939. –Т.1 .

8.Манас (Қырғыз халқының батырлық дастаны): Төрт томдық. –Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. –Т. 2.

9. Марғұлан Ә.Х. «Қасым ханның қасқа жолы» // ҚСЭ. –Алматы, 1975. Т.6. –542–543бб.

10. Омари Жамбыл. Бұхар жырау (он екі тарих). –Қарағанды, 1994.

11.Смирнов Е. Султаны Кенесары и Садык. –Ташкент, 1889

12.Смағұлов Е.М. Ас берудің астарлы сипаттары // Қазақ тарихы. 2004. –№3. –35–40–бб.

13. Токарев С.А. Ранние формы религии. –М.: Политиздат, 1990

14. Тілеке Ж. Шежіре. Ертіс-Баянаула өңірі. –Павлодар, 1995

15. Тұрғанбекұлы Ж. Сағынай асы: айтылмаған ақиқаттар // Сарыарқа самалы. –Павлодар, 1996. –№ 49. 30 сәуір.

16.Уәлиханов Ш. Ш. Көкетайдың ертегісі // Уәлиханов Ш.Ш Таңдамалы. 2-бас. –Алматы: Жазушы, 1985. –259–346бб.

17. Халид Қ. Тауарих хамса (Бес тарих) / Ауд. Б. Төтенаев., А. Жолдасов. –Алматы: Қазақстан, 1992


Т. Мәми

Астана қ., Қазақстан
ҚОРҚЫТ АТА ЖАЙЛЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЗЕРТТЕЕУЛЕР
Қазіргі кезде асқан күйші , ақылгөй , данышпан , атақты ұзан Қорқыт Ата Қазақстан туризмінің Қызылорда облысындағы соқпағының бір нысанына айналып отыр. Ол Жосалы қыстағына ( Қармақшы ауданының орталығы ) 20 шақырым батысындағы Қорқыт ата бекеті маңында. Абыз сол жердегі Сырдарияның оң жағалауындағы қорым бейіттердің ішінде жерленген деген аңыз жорамал бар. Оның солтүстігінде 1 км жерде автожол бойында Қорқыт Ата сәулет кешені салынған. Қорқыт Ата мәдени мұраларына байланысты дәйектейтін мәселелер әлі де жеткілікті. Әсіресе, соңғы жылдары Қорқыт Атаның даңқы ғана пайдаланылып , оның сол өңірдің тарихы мен мәдениетіне қатысы, аңызы мен ақиқаты фолклорлық, этнографиялық тұрғыдан және оны археологиялық деректермен салыстырмалы тарихи танымға келтіру зерттеушілер назарынан тыс қалуда.

Қорқыт атаның қай жерде жерленгені жайлы аңыз бен ақиқатқа толы деректер көп емес. Қорқыт ата маузолейі жайлы П.Лерх ( 1867 ж.) Н.А. Таранов (1885ж.), А.А.Диваев (1897, 1901 жж.), В.М. Жирмунский (1951ж.) т.б. зерттеушілер мәліметтер берген Қазақстан археологиялық картасында (1961) Шиелі станциясынан ( Шиелі ауданы) оңтүстік-шығысында 26 км, Көккесене ескерткішімен (Жаңақорған ауданы) 1 км жерде деп көрсеткен [1, реттік саны 3336]. Ә. Диваев 1893 жылы Қорқыт ата сағанасы деп көрсеткен жерге келгенінде : “… Дария құмды жағалауын үнемі жуып, аталған бейіттен 15—20 сажындай (құлаш, адым ) ғана жерде болған.”- делінген .Ол 1898 жылы қазан айының басында келгенінде бейіттің бір қабырғасы Сырдария өзені жағына опырылып тұрғанын көріп , И.С. Арзамасовпен бірге соңғы суретін түсірген.

” Кітаби даде Қоркуд ғали диван таифа оғузиан ” яғни “Қорқыт Ата кітабына ” негізге алған зерттеушілер Қорқыт ата өмірін ІХ-Х ғасырлардағы оғыз этникалық қауыммен байланыстырғанымен, аңыздық желілік оқиғалары кейінгі орта ғасыр кезеңіне дейін қамтиды [2].

Қорқыт этимологиясына келгенде нақтылық болмай отыр. В.П. Юдиннің пікірінше , “қор”( хор)- (оситенше) “хорместен”, “хур”- аспан, күн және “құт”- бақыт, өмір күшін дарытушы қасиетті құт. Уақытында патшалар мен хандарға жебеуші болған. Су аяғын билеуші иесі. Оның философиялық мәнін Б.Ибраев одан әрі Тауратпен (Авеста) сақтар мен көшпелілер әфсаналарымен байланыстырады [3].

Кейбір зерттеушілер Қорқыт ата есімін ертедегі Жанкент және Хора қалаларымен байланыстырады. Жанкент Қазалы ауданында орыналасқан оғыздардың ягбу тайпасының орталығы болған танымал ескерткіш. Қорқыт ата қорымынан қашықта ( Қазалы ауданы , Өркендеу ауылы) жырақта орналасқан. Ал нақты орны белгісіз ертедегі Хора қаласының мәселесі де беймәлім . Оны кейбір карталарда Ұлы Жібек жолы бойындағы Хора (Хуара, Джуара) болып белгіленіп жүр . Орны Қорқыт ата бекеті маңында (Қармақшы ауданы) деп көрсетілген [2]. “Қазақстан археологиялық картасында ” (1960 ж.) ертедегі Жанкент қаласымен іргелес есепке алынған. [ 1, реттік саны 2795].

Қорқыт ата аңыздары мен жырлары одан қалған жәдігерлер арасындағы өлке тарихы мен мәдениетіне қатысы қандай ? Жоғарыдағы ауызша мәліметтерді дәйектеу мақсатында аталған жерлердің тарихи –географиялық аумағындағы ескерткіштерге және Қорқыт ата қорымы деп аталатын жердегі бейіттер тобына зерттеу жүргізілді. Оның жәдігерлерін жаңғырту мен оған қатысты ескерткіштердің тарихи-мәдени шекараларын анықтау мақсатында автордың жетекшілігімен 1998-1999 жылдары археологиялық ізденіс жұмыстары атқарылды.

Бұл өңір географиялық тұрғыдан ежелгі Қызылорда мен Арал қазан шұңқырының орта белінде Қорқыт ата дөңесінде Сырдарияның оң жағалауындағы қырашта жатыр. Осы жерде дарияның жағалауын солтүстікке қарай су жыралап құлатқан [4]. Сол кезде көп бейіттер су астына кеткен ( 1- сурет).

Қорқыт мазарының соңғы куәгері ғұлама Ә. Қоңыратбаев: “ … 1952 жылы Сыр суына құлағанда жардан үш қабат болып жатқан адам сүйектері табылған. Үстіңгі қабатта Қорқыт сүйегі, 6 метр тереңдікте түрлі сүйектер , 9 метрлік тереңдікте бірлескен адамдар сүйектері болған. Бұл Кушан заманынан қалған коллективтік мүрделер болса керек ” – деп жазған [5].

Дарияның арғы бетінде 10 км жерде Жосалы ауылы биіктен көрінеді. Қариялардың айтуынша, ауыл “Шайтан шұңқыр ” деген жерде қоныс тепкен.Оның маңында ертедегі ескерткіштер кездеседі. Соның бірі – ауылдан бір шақырым оңтүстіктегі төбедегі биіктігі 12 м. қыштан аралас салынған мұнара. Аңызды айтушылар оның ішіне отын жинап жағып, адамдар төбесінде қарауылдап жау келген жағдайда Жетіасар мен Алтынасар жақтағыларға белгі берген екен.

Осы ауылға жақын ескерткіштер Сортөбе І, ІІ деп аталатын ертедегі қалалардың орны. Әсіресе, Сортөбе І. аумағы 100 м, биіктігі 6 м шеңберлі бейнелі төбе жоспарлы төбе. Солтүстік жағын Сырдария суы қиып өткен. Маман археологқа қималық мәдени қабаты дайын. Мұндағы үстіңгі және қималық қабатындағы керамика сынықтары мен қаптама кірпіштер деректеріне қарағанда Жетіасар мәдениетімен төркіндес (б.э.д. УІ ғ.) және орта ғасырлық қала болғаны дәлелденеді. Ондағы табылған көзенің сынығында “Биссмилда ,рахман рахим … 933 хижра (РР ЗЗ), Канһаб (кәсіп) …” деп түсті бояумен арапша жазылған ( Оқыған араб тілі маманы Ш.Тобжанов, 1999 ж.). Оның жазылу мәнері ХУ-ХУІ ғасырларға мерзімделеді (2- сурет) .

Деректерін іздестіргенімізде бұл ескерткіш “Қазақстан археологиялық картасында”( 1960) Жосалы ауылынан 12 км жерде орналасқан Жусандала ертедегі қаласына сәйкес келеді. 1946 жылы Суворов осы мұраның үстіңгі қабатындағы кейбір деректерін Қазақстанның Орталық мұражайына тапсырған. Бірақ ғылыми мерзімделуі жайлы мәлімет жоқ [1, реттік саны 2803].

Өңірдің тарихи-мәдени мәселелерін жан-жақты қарау мақсатында аумағындағы ескерткіштерге байланыстыруды жөн көрдік. Осы бағыттағы іздестіру , барлау жұмыстарының барысында Қорқыт ата ескерткіші деп аталатын жердегі дария жағасындағы орналасқан бейіттер қорымын зерттеуге алдық. 1998 жылы қорымдағы бейіттерді құжаттау, мерзімдеу жұмыстары барысында мәні бар 76 бейіт есепке алынды (1-сурет). Жергілікті тұрғындардан мұнда 1990 жылы Байқоңырдан көп солдаттар келіп шатыр тігіп бір ай жатқанын естігенбіз. Бейіттерді бізден бұрын да қазбалап кейбірін бүлдіріп кеткен. Олардың зертеу барысындағы топографиялық cыртқы бейнесі жағынан мынандай:

1-үлгідегі (типтегі) тас бейіттердің 43-тен астамы белгіленді. Көбісі қазылып,бүлінген деуге болады. Үстіндегі саағана орнына үйілген тастар бор жасайтын қара- қоңыр тасты, не домалақ майда тас. Бір ерекшелігі кейбір сыртқы бейнесін сақтағандарында діңгек тас құлпы таста ру белгісі қашалған. Онда әсіресе, Жаппас, Алтын, Телеу, Тама, Жағалбайлы т.б. рулардың таңбалары сызбаланған [6], ( 4-сурет).

“Көсеу” таңбасы қосарланған екі сызық- көсеу, шылбыр, қос алып деп аталып керейт, қыпшақ және тама руларына бөлінеді. “Т”- әріпіне ұқсас- Жағалбайлының жеке таңбасы, Шөмекейдің “Дөйіт” ұрандысының, белгі ендері бар. Ал дулаттың Жаныс, төле ұранды рулары мен қаңлы, тана, қожа таңбалары дөңгелек, төртбұрышты қыш кірпіштерде кездеседі. Сонымен қатар Жалайырдың “тарақ” таңбасы бірнеше жердегі таста сызбаланғанын айту қажет [ 6 ]; (4-сурет 9,1-8).

Тасты бейіттердің құрылымы мен мерзімдеу мақсатында 12-бейітке археологиялық қазба жүргізілді. Оның диаметрі 4 м , биіктігі 75 м..Үстіне үлкенді кішілі Қаратау қыраттарында кездесетін қара тас үйілген. Топографиясы жартылай шеңберлі бейнеде. Солтүстік-батыс жағында биіктігі 50 см ,ені 20 см , қыры 15 см тікесінен құлпытас ретінде тас қойылған.Онда “қос сызық -көсеу” таңбасы қашалған [ 6 ]; (3- сурет ,1).

Бетіндегі тасы алынғаннан кейін,майда құмды бейіт шұңқырынан бейіт дағы көрініп, мәйіттің бұрын бүлінгені байқалды. Бейіт шұңқырының қималық көрінісіне қарағанда,оның үстін 8 см қалыңдықта ағаш қабығымен жапқан. Қазылған бейіт шұңқырының теңдігі жер бетінен 80 см. Оның өлшемі 2 ,30 м х 40 см бұрыштары жұмырланған сопақ бейнелі (3- сурет ).

Мұнда әйел мүрдесінің басы оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа бағытталып, бет жағын солтүстікке қаратқан күйінде шалқасынан қойылған. Жерлеу ғұрыптық заттары жоқ.

41- тас бейіт жоғарыдағы айтылғанға ұқсас, әбден бүлінген. Сыртқы тас үйілген бейнесінің диаметрі 3 м. биіктігі 50 см. Адам сүйегі шашылған, жерлеу ғұрыптық заттары кездеспеді (1-сурет).

Зерттеушілердің деректерімен баламалап тұжырымдағанда көшпелі тайпалар жерлеу мәдениетінде қола ғасырынан бастап, обалы тас бейітті жерленіп кейінгі көшпелілерде ХІІІ-ХУ ғасырларға дейін сақталған [ 7].

62- шеңберлі жоспарлы бейітті қазақтар қойқорған атайды.Оның құлағаннан қалғаны- диаметрі 4,60 м, биіктігі 30 см. Қабырғасын қам саздан дөңгелентіп өріп,бейіт шұңқырының бетіне ши төсеп, не ши тоқымамен жапқан.

5-8-бейіттер дөңгелек бейнелі жоспарлы. Диаметрі 2-3м. Қам сазды қабырғамен қоршалып,бейіт шұңқыры бетіне ірі борлы тас пен майда қиыршақ тастармен жабылған (1-сурет). Басқа үлгідегі, түрдегі кейбір бейіттер ерекшелігі Алтын Орда аймағындағы зерттелген ескерткіштерге ұқсас. Мысалы, қазіргі кезде Қорқыт ата жатыр деп белгіленген жердегі бейіт шұңқырының үстіндегі жабылған ағаштың ұшы көрініп жатыр. Осындай 11,13 санды бейіттердің үстін тасқа айналған ағаш таспен жапқан.Олар антрополог, этнограф т.б. мамандардың арнайы зерделеуін қажет етеді.

Қорымның солтүстігіндегі темір жол бойы биіктігінде бейнесіз мүсін тастар табылды. Олар 50 х 20 х 45 см өлшемді қиыршақ жынысты тастан қашалған. Жоғары жағы жұмырлана алғы беті тегіс, сырты шекілген бейнеде. Қыпшақтар кезеңінде балбалдар аумақты болып келсе, кейін олар мұсылман дінінің әсерінен адам кейіпін жоғалта бастайды. Бұл ескерткіштерді әдеп-ғұрыптар өтпелі алмасқан ІХ-ХІІІ ғасырларға мерзімдеуге негіз болады (1-сурет,23).

Сонымен бірге қорымда бетіне араб тілінде жазуы бар шағын құлпытастар да кездеседі. Олардың көбісі орнынан қозғалып кеткен. Бірінде: “Абул-хасан шах ІХ ғасырда осы жерде жерленген” - делінген ( Оқыған араб тілі маманы Ш.Тобжанов).

Мұндай дәстүр балбал және бейнесіз тастар қою әдеп-ғұрыптарынан кейін өлкеде өмір сүріп келе жатқан кіші жүз руында көп тараған.

Қорқыт ата мәселесіне байланысты Сортөбе ескерткіштерін және жерлеу қорымындағы зерттеу нәтижесі географиялық, тарихи таным және бейіттердің сыртқы сағаналық құрылымына қарай төмендегідей тұжырымдалады:

1-Қорқыт ата өңірі тарихи-географиялық тұрғыдан оңтүстігінде Жетіасар және батысында “батпақтағы қалалар ”, ертедегі Жанкент, Үлкен Күйік қала,Күйік қала мәдениеттерімен жалғасып жатыр [8]; Бұл жерге Алыпқала мен Рабен сай асарлары жақын. Жаңадария,Қуаңдария арналары да таяу шектеседі. Бұрынғы Сырдарияның бір арнасы Бұйынғақ сайы болған.

2- Таңбаларды және қыш өндірісі деректерін зерттеу нәтижелерін өңір тұрғындарының этникалық мәліметтерімен салыстырғанда, Қорқыт ата қорымында үш жүздің қайтыс болған адамдарының жерленуі Қазақ еліндегі оның қасиеттті орын (пантеон) болғанын көрсетеді.

3-Қорымдардағы бейіттер сыртқы бейнесіне қарай үлгілерге (типтерге): 1) Тас бейіт (дөңгелек,төрт бұрышты түрдегі) ; 2)Шеңберлі (қойқорған) 3)Сатылы сағана (бесік); 4) Үстінде сағанасы жоқ; 5) Мазар ; 6) Мешіт болып бөлінеді

Тас бейіттер қола ғасырдан бастап , ІХ-ХУ ғасырларда пайдаланылып, кейін ислам дінінің әсерінен жоғалған. Бейіттерді баламалық жағынан Алтын Орда қалалары мәдениеті деректерімен шендестіруге болады. Археологиялық қазба мәліметтерімен нақтылағанда Л.Т. Яблонскийдің жіктеуінше: “1-түр. Мавзолей және мешіт территориясында кірпіш сағана астына жерленгендер.2-түр.Табыт асты қапталдық бейіттерге жерлеу. 3-түр.Ағашпен жабылған және жабылмаған, құлпытассыз қатардағы көпшілік қорымға жерленгендер. 4-түр. Мавзолейге орыналасып ,құлпы тассыз ағаш -қималық сағаналарға жерленгендер”,- деп ерекшелеп зерттей түсу қажет [ 9] .

4-Хора (Хуара, не Жуавара,Қорқыт ата)- ертедегі Жанкент қаласының маңында. Ал Сортөбе деп отырғаны - “Қазақстан археологиялық картасында ” (1960 ж.) аталған Қорқыт Ата кешенінің маңындағы Жусандала ертедегі қаласының мұрағаттарына сәйкес келеді.

5- Бұл қорымда Қорқыт Ата жерленген бе, одан әрі мерзімдеу және этнологиялық тегі деген мәселелерді шешу үшін жан-жақты мамандар қатысқан археологиялық зерттеулер қажет.

Сонымен Қорқыт ата өңірі ежелден келе жатқан көшпелі малшылар мен жерөңдеушілер, қала мәдениеттерінің тоғысқан жері. Қорымдағы бейіттер мен маңайындағы тұрақтар деректері Асар дәуірінен (б.э.д. 6 ғасыр) , орта ғасырға мерзімделіп, қазіргі уақытпен жалғасқан Қазақ елінің үш жүзінің қорымы болған [ 8 ]. Осы мәселе жайлы кейбір мәліметтерді толығырақ зияткердің “Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат” ( 2000) атты кітабынан оқуға болады [ 10 ]. Сондықтанда кейбір зерттеушілердің Жусандала , Сортөбе ескерткіштерін құпия қала деп, оны тек қана оғыздардың ескерткішімен баламалап жарнамалаудың жөні жоқ. Ал Хора қаласының орнында 2006 жылы таптым. Бірақ қара археологиялық зерттеушілердің екпінінен сақтанғаннан айта алмай отырмын.

Қорқыт Ата туристтік нысанына , оның сол өңірдің тарихы мен мәдениетіне қатысы, аңызы мен ақиқаты фолклорлық, этнографиялық археологиялық деректері осындай. Аталған кешендегі алынған мәліметтер жергілікті тұрғындардың жадынан тыс қалмасын деп тағы да қайта тұжырымдалып отыр. Осы тұрғыда Түркі дүниесін байытатын уақыт көрпесін жамылып іздеушісін күтіп қордаланып зерттелмей жатқан өзекті этномәдени мәселелер баршылық .

ӘДЕБИЕТ

1. Археологическая карта Казахстана , реєстр, Алма- Ата, 1969.-С.225-250.

2. Сыр өңірі тарихы, Алматы, 1998.- 204-205-б. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия, Т.ІV, Алматы,1989.-73-82-б. Қоңыратбаев Ә. Қорқыт Ата туралы ақиқат пен аңыз. // “Жалын” журналы. 1987. 4. Байпаков К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан , Алматы, 1992.- 92-93 бб.

3. Ибраев Б. Соңғы буының соны қырлары. //“ Білім және еңбек ” журналы, 1985, 2. Қорқыт Ата. Алматы. “Қазақстан” 1993.-63-64 -б.

4. Почвы Казахской ССР, вып. 14. Кзылординская область Алма-ата. 1983.- С.8, 9, 76.

5.Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары.- Алматы. “Қазақстан” 1975.- б.16.

6. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа, Ташкент, 1925. -С.28-30. Аманжолов С. Вопросы диалектологии истории казахского языка, Алма-ата, 1958, С.11-18.

7. Кригер В.А. Железников Б.Ф. Позднекочевнические погребения у пос. Рубежа и алебастрово Уральской области. // СА, Москва, 1980,1.- С.300-306.

8. Левина Л.М. Керамика Нижней и средней Сыр-дарьи в 1 тысячелетии нашей эры , Москва, 1971.- С. 242-255; Итина М.А. История степных племен Южного Приаралья ( ІІ нач. 1 тыс. До н.э.) Москва, 1977.- С.39; Толстов С.П. Города гузов // СЭ, Москва, 1947,3.-67-69.

9. Яблонский Л.Т. Мусульманский некрополь Водянского городища // СА, Москва,1980,1,С.90-104,221.Яблонский Л.Т. Социально-этнические взаимоотношения в Золотоордынском городе ( По данным могильников) // Средневековая городская культура Казахстан и Средней Азии. -Алма-ата. -1963. – С. 221-228.

10. Мәмиев Т. Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат ( Арал өңірінің ежелгі тарихы мен қала мәдениеті) , Оқу құралы, Қызылорда, 2000.-113-126 бб.






Сурет 4. Қорқыт Ата қорымындағы тас бейіттеріндегі ру таңбалары .



М. Б. Шындалиева

Астана қ., Қазақстан
«ЕЛТҰТҚА» КІТАБЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІГІ
1999-2000 жылдары Астана қаласында жаңадан бой көтерген Қазақстан Президенттiк Мәдени орталығы директорының ғылым жөнiндегi орынбасары болады. Ақселеу Сейдiмбек 2000 жылдың шiлде айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық университетi журналистика кафедрасының меңгерушiлiгiне және осы университеттiң профессорлығына қызметке шақырылған еді. Ол бірнеше жыл өз бойындағы мол бiлiмi мен тәжiрибесiн болашақ журналист-қаламгерлердiң шыңдалып шығуына жұмсап, “Журналистика және публицистика жанрлары”, “Журналистiк шығарма-шылық психологиясы”, “Журналистiк шеберлiк” жалпы курстары бойынша, сондай-ақ өзi негiздеп, оқу жоспарына енгiзген “Журналистика және ұлттық дiл: теория мен практика” арнаулы курсынан дәрiс оқыды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң ғалымдары Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғарин және Ақселеу Сейдiмбек үшеуi бiрлесе отырып жазған “Елтұтқа” [1] атты толымды еңбек Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына орай, 2001 жылы “Күлтегiн” баспасынан жарық көрдi. “Елтұтқа” кiтабында соңғы екi жарым мың жыл аясында Қазақстан топырағында ғұмыр кешкен 120-ға тарта тарихи тұлға туралы ғылыми очерктер берiлген. Сөйтiп, алғаш рет Қазақстан тарихын, адамзат тарихының құрамдас бөлiгi ретiнде, жеке тұлғалар арқылы зерделеуге талпыныс жасалған еді. Бұл кiтап айғақ-дерегiнiң молдығымен, тарихи тұлғаларға берiлген бағасының және ғылыми ой-тұжырымдарының сонылығымен назар аудартады.

«Елтұтқа» кітабы мынадай ғылыми-әдіснамалық ерекшеліктерді ескерген. Біріншіден, қазақ даласындағы соңғы екі-үш мың жыл аясында өткен шежірелі тарихты алдыңызға жайып салады. Әйгілі тұлғалар әр ғасырда, әр заманда өмір сүрсе де ел мен жер көсегесінің көгеруін аңсап өткендігін, рух тұтастығын көксегендігіне жүздеген айғақты көлденең тартады. Екіншіден, тарих ғылымында жаңа мойындала бастаған «жаңаша әлеуметтік тарих», «тарихи анропология» деп аталатын соны ізденістер негізінде жеке тұлғалар арқылы тарихты зерделеуді басшылыққа алған. Яғни, адам тарихтың негізгі тұлғасы, адамның сапасы тарихтың қозғаушы күші деген әдіснамалық ұстаным бұл кітаптың өзекті арқауы деуге болады.

Авторлар «Тарих және тұлға» атты кіріспе бөлімінде: ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс деп пайымдайды. Бұл туралы публицист Ж.Әбдіхалық былай ой өрбітеді: «Қазақтың қария сөздерінде, яғни шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени, рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Содан болу керек, қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын, алдымен адам санасын шыңдауға көбірек мән беріледі. Дәл сол сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын алдымен адам туралы мағлұмат беру – басты нысана» [2,5-б]. Расында да дала төсіндегі тарихи еңбектердің барлығы дерлік жеке тұлғалардың өмір дерегін негізге алу арқылы жазылған.

Бұл кітап арқылы ғұмыр деректері баяндалатын тарихи тұлғаларды көз алдыңа елестете отырып, бүкіл Еуразия алабында өмір сүрген түркі тектес қазақ этносының, ұлтының қандай қиын-қыстау өмірді басынан кешкенін, әр тұлғаға арналған деректемелер мен шежіре баяндаулардан сезіп отырасың. Қазақ этносы мен ұлтының тарихи тұрағы, болмысы, әлеуметтік жағдайы, енді ғана жүйеленіп келеді. Басы сонау байырғы заман тұлғаларынан бастап, ғұн, түркі, Алтын Орда, қазақ хандығы, жаңа заман тұлғаларын шежірелеп, саралайды. Кейбір тұлғалар туралы кейінгі кезде күмәнді бағалар етек алып, олардың тарихи орнын айқындауға келгенде әртүрлі пікірлер туындап ғалымдарымыз ымыраға келе алмай жатқан жақтары да бар. Мысалы, Сәкен Сейфуллин туралы пікірлер әралуан. Оны авторлар қазақ ұлтының перзенті ретінде сіңірген еңбегін оң бағалап, тияқнақты байыптаған деуге толық негіз бар.

«Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына жойдасыз еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп санады. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформа-сын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де Сәкен сияқты жүздеген, мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды»[1, 292-б],-дей келе, тарихи тұлғалардың тағдырын оларды таңдаған жол бойынша бағаламай, қаншалықты еңбек сіңіргендігіне қарап бғалау керек екенін ескерткен авторлар: «Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық обьективті ұстанымның да қисыны осы»- дей келе, «Бұл тұрғыдан келгенде Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға» [1, 292-б],- деп баға береді.

Әдебиетіміз бен тарихымызда Қорқыт ата туралы пікірлердің де қайшылықты екені аян. Мұнда Қорқыт ата бейнесі Сыр бойы өлшемінен асып, Сарыарқа алабына дендеп енгенін көреміз. «Қорқыт (ҮШ-ІХ ғғ.) – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күн болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірінде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек» [1, 44-б]. Содан кейін барып Қорқыт ең алдымен күй атасы екені, күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы, ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел болғандығын жазады. Шын мәнінде Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің барлығы күймен сабақтасып, «Қорқыттың күйі», «Қорқыт сарыны», «Қорқыттың елмен қоштасуы» сияқты сарындар бүгінгі күнге жеткен. Түркі халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінге жеткізген халық қазақ болып отыр.

«Елтұтқа» деректілігімен құнды еңбек. Бұл сүбелі дүниеде қазақ ұлдары мен қыздарының жалаң тізбесі емес, олардың мәртебесі, ұлттық және әлемдік өркениетке әкелген жаңалығы деректік негізде баяндалған.

Ақселеу Сейдiмбек ел iшiне кең тараған “Сарыарқа”, “Дәурен-ай”, “Ақтамбердiнiң толғауы”, “Алтын асық”, “Арарай”, “Арман-ай”, “Есiңде бар ма жас күнiң”, “Гагигай” сияқты көптеген әндердiң авторы. Бұл әндер Жәнiбек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тiлеуханов сияқты әншiлердiң репертуарларынан орын алған. Оның қазақ ән өнерi туралы Жәнiбек Кәрменовпен бiрлесiп жүргiзген сегiз телехабары қазақ теледидарының алтын қорына қосылған рухани қазына. Бұл хабарлар сериясында ол Жәнiбек Кәрменовке қазақтың жүзге тарта классикалық әнiн айтқызып, тарихи-эстетикалық түсiнiктер берiп отырады.

А.Сейдімбектің тарихи-танымдық, этно-мәдени мұраларынды зерттегенде түйінді мәселелерді қозғай отырып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің мәселелерін кең ауқымда көтере отырып, қазақ елінің даму жағдайларына жаңа көзқарас орнықтыруда құнды пікірлер айта білуімен ерекшеленеді. Ол өзiнiң ғылыми-шығармашылық iзденiстерiнде ұдайы ұлттың рухани дәулетiн еселеп, бұрын iз түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсiресе, халық мұрасының еленбей жатқан қырларын түгендеп отыруға айырықша құштар. А.Сейдімбек өзінің тарихи-танымдық шығармаларында қазақ даласындағы соңғы екі-үш мың жыл аясында өткен шежірелі тарихты сөз етеді. Әйгілі тұлғалар әр ғасырда, әр заманда өмір сүрсе де ел мен жер көсегесінің көгеруін аңсап өткендігін, рух тұтастығын көксегендігіне жүздеген айғақты көлденең тартады.

Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғарин және Ақселеу Сейдiмбек үшеуi бiрлесе отырып жазған “Елтұтқа” атты толымды еңбегінде тарихи-танымдық шығармаларында қазақ даласындағы соңғы екі-үш мың жыл аясында өткен шежірелі тарихты сөз етеді. Әйгілі тұлғалар әр ғасырда, әр заманда өмір сүрсе де ел мен жер көсегесінің көгеруін аңсап өткендігін, рух тұтастығын көксегендігіне жүздеген айғақты көлденең тартатын құнды оқу құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет