А. А. Нұрғалиева
PhD докторанты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті, Қызылорда қ., 120014, Қазақстан Республикасы
e-mail: nurgalieva090909@mail.ru
МҰНАЙЛЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ
БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан аумағының көп бөлігінің антропогендік тұрғыда
игерілуі аймақтың табиғи ортасына, әсіресе флорасы мен фаунасына
белгілі-бір деңгейде әсер етуде. Табиғи ортадағы антропогендік
іс-әрекеттер оған келіп түсетін ластағыш заттардың көлемін
арттырып, биосфераның барлық компоненттеріне кері әсер етіп,
биологиялық алуан түрліліктің жойылуына әкелуде.
Осындай экологиялық проблемалардың ішінде мұнайлы
аймақтардың қоршаған ортаны ластауы қазіргі таңда өзекті
мәселеге айналып отыр. Мұнайлы аймақтардың географиялық
алып жатқан орнына келсек, ол еліміздің батыс бөлігі Каспий
маңы аумақтарын қамтиды. Мұнай өндіру топырақтың химиялық,
физикалық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауына, ондағы өсімдіктер
дүниесінің өзгеруіне, тіптен кейбір түрлерінің жойылуына әкеп отыр.
Биологиялық алуан түрліліктің жойылуы қазіргі таңда нақтылы
экологиялық қауіп-қатер төндіруде, олардың азаюының салдары
онымен қоректік немесе басқа да тығыз байланыстағы бірнеше
түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеп соқтырса, санының белгілі
бір шамадан төмендеуі оларды қайта қалпына келтіре алмайды.
Мысалы, өсімдіктердің шекті шамасы бірнеше мың дарадан кемімеуі
тиіс.
Кілтті сөздер: табиғи орта, мұнайлы аймақ, ластанғыш
заттар, экологиялық қауіп-қатер, Каспий маңы, экожүйе.
КІРІСПЕ
Каспий маңы аумақтарында өсімдік жамылғысының таралуы біркелкі
емес, әрі өсімдіктері өте қатал экологиялық жағдайда (климаттың қуаңшылығы,
температураның құбылмалығы, топырақтың тұздылығының артуы, т.б.)
өсіп жетілуде, осыған орай өсімдік жамылғысының түрлері өте аз. Ол осы
аймақтардағы өсімдіктердің биоэкологиялық ерекшеліктерінің географиялық
орналасу жағдайына байланыстылығын және өсімдіктердің өсіп-өнуінің
әртүрлілігін көрсетеді [1].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мұнайлы аймақтардағы өсімдіктердің биоэкологиялық ерекшеліктерін
жоғары оқу орындары биология мамандығы бойынша білім алушыларға
оқытудың маңыздылығы өсімдік әлемінің флористикалық құрамына
мониторинг жүргізу арқылы бұзылған экожүйелерінің өсімдік жамылғысына
сипаттама беруді қарастырады. Бұл өз кезегінде лабораториялық/ практикалық
сабақтарда немесе далалық оқу практикасында білім алушылардың өздігінен
ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік береді. Лабораториялық/
практикалық сабақтарда немесе далалық оқу практикасындағы зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыруда оқытушы білім алушыларды зерттеуден күтілетін
нәтижелермен таныстырып, оқу тапсырмаларының түрлерін ұсынады.
Далалық оқу практикасы биологиядан мамандар дайындаудың маңызды
кезеңі, ол жұмыс оқу жоспарында қарастырылған. Далалық оқу практикасы
жүйелі және морфологиялық-экологиялық бағытта ұйымдастырылады.
Лабораториялық жұмыстарды немесе далалық оқу практикасын оқу
үдерісіне енгізу теориялық білім мен практиканы байланыстыруды көздейді. Ол
жұмыстарды орындау арқылы білім алушыларда тәжірибелік және практикалық
сипаттағы біліктері мен дағдылары қалыптасып, танымдық қабілеттері дамиды
және өмірлік жағдаяттарға лайық белсенділігі артып, өздігінен жұмыс
жасауды меңгереді. Ол үшін оқытушы алдын-ала лабораториялық жұмыстарды
орындаудың әдістемесін ойластырып, білім алушылардың жұмыс жасау алаңын
дайындайды [2, 3].
Мұнайлы аймақтардағы өсімдіктердің биоэкологиялық ерекшеліктерін
анықтауда далалық оқу практикасы ұйымдастырылып, сол маңдағы
алаңқайларда өсіп тұрған өсімдіктер мен өсімдік жамылғылары бақылауға
алынады. Мақсат-міндеттері осы аймақтардағы өсімдіктердің түрлі экологиялық
жағдайдағы қоректену ортасына сәйкес олардың таксономиялық топтарын,
биологиялық, морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін анықтау
болып табылады. Білім алушылар осы мақсат-міндеттерді орындауда теориялық
білімдерін, яғни биологиялық номенклатураны, өсіимдіктердің систематикалық
категорияларын (түр, тұқым, тұқымдас) естеріне түсіреді.
Білім алушыларға кез-келген өсімдіктер қауымдастығына геоботаникалық
ғылыми сипаттама жасау үшін зерттеу жұмыстарын қандай реттілікпен
жүргізудің келесідей алгоритмі белгіленді:
– алдымен өсімдіктер дүниесінің толық құрамын анықтау;
284
285
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Достарыңызбен бөлісу: |