Научный журнал



Pdf көрінісі
бет74/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
айта білетін, өзіне қабылдайтын және қоғамның белсенді, өмірге деген 
қалпы қалыптасады. Осындай бала, жамандықтан, нашақорлықтан, шылым 
шегуден, ішімдіктен аулақ болады. Сонда ғана болашақ ұпаққа біздер 
алаңсыз боламыз.
Әрбір музыка сабағы – өз өзіндік шығармашылық, әрбір оқушының 
жүрегіне баратындай өмір сабағы, осының ішінде орындаушылық өнер де (ән), 
баланың сезімталдығының, ойының, білімділігінің төгілуі, бірлігі деп білеміз. 
Сондықтан, бірінші талап, ол мұғалімнің шығармашылық деңгейі: 
кәсіби музыкант, музыкалық аспаптарды игеру шеберлігі, дауысы, 
байсалды сөйлейтін сөзі мен іс әрекеті, сыныппен ұщтасуы, балаларға деген 
құрметтілігі мен махаббаттылығы мен, сабақты құрастыру мен жүргізу 
ізденісі, қайырымдылық, сергектілігі мен ашықтығы, музыка туралы ашық 
пікірі, сабақтағы әрекет сезімділігі, қарапайым, жеңіл, табилығы – осының 
бәрі музыка мұғалімнің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. Осындай 
қасиеттер әр мұғалімде болса, Отанымыздың болашақ азаматтарына алаңсыз 
сенеміз және де мұғалімнің жетістігі деп есептеуге болады. 
Музыка мұғалімі – ол балалардың жүрегіне, өнерге деген қызмет 
атқарушы. Мейірімділік, сұлулық, әдемілік арқылы музыканы түсіну, 
білу, орындау – адамның сезімталдығы, эмоциясы, құштарлығы, ойы, адам 
арасындағы қарым-қатынасы, мәдени мұрасы, ұрпақтан ұрпаққа көшуі, 
эмоциялық – өнегелік қатынасы – музыканы, өнерді, мәдениетті терең түсінуі.
Сондықтан, жаңадан ізденіс жүргізу, жаңадан әдіс – формаларды 
қолдану, өзінің жан-жақты қөзғарасы мен кәсібилігін дамыту – міне музыка 
мұғалімнің шығармашылық әрекетінің нәтижесінің жемісі.
Музыка сабағының қандай да болса кезеңі, әрекеті интонациялық 
атмосфера құруылында. Вокалды-хор жұмысы да, жоғары айтылған 
талаптарды сұрайды. Қарпайым әуен, бір дыбыс болса да, әндер мен қүрделі 
шығармалардаң үзіндісін үйрету барысында ерекше әдіс – тәсілді сұрайды, 
бұл ойнақы тәсілі ме, басқадай қызықтыратын әдісі ме – бәрі баланы 
музыкаға деген ұштарлығы, қызығушылығы, белсенділігі әсер етеді, баланың 
музыкалық көзғарасы мен көркемділігі арта түседі. Әдемілік, сұлулық, 
жақсылық пен жамандықты айра білетіні, қайырымдылық пен өнегелік, 
адамға деген жақсылық жасау ұғымдар арқылы бала басқадай сабақтарға 
көзғарасы өзгереді.
Әр баланың жүрегінің астында осылар жатыр, талап, талант болама, 
болашақта қоғамның мәдениетті азаматы болама, біздің міндетіміз шығару, 
дамыту, үйрету. Сонда ғана біздер жас ұрпаққа алаңсыз боламыз, бұзақылық, 
темекі шегу, арақ ішу, нашақорлықпен айналысу дегенді білмейміз. Міне, 
нағыз, бүгінгі қоғамның азаматы осы деуге болады. 
Сол себептен біздің жасап жатқан іс шаралар куә деп санауға болады. 
Әндер жинақтар болып шығару, оған қоса фонотека (минус) жазылуда. 
Ол деген, жасыратыны жоқ, неше түрлі себептерді қаруға аламыз, дағадарыс 
бүгін, қаражаттың жоғы не берілген стандарт, штамп – біздің, қоғамның 
негізгі жауы. Манамдықтар бар, техникалық құралдар бар, әдістемелік-
әдебиеттер бар, тек қана қолдау керек деп әсептейміз. Сондықтан музыка 
мұғалімін қоғамның мәдени өмірінің ұйтқысы, негізгі кейіпкері деп 
айталамыз.
Музыка, ән арқылы рухани жаңғыру мақсатына жетеміз, шешеміз, 
барамыз. Осы күні музыка бағдарламалырына міндетті түрде халық әндерін 
сұраптап еңгізу керек екенін көзіміз жетті. Балаларға халық әндерін үйретіп, 
әндетіп, тәрбиелесек, сонда ғана балалар халықтың тарихын, өмірін, мұрасын 
біле аладыды (оған музыка мұғалімнің шеберлігі, міндеті). 
Бастауыш сыныпта оқушылар «Елім-ай», «Бір бала», «Алатау» т.б. 
халық әндерін үйреніп орындаса, оқушылардың сұранысы болады. Мұғалім, 
халық әндерін айтайықшы, әндетейікші, орындайықшы деген сұрақтар 
туады? Бұл мұғалімнің жетістігі, үйретті, тәрбеледі, қызықтырды. Бала 
халық әндеріне қызығып, әндеттсе, басқа әндерге сол көзғарастары туады.
Музыка сабағындағы вокалды – хор жұмыстары басымды, ұтымды, 
тәрбиелі деп білеміз. Сабақтың ән репертуарын орындайтын вокалдық 
жаттығулар да осы мақсатты көздейді. Әншілік шеберлігі, дауысты қалпына 
келтіру, музыка әуенін, әнді түсіну, сөз мәтіні мен әуен мазмынының бірлігін 
сезе алатын болса, музыка мұғалімнің ұлкен жетістігі, қуанышы деп айтуға 
болады.
Сондықтан музыка сабағында ән репертуарын, вокалдық – хор 
жұмыстарын жандандыру керек екенін мақсатына жеттік деуге болады.
Мысалы: 
– «Кеңес» халық күйі, күй-музыка ретінде тыңдалады, үйретіледі, күйдің 
ырғағына келтіріп билейді («Кигіз басу»), күрделі жанырға («Қыз Жібек» 
операсы) қосылып әндетіп орындалады; 
– «Өнерпаз баламыз» сөзі Қажымұрат Смағұлдікі, музыкасы Назымбек 
Дүкенбайдікі (қарапайм әуен, негізгі төрт жанр, сөзіне байланысты музыкасы 
әнді, биді, күйді, маршты білдіреді);
– «Менің Отаным», «Менің отбасым», «Үй жануарлары», «Дала 
хайуанаттары» музыкалық-поэзиялық миниатюралар, «Ән салатын Әліппе» 
сахналық көрініс т.б. әндерді қолдану өтімді де, бүгінгі уақыт талабына сай 
деп білеміз;
– Жаңа жыл ертеңгілікте балалар «В лесу родилась елочка» әнін айтады, 
«Ой, мои, цыплята» – ны билейді, басқа әндер жоқ сияқты, не оны қазақшаға 


132
133
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
аудару деген қасиет қалмапты. Оның орнына «Жасыл шырша», «Балапан» 
сөзі Сайрангүл Жүсупованікі, музыкасы Назымбек Дүкенбайдікі, әндетіп 
билеуге болады;
– Өтірік өлең-ән «Қызықтар» әндетуге, билеуге, ырғақ қимылдарын, не 
соқпалы аспаптармен сүйемелдеуге болады с.с. үлгілер бар.
Осындай жұмыстармен айналысып жүрген адамның бірі, ұстаз-сазгер 
Назымбек Дүкенбай. Балаларға, оқушыларға, жастарға арналған әндері 
біршама, 200 ден аса әндері бар.
Сондықтан, жаңадан ізденіс жүргізу, жаңадан әдіс – формаларын 
қолдану, өзінің жан-жақты қөзғарасы мен кәсібилігін дамыту – міне, музыка 
мұғалімнің шығармашылық әрекетінің нәтижесінің жемісі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіздігіміздің арқасында Отанымызға жаңа уақыт, жаңа заман
жаңа салт-дәстүрлер, ерекше керемет мерекелер, тарихи кезеңдер келді. 
Балаларды, оқушыларды, жастарды тәрбиелеу мақсатында, білім беру, 
өмірлік көзқарастырын өзгерту, рухани байлық-құндылық жағына көңіл 
бөлу Президентіміздің бағдарламалық мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бүгінгі күннің мақсаты, бағыты, талабы.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Дүкембай, Н. С., Дүкембай, Г. Н., Кудерина, А. Е. Музыкальный 
казахский. – Павлодар, 2016. – 210 б. – ISBN 978-601-238-623-3. 
Дүкембай, Н. С. Балаларға арналған әндер. – Павлодар, 2014. –110 
б. – ISBN 979-0-803852-53-1 
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
Н. С. Дүкембай
1
, Г. Н. Дүкембай
2
, А. Махамбетова
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет