Научный журнал



Pdf көрінісі
бет76/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі тәрбие міндеттерін 
төмендегідей дереккөздері: «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында [3], 
2016–2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасында [4]; Қазақстан халқы Ассамблеясының 
«Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» [5]; Қазақстан Республикасының жеке 
басын және бірлігін нығайту және дамыту тұжырымдамасында [6]; Қазақстан 
Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа жол» Жолдауында [7]; 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
Жолдауы шешуге ықпалын тигізеді. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру 
бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы [8]. Зерттеудің міндеттері танымның жалпы ғылыми әдістері мен 
пәнаралық тәсілдерді қолдану негізінде ашылады.
Елбасының тапсырмасымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленді. 
Бұл құжаттың мемлекеттік маңыздылығы Қазақстан білім ұйымдарының 
басшыларын, мұғалім-практиктерді патриоттық тәрбиенің жеті қағидаты 
формасындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру жұмыстарын 
жүргізуге белсенді кірісуге міндеттейді. Тәрбие іс-әрекетінде, сыныптан тыс 
оқытуда, аталған бағыттар бойынша жұмысты күшейтудің қажеттігі оны 
жандандырады.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Назарбаев зияткерлік 
мектептерінің тәжірибесін республика мектептеріне тарату, «Мәңгілік Ел» 
идеясының маңыздылығын сабақта және сабақтан тыс уақытта білім беру 
саласындағы оқу пәндерінің үлгілік оқу жоспарларын кіріктіру арқылы ашып 
көрсету қажет.
Б. Момышұлы «Патриотизим – Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, 
жеке адамның аман-саулығы, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни 
патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық 
жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді», 
– дейді.
«Қазақстандық патриотизмнің» ерекшелігі – тек қазақтардың ғана емес, 
кең-байтақ елімізді мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің тілегінің ортақ 
болуы, өзі мекендеп отырған елдің тағдырына алаңдап, жанашырлық жасауы. 
Отаншылдық – жерге деген іңкәрлік, халқының жетістігі мен еліңнің игілігіне 
қуана білу, ол – үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде санада біртіндеп қалыптасатын 
ұлы сезім. Қазақстандық патриотизм өн бойына рух пен намысты жинақтаса, 
келешегіміз кемел, ұрпағымыз алғыр болары хақ.
Патриоттық тәрбие берудің ең күшті құралының бірі өлкетану болып 
табылады – табиғатты тану, туған өлкенің шаруашылығы мен тұрғындары, 
жергілікті қауымдастықтың өмірін жақсарту мақсатындағы олардың өткені 
мен қазіргісі. Бұл бағыт өзінің бейнесін білім берудің өңірлік қағидаттарынан, 
оқушылардың туған өлке туралы толық, терең мазмұнды білімі мен туған өлке 
табиғаты мен туған жерге деген махаббат сезімінен, өз халқының салт-дәстүріне 
арналған құрметінен табады.
Ұлттық-өңірлік компонентте таңдалған педагогикалық, географиялық 
материалдар:
– тұрғылықты мекеннің тарихи, мәдени, ұлттық, географиялық табиғи-
экологиялық, өзіндік ерекшелігін;
– аймақтық даму ерекшелігін ашумен түсіндіріледі;
Өңірлік-өлкетану компонентін іске асырудың рөлі «Мәңгілік Ел» 
құндылықтары «Тарих және География» саласындағы кіріктірілген сыныптан 
тыс іс-әрекет бойынша өсе түседі. 
«Туған өлке» ұғымы пәнаралық болып саналады, мұнда биология, экология 
бойынша білім қажет. Бұл іс-әрекеттің құрамына география, тарих, биология 
пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушылары, ата-аналар кіретін шығармашылық 
топтағы зерттеу жобаларының түрі ерекше қызықты және өнімді. Мектеп 
базасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты ізденушілік-зерттеу тобы құрылуы 
мүмкін, оның қатысушылары 11–16 жастағы балалар [8, 15 б].
Біз айтатын кез келген білім мен тәрбие туралы (ұлттық, діни, заңдық, саяси 
және т.б.), оның мәні әрқашан бірдей – жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. 
Адам өзінің ұрпағын өз идеялары бойынша, сондай-ақ өмір сүретін қоғамның 
талаптарына сәйкес көтеруге тырысады. Бұл тапсырманы орындау білім беру 
саласының ұстанымдары мен қоғамның талаптары сәйкес келетін кезде тиімдірек 
болады. Бұл үшін әртүрлі жағдайлар – жалпы және жеке, объективті және 
субъективті және т.б ескерген жөн. Тәрбиелеудің әдіснамалық негізіне ең көп 
тараған және ең тиімді жағдайлар жатады.
Қазақстанда этномәдениетті, азаматтық және ұлттың жалпыұлттық 
тұжырымдамасын іске асыру қажет, өйткені бұл тәсілмен ұлттық идеяны ұлттық 
білімнің (оның қазіргі мағынада) әдістемелік негізі ретінде қарастыра аламыз.
Келесі маңызды ұғымдар:
– ұлттық тіл (ұлттың даму процесінде қалыптасқан тіл және т.б.) оның 
жазбаша және ауызша қарым-қатынасы, ұлттық мәдениетті беру);
– ұлттық құндылықтар (олардың өкілдерінің рухани мұраттарының 
жиынтығы немесе басқа да тарихи этникалық қоғамдастықтар түпнұсқалық – 
отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және т.б.);
– ұлттық өзін-өзі тану (көзқарас, бағалау, пікір және көзқарастар жиынтығы) 
мүшелердің өкілеттілігінің мазмұнын, деңгейін және ерекшеліктерін білдіру;


138
139
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет