134
135
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831
Педагогикалық сериясы № 1. 2018
ҒТАМР 14.15.15
А. А. Жакупов
1
, Б. К. Хасенова
2
1
ғылыми қызметкер, жетекші, ҚР БжҒМ Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, Астана қ., 010000, Қазақстан Республикасы;
2
аға ғылыми қызметкер, ҚР БжҒМ Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім
академиясы, Астана қ., 010000, Қазақстан Республикасы
e-mail:
1
jakypov-alt@mail.ru;
2
baxit070162@mail.ru
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ НЕГІЗІНДЕ
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бұл мақалада авторлар Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы
және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім.
Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында қабылданған
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін негізге алған. Зерттеу жұмысының
әдістемелік және теориялық негізін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2017
жылғы Қазақстан халқына жолдауы құрайды. Ретроспективті және
салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар
және жүйелі-құрылымдық, тарихи-философиялық, институционалды
талдау әдістері нәтижелерге жетуге арқау болды. «Мәңгілік Ел»
ұлттық идеясының құндылықтарын кең педагогикалық және ата-ана
қоғамдастығының арасында ілгерілету. Сонымен қатар, «Мәңгілік
Ел» жалпы ұлттық идеясын білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел»
патриоттық актісі негізінде білім беру процесін ұйымдастыру жолдары
ұсынылады.
Кілтті сөздер: Қазақстандық патриотизм, ұлттық тәрбие,
«Мәңгілік Ел».
КІРІСПЕ
«Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп
алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі
дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең
дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,
ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Өткен тарихымызға
тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де
«Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын [1]. Халықты
бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел
халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті
сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені тәуелсіздік
ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш
тұлғаларының зердесі мен өнгесімен келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік
Ел» – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем
елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу үшқан,
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақыттты Ел болу еді. Біз армандарды
ақиқатқа айналдырсақ. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамды «Қазақ
елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түседі.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз
мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі
– мәңгілік мұраттарына қол жеткізді [2].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Еліміздің ғылыми, мәдени қайраткерлері мен зиялы қауымдары «Мәңгілік
Ел» идеяларының ұлттық идеяларын іске асырудағы түрлі бағыттармен
айналысып оны қалыптастыруда. Біздің пайымдауымызша негізгі бағыт – бұл
қазіргі заманауи білім деп есептейміз.
2017 жылдан бастап елімізде жастарға арналған тегін білім алатын дуальды
техникалық және кәсіби білім жүйесін дамытатыны туралы кепілдік берілді.
Сонымен қатар, заман талабына сай үштілдік басымдықты растай отырып, яғни
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылатын болды.
Қазіргі өскелең ұрпақтың білім алуы көбінесе мемлекеттің қоғамдық
құрылысына байланысты болып келеді. Елімізде жастардың болашағы үшін
көптеген жағдайлар жасалуда. Бәсекеге қабілетті елдер арасында оқушылардың
тесттілеу және TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулер жүргізіледі.
Оқушылардың жаратылыстану-математикалық, оқу және функциональдық
сауаттылығы тексеріледі. Халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша ұлттық
есеп жасалады, нәтижесінде біздің мектептерде келешекте үздіктер қатарынан
көрінуіне өзгерістер жасауға болады. Осындай тәуелсіз бағалау нәтижесінде,
қазіргі өскелең ұрпақтың білімділік деңгейінің артуына өзіндік септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізін Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауы құрайды.
Ретроспективті және салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі
тұжырымдамалар жәәне жүйелі-құрылымдық, тарихи-философиялық,
институционалды талдау әдістері нәтижелерге жетуге арқау болды.