192
193
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831
Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдығын арттыру, сабаққа деген
қызығушылығын ояту және тақырыпты меңгерту мақсатында өткізілген ойын
сабақтары тартысты және өте қызықты өтті. 22 оқушының 15-і тапсырмаларды
өте жақсы орындады, 5 оқушы орта деңгейде, 2 оқушы төменгі деңгейде болып,
тапсырмаларды орындай алмады. Оқушылардың сабаққа ынтасы артып, жеңіске
жетуге деген қызығушылығы арқасында тапсырмаларды жылдам, әрі дұрыс
орындауға тырысты.
Зерттеу жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелеріне сай
сабақта ойын технологияларын пайдаланудың тиімділігі бойынша мынадай
қорытынды жасай аламыз:
– ойын арқылы қоршаған дүниені, бейнелей отырып, олардың өмірге
көзқарасы қалыптасады. Шығармалық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде
сенімі артып, күш-жігерін
молайтуға жол табады;
– ойындардың оқу-тәрбиелік сипаты да терең. Ойындар арқылы оқушылар
индукция мен дедукция салыстыру және ұқсастық талдау түрлерін меңгереді;
– ойын оқушылардың алған теориялық білімдерін практика жүзінде
ұштастыруға тереңдете түсуге, оларды байқағыштыққа, танымдылыққа
тәрбиелейді;
– ойын бала дамуының негізгі құралы.
Ойынды балалардың жас
ерекшелігіне пәннің мазмұнына сәйкес сұрыптап пайдалану орынды;
– математикадан ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып
оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Оқушының ой-өрісін,
дүниетанымын кеңейтуге де зор ықпалы бар.
2-сыныпта үлгерімі төмен балалардың ой түйіндеуге және сабаққа
деген қызығушылығын арттыру арқылы, оқу үлгерімі жоғарылайтындығын
мониторинг жүргізіп, зерттеу көрсеткіштерінен байқадық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш сыныптарды математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін
дамытып, бағдарламада өтілген негізгі мағлұматтарды тәжірибеде қолдана
білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын
арттыруда өткен
мәліметтерді өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде
дидактикалық ойынның мән-мағынасы өте зор. Сабақта өтілген мәліметке
сәйкес дұрыс жүргізілген ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын,
белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізетінін көрсетті.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасатынын, ойын
айналадағы болмысты бейнелейтінін және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын
дамушы тұлға ретінде бағыттайтындығын байқадық. Жаңа білім стандарты
бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім
алу арқылы қойып отырғандықтан, ойындарды тиімді пайдаланып, біз оқушы
тұлғасын білім арқылы дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып нәтижеге қол
жеткіздік.
Ойынның қатысымдық қызметін балаға шынайы күрделі адамдық қатысым
аясына енуге мүмкіндік беретін дерегін айқын көрсете білдік.
Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан:
интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін
диагностикалауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ойын – баланың өз күшін
нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын, өзін-
өзі көрсету аймағы болып табылатынын байқадық.
Ойынның түзеу қызметі арқылы баланың тұлғалық құрылымының
көрсеткішіне
жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу арқасында
белсенділіктерін көрсетті.
Ойынның дамытушылық қызметі оның ең маңызды қызметтерінің бірі
болғандықтан, біз математика сабағында ойындарды тиімді пайдалану арқылы
оқушының логикасын дамыта отырып, сапалы білім алуға жол ашатындығын
зерттеу нәтижелерінен көрдік.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1
Назарбаев, Н. Ә. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2015, 30
қараша. – 2 б.
2
Баржықпаева, С. Көрнекілікті тиімді пайдалану // Бастауыш мектеп. –
1991. – № 8. – 46–48 б.
3
Ыбыраимжанов, Қ. Т. Ойын технологиясын бастауыш сыныптардың
педагогикалық үдерісінде пайдалану. – Алматы, 2016. – 37–45 б.
4
Құрманалина, Ш. Х., Қосанов, Б. М. және т.б. Математикадан
дидактикалық материалдар.1, 2-сыныптар. – Алматы : «Атамұра», 1997–1998.
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
М. А. Кененбаева
1
, Т. Б. Досалы
2
Достарыңызбен бөлісу: