Не журналистика кафедрасы



бет25/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Лекция 5
Тақырыбы: Сюжет пен фабула
1. Көркем шығармадағы сюжеттің атқаратын басты көркемдік-идеялық қызметі.Сюжет пен фабула туралы ой-пікірлер.
2. Сюжеттің автор дүниетанымы мен идеяға қатыстылығы.
3.Сюжет және көркем тартыс.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б




2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б

4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Тайманова С. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. ‒ Қызылорда, 2018. - 169 б.
7.Әбдезұлы Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ әдебиеті. ‒ Аматы: «Қазақ университеті», 2019
8.Мәмбетов Ж. Әдебиеттің эстетикалық негіздері. Оқу құралы. ‒ Алматы: Қазақ университеті, 2019
9.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. ­-Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
10.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
11.Қабдолов 3. Сөз өнері. 1992; 2002;
12.Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы. А.,2003


Өмiрдiң тұтас көрiнiсiн, адамдардың, оқиғалардың, жағдайлардың, ой-сезiмдердiң күрделi байланысын көркемдiкке ұластыру алуан түрлi бейнелеу құралдары арқылы iске асады. Бiрiншiден, барлық қаламгерге ортақ нәрсе – тiл. Тiл арқылы ой-сезiмге әсер ететiн сөздiк образдар жасалады.
Екiншiден, өмiрден алынған құбылыстардың әдеби шығармада жаңа бейнеге ауысуы алдыңғы планға оқиғалар қозғалысынан (эпикалық, драмалық шығармаларда) немесе ой-сезiм қозғалысынан (лирикалық шығармаларда) туындайтын сюжеттi шығарады. Сюжетте жалпы адам болмысы, алуан-алуан тағдырлар, қарама-қайшылықтар мен қоғамдық тартыстардың мәнi ашылады.
Үшiншiден, идеялық-көркемдiк ойды жүзеге асыру үшiн бiрде кейiпкерлер сөзiне, бiрде суреттеуге, бiрде авторлық баяндауға, бiрде диалогқа немесе монологқа, бiрде автордың лирикалық толғанысына, бiрде кейiпкердiң ақыл-өсиетiне, хаттарына, күнделiктерiне жүгiну қажеттiгi әр шығарманың құрылымын анықтайды. Бұл әдебиет теориясында композиция деп аталады.
Ақырында, төртiншiден, қаламгер атаулының шығармашылық ой-ниетi қашанда нақты бiр әдебиеттiң тегi мен түрiне тiкелей қатысты болатыны және бар.
Әр қаламгер бұл айтылғандардың әрқайсысын өз шығармашылығында өзiнше пайдаланады. Соған орай, бұлардың әр қаламгер шығармашылығында, тiптi бiр ғана қаламгердiң түрлi шығармаларында түрлiше көрiнiс табуы заңды құбылыс. Онда “фабула” дегенiмiз не, “сюжет” дегенiмiз не нәрсе? Бұл терминдер көркем шығармадағы оқиғалар жиынтығын бейнелейдi. Кейбiр зерттеушiлер “сюжет” пен ”фабуланы” синоним терминдер ретiнде алса, екiншiлерi бiр ғана “сюжет” терминiмен шектеледi. Шындығында, сюжет пен фабула – бiр мәселенiң екi жағы. Бұлай қарастыру олардың сыртқы айырмашылықтарын ғана емес, iшкi терең мәнiн де дұрыс түсiнуге септiгiн тигiзбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет