Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет3/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
алпысбаева акмарал

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы және грамматикалық құрлысында етістік ерекше орын алатын сөз табы екені белгілі. Өйткені есімдер тобы іштей зат есім, сын есім, сан есім, есімді болып жүйеленгенімен, оларды біріктіріп қарауға мүмкіндік беретін көптеген лексика-семантикалық та, фонетика-морфологиялық та, синтаксис- стилистикалық та тұтастықтар бар, ал етістік өзінің жаратылысы жағынан бұлардан мүлдем өзгеше
Етістік қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы. Яғни заттың қимылын, күйін, белгісін, көңіл- күйдің, қарым – қатынастың қимыл түрінде өзгеру процесін білдіретін сөздер етістік деп аталады. Етістік сөз таптарының ішіндегі ең көлемді де күрделісі болып саналады. Себебі етістік өзгергіш, сөйлем құруда, сөз тіркесін жасауда өте икемді түрде үлкен қызмет атқарады. Етістіктердің грамматикалық құбылыстары әр алуан және олардың орамды қолданылуы оның ерекше белгісі болып табылады. Етістік есім сөздердің септік формаларын меңгереді, сөйтіп, басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түседі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөздің семантикалық жағын зерттеу қазіргі кезде тіл білімінің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Етістіктің лексикада алатын орыны өзгеше. Әсіресе, етістіктің семантикасы, оның лексика-семантикалық топтары қазіргі таңда ғалымдарымыздың назарын аудартып отыр. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы аз да болса зерттеліп келеді. Алайда, бұл ғылыми жарық көрген еңбектер мен мақалаларда етістіктердің лексика –семантикалық топтары жайында толық талдау кездеспеді. Лингвистикада лексика-семантикалық топ бірлі - жарым зерттелген мәселелердің бірі болса да, оның ашылмаған қыр –сырлары да жоқ емес. Мәселен, ғалымдарымыз лексика – семантикалық топ құбылысы жайында сөз еткенде есім сөздерге ғана тоқталады, ал етістіктердің лексика – семантикалық топтары болатындығы ескерілмейді.
Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетін болса, етістіктердің лексика -–семантикалық топтары бұл орайда үлкен қызмет атқарады. Осы орайда қазақтың қазіргі бай, мейлінше жетілген көркем шығармаларында етістіктердің лексика-семантикалық топтарын қолданудағы орны айрықша екендігін нақты фактілермен жүйелеп көрсету қажеттілігі туындайды. Осы мәселелердің барлығы етсітіктердің лексика – семантикалық топтарын зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет