О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
химия рус (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Аэрозольдер деп қандай жүйелерді атайды? Олар қалай белгіленеді? 
2. Аэрозольдердің жіктелуі. 
3. Аэрозольдерді алу əдісі қандай топтарға бөлінеді? 
4. Аэрозольдер қасиеттері қандай негізгі факторлармен анықталады? 
5. Аэрозольдер мен лиозольдердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? 
6. Термофорез, термопреципитация, фотофорез құбылыстарының негізі неде? 
7. Аэрозольдер мен лиозольдердің электрлік қасиеттерінің айырмашылығын 
атаңыз. 
 
9-сурет.
Электрсүзгінің 
сұлбасы


78 
V тарау 
 
ҰНТАҚТАР 
 
Өндіріс пен ауыл шаруашылығында сол секілді тамақ өнеркə-
сібі мен өндірісінде қолданылатын көптеген заттар мен шикізаттар, 
тауарлар ұнтақ күйінде кездеседі, мысалы, ұнтақ отындар, күйе, ұн, 
крахмал, құрғақ бояулар мен пигменттер, цемент, бор сияқты 
құрылыс материалдары, минералды жəне органикалық тыңайт-
қыштар, дəрі-дəрмектер мен иісті препараттар, тағам өнімдері 
жəне басқалар.
Ұнтақтар өзінің көптеген сипатына орай аэрозольдерге өте
жақын, тіпті, оны қатты дисперстік фазасы жинақталған аэрозоль 
ретінде қарастыруға да болады. Ұнтақтарға ірі дисперстік, седи-
ментациялық тұрғыдан тұрақсыз жүйелерді жатқызуға болады. 
Ұнтақ бөлшектерінің өлшемі жəне оған тікелей тəуелді болатын 
олардың меншікті беткі қабатының қолданбалы мəні зор. Айталық, 
бояу реңінің ашықтығы мен бояғыштық қабілеті, тамақ өнімінде 
қолданылатын ұнтақтардың дəмділігі, тағы да басқалар олардың 
дисперстілік дəрежесіне байланысты. Ал ондағы бөлшек өлшемін 
микроскоптық, седиментациялық жəне елеу əдістермен анықтауға 
болады. Ұнтақтағы бөлшектердің меншікті беткі қабатын, азоттың 
бөлшектерге адсорбциялануымен немесе ұнтақ арқылы сүзілген 
сұйық мөлшерімен, сол сияқты ұнтақ арқылы сорылған ауа көме-
гімен анықтайды. 
Ұнтақтар дегеніміз – дисперстік фазасы қатты бөлшектен, ал 
дисперсиялық ортасы ауа немесе газдан тұратын жоғары кон-
центрлі дисперстік жүйе. Ұнтақтарда дисперстік фаза бөлшектері 
бір-бірімен байланыста болады. Ұнтақтардың өлшемдері 1-ден
10 мкм. Ұнтақтардың меншікті фазалық шекарасы м²/с (сажа) – 
м²/г (майда құмға) дейін өзгереді. Аэрозольден айырмашылығы 
дисперстік фаза қатты бөлшектердің концентрациясының көпшілі-
гіне байланысты. Ұнтақ седиментация кезінде қатты дисперстік 
фазасы бар аэрозольден алынады. Ұнтақты жəне де (қ/с) суспен-
зияны кептіру арқылы алады. Суспензия, аэрозольдерді ұнтақ-
тардан алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет