О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
химия рус (1)

Консерванттар. 
Косметикалық заттар дайындаудың асептика-
лық жағдайлары антимикробтық тұрақтылықты жоғарылатудың 
сенімді əдістерінің бірі болып табылады. Алайда бұл жағдай кос-
метикалық заттар көп рет қолданғанда, орамның герметикалы-
ғының бұзылуы кезінде онда микробтық тұқымдануының бол-
мауына кепіл бола алмайды. Осыған байланысты микроағзалардың 
өсуінің ингибиторлары болып табылатын микробқа қарсы тұрақ-
тандырғыштардың – консерванттардың қолданылуына рұқсат 
етілген. Консерванттар КС салыстырмалы тазалығын сақтауға не-
месе патогендік емес микроағзалардың рұқсат етілген құрамының 
болуына мүмкіндік береді. Консерванттарды таңдау кезінде ерек-
ше назар олардың антимикробтық əсер етуіне аударылады. Кон-
серванттар ретінде қолданылады: спирттер, фенолдар, органика-
лық қышқылдар, төрттік аммонийлік қосылыс тұздары, эфир май-
лары. Мысалы, этил спирті эмульсияларды консервілеу үшін қол-
данылады (сұйық фазадан 10-20 %); 0,9 % концентрациялы бензил 
спирті гидрофобтық мазьдік негіздерді консервілеу үшін бензил 
спиртін қолданады, фенол 0,25-0,5 % концентрациясында əсерлі. 
Парфюмерлік-косметикалық өнеркəсіпте парагидрооксибен-
зойлық қышқыл эфирлері – нипагин жəне нипазол кең қолданысқа 
тап болды. 
Негізделген жағымды қасиеттерге қарамастан, консервир-
леуші қосымшаларды пайдалану ойлануды жəне егжей-тегжейлі 
зерттеуді талап етеді. Бұл тұрақтандырушының осы түрінің фармо-
кологиялық индифференттілік еместігімен байланысты. 
Антиоксиданттар косметикалық кремдер рецептурасына құра-
мында полиқаныққан май қышқылдары бар майлардың тотықтық 
қышқылдануын алдын алу мақсатында енгізіледі. Антиоксидант-
тар ретінде қолданылады: лимон, аскорбин қышқылы, Е дəрумені, 
Б трилоны, этил жəне пропилгаллоил. 
Биологиялық активті заттар. Косметикалық кремдер құрамына 
шығуы, құрылымы жəне теріге əсері бойынша əртүрлі биология-
лық белсенді заттар кіреді. Олардың кейбіреулері теріге беткі əсер 
етеді, басқалары терінің əртүрлі қабаттарына өтеді. 


122 
Биологиялық активті заттар ретінде ақуыздар қолданылады. 
Терінің тургор, икемділігін, беріктілігін қамтамасыз ететін маңыз-
ды ақуыздары болып коллаген, эластин, кератин табылады. Негізгі 
нативтік ақуыздардың сандық жəне сапалық құрамда өзгеруі жа-
ғымсыз салдарға алып келеді – дегидратация, икемділікті жоғалту, 
жəне т.б. Осындай бұзылулардың себептері болып жастық фак-
торлар да, сонымен қатар ультрафиолеттік сəулелердің артық əсері, 
басқа да сыртқы жағымсыз факторлар жəне де эндокриндер мен 
жүйке жүйесі тарапынан өзгерістер болуы мүмкін. Негізінен, 
шынайы ақуыздарды қартаюшы, солушы теріге күтім жасау үшін 
қосады. Осындай косметикалы кремдерге коллагенді қосу терінің 
гидратациясына септігін тигізетіні, əжімдердің алдын алатыны 
дəлелденген. Эластин де осындай қолданысқа ие. Кератин күкірт-
тің болуына байланысты, шаш күтіміне арналған КС-та қолда-
нылады. 
Ақуыздар гидролизаттары – ақуыздарды толық емес ыдырату 
өнімдері, табиғи ақуыздарды қышқылды немесе сілтілік гидро-
лиздеу жолымен алынған. Косметикалы кремдерде коллаген, кера-
тин, эластин (М.м. 4000) гидролизаттары жəне де жақсы сіңу 
қасиетіне ие олардың композициялары қолданылады. Табиғаты 
бойынша беткі белсенді қасиеттерге ие жоғары молекулалық қосы-
лыстар болып табыла отырып, ақуыздық гидролизаттар амфо-
терлік ББЗ ретінде қолданылады, мұнда олар тек тұрақтандыру
эмульгирлеуші əсерге ие емес, сонымен қатар терінің табиғи 
полипептидтерінің жетіспеушілігін толықтыра отырып, терінің 
бұзылған ақуыздық құрылымдарын ішінара алмастыру қабілетін де 
көрсетеді. 
Аминқышқылдары
. Косметикалық заттарда аминқышқыл-
дарын қолдану алмасу үрдістерінің интенсификациясын қамтама-
сыз етеді, сонымен қатар терінің беткі қабатында ылғалды сақтауға 
септігін тигізеді. Аминқышқылдарының гидраттаушы əсері табиғи 
қанттардың (фруктозалар, галактозалар, глюкозалар, рибозалар, 
ксилозалар) жəне нативтік полипептидтердің болуында жақсарады.
Теріні ылғалдандыратын заттарға суда еруші эпидермалық 
қабат қосылыстары жатады – сүт қышқылы, пирролидонкарбон-
дық қышқылы жəне натрий тұзы. Осы заттардың ықпал сіңдіру 
қабілеті олардың ылғалдандырушылық қабілетін анықтайды, ол 
аминқышқылдарын, коллагенді енгізгенде жоғарылайды. Гиалур-


123 
лік қышқыл теріні «табиғи ылғалдандыру» факторы ретінде тері, 
сіңір, сарысу құрылымдарымен синтезделеді жəне жоғарыда атал-
ғандай, тері изотониясын реттейді. 
Ферменттер терінің белсенді компоненттері болып табылады 
жəне олардың құрамы өзінің əр түрлілігіне жəне белсенділігіне 
байланысты көптеген органдардан асып түседі. Осылайша, теріде 
үлкен мəнде нуклеаза, липаза, протеолиттік ферменттер, соның 
ішінде протеаза, гиалуронидаза, фосфатаза бар. Ферменттердің 
белсенділігі көбінесе минералдық заттардың, əсіресе микроэле-
менттердің алмасуына, тері рН жағдайына, дəрумендер мен гор-
мондарға байланысты. Эластиканың жастық өзгеруі, терінің сің-
діру қабілеті ферменттер белсенділігінің төмендеуімен байланыс-
ты. Косметикалық заттарды қолдану үшін протеазамен араласқан 
липаза; нуклеин қышқылдары бар рибонуклеаза, протеазалардың 
кейбір түрлері ұсынылады. Бірқатар алмасу процестерінің 
катализаторлары бола отырып, ферменттер тері бетінің қалыпты 
балансын реттейді, терінің жаңару жəне жасару əсеріне септігін 
тигізеді. Осы ретте өсімдіктен алынатын протеолитикалық 
фермент – тропикалық өсімдіктен алынатын папаинді қолданады, 
ол ақуыздық заттардың, соның ішінде кератиннің бұзылуына əсер 
етеді, ол осылайша, эпидермистің өлі қалың жасушаларын шығару 
процестеріне көмектеседі. 
Гиалуронидаза, мукополисахаридтерге (гиалурон қышқылына) 
əсер ете отырып, косметикалқ заттар құрамында табиғи заттардың 
абсорциялануын жақсартатын фактор ретінде қолданылады. 
Сонымен қатар ферменттер тері энзимдік пилингін қамтама-
сыз етуші препараттарда қолданылады. 
Дəрумендер, биологиялық катализаторлар бола отырып, тері-
нің өмірін жақсарта отырып, бірқатар биологиялық реакцияларға 
əсерін тигізеді жəне қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет