Адам жайындағы ғылым жетістіктері, соның ішінде психология және педагогика ғылымдары. Психология психика дамуының заңдылықтарын және табиғатын зерттейді. Психиканың дамуын нақты ситуацияларда зерттейтін психология ғылымының салалары бар. Мысалы, әлеуметтік психология топтағы тұлғаның іс-әркеті мен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін зерттесе, педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудегі тұлғаның психикасы мен оның әлеуметтік тәжірибені меңгеру ерекшеліктерін зерттейді. Педагогика адам психикасының бағытталған өзгертудің шарттарын, тәсілдерін және заңдылықтарын зерттейді. Психология педагогика ғылымынсыз өмір сүре алады, бірақ оның практикада қолданылу аясы шектеледі. Бірақ педагогика психологиясыз еш дами алмайды. Себебі психика, оның даму заңдылықтары, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды білмейінше педагогикалық жұмыстың ұстанымдары мен құралдары жайында сөз қозғау мүмкін емес.
Медицина және валеология ғылымының ұсыныстары оқыту мен тәрбиелеу практикасында денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын жүргізу бағыттарында қолданылуда.
Озат тәжірибе. Жеке мектептер, лицей, гимназиялар, репетиторлық, риторика, би өнерін оқыту қайта жаңғыртылуда. Біртіндеп әлемдік тәжірибенің есігі де кең ашылуда. Мысалы, вальдорф мектебімен педагогикасының жетістіктері, М.Монтессоридің, С.Френенің еркін тәрбиелеу жүйелері. Сонымен қатар, 1980-1990 жылдардағы жаңашыл педагогтардың (В.Шаталов, Ш.Амонашвили, Е.Н.Ильин, М.П.Щетинин, И.П.Волков, С.Лысенкова, Л.Занков және т.б.) практикасы да ерекше орынға ие.
Олардың жетістіктері:
-
Олар формализммен, бюрократиялық шектеулер және унификациямен күресе отырып, әрбір педагогтың шығармашылықпен, дербес, іздену, авторлық тұрғыдан жұмыстану құқығын алып шықты.
-
Өз практикасы арқылы олар оқушылармен ынтымақсатықпен, шығармашылықпен жұмыстану, қалыптасушы тұлғаның ішкі еркіндігін, әрбір оқушыға көмек беру ізгіліктік идеяларын бекіте отырып, білім берудегі демократиялық өзгерістерге жол салды, қоғамның ізгіленуіне мүмкіндік берді.
-
Олар жаңа педагогикалық жүйелер жасап шығарды. Оның әрқайсысында өзекті педагогикалық мәселелер өз шешімін тапқан.
Ұжымның және социумның педагогикалық әлеуеті. Ұжымның шығармашылық әлеуеті шығармашыл тұлғалармен туындайды. Онда жеке дәстүрлер, құндылықтарға, педагогикалық ізденіске деген өзіндік көзқарас қалыптасады. Психологиялық жағдай, ұжымдық мақсаттар мен бағалар, шығармашылық стилі мен әлеуеті әртүрлі болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі шығармашылықтың, белсенділіктің дамуына стимул немесе тежеу болуы мүмкін.
Баланың өмірін шынайы әлеуметтік ортада түрлі әлеуметтік институттарды (жанұя, өндіріс, клубтар, шығармашылық бірлестіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау орындары, театр, кинотеатр және т.б.) және кәсіби емес педагогтарды (ең алдымен, ата-аналарды) қатыстыра отырып, ұйымдастыруда көптеген жаңа идеяларды, тұрғыларды, формаларды лауға болады.
Педагог тұлғасының шығармашылық әлеуеті. Бұл шығармашылықтың ішкі ресурстары арқылы көрінеді: қиял, фантазия, болжау, белгілі тәсілдер мен элементтерді алмастыру іскерлігі, затты әдеттегідей қызметінен, байланыстарынан басқаша көре білуі, шешім қабылдауы, яғни педагог-зерттеуші тұлғасының креативтілігін (шығармашылық мәнділігін) сипаттайтын нәрселердің бәрі. Шығармашыл педагогқа өзіндік педагогикалық ойлау тән, жаңа идеялар мен әдістерді жасап шығаруға қабілетті.
Дәріс 5. Білім беру ұйымдарында тәжірибелік-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
-
Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері
-
Ізденіс жұмыстарын өткізу шарттары
Зерттеуді ұйымдастыру көптеген факторларға тәуелді. Ең маңыздысы – зерттеудің түрлері, яғни зерттеу ұжымдық, кешенді немесе жеке болуы мүмкін. Ұжымдық зерттеу – бұл жалпы тақырып бойынша жұмыстанатын зерттеушілер тобының әрекеті. Олардың әрқайсысы жалпы мәселенің белгілі бір бөліктерін қарастырады. Кешенді зерттеу ұжымдық зерттеудің түрі болып табылады. Ол көппәнділігімен (бірнеше зерттеу пәнінің болуы) және көпжақтылығымен сипатталады. Мысалы, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, технологиялық, басқару жақтарын біріктіріп, нәтижесінде жалпы педагогикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық қорытындылар, модельдер, ұсыныстар түрінде беруі мүмкін. Жеке зерттеуді жалғыз бір адам жүргізеді.
Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері:
1 кезең – бағыттаушы: елдегі, аймақтағы, қаладағы (аудандағы) немесе шағын аудандағы білім беру ситуациясын объективті талдау және баға беру, қоғам мен мемлекеттің білім берудегі әлеуметтік тапсырысын, тұрғындардың сұраныстарын, білім беру нарығының талаптары мен сұраныстарын, мәселелерін зерттеу. Бұл кезеңді ұжымдық зерттеудің жетекшісі немесе белсенді қатысушысы көмекшілермен бірге (психолог, әлеуметтік педагог, ғалым-педагог, пән мұғалімі, валеолог жәнет.б.) жүргізеді.
2 кезең – диагностикалық: зерттелетін педагогикалық үрдістер мен құбылыстардың даму деңгейі, мәселенің шешудегі қазіргі тәжірибені зерттеу. Негізінен бұрыннан белгілі әдістер мен әдістемелер қолданылады.
3 кезең – мақсат қою: бастапқы теориялық тұрғылар, зерттеудің мақсат-міндеттері анықталады, болашақ модель жобаланады.
4 кезең - өзгерту, зерттеудің жұмыс уақыты және көлемі бойынша негізгі кезең. Жоспарланған жұмыс (эксперимент, авторлық бағдарламаларды және жобаларды жасау және жүзеге асрыу, жаңартылған технологияларды, басқару модельдерін енгізу) орындалады.
5 кезең – қорытындылау: диагностикалау, жалпылау, нәтижені интерпретациялау және бағалау, есеп беру, педагогикалық басылымдарда жариялану, енгізілетін құжаттар (оқу жоспары, бағдарламалар, ұсыныстар, қағидалар және т.б.).
Ізденістің жетістігін оның өту шарттары да белгілейді. Шарттар – бұл ізденіс жүретін ішкі және сыртқы жағдайлар. Олар:
-
әлеуметтік-саяси шарттар;
-
ұйымдастыру-әдістемелік шарттар;
-
зерттеудің жетекшісінің болуы;
-
даму қарама-қайшылықтарын, бағыттарын ұғыну;
-
білікті кадрлардың болуы;
-
педагогикалық ұжымның жоғары жалпымәдени деңгейіне ие болуы;
-
зерттеу өткізілетін орынның мәртебесі,оған ата-ананың, оқушылардың, қоғамның сенімділігі;
-
ұжымдағы жағымдыпсихологиялық ахуал;
-
материалдық жағдайдың (орын, құрал-жабдық, әдебиет, қаржыландыру және т.б.) болуы;
-
зерттеу өткізуге уақыттың бөлінуі;
-
ғылыми ұжымдармен (ЖОО кафедраларымен, ғылыми зерттеу институттарының бөлімшелерімен) байланыс орнату.
Дәріс 6. Зерттеудің қисындық (логиикалық) құрылымы.
-
Зерттеу қисыны туралы түсінік.
-
Зерттеудің проблемасы және тақырыбы
Ғылыми ізденістің нәтижелілігі зерттеу қадамдарының бірізділігіне байланысты, яғни зерттеу қисыны шынайы нәтижеге әкелуі тиіс. Педагогикалық-психологиялық зерттеудің ерекшелігі оның зерттеу пәнімен анықталады. Зерттеу пәні – дамушы адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің күрделі жүйесі.
Қисынды жасау – күрделі үрдіс. Оның үш кезеңін белгілеуге болады: мақсат қою, зерттеу және енгізу-рәсімдеу.
Бірінші кезеңде – тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау, болжам жасау (мәселе – тақырып – объект - пән - ғылыми фактілер - бастапқы тұжырымдама - жетекші идея және пікір - болжам - зерттеу міндеттері сызбасы бойынша жүреді).
Екінші кезеңде - әдістерді таңдау - болжамды тексеру – алдын-ала қорытындыларды белгілеу – оларды сынақтан өткізу және нақтылау – қорытынды жасау сызбасы бойынша жүзеге асады.
Үшінші кезеңде – сынақтан өткізу (қорытындыларды талқылау, оларды қоғамға ұсыну), жұмысты рәсімдеу (есеп беру, баяндамалар, кітаптар, диссертациялар, ұсыныстар, жобалар жіне т.б.) және нәтижелерін практикаға ендіру.
Зерттеудің проблемасы және тақырыбы
Зерттеу жұмысы зерттеудің объектісінің аясын таңдаудан басталады., яғни шешуді қажет ететін маңызды проблемалар жинақталған ақиқат шындықтың саласы. Білім беру саласындағы объектілер саласы: мектепке дейінгі тәрбие, орта және жоғары мектептегі оқу үрдісі, азаматтық және адамгершілік тәрбие беру, ақпараттандыру, тұлғалық бағдарлы білім беру, үздіксіз білім беру және т.б.
Объектіні таңдауға әсер ететін объективті факторлар: зерттеудің мәнділігі, шешілмеген проблемалардың болуы, жаңалығы және перспективалығы; субъективті факторлар: зерттеушінің білімі, тәжірибесі, бейімділіктері, қызығушылықтары, ғылыми ұжым, ғылыми жетекші.
Зерттеудің өзекті салалары: тәрбиенің жаңа мазмұнын анықтау және сынақтан өткізу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді технологиялары мен әдістемелерін жасау, қарым-қатынастарды қалыптастыру, жаңа типті мектептерге көшу, мектеп пен әлеуметтік сала арасындағы байланыс, денсаулықты сақтау технологияларына көшу және т.б.
Келесі қадам – зерттеудің проблемасы мен тақырыбын белгілеу. Проблема – ғылымда белгісіз, анықталмаған нәрсе, яғни белгіліден белгісізге өтетін көпір, нақты «белгісіздік жайындағы білім». Проблеманың мәні – белгіленген фактілер және олардың теориялық ұғынылуы арасындағы, фактілерді түрліше түсіндіру, интерпретациялау арасындағы қарама-қайшылық. Ғылыми проблема – практика мен ғылыми әдебиетті терең зерттеудің нәтижесі болып табылады. Мысалы, бүгінгі таңда мынадай қарама-қайшылықтар белгіленген: барлық оқушылар үшін білім беру мазмұнының нормативі және әрбір оқушының жеке мүмкіншіліктері, бейімділіктері, қызығушылықтары арасындағы; дені сау адамды қалыптастыру мақсаты және мектептегі сабақтардың бір қалыптылығы, оқу тапсырмаларымен баланы жүктеу арасындағы; басқару, бағдарламалау ретіндегі тәрбие және тұлғаның еркіндігі, жеке дербестігі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Бұл анықталған қарама-қайшылықтардан шығатын проблема өзекті болуы тиіс. Бүгінгі күні мынадай проблемалар анықталған: білім беруді ізгілендіру және демократияландыру, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін есепке алу және мүмкіндіктерін жүзеге асыру, мектепте жәнешағынауданда тәрбиелеуші ортаны қалыптастыру және т.б.
Ғалымдардың есептеуінше, дұрыс қойылған проблема – ғылыми зерттеудің нәтижелілігінің негізі болып табылады. У.Р.Эшбидің есептеуінше, «егер біз проблеманы дәл анықтайтын болсақ, біз оның шешімін тез таба аламыз».
Проблемада белгіленген қарама-қайшылық тікелей немесе жанама түрде тақырыпта көрінуі тиіс, тақырыптың айтылуы проблеманы нақтылауды және шектеуді жүзеге асыратындай болуы керек. Мысалы,
Әт түрлі жастағы ұжымда тұлғаның өзін-өзі бекітуі.
Тәрбиелеу жүйесіндегі басқару және өзін-өзі басқарудың байланысы.
Тұлға еркіндігі және педагогикалық талап.
Жасөспірім тәрбиенің лбъектісі және субъектісі ретінде.
Проблеманы дамыту үрдісі зерттеудің объектісі мен пәнін белгілеумен жалғасады.
Дәріс 7. Зерттеудің қисындық (логиикалық) құрылымы.
-
Зерттеудің объектісі және пәні
-
Зерттеудің мақсат-міндеттері.
Таным объектісі – бұл таным үрдісіне қатысатын шынайы объектінің байланыстары, қарым-қатынастары, қасиеттері. Зерттеу объектісі – белгілі бір қасиеттер мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Олар таным әрекетін жаскушыдан тәуелсіз өмір сүреді, бірақ ол үшін нақты ізденіс орны болып табылады.
Педагогикадағы зерттеу объектісі – зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс. Мысалы, тәрбиелеуші қарым-қатынастардың субъектілерінің даму үрдісі, жаңа білім беру жүйесінің қалыптасу үрдісі. Бастауыш мектепті немесе жастар клубын зерттеудің объектісі деп алуға болмайды, себебі бұлар зерттеудің нақты базасы, немесе тым кең сала, оның барлық элементтерін бір жұмыстың аясында зерттеу мүмкін емес болып табылады.
Зерттеу пәні өзінің мазмұны бойынша нақтырақ: зерттеу пәнінде жұмыс барысында арнайы терең зерттеуді қажет ететін объектінің қасиеті немесе объектідегі қарым-қатынас жинақталады. Бір объектіде бірнеше пәндер ажыратылуы мүмкін. Пәнге осы жұмыста зерттелетін элементтер, байланыстар мен қатынастар енеді. Сондықтан зерттеу пәнін анықтау дегеніміз зерттеудің шекараларын белгілеуді білдіреді.
Зерттеу пәні – бұл ракурс, бір нәрсеге қараудың нақты жағы. Ол зерттелетін нәрсенің арнайы айқындалған жақтарын, байланыстарын көруге мүмкіндік береді. Яғни, зерттелетін нәрсенің бір аспектісі: мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік (технологиялық), тұлғалық-мотивациялық, ұйымдастырушылық. Мысалы, басқарудың тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі теориялық моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау (іс-әрекеттік (технологиялық).
Зерттеу пәнін зерттеушінің өзі объективті негізге сүйене отырып ұсынады. Бұл жұмысты зерттелетін нәрсенің бастапқы қағидаларына, тұжырымдамасына негізделе отырып атқарылады. Мысалы, салауатты өмір салты мектебін жасаудың тұжырымдамасы мынадай болуы мүмкін:
-
Денсаулық – қоғамның, әрбір адамның ең жоғарғы құндылығы.
-
Бала күн сайын мектепте өзінің белгілібір уақытын өткізеді. Күн тәртібіне, психологиялық атмосфераға, тамақтануға және мектептің басқа факторларына оқушылардың денсаулығы тәуелді. Мектеп дені сау ұрпақты тәрбиелеуі тиіс және барлық жағдайда сол үшін мүмкіндік туғызуы керек. Әзірге мектеп бұл қызметті орындамайды.
-
Әрбір оқушының бойында денсаулық сақтау мәдениетін, өзінің және өзгенің денсаулығын бағалау, сақтау және шынықтыру іскерлігін қалыптастыру қажет.
-
Мектеп салауатты өмір салтын ұстану үшін күресуі керек.
Осылайша, зерттеу пәнін белгілеу – бұл теориялық талдаудың бастауы, зерттеудің кейбір негіздері мен міндеттерін айқындау болып табылады.
Зерттеудің мақсат-міндеттері.
Зерттеу басынан-ақ м.мкіндігінше жалпы зерттеудің қорытындысын, мақсатын белгілеп, мақсат қою іс-әрекетін жүзеге асыру керек.
Мақсаттылық – бұл адам іс-әрекетінің өте маңызды сипаты, ол адамды жануарлардан ерекшелейтін және бағытсыз іс-әрекеттердің алдын-алатын қасиеті. Шынайы педагогикалық қызметке адам іс-әрекетінің мақсатты және мотивацияланған болуы шарт. Педагогикалық зерттеудегі мақсат – мақсат жасаушы іс-әрекеттің нәтижесі. Ол білім беру субъектілерінің (педагогтар мен оқушылардың) мақсатты іс-әрекетін жобалайды.
Зерттеудегі мақсат қою – бұл шынайы педагогикалық ақиқат тұрғысынан мүмкіншілктерін есепке ала отырып, оның қазіргі күйін жаңа, қажетті, болашақта тілейтін күйіне өзгерту тәсілдерін таңдау болып табылады. Осындай ойша өзгерту мақсат қою болып саналады.
Педагогикалық мақсат – педагогикалық идеал және педагогикалық ақиқаттың шынайы үрдістері мен құбылыстарын өзгертуде олардың әлеуетін салыстыру негізінде жасалған болжаудың нәтижесі.
Мақсат – бұл ізденістің жалпы соңғы және аралық нәтижелері жайындағы негізделген түсінік-болжам. Шахматист секілді зерттеуші алдында тұрған ситуацияны бағалай отырып, жоспарын құру үшін, оған қол жеткізу жолдарын анықтау үшін оны ойша, өзіне қажетті, қолайлы позицияға өзгертуі тиіс.
Зерттеудің маңызды және қажетті келесі деңгейі – бұл жалпы мақсатты зерттеу міндеттері жүйесінде нақтылау. Міндет – мақсатқа жетудің бөлігі, қадамы, кезеңі. Міндет – бұл нақты ситуацияны өзгертудің мақсаты. Негізгі зерттеу міндеттерін белгілеу өте маңызды (олар 5-6 болуы керек). Міндетті түрде міндеттердің үш тобы анықталған жөн:
тарихи-диагностикалық – проблеманың тарихын және қазіргі күйін зерттеу, зерттеудің ұғымдарын, жалпығылымилық және педагогикалық негіздерін анықтау және нақтылау;
теориялық-модельдеуші – зерттелетін нәрсенің құрылымын, мәнін, оны өзгертетін факторларды, құрылымның моделін және қызметін, оны өзгерту тәсілдерін ашу;
практикалық-өзгертуші – педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, құралдарын дайындау және қолдану, практикалық ұсыныстар жасау.
Зерттеуші С.М.Бахишева «Гимназияны тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың педагогикалық шарттары» еңбегінде мынадай міндеттер белгілеген:
-
Гимназияны тұлғалық бағдарлы технология арқылы басқарудың теориялық негіздерін айқындау.
-
Басқарудың тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі теориялық моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау.
-
Гимназияны тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тиімділігін тексеру.
-
Басқарудың аталған технологияға сәйкес ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.
Дұрыс қойылған міндеттер баспалдағы (немесе «мақсаттар терегі», «міндеттер тізбегі») ізденістің маршрутын анықтайды, міндеттердің бірізділігін нақтылайды. «Теректі» құрудың жолы - нәтижені алу үшін нені білу керек, нені белгілеу керектігін анықтау. Мысалы: В.А.Игнатованың оқушылардың экологиялық мәдениетті (ЭМ) қалыптастыруға арналған зерттеуінде мақсат қою негізгі ұғымның (ЭМ) мазмұнын, құрылымын және құрамын анықтаудан басталады. Ұғымдық матрица (ЭМ құрамы) жасалады, содан соң ЭМ-тің құрамдас бөліктерінің (экологиялық қажеттілік, құндылықтар және идеалдар, экологиялық ойлау, экологиялық қарым-қатынас - адамға, қоршаған ортаға) өзара байланысы (иерархиясы) анықталады. (1сызбаны қара).
Бұл жасалған жұмыс ЭМ қалыптастыруда модельдеу және ұйымдастырудың тиімді шарттары мен факторларын анықтау үшін, оны ұйымдастыру құралдары мен тәсілдерін табу үшін, нәтижесін диагностикалау үшін қажет. Зерттеудің 1-ші блогы объектінің жалпы құрылымдық моделін жасаумен, теориялық талдау сипатымен ерекшеленеді. 2-ші блок үрдісті құрудың мақсатын анықтаумен, ЭМ-ті (мазмұны, технологиясы, ортаны ұйымдастыру тәсілдері, мектеп, жанұя, түрлі экологиялық ұйымдардың өзара әрекеттесуі) қалыптастыру шарттары мен тәсілдерін анықтаумен белгіленеді. Бұл кезеңде теориялық мақсаттар практикалық мақсаттармен бірігеді. 3-ші блокта йактілерді жүйелеу, оларды бағалау, нәтиже алуға қажетті шарттармен факторларды анықтаумен байланысты мақсаттар жүзеге асырылады.
«Мақсаттар терегі» құрылған соң оны жүзеге асыру жүреді. Кестеде берілген номерлер кезеңдерді көрсетеді.
Кесте 1.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру (ЭК)
Жалпы мақсат: Оқушылардың ЭМ теориялық негіздерін, мазмұнын және іс-шараларын қалыптастыру.
Зерттеу
блоктары
ЭК
Теориялық анализ және синтез Практикалыққа ауысулар
Мониторинг, қорытынды шығару, қорытындыларды бағалау
|
Критерийлерді шығару (2)
|
Әдістемелік инструментарийді құрастыру (2-3)
|
Қорытындыларды интерпретациялау және бағалау (2)
|
Дәріс 8. Зерттеудің қисындық (логиикалық) құрылымы.
-
Зерттеудің теориялық негізі – идея, ой, және болжам.
-
Зерттеу жұмысының тізбегі
Болжам – қажетті нәтижені қалай, қандай жолмен, ненің көмегімен алуға болатындығы жайында негізделген ой. Болжам формасында жаңа қорытындыларға шынайы қозғалу, бағытталу жүреді. Болжамды ұсыну үшін тек сол істің күйін егжей-тегжейлі зерттеу, ғылыми құзіреттілік қана емес, сонымен қатар педагогикада қолданылатын зерттеу әдістері негізінде диагностикалық тексеруді жүзеге асыру қажет. Логикалық тұрғыдан белгілі теориялар арқылы түсіндірілмейтін ғылыми фактілерді талдаудан жаңа ойға және өзгерту идеясына қозғалу байқалады. Олар кейін болжамда көрініс табады.
Осыған байланысты ғылыми факті мәселесіне тоқталсақ. Факт – көптеген құбылыстар мен байланыстардың көрінісі, олардың қорытындылануы. Педагогикалық факт – орта жағдайлары және тұлғаны дамыту факторлары арасындағы кейбір, бірнеше мәрте және шынайы бекітілген байланыстар. Мысалы, педагог беделі және оның тәрбиелеу ықпалының тиімділігі арасындағы тәуелділік, тәрбиеленушінің интеллектуалдық белсенділігі мен дамуы арасындағы тәуелділік.
Фактілердің жинақталуынан жаңа теорияға қажеттілік туындайды. Ол жетекші идея және ой түрінде пайда болады. Мысалы, екінші жыл бір сыныпта оқуға қалдырылған оқушылардың нашар оқитындығы, оқуға теріс көзқараста екендігі, мектепті тастап кететіндігі мынадай фактіні белгілеуге мүмкіндік береді: оқушыны екінші жылға бір сыныпта оқуға қалдыру тұлға мен қоғам дамуына үлкен нұқсан келтіреді, ол педагогика тұрғысынан жарамсыз болып табылады. Бұдан идея пайда болады: диагностикалау негізінде үлгермеушілік себептерінің алдын-алу. Бұдан туындайтын ой: үлгермеушілік себептерін нақты диагностика негізінде үлгермеушіліктің алдын-алу жүйесін жасау.
Басты идеяны дамыту идеалдағы ойды ойша тарату,қойылған міндеттерді шешудің жолдары, тәсілдері мен нәтижесі жайындағы болжам түрінде жүзеге асыру.
Идеяның «туындауы», оның ойға айналуы, ойдың болжамға өзгертілуі зерттеудің ең күрделі де шығармашылық элементі, зерттеудің шығармашылық негізі, жаңалыққа талпынысы болып табылады. Идеяның туындауы - өте күрделі және жеке-дара үрдіс. Оның негізінде тәжірибе, логикалық өңдеу, интуиция, ойша «тәжірибелер» мен эксперименттер жатыр.
Ой – құралмен жабдықталған идея, бұл өзін жүзеге асырушы құралдармен қамтамасыз етілген идея. Ойша нәтижені белгілеу – болжау болып табылады. Болжау – зерттеудің эпицентрі. Болжам формасында жаңа білім, жаңа теория пайда болады. Дәл осы болжамда шығармашылық ізденістің мазмұны және үрдістік сипаты жинақталған: бастапқы тұжырымдамалық негіз, идея, ой.
Болжамның мазмұндық жағын оның тілдік рәсімделуімен тұтас қараған жөн. Оның сызбасы: «Егер..., онда..., өйткені....» Болжам мына қызметтерге ие: сипаттау, түсіндіру, болжау.
Осылайша, зерттеу жұмысының тізбегі былай белгіленеді: бастапқы факт – проблема – бастапқы тұжырымдамалық қағидалар – идея – ой – болжам – қажетті нәтиже.
Мысалы, Г.А.Ерғалиева зерттеуінің тізбектелуі төмендегідей:
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың қажеттілігі мен оған әдістемелік даярлықтың жасалмауы арасында қайшылық орын алып отыр.
Осы қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын: “Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары” деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі: Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні – Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары.
Жұмыстың мақсаты – Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу, әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тану әдістері мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын тиімді пайдаланса, онда студенттердің ішкі мүмкіндіктерін толығымен пайдалана отырып, өзін-өзі тұлғалық дамыту, өз іс-әрекетін басқару әрекеттері жүзеге асырылады, өйткені оқу-тәрбие үрдісі студенттердің өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні мен болжамына сәйкес алға төмендегідей міндеттер қойылады:
-
“Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің теориялық негіздерін айқындау.
-
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттарын негіздеу және ұйымдастырудың теориялық моделін жасау.
-
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
-
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |