Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 15 сағат Емтихан – IІІ -ші семестрде


Курстық жұмысқа қойылатын талаптар



бет14/15
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#141567
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың өзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.

  2. Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.

  3. Зерттеу мәселесінің тарихын, мұғалімдердің озат тәжірибесін және өзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.

  4. Өз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.

  5. Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.

  6. Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).

Курстық жұмыстың көлемі: компьютерде терілген 40-50 бет.

2. Курстық жұмысты орындау қисыны.

1 кезең – зерттеуге дайындық.

1.1. Зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін анқытау:



  • зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу негізінде тақырыпты алдын-ала таңдау;

  • зерттеудің объектісін анықтау;

  • зерттеудің пәнін анықтау.

1.2. Зерттеуді ұйымдастыру және өткізуге дайындық:

  • зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық тәжірибені талдау және «Әдістемелік әдебиеттерге және педагогикалық тәжірибеге шолу» атты мәтін даярлау;

  • тақырыпты нақтылау;

  • зерттеудің гипотезасын, мақсат-міндеттерін белгілеу;

  • зерттеу әдістерін таңдау және зерттеу өткізетін базаны (мектеп, сынып, балабақша, топ және т.б.) анықтау.

2 кезең – тәжірибе жұмысын даярлау және өткізу

2.1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау:



  • экспериментальдық және бақылау топтарын анықтау;

  • зерттелетін объектілерді бақылау әдістері мен диагностикалық әдістерді және оларды жазып алудың формасын белгілеу;

  • зерттеу тақырыбы бойынша балалармен жұмыс жасау жүйесін (сабақтардың, тәрбиелік шаралардың және т.б. конспектілері) даярлау;

  • зерттеу нәтижелерін талдау әдістемесін жасау;

  • тәжірибе жұмысын өткізу үшін таңдалған әдістер мен тәсілдерід қолдану мүмкіндігі мен диагностикалық әдістемелерді нақтылау мақсатында тәрбиеші, мұғалім, оқушылардан кеңес алу.

2.2. Тәжірибе жұмысын өткізу:

  • анықтаушы экспериментті өткізу;

  • анықтаушы эксперименттің нәтижесін талдау негізінде гипотезаны тексеруге және тәжірибе жұмысының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған балалармен жұмыс жүйесін (сабақтар, тәрбиелік шаралар, жеке жұмыс және т.б.) өткізу;

  • қалыптастырушы эксперименттің өтуін талдау, гипотезаны және тәжірибе жұмысын нақтылау, мүмкін болатын жағымды және жағымсыз нәтижелерін анықтау арқылы тәжірибе жұмысын бейнелеу, оның тиімділігінің психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау және жағымсыз құбылыстарды жою;

  • жасалған қорытындылар негізінде ғылыми гипотезаны негіздеу, зерттеу міндеттерінің орындалуын тексеру, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау мақсатында қалыптастырушы экспериментті қайта өткізу;

  • қорытынды бақылау эксперименті, талдау, қорытындылар, ұсыныстар.

3 кезең – курстық жұмысты безендіру

3.1. Курстық жұмысты жазуды аяқтау:



  • дайындалған мәтіндерді тарауларға біріктіру, орналастыру;

  • нәтижелерді, қорытынды жазу;

  • қорытынды құрастыру;

  • кіріспе жазу.

3.2. Әдебиеттер тізімін жазу.

3.3. Иллюстрациялар тізімін жасау.

3.4. Қосымшаларды орналастыру.

3.5. Мазмұнын құру.

3.6. Титулдық бетін безендіру.
Дәріс 23. Курстық жұмысты орындау әдістемесі.


  1. Зерттеуге дайындық кезеңін өткізу.

  2. Библиографиялық ізденіс


1. 1 кезең – зерттеуге дайындық.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттеудің «объектілі саласын», «объектісін», «пәнін» анықтау қажет, себебі әрбір тақырып белгілі бір жүйе аймағында орналасады.

Педагогикалық зерттеудің объектілі саласы – зерттеу объектісі орналасқан ғылым мен практиканың аймағы, саласы. «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын студенттердің объектілі саласы – «бастауыш мектеп педагогикасы», «кіщі мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері», «математиканы бастауышта оқыту әдістемесі» және т.б. болып табылса, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша объектілі сала – бұл «жалпы білім беретін мектеп педагогикасы», «пәндерді оқыту әдістемесі», «мектеп оқушыларының психологиясы» болып табылады.

Зерттеу объектісі – объектілі саланың ірі, дербес бөлігі. Онда зерттеудің пәні орналасқан. Мысалы, егер объектілі сала – кіші мектеп жасындағы балаларды экологиялық тәрбиелеу әдістемесі болса, объект бұнда экологиялық тәрбие берудің әдістері, формалары, басқа тәрбие түрлерімен байланысы, тәрбиелеу ерекшеліктері болып табылады.

Зерттеу пәні – объектінің бақылау бөлігі. Егер объект «Балаларға экологиялық тәрбие беру әдістері» болса, онда зерттеу ретінде кез-келген әдісті алуға болады. Мысалы, зерттеу пәні ретінде «Экскурсия экологиялық тәрбие берудің әдісі ретінде» деп анықталады.

Зерттеу пәні аясында алдын-ала тақырып белгіленеді. Тақырып – «Бастауыш мектепте экологиялық тәрбие берудің негізгі әдісі - экскурсия».

Осылайша, объектілі саласы, объекті, пән арасындағы қатынас – жоғарыдан төменге қарай бағыныңқылықты белгілейді. Басқаша айтқанда, объект объектілі саладан тарлау, пән объектіден тарлау.
2. Библиографиялық ізденіс

Кез-келген студентте кітапханада жұмыстану қажеттілігіне пайда болады. Ең алдымен өзіңіздің үйдегі шағын кітапханаңызға шолу жасаңыз. Журналдар мен газеттерден зерттеу тақырыбы бойынша өзіңізге қажетті мақаланы кезіктіруіңізде мүмкін. Содан кейін өзіңіздің оқитын оқу орындағы кітапхана қорына жүгініп, кейін оқырмандар кітапханасына баруыңызға болады. Қажетті әдебиеттерді іздеу – ұзаққа созылатын еңбек. Оның мәні ерекше, себебі жарияланған материалдардың толықтығына сіздің курстық жұмысыңыздың сапасы тәуелді.

Негізінде анқытамалық-библиографиялық бөлімде жұмыстанудың арнайы уақытын белгілеп, белгілі бір сағаттарда барған жөн. Ең алдымен, педагогикалық және психологиялық сөздіктерге, педагогикалық және психологиялық энциклопедияларға назар аудару керектігін ұмытпаңыз. Себебі педагогикалық энциклопедияларда мәселе бойынша қысқаша мәліметпен бірге сол мәселе жайында жарияланған негізгі еңбектердің тізімі де қосымша беріледі. Содан кейін зерттеу әдістемесі бойынша кітапхана каталогында жұмыстануға болады.

Каталогтар – бұл брошюра немесе карточка түрінде жазылған, кітапхана қорында жинақталған кітаптар тізімі. Каталогтардың 4 түрі белгілі: алфавиттік, пәндік, жүйелі және жаңа басылымдар.

Егер сіз кітаптың атауын және авторын білсеңіз, онда алфавиттік каталогқа барасыз. Пәндәк каталогта кітаптар белгілі бір пәнге арналған бөлімшелерге жинақталады. Бұл бөлімшелердің өздері алфавит бойынша орналасқан, ал бөлімше ішіндегі кітаптар да алфавиттік реттелген. Жйелі каталогта кітаптар бөлімшелерге ажыратылған, бұнда тек алфавиттік ретпен емес, пәндік жүйе бойынша орналасады. Жаңа түскен кітаптар каталогы – соңғы жарты жылда келіп түскен жаңа басылымдардың жүйелі каталогы. Каталогтан алынған әдебиеттер мәліметі жеке карточкаларға анық және дұрыс толтырылып (кітапханадан алу үшін шифрмен бірге жазылып алынады) жазылады. Мысалы, Бахишева С.М. Гимназияны басқару,-Алматы, 2004.-200 б.

Одан әрі карточкалар алфавит бойынша жүйелеп, әдебиеттер тізімі жазылады. Таңдалған тақырыпқа еніп, оны таңдалған әдебиеттер көмегімен ашу үшін берілген әдебиеттерді оқу мен жазудың жалпы ережелерін сақтай отырып, оларға шолу жасау қажет.

Курстық жұмыс сипаттаушы-жалпылаушы сптақа ие болғандықтан, әдебиеттерді талдауда тек қажеттілері мен маңыздыларын алған жөн. Сондықтан курстық жұмысқа тапқан материалдың барлығы енгізу қажет емес. Әдебиеттерді шолудың өзі саралау тұрғысын қажет етеді. Олардың бір бөлігінде өте маңызды материал болуы мүмкін, сондықтан оны мұқият өңдеп, конспектілеп алған дұрыс. Басқа әдебиетте тақырыптың тек кейбір жақтары ашылған болса, онда оны конспектілеудің қажеті жоқ, үшіншісі таңдалған тақырыпқа байланысты болмауы мүмкін, сондықтан өңдеуді талап етпейді. Ф.Бэконның айтуынша, тек дәмін қарайтын кітаптар болады, ал кейбір кітаптарды тұтастай жұтып қоюға болады, тек аз ғана кітаптарды шайнап, қорыту керек.

Әдебиеттерді зерттеудің міндеті – түрлі авторлардың белгілі бір мәселені қоб және шешу сипатын, олардың қорытындылары мен жалпылауларының аргументтігін бақылау, оларды талдай отырып, алынған материал негізінде өзіндік ұғына отырып, сол мәселенің қазіргі күйін анықтау мақсатында алынған материалды жүйелеу. Алынған материалды өңдеу міндетті түрде оқылған материал мен өзіңнің ескертулеріңді жазыр отыру керек. Жазу формасы – конспект, суырма, негізгі қағидалар, тезистер, идеялар, әдістемелер картотекасы. Бұл кейінірек алынған ақпаратты жіктеуді, жүйелеуді жеңілдетеді.




Әдебиет атауы

Негізгі тезистер, мәселелер

Комментарийлер









Жазбаларды жеке қағаздарға немесе дәптер бетінің бір жағына жазған дұрыс. Жазба формалары автордың идеяларын еркін баяндау немесе цитата түрінде жазылады. Цитата тырнақша алынып, цитата алынған кітаптың беті көрсетіледі. Материалды еркін баяндау жағдайында да жүйелі түрде конспектіленетін кітап немесе мақалалардың бетін көрсетіп отыру қажет. Жазбалар – бұл материалды жинақтаудың, алғашқы өңдеудің ең тиімді тәсілі, ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың міндетті формасы. Тақырыпты нақытлаған соң гипотезаны (блолжамды) өңдеуге кірісіңіз.

Гипотеза дегеніміз не? Гипотеза (грек сөзі «гипотезис» - негіз, болжам) – құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жайында болжамдық ой. Гипотеза түрлері: жұмыс және ғылыми (немесе шынайы). Жұмыс гипотезасы – қолда бар материалды жүйелеу үшіе жасалатын уақытша болжам. Ғылыми (шынайы) гипотеза – көп материал жинақталған шақта, шешім «жобасын» ұсыну мүмкіндігі болағн шақта, ғылыми теорияға айналдыру,а болатын қағидаларды ұсынатындай шақта жасалатын болжам. Осылайша, жұмыс гипотезасы зерттеудің басында жасалса, ғылыми гипотеза жұмыс барысында жұмыс гипотезасын өзгертуден туындайды. Гипотезадан зерттеудің мақсат-міндеттері шығады.
Дәріс 24. Курстық жұмысты орындау әдістемесі.


  1. Зерттелген материалды баяндау.

  2. Зерттеу әдістері және оларды таңдап алу.


1. Зерттелген материалды баяндау.

Курстық жұмыстың мақсаты – таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау, мәселенің қазіргі күйін, қысқаша тарихын баяндау, қорытындылар жасау және оларды дәлелдеу. Шолуда тақырып бойынша түрлі авторлардың тұрғылары талданып, салыстырмалы баға беріледі.

Жинақталған материалды жалпылау оны жүйелеуді және жіктеуді қажет етеді. Бұл жұмысты орындауда уақытты үнемдеуге парақтың бір жағына жазылған жазба көмектеседі. Бұл жазба формасы материалмен жеңіл жұмыстануға мүмкіндік береді, яғни оны қиюға, жапсыруға, орнын ауыстыруға болады.

Шолу кезінде бірінен соң бірін кітаптар мен мақалалардан алынған барлық материалды баяндаудың қажеті жоқ. Сұрақтың мәнін ашатындай, курстық жұмысының жоспарына, мақсат-міндеттеріне сәйкес негізгі қағидалар мен басты идеяларды анықтайтындай болу керек. Осылайша, шолудың сипаты хронологиялық емес, түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, проблемдік сипатқа иеленуі тиіс. Курстық жұмыстың тілі қарапайым әдеби тілмен, жалпыға түсінікті терминдерді қолданумен терең және анық баяндалуы тиіс. Бір сөздің қайталану жиілігі 50-100 сөз интервалында болғаны жөн. Курстық жұмыстың мазмұны - әдебиеттерді зерттеу негізінде өзіндік түсіну және мәселені ұғыну болып табылады. Авторға және оның жұмысына сілтеме жасау өте маңызды. Қажет кезінде бұндай сілтеме оқырманға сол әдебиетке тікелей жүгініп, нақтылауға мүмкіндік береді.

Мәтінде авторлық пікірлергі сілтеме жасауда мына етістіктерді қолдануға болады:

Автор:


  • талдайды;

  • қарсы пікір білдіреді;

  • көзқарасын айтады;

  • толықтырады;

  • дәлелдейді;

  • мүмкін деп жібереді;

  • сұрақ қояды;

  • баяндайды;

  • сенім білдіреді;

  • табады;

  • бастайды;

  • көзқараспен келіспейді;

  • келіспейді;

  • айқындайды;

  • талқылайды;

  • түсіндіреді;

  • қолдайды;

  • жауап береді;

  • белгілейді;

  • қорғайды;

  • анықтайды;

  • мазмұндайды;

  • жазады;

  • қайталайды;

  • мүмкіндік береді;

  • болжайды;

  • ойлайды;

  • түсінеді;

  • ұсынады;

  • көрсетеді;

  • таниды;

  • көзқарасты қабылдайды;

  • қорытынды жасайды;

  • сұрақты талқылайды;

  • сұрақты қарастырады;

  • қосылады;

  • шешеді;

  • түсіндіреді;

  • ұсынады;

  • мәселені шешеді;

  • келіседі;

  • күмәнданады;

  • айтады;

  • сұрайды;

  • сілтеме жасайды;

  • есептейді;

  • көрсетеді;

  • еске салады;

  • сендіреді;

  • нақтылайды;

  • дәлелдейді.

Цитата алынғаннан кейін оның көзін көрсетуді ұмытпаңыз.
2. Зерттеу әдістері және оларды таңдап алу.

Зерттеу әдістерін таңдау зерттеу тақырыбына, проблемасына, гипотезасына, мақсатына тәуелді.

Зерттеу объектісіне, пәніне, міндеттеріне, жинақталған материалға сәйкес әдістер таңдаған жөн. Олар қазіргі ғылыми зерттеудің талартарын орындауы тиіс: перспективті болуы, яғни сенімді нәтиже беруі; зерттеудің логикасына сәйкес болуы; оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамытуға бағытталуы; әдістердің өзара байланысы.
Дәріс 25. Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлімін өткізу әдістемесі.

1. Зерттеудің 2-ші кезеңі (немесе тәжірибелік бөлім).

2. Курстық жұмыстың безендірілуі
1. Зерттеудің 2-ші кезеңі (немесе тәжірибелік бөлім).

Бұл кезеңде анықтаушы эксперимент (тексеру), қалыптастырушы эксперимент (құрылымдық, өзгерту) және бақылау эксперименттерін біріктіретін тәжірибе жұмысының құрылымы анықталады.



Анықтаушы эксперимент - зерттеудің басында өткізіледі және оның міндеті зерттелетін құбылыстың практикадағы жағдайын анықтау. Қолданылатын әдістер: бақылау, әңгіме, анкета, оқушылар жұмысын, сабақ конгспектілерін зерттеу және т.б.

Қалыптастырушы эксперимент – эксперименттің келесі кезеңі. Міндеті – жаңа шарттарды орындай отырып, осы шарттардың тәрбие мен оқытудың тиімділігіне қаншалықты әсер ететіндігін зерттей отырып, ұсынылған гипотезаны тексеру. Бұл кезеңдегі өте маңызды нәрсе – тәжірибе жұмысының барысы мен нәтижесін жазып алу әдістемесі, алныған мәліметтерді талдау әдістемесі, мәліметтерді статистикалық өңдеу, кесте құру және т.б.

Бақылау эксперименті өткізілген жұмыстың нәтижесін (гипотезаның дұрыстығы немесе қателігі) нақтылауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың практикалық бөліміне енеді:



  • әдіс-тәсілдерді жасау: анкета, сұрақтар тізімі және т.б.;

  • сабақтар мен тәрбие шараларын даярлау;

  • жаттығулар, тренингтерді іріктеу және т.б.

Эксперимент жұмысы аяқталғаннан кейін оны өңдеу керек: сабақ, тәрбие шарасын, жаттығулардың өткізілуін баяндау, қателіктерді көрсету, қорытындылар жасау.
2. 3 кезең – курстық жұмыстың безендірілуі

Курстық жұмыстың безендірілуі жұмыстың жоспарына сәйкес тарауларды топтастырудан басталады (2 қосымшаны қараңыз). Әрбір тарауларды мұқият оқып шығып, оларға қорытынды жазу керек. Содан кейін жапы жұмыстың теориялық және практикалық зерттеулер бойынша қорытынды жазылады. Сонан соң жұмысқа кіріспе жазылады.



Кіріспе - ғылыми-зерттеу жұмысының алғышарт бөлімі. Автор оқырманды қызықтыратындай сөзі бастап, зерттеудің практикалық мәнділігін көрсетіп, эксперименттің базасын, зерттеудің әдістерін, қорғауға ұсынылатын қағидаларды, объектісін, пәнін, гипотезасын, зерттеудің мақсат-міндеттерін тартымды баяндайды.

Курстық жұмыстың құрылымдық бөлімі – библиография, немесе әдебиеттер тізімі. Бұл алфавиттік рет бойынша орналастырылған кітаптар мен мақалалар тізімі (3 қосымшаны қараңыз).

Курстық жұмыс иллюстрацияларға, қосымшаларға ие болуы мүмкін. Олардың әрбіреуі араб сандарымен нөмірленеді және тақырыбы болады. Қосымшалар араб сандарымен нөмірленеді, олар жұмыста келтірілу реті бой»ынша орналастырылады.

Мазмұны жұмысты топтастырғаннан кейін құрылады ( қосымшаны қараңыз). Содан кейін титулдық бет жазылады ( қосымшаны қараңыз). Талаптары:


  • авторлық мәтін компьютерде 14 кеглімен, Times New Roman шрифтімен, 1,5 интервалмен А4 форматты бетті терілуі тиіс;

  • терілген мәтіннің көлемі: жоғарғы – 20 мм, оң – 10 мм, сол – 20 мм кем емес, төменгі – 20 мм болуы тиіс;

  • мәтін беттері 3 –ші «Кіріспе» бетінен бастап араб сандарымен нөмірленеді. Титулдық бет және мазмұны жалпы беттер саны енеді, бірақ нөмірленбейді;

  • бас әріптермен жазылады: МАЗМҰНЫ-ЖОСПАРЫ, ТАРАУЛАР АТАУЫ;

  • әдебиеттер тізімі алфавит бойынша жазылады;

  • курстық жұмыс тігілген болуы тиіс.


Дәріс 26. Курстық жұмысты қорғау тәртібі.

  1. Курстық жұмысты қорғау

  2. Курстық жұмысқа жетекшілік ету.

  3. Курстық жұмыстың құрылымы


1. Курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмыс кафедра отырыстарында, базалық оқу орындарында (балабақша, мектеп, УПК), кіші курстағы студенттер алдында қорғалуы мүмкін.

Қорғауда студент 7-10 минутөа созылатын қысқаша баяндама жасайды, онда курстық жұмыстың тақырыбын таңдау мотиві, оның өзектілігі, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеудің мақсат-міндеттері, курстық жұмыстың ақпарат көздері айтылып, практикалық бөлімге, зерттеу әдістеріне және алынған нәтижелерге кеңірек тоқталып, көрнекіліктерді демонстрациялайды.


2. Курстық жұмысқа жетекшілік ету.

Курстық жұмыстарға жетекшілікке тек қана ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген мұғалімдерге тапсыруға болады. Ғылыми жетекшісінің негізгі ерекшелігі:

1. Студенттерге тақырыпты және жұмыс көлемін анықтауға көмек беру, зерттеу нормасын нақты белгіліп алу.

2. Курстық жұмысты бастамас бұрын студенттерге лекция оқылып, әдістемелік сұрақтар туралы консультациялар өткізіліп, курстық жұмысты орындаудағы жалпы талаптар және нақты шарттар айтылады. Теориялық және практикадағы жоспардағы зерттеу мәселелерін ашу үшін ұзақ және жүйелі жұмыс қажет. Бұдан жоспар-график негіз болады, курстық жұмыстың этаптарын кірістіреді, зерттеу түрлерінің әрбір этапта нұсқау мазмұнымен байланысып жатады.

3. Кейіннен ғылыми жетекшісі студенттерді әдебиеттермен жұмыс істеуге негіздейді, материалды жинау әдістері педагогикалық тәжірибе және эксперименталды бағдарламалардың құрылуына негіз болады.

4. Жетекші студентке олардың жұмыстарында көмек көрсетіп, курстық жұмысты орындауды систематикалық бақылап, консультация белгіленіп, тақырып бойынша жинақталған материалды талдайды.

5. Ғылыми жетекші курстық жұмысты зерттеп және рецензиялайды, кафедраға курстық жұмыстың дайындығы туралы хабарлап, қорғау күнін белгілейді.

Курстық жұмыстарға жалпы жетекшілікті кафедралар, оқу ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады. 2-3-ші курстарда студенттер курстық жұмыс тақырыбын және ғылыми жетекшісін таңдайды. 1-ші кездесу барысында курстық жұмыстың тақырыбы анықталып, оны даярлау кестесі құрылады. Айына екі рет оқытушы студентке кеңес беріп отыруы тиіс, дер кезінде көмек береді. Жетекшінің міндеті – аяқталған курстық жұмысты тексеру, жазбаша пікір беру ( қосымшаны қараңыз) және студенттерді курстық жұмысты қорғауға даярлау. Ең жақсы курстық жұмыс ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылады. Курстық жұмыстар арнайы журналға тіркеліп, тиісті бағасы қойылады.


3. Курстық жұмыстың құрылымы
Титулдық бет.

Мазмұны.

Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі, әдебиеттерге, зерттеу әдістеріне, тәжірибе өткізілген базаға сипаттама, тараулардың мазмұны бойынша қысқаша түйіндеме, зерттеудің жаңалығын баяндау.

I тарау. Тақырыптың теориялық негізделуі.

1.1. Зерттелетін проблеманы ғылыми негіздеу және оның тарихы.

1.2. Проблеманың қазіргі жай-күйі, зерттелген әдебиеттер және мектеп практикасы негізінде оның өзектілігі көрсету.

1.3.Практика қажеттіліктеріне сүйене отырып, зерттелетін проблеманың мазмұнын, формаларын және әдістерін өзектілеу.


II тарау. Зерттелетін проблема бойынша жұмыс жүйесін апробациялау (сынақтан өткізу), яғни гипотезаны тексеру және ұсыныстар беру.

2.1. Тәжірибе жұмысын даярлауды баяндау.

2.2. Тәжірибе жұмысын өткізуді баяндау.

2.3. Тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдауды баяндау.

2.4. Қолданылған әдіс-тәсілдерді (оқыту және тәрбиелеу құралдарын) пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар.

Қорытынды


  • тараулар бойынша қорытындылар саны;

  • жалпы жұмыс бойынша өзіндік баяндама;

  • зерттеудің теориялық және практикалық мәніне, ғылыми жаңалығына кең түрде сипаттама.

Әдебиеттер тізімі.

Иллюстрациялар.

Қосымшалар.
Дәріс 27. Педагогика пәні бойынша курстық жұмыстың жалпы құрылымы.

  1. Курстық жұмыстың сыртқы бейнесі.

  2. Курстық жұмыстың ғылыми аппараты

  3. Титулдық бетті толтыру реті.

Педагогика пәні бойынша курстық жұмыс

Курстық жұмыстың құрылымы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I тарау. Қазіргі жағдайда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері.

1.1. Адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.

1.2. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау.

II тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен формалары.

2.1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері

2.2. Оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны және ұйымдастырылуы.

2.3. Адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің шарты ретінде оқу және тәрбие жұмыстарының бірлігі.



2.4. Тәжірибе жұмысын ұйымдастыру, оның нәтижелері және тиімділік көрсеткіштері.

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымшалар.

Зерттеу объектісі: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.

Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің формалары, әдістері және құралдары.

Проблема: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу формалары, әдістері және құралдарының қайсысы тиімдірек.

Зерттеу гипотезасы: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігіне мына жағдайларда қол жеткізуге болады: қоршаған адамдардың адамгершілік бейнесі және олардың беделге иеленуі, баламен қарым-қатынас жасаудың ізгіліктік сипаты; қазіргі талаптарға сәйкес адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің даярлығы; мектепте адамгершілік-хұқықтық орта және қарым-қатынас стилін орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет