26
Ақбастау – өзен. Этим.: 1) «Ақбас» (руының) тауы; 2) «тұнық бастау»
мәндес
атаулар.
Ақбұлақ – бұлақ. Көне түр. ақ («ағын») + бұлақ сөздерінен құралған «ағынды бұлақ»
мәндес атау.
Ақжал – таулар. Ақжал – «бозарыңқы, ағарып көрінетін жал»
немесе отты жал
мәндес атау.
Ақтасты – ауыл. Ақтасты
атауы өзінің тіке мағынасында. Ақ + тас + ты
компоненттерінен құралған атау.
Ақшоқы – көптеген таулар мен шоқылардың аты.
Шоқы бастарының ағарып
көрінуімен байланысты атау.
Арқалық – таулар, ауыл аттары. Түркі тілдерінің
қыпшақ топтары тілінде «арқа»
сөзі өзінің негізгі мағынасымен бірге «терістік жақ, арт жақ» деген ұғым береді.
Тарихи
тұрғыдан
Арқалық атауын екі жақты түсінуге болады: 1) «терістік (жақ)»; 2) түбірге
этникалық текті білдіретін
–лық қосымшасы жалғанған атау.
Арқарлы – таулар. Арқар – қой тұқымдас аша тұяқты жануар.
Арқар сөзіне
–лы
қосымшасы жалғанған атау. Демек, атау «арқарлар мекен ететін жер»
деген ұғымды
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: