Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру



бет11/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
annotation33162 (1)

Контртитул немесе фронтиспис 1 бет
Жарнамалық беттер 4 бет
Осы беттерді жоғарыда есептеп шығарған 383 бетке қосамыз да жалпы кітап бетінің санын шығарамыз:
383 бет + 1 + 1 + 3 + 14 + 1 + 4 = 407 бет.

Шыққан беттің санын пішімдегі үлес санына бөлсек, кітаптың баспа табақтағы көлемі шығады.


Шартты баспа табақ
(условный печатный лист.)

Шартты баспа табақ — әртүрлі пішімдегі және әртүрлі көлемді баспа-полиграфия өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың жұмыс қуатын, жылдық көрсеткіштерін және оларды салыстыруға арналған бірлік. Әр түрлi пішімдерде басылған кiтаптардың көлемiн салыстыру үшiн, оларды орташа бiр өлшемге келтiріп алу керек. Сондықтан, шартты баспа табақтардың көлемі 60х90 пішіміндегі өнім ретінде қабылданған.
60х90 пішіміндегі өнім орташа өлшем болғандықтан, осы өлшемге барлық басылымдардың пішімдерін келтiру керек.
Бұл жердегі бiздiң келтіру коэффициентiмiз 1,68-ге тең.
Демек 84х108 пішіміндегі бір қағазға 1,68 шартты пішімдегі, демек 60х90 пішіміндағы қағаз сияды. Сондықтан, 84х108 пішіміндегі 10 баспа табақтан тұратын кiтаптың шартты баспа табақтағы көлемi (10 б.т х 1,68 = 16,8) 16,8 шартты баспа табаққа тең болады.
Жиі кездесетін келтіру коэффициенттері
Қағаз өлшемі см Келтіру коэффициенті
60x84 0,93
60x90 1,00
70x90 1.17
70x108 1.40
84x108 1.68
Баспа табақтың сиымдылығы және сиымдылық коэффициенті
Баспа табақтың сиымдылығы дегенiмiз - әр баспа табаққа сиятын материалдардың көлемiн көрсететiн бiрлiк. Баспа табақтағы терiлген таңбалар мен бейне материалдары неғұрлым көп болса, солғұрлым оның сиымдылығы үлкен және керiсiнше терілген таңбалар мен бейне материалдар неғұрлым аз болса, сиымдылық коэффициенті де солғұрлым кіші болады.
Сондықтан кiтаптағы баспа табақтың сиымдылығын табу үшiн, ондағы есептік баспа табақтың көлемiн, шартты баспа табақтың көлеміне бөлу керек
Баспа өнімінің өзіндік құны құрамына кіретін шығындар
1-5 шығындар баспа өнімдерінің өндірістік өзіндік құнын қалыптастырады.

1.Авторлық қаламақы мен суретшіге (графикалық жұмыстар) төленетін гонорар:


Келісім-шарт бойынша бір авторлық табаққа 15000 тенге төленеді деп алайық (келісім-шарт).
22,1 авторлық табаққа:
15000 x 22,1 = 331 500 тенге төленеді.
Зейнетақы қорына 10% - 33150 тенге бөлінеді.
Сонымен жалпы авторлық қаламақыға:
331 500 тенге+33150 =364650 тенге төленеді.
Суретшіге төленетін авторлық қаламақы (гонорар) (мұқабаны безендіруге) 15000 (келісім-шарт бойынша).
Зейнетақы қорына 10% - - 1500 тенге;
Жалпы суретшіге төленетін қаламақы (гонорар):
15000 + 1500 = 16500 тенге.
Жалпы қаламақыға (гонорарға) :
364650 + 16500 = 381 150 тенге кетеді.
2.Қағаздар мен полиграфиялық материалдарға кететін шығындарды есептеу
Кітаптың негізгі мәтінін басуға кететін қағаз шығынын есептеу. Алдымен таралымды басуға кететін қағаз парақтарының санын табамыз. (Басылымның баспа табақтағы көлемін екіге бөліп қағаз парақтағы көлемін табамыз да таралымға көбейтеміз).
Баспа табақтағы көлемі : 2= Қағаз парақтағы көлемі (Әр қағаз екі баспа табақтан тұрады: оң жағы мен кері жағы)
(13 ¸ 2) x 5000 = 32 500 қағаз парағы.
Баспа өнімдерін даярлауда өндірістегі технологиялық жұмыстарға кететін қағаздың шығын нормасы.
(Нормы отходов бумаги на технологические нужды производства при печатании продукции офсетным способом печати. - М., 1998. - С. 17-18.):
Біздің кітабымызды даярлау – күрделілігі жағынан 2-топқа жатады:
Қағазды екшелеп қою, басу қалыбын дәлдікпен орнату (приладка): 30 x 5 = 150 қағаз кетеді;
Басу үрдісі 1,5%;
Қағазды басуға дейін кесу 0,2%;
Кітап бумасын тікпей желіммен бекіту 0,8%.
Барлығы: 2,5%.
Жалпы жұмыс барысында кететін ақаулар мен шығындарға кететін қағаз парағының саны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет