Баспа экономикасындағы пайда және тиімділік.
Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің аса маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі.
Пайда – жалпы толық пайда және таза пайда болып бөлінеді.
Жалпы толық пайда (валовая, балансовая прибыль) – еңбек пен салыққа төленген шығындарды алып тастағанда баспада қалатын (бағаға қосылған) ақша көлемі. Яғни, тауарды сатқаннан кейін, материалдар мен шикізаттарға, тауарды дайындауға кеткен еңбекке төленген шығындардан артылған сома.
Таза пайда – міндетті төлемдер мен салықтар төленіп болған соң қалған сома
Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірістік шығынды азайтатын, қорды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осы мақсатқа орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың ұтымды нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, жоғары жетістікті технологияларды енгізеді. Барлық көрсеткіштер жалпы толық пайда, тауардың сатылуынан түскен пайда мен таза пайда негізінде есептеледі
Тиімділік (рентабельность).
Тиімділік бизнестің тиімділігін, табыстылығын көрсететін ауыспалы көрсеткіш. Тиімділік көрсеткіштері - мекеме қызметін бағалауға және баға қалыптастыруда қолданылады. Тиімділік – шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерін көрсетеді.
Тиімділік көрсеткіштері бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
өндіріс шығындары мен инвестициялық жобаның өзін-өзі ақтауының көрсеткіші;
сатылым табыстылығының көрсеткіштері;
негізгі қор өтелуінің сипаттамалары.
Тиімділік – түскен пайданы негізгі қор мөлшеріне бөлгенде шыққан көрсеткіш арқылы анықталады. Іс жүзінде тиімділік негізгі жұмыстың тиімділігін; кәсіпорынның өндіріске және тауарды таратуға жұмсаған әр тенгесінен түсетін пайданы көрсетеді. Тиімділік қорды пайдалану дәрежесін және шығындарды қайтару деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.
Тиімділік көрсеткіштері бойынша кәсіпорындар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- Тиімділігі төмен: 1-5 %;
- Орташа тиімді: 5-20 %;
- Тиімділігі жоғары: 20-30 %;
- Өте тиімді: 30 %- дан жоғары
Достарыңызбен бөлісу: |