Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру



бет9/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
annotation33162 (1)

Басылымның өзіндік құнын есептеу


Басылымның өзіндік құнын шығару авторлық қаламақыны есептеуден басталады.

  1. Авторлық қаламақыны есептеу

Авторлық табақ – автордың, аудармашының және т.б. қызметкерлердің еңбек көлемін көрсететін өлшем бірлігі. Бір авторлық табақ - 40 000 мәтін таңбасына немесе 700 өлең жолдарына немесе 3000 см2 бейнелік материалдарға тең. Мәтін таңбаларына - әріптер, тыныс белгілері, сандар, әртүрлі символдар мен сөздердің арасындағы ашық жерлер жатады.
Стандарт талаптары бойынша авторлық табақтың әр бетіндегі таңбалардың сиымдылығы шамамен 1800 таңбаға тең болатындықтан, бір авторлық табақ шамамен 22-23 беттен тұрады. (терiлген жолдағы мәтін 60 таңбадан, ал мәтiн жолдары 30-ға тең болады,яғни 30х60=1800). 40 000 :1800=22,22.
Шыққан сан түпнұсқадағы авторлық табақтың көлемін көрсетедi. Егер түпнұсқа 222 беттен тұратын болса
222 : 22,2 = 10; Демек 222 беттен тұратын түпнұсқа 10 авторлық табақтан тұрады.
Егер авторға төленетiн қаламақы авторлық табақ бойынша келiсiлген жағдайда, кiтаптағы авторлық табақтардың санын өндiрiс бөлiмiнiң қызметкерлерi есептейдi.
Прозалық мәтiнде басылған материалдағы авторлық табақ көлемiн есептеудiң бiрнеше тәсiлдерi бар.
Поэзиялық мәтiн көлемі
Поэзиялық мәтін көлемiн есептегенде, әрбiр өлең жолы бiр мәтiн жолы деп алынады. Егер бiр сөз немесе бiр сөздiң бөлiгi бөлек жолға жазылса да бiр жол болып есептеледi. Поэзиялық шығарманың тақырыбы қанша жол алып жатса, сонша жол болып есептеледi.
Поэзиялық басылымдағы 700 мәтін жолы - бір авторлық табақ болып есептеледі.
Бейнелік материалдарды есептеу
Суреттерді, безендiру элементтерiн, бейне материалдарын есептеудiң өзiндік ерекшелiктерi бар.
Алдымен авторлық түпнұсқадағы бейнесуреттердiң кiтап ауданына сәйкес кiшiрейту масштабын бiлiп алу керек. Бейнесуреттердiң ауданын квадратты сантиметрде (см2) тауып алып, шыққан санды 3000 см2 бөлсек, авторлық түпнұсқадағы бейнелiк табақтың санын табамыз.
Авторлық табаққа қойылатын талаптар
Баспаға ұсынылатын автордың материалы - Word бағдарламасында жарыққа шығаруға әзірленген қолжазбаларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкес А4 пішіміндегі қағаздың бір жақ бетінде 2,0 интервалымен, 14 кегльмен терілген, сол жақ шеті 35 мм-ге тең (қолмен түзетілмеген) етіп шығарылып, автордың қолы қойылып, электронды түрде немесе электронды пошта арқылы қабылдануы керек.
Қолжазбаның электронды варианты қағазға басылған материалмен бірдей болуы керек.
Авторлық табаққа кіретін қосымша материалдар толығымен кешенді түрде авторлық табақпен бірге тапсырылуы керек.
Барлық суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер ақ-қара түсті вариантта дайындалуы керек
Тақырыптың алдында автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетілуі керек. Кітапшалар мен кітаптардың авторлары аты мен әкесінің атын толық көрсетуі керек.
Монография, жинақтар мен оқу құралдарына аннотацияның варианты берілуі керек.
Авторлық түпнұсқа
А4 пішіміндегі қағаздың бір жақ беті.
Әріптің өлшемі 14-кегль.
Бір бетте терілген мәтін жолдарының саны ≈ 30-ға тең.
Терілген мәтін жолдарындағы таңба саны шамамен ≈ 60-қа тең.
30х60=1800
Яғни, жалпы авторлық түпнұсқаның бір беті шамамен 1800 таңбадан тұрады.
Авторлық табақтың көлемін есептеу
Автор алып келген қолжазба толық 486 беттен және жартылай 14 беттен тұрады.
Жартылай беттердегі мәтін жолдарын қолмен санап аламыз. Қолжазбаның жартылай беттері 166 терілген жолдан тұрады.
(Стандарт талаптары бойынша бет 30 жолдан х 60 таңба тұратындықтан = жалпы толық бір бет 1800 таңбаға тең);
Авторлық табақтың толық беттеріндегі таңбалардың санын есептейміз:
(486х1800) =874 800 таңба.
Жартылай беттердегі таңба санын шығарамыз: (166х60) =9960 таңба.
Барлығы 874 800 + 9960 = 884760;

Бір авторлық табақ 40 000 таңбаға


тең екендігін ескеріп авторлық табақтың көлемін табамыз:

884 760 : 40 000 = 22,1 авт.табақ.



Тапсырыстағы авторлық табақтың көлемі 22,1 табаққа тең.
Авторлық қаламақы:
Авторлық қаламақы төлеудің бір жолы: әр авторлық табаққа, яғни
әрбір 40 000 таңбаға ақша төлеу үшін келісім - шарт жасау.
Екінші жолы: таралымның әр сатылған данасынан пайыздық төлем
жасап тұруға келісім - шарт жасау.
Баспада орындалатын редакциялық өңдеу жұмыстары барысында автордан қабылдап алынған (авторлық табаққа) немесе тапсырыспен түскен түрлі өнімдердің көлеміне енгізілетін қосымша мәліметтердің таңбамен есептелетін көлемдік көрсеткіші есептік табақ деп аталады.
Есептік табақ - баспа қызметкерлерінің еңбек көлемін көрсететін өлшем бірлігі. Бір есептік табақ - 40 000 мәтін таңбасына немесе 700 өлең жолдарына немесе 3000 см2 бейнелік материалдарға тең Есептік табақтың көлемi де авторлық табақ сияқты есептеледі. Тек, есептік табақтың құрамына, автордың материалынан тыс баспада қосылған ақпараттар кіретіндіктен, оның көлемі әрқашан авторлық табақтан үлкен болады.
Мысалы: аннотациялар, кiтаптың беттiк нөмірлерін көрсететін сандар (колонцифр), мазмұны, титулдық беттегі, авантитулдағы, контртитулдағы мәліметтер, басылымның соңғы бетіндегi шығу деректерi, негiзгi мәтiндер мен ескертулерді бөлiп тұратын сызықшалар, шығарманың шыққан мерзiмiн көрсететін мәлiметтер, “кестенiң жалғасы, “кестенiң соңы деп көрсетiлген тақырыпшалар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет