Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Өзіндік құн. Баспа өнімдерінің өзіндік құнына кіретін шығындар



бет8/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
annotation33162 (1)

Өзіндік құн. Баспа өнімдерінің өзіндік құнына кіретін шығындар


Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің басты көрсеткіші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқарушылық есепте көрсетіледі.
Өзіндік құн – дегеніміз өнімді баспа-полиграфиялық әдіс-тәсілдермен дайындап, басып шығару, тарату барысында кететін шығындардың ақшалай көрсеткіші.
Бұл көрсеткіштердің құрамына – автор мен суретшіге төленетін қаламақылар, баспа-полиграфиялық материалдық шығындар, негізгі қордың амортизациялық тозу шығындары, қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақысы, өндірісте және өнімді тарату барысында туындайтын қосалқы шығындар кіреді.
Баспалық өзіндік құн – толық және жалпы баспалық өзіндік құн болып бөлінеді.
Толық өзіндік құнның құрамына – басылымды басып шығаруға кететін өндірістік шығындар мен оған кететін өндірістен тыс коммерциялық шығындар кіреді.
Өндірістік өзіндік құнға кіретін шығындар мен коммерциялық шығындардың қосындысы баспа өнімдерінің толық өзіндік құнын шығарады.
Басылымның өзіндік құнын есептеп шығару үшін, жоғарыда келтірілген мәліметтерді ескере отырып, мынадай экономикалық экономикалық көрсеткіштерді есептеп шығару керек: негізгі қор, айналмалы қор, жалпы пайда, таза пайда, өндіріс тиімділігі және қаржыны өтеу мерзімі.


  1. Баспа өнімдерінің бағасын қалыптастыру


Баға – ақшамен көрсетіліп, бекітілген тауар құны. Нарықтық экономика жағдайында бағаны қалыптастыру күрделi үрдіс. Нарықтық баға - өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бағаның қалыптасуына бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді.
Өнiмнің бағасы табыстың ұтымды түсуiн қамтамасыз етуi керек және мекеме шығындарын жауып, пайда әкелуге тиiстi. Мекеме өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды.
Баға қалыптастыруда шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар шығынның көлемін барынша төмендетуге талпынады, себебі, сонда өнімнің құны төмендеп арзан баға қалыптастырады да, нәтижесінде пайданың деңгейін арттырады.
Баспа өнімдерінің бағасын қалыптастыру маркетингтік қызметтің маңызды құралы. Бағаны қалыптастыру барысында шешілетін мәселелерге - кітапты табысты сату арқылы тиімділіктің ұтымды деңгейін қамтамасыз ету және жұмсалған қаржыны уақтылы қайтару жатады. Бағаны жалпы қабылданған ережелер мен талаптарды негізге ала отырып, тауарлар мен атқарылатын қызметтердің ерекшеліктерін ескеріп қалыптастырады.
Баға қалыптастырудың негізі баспада бекітілген бағадан басталады.
Нарықтық бәсекелестік жағдай ескеріліп, баспада бекітілген бағаның үстіне қосылатын сатылатын баға деңгейі қалыптастырылады. Осылайша, баспада бекітілген бағаны біле отырып, өнімнің көтерме және тікелей сатылатын бағасын шамалап шығарып алуға болады. Яғни, қазіргі жағдайда баспа бекіткен өнім құны баға қалыптастырудың негізі болып табылады.
Басылым бағасын қалыптастыруда баспа – тауардың өзіндік құны мен сатып алушылардың сұранысын негізге алады.
Басылымның өзіндік құнды негізге ала отырып баға қалыптастыру арқылы, баспа мекемесі тауарды тарату барысында түсетін пайда деңгейін алдын-ала бекітілген жоспар бойынша нормаға сәйкес келтіруі керек.
Баспа өнімдерінің бағасының қалыптасуы:

Ббағасы = Өзіндік құн.+П салық салынатын пайда (наценка издательства) + НДС (қосылған салық құны).


Баспа қосатын салық салынатын пайда (наценка издательства) немесе жалпы кіріс (валовый доход) – баспаның пайда түсіру үшін бағаға қосатын құны.
Өзіндік құн кітап өнімі бағасының ең төменгі көрсеткіші, ал бағаның жоғарғы көрсеткіші сатып алушылардың сұранысына қалай қалыптастырылады.


Өзіндік құн < Баға < Сұраныс.

Жалпы баспалық баға – өнімнің өзіндік құны мен баспа қосатын құннан (наценка) құралады.




Кітаптың өзіндік құны = авторлық қаламақы (гонорарлар) + қолжазбаны жарыққа шығаруға даярлау (редакциялық- баспалық шығындар) + полиграфиялық материалдар мен баспаханалық шығындар + дайын өнімді сату-таратуға кететін шығындар + баспаның қосалқы шығындары.

Шартты-тұрақты шығындарға - авторлық қаламақы (гонорар) редакциялық-баспалық шығындар, баспалық қосалқы шығындар жатады.


Шартты-ауыспалы шығындарға - полиграфиялық материалдар, баспаханалық шығындар кіреді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет