Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау



жүктеу 1.9 Mb.
бет2/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2 Өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелерді және ғимараттарды категориялау жүйесінің негізгі принциптері.

ӨҚН 105-03 сәйкес барлық өндірістік және қоймаға арналған бөлмелер А және Б категориясына бөлінетін өрт-жарылыс қауіпті класына; В1 – В4 категориялары жата-тын өрт қауіпті класына; Г және Д категориялы өрт қауіпті емес кластарына жіктеледі. Өндірістік және қоймаға арналған ғимараттар А, Б, В, Г және Д категорияларына бөлі-неді.

Бөлменің категориясын анықтаған кезде келесі негізгі принциптерді ескеру керек:

1.Осы бөлмедегі өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін мойындау.

Жарылыс қауіпті газды-ауа немесе булы-ауа қоспасын түзуі мүмкін заттардың бөлмеге түскен мөлшерін анықтау үшін келесі жағдайлар орындалуы керек:

- құрылғылардың біреуінде есептік апат болады және оның құрамындағылардың бәрі бөлмеге түседі;

- құбырларды өшіруге қажетті уақыт ішінде тура және кері ағынмен қоректен-діретін құрылғылардың құбырынан бір уақытта заттардың ағуы болған кезде;

- сұйықтық төгілген жерінде булану болады; еденге төгілген кезде булану ауданы, 70% және одан да көп еріткіштен тұратын 1 л коспа және ерітінді 0,5м2 ауданға таралады, ал басқа сұйықтар – 1м2 таралады;

- сонымен қатар сұйықтар сырты боялған сыйымдылықтармен, ашық күйінде эксплуатациялаған кезде сұйықтың булануы болады;

-сұйықтың булану уақытының ұзақтығы оның толық булану уақытына, 3600 с көп емес (1сағат).


2.Шаңды және газды-булы ауа қоспасынның жарылыс қауіпті шегінің жарылыс-тың есептік жұмсалған қысымы 5 кПа деп қабылданады. Жарылыстың жұмсалған қысымының тек осы шамасы ғана қызмет көрсетуші адамның өміріне қауіп төндір-мейді және жарылыс қауіпті және өрт қауіпті категорияларды бөлетін шартты шегі болып табылады.

1 кестеде заттар мен материалдардың категорияларға бөлінуін, сонымен қатар категориялаудың кейбір критериилері мен шарттарын анықтайтын сипаттамалары көрсетілген.

Бөлменің категориясын анықтаған кезде ӨҚН 105-03 сәйкес 1 кестеден жоғар-ғыдан (А) төменгіге (Д) дейін тексеру арқылы жүргізу керек.
1кесте

Бөлменің категориясы

Бөлмедегі материалдар мен заттардың сипаттамасы

А  өрт-жарылыс қауіпті

мен тұтану температурасы 28 0С-тан көп емес оңай тұтанатын сұйықтардың мөлшері. Егер олар тұтанатын болса бөлмедегі жарылыстың жұмсалғсн қысымы 5 кПа-дан асады. Заттар мен материалдар сумен, ауаның оттегімен және бір-бірімен әрекеттескен кезде жануға және жарылуға қабілетті.

Б өрт-жарылыс қауіпті

Жанғыш шаңдар мен талшықтар, температурасы 28 0С-тан көп емес оңай тұтанатын сұйықтар, жарылыс қауіпті булы-газды ауа қоспасын түзуге қажеттң жанғыш газдар мөлшері. Егер олар тұтанатын болса бөлмедегі жарылыстың жұмсалғсн қысымы 5 кПа-дан асады.

В1 - В4 өрт қауіпті

Жанғыш және қиын жанатын, қатты жанатын және қиын жанатын заттар мен материалдар. Сумен, оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттескен кезде тек қана жанатындар. Олар А және Б категорияларына жатпайтындар.

Г

Жанған немесе балқытылған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар. Өңдеу процестері кезінде жылу мен жалынның бөлінуі бірге жүреді; отын ретінде утилизацияланатын немесе өртелетін жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттар.

Д

Суық күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар.

Ғимараттардың өрт жарылыс қауіптілігін ондағы өрт- қауіпті бөлмелердегі аудан-дардың дәрежесіне сәйкес бағалайды.

Ғимарат А дәрежеге жату үшін ондағы А дәрежеге жататын аудан көлемі жалпы ғимараттың көлемінің 5%-нан асуы керек немесе 200м2 жетуі қажет. Бұл көрсеткіш 25% жеткен жағдайларда да егер бөлмелер тұрақты өрт сөндіру құрылғысымен жабдықтан болса, онда ол А дәрежесіне жатпайды.

Ғимарат Б дәрежесіне жатады.Егер төмендегі 2 жағдай орындалса:

1.Ғимарат А дәрежесіне жатпаса;

2.бөлмелердің А және Б дәрежесіне жататындарының жиынтық көлемі 5% асса немесе жиынтық ауданы 200м2 асса.

Басқа дәрежелерге жатуы да осындай әдіспен анықталады.
Ал мүмкіндік әдісі бойынша баға беру негізгі кез келген қауіпті өндіріс орнындағы құрылғының аварияға ұшырауы барысында нақты өрт жарылыстың жағдайын, шығынын есептеуге негізделген. Оны тәжірибе сабақтарында қарастырамыз.
Дәріс №3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1. Өндірістің өрт және жарылыс қауіпсіздігін бағалау қандай әдістермен жүргізіледі?

2. Бөлмелер,ғимараттарды Өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша категориялау жүйесінің негізгі принциптері қандай?


Дәріс №4 Өрттің алдын алу шаралары.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Өртті таратпау шаралары.

2. Өрт-жарылыстың алдын-алу жүйесі
12.1.004-96 МЕСТ бойынша («ССБТ. пож. без-ть общ.) Өрттің алдын алу үшін жүргізілетін шаралар:


  • Жанатын ортаның пайда болуының алдын-алу;

  • Жанатын ортада тұтандыру көзін болдырмау;

  • Жанатын орта температурасын максималды шектеулі температурадан асырмау;

  • Жанатын ортаныің қысымын мүмкін болған максималды қысымнан асырмау;

  • Жану ортасының қауіпті размерін жанудың максималды болу жағдайынан асырмау;

Өрттің алдын-алу немесе оның таралуын болдырмау жанғыш ортаға, жылу көзіне әсер етіп, жану процесін қолдайтын жағдайларды болдырмау деген сөз.
1 Өртті таратпау шаралары
Өрт көлемін шектеу шаралары

Өндірістік ғимараттардың жобасын жасаған кезде өрттің таралуын болдырмайтын төмендегідей шаралар ойластырылуы қажет:



  • Ғимаратты өртке қарсы қабырғамен немесе жаппамен өрт бөліктеріне бөлу;

  • Ғимаратты өртке қарсы ішкі қорғау қабырғалары арқылы секцияларға бөлу;

  • Өрттің конструкциялар арқылы тарауын болдырмас үшін жанбайтын материал-дардан кедергі жасау

  • Өртке қарсы есік, қақпалар жасау;

  • Ғимараттар арасында өртке қарсы қашықтықтарды сақтау.

Өртке қарсы қабырға, конструкция элементтері жанбайтын болса – шатырмен бірдей, қиын жанатын материалдардан жасалса – 30см, ал жанғыш материалдардын жасалса – 60 см биік болуы керек. Өртке қарсы қабырғалардан желдету немесе түтін каналдарын жасауға болады, бірақ екі жақ орналасқан жердің өртке төзімділігі 2,5 сағаттан кем болмауы керек.

Өртке қарсы құрылым жалпы сыртқы қабырғадан асып тұруы керек.

Өртке қарсы бөліктер(отсек) орнына жанғыш-жарылғыш заттар сақталмайтын өндіріс орындарында өртке қарсы аймақтар болуы керек. Олардың ені 12м(1тип) немесе 6м(2тип) болып келуі қажет. Аймақтарға өрт сөндіргіш тұрақты құрылғыларды орналатырады. Шатырға шығатын есік, сырт-қабырғаларынан сыртқа шығатын есік немесе қақпа жасалуы керек.

Өртке қарсы қабырғалар мен аймақтар ғимараттың оған жалғас бөлігі қираған жағдайда да өзінің міндетін атқаратындай болуы керек.

Өртке қарсы кедергілердегі аймақтар, яғни өртке қарсы есік, терезе, блок, клапан, тамбур-шлюздер ауданы жалпы ауданның 25%ын аспауы керек.

Өртке қарсы қабырға, аймақ, жанатын материалдар, газ, шаң, сұйықтар тасымалданатын шахталармен, құбырлармен көлденең тесіп өтуге болмайды) қиын өтуге болмайды. Болған уақытта өртке айтылған шахта, каналдарда өрттің таралуына кедергі болатын тұрақты өрт сөндіру құрылғыларын орналастыру қажет. Өрт бөле\іктері ауданы, этаж саны ғимараттардың өртке қасиеті мен онда орналасқан өндіріс дәрежесіне сай белгіленеді.

Өрт бөліктерінің ауданын табу – конструкциялардың көтеру, қорғағыштық қасиетін сақтауға мүмкіндік беретін өртті өшіруді уақыт мөлшерінде қамтамасыз ететін өрт сөндіруге арналған сұйықтың мөлшерін табумен байланысты

Q=GF/τдоп (3.22)

мұндағы, Q – өрт сөндірулер бере алатын су мөлшері (л·с-1)

G – 1м2 өртті сөндіруге арналған су мөлшері (л·м-2)

F – өрт сөндіру ауданы (м2)

τдоп= τпр+ τл – өрттің басталуы мен толық сөнуіне қажетті сөнуіне қажетті мүмкін болар уақыт

τпр – өрттің еркін өрбитін уақыты, сек;

τл – өртті өшіруге кеткен уақыт, сек.



2. Өрттің алдын-алу жүйесі
Өрттің алдын-алу жүйесі деп – өрттің туындау жағдайын жоюға бақытталған техникалық жабдықтар мен ұйымдастырушылық шараларының жиынтығын айтамыз. Мұндай жан-жақты жүйе әр өндірістік нысанға немесе әр өндірістік бөлімге жасалуы керек.

Өндірістік өрт-жарылыстың алдын алу үшін біріншіден – жанғыш орта мен жарыл-ғыш ортаның түзілуін болдырмау қажет; екіншіден – жанғыш-жарылғыш ортада тұтандыратын заттың болмауын қамтамасыз ету қажет.

Жанғыш қоспа мен жарылғыш ортаның түзілуін болдырмау үшін төмендегі шаралар іске асырылады:


  • Жанғыш қоспа түзілуімен байланысты өндірістік процестерді мейілінше механикаландыру және автоматтандыру;

  • Жанғыш заттар өңделетін жабдықтар мен олар сақталатын ыдыстардың тұйықтығын қамтамасыз ету(герметизация)

  • Технологияда пайдаланатын жанғыш материалдарды мейілінше қиын жанатын және жанбайтын материалдарға ауыстыру;

  • Тұйық оқшауланған бөлмелерге өрт және жарылысқа қауіпсіз жабдықтарды орналастыру;

  • Жарылғыш шаңдар мен жанғыш заттардың ШРК-н бақылау, шектеу;

  • Бөлмелердегі ауа қоспасының, ыдыстар мен аппараттағы жұмысшы ортаның құрамын бақылау;

  • Түзілген жанғыш ортаны арнайы құрылғыларға немесе қауіпсіз жерге әкету;

  • Жұмыс орнындағы, өндірістік бөлмелердегі ауаға бөлінетін жарылғыш, жанғыш заттардың концентрациясын азайтуүшін инертті қоспаларды, ингибирлі қоспаларды пайдалану;

Жанғыш орталарда тұтандыру көздерінің болмауын төмендегі шаралар қамтамасыз етеді:

  • Машиналар мен қондырғылар конструкциясы өрт қауіпсіздігі ережесіне сай және оларды пайдалануға тиімді режимдерді қолдануға мүмкіндік беруі қажет;

  • Өрт-жарылыс қауіпі жоғары бөлмелерде пайдаланылатын электржабдықтар қауіпсіздік ережесіне сай болуы қажет;

  • Ғимараттар мен имараттарды жайтартқыш құрылғылармен жабдықтау;

  • Ұшқын бермейтін жабдықтарды пайдалану арқылы;

  • Материалдар мен заттардың өздігінен тұтануын болдырмайтын жағдай туғызу арқылы;

  • Жанғыш ортамен жанасатын машина, жабдық қабырғаларының температурасын бақылап отыру арқылы;

  • От-жалынды жұмыстарды атқарған кездегі ережелерді сақтау арқылы;

  • Статикалық электр разрядынан қорғану шараларын іске асыру арқылы:


Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1. Өндірістегі негізгі өрт көлемін шектеу шараларына не жатады?

2. Өрт-жарылыстың алдын-алу жүйесі дегеніміз не?


Дәріс № 5 . Жарылыстың алдын алу шаралары.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}


  1. Жарылыстың алдын алу жүйесі

  2. Жарылыстың салдарын азайту шаралары


1. Жарылыстың алдын алу жүйесі

Жанғыш орталарда тұтандыру көздерінің болмауын төмендегі шаралар қамтамасыз етеді:

  • Өрт-жарылыс қауіпі жоғары бөлмелерде пайдаланылатын электржабдықтар қауіпсіздік ережесіне сай болуы қажет;

  • Ғимараттар мен имараттарды жайтартқыш құрылғылармен жабдықтау;

  • Ұшқын бермейтін жабдықтарды пайдалану арқылы;

  • Материалдар мен заттардың өздігінен тұтануын болдырмайтын жағдай туғызу арқылы;

  • Жанғыш ортамен жанасатын машина, жабдық қабырғаларының температурасын бақылап отыру арқылы;

  • От-жалынды жұмыстарды атқарған кездегі ережелерді сақтау арқылы;

  • Статикалық электр разрядынан қорғану шараларын іске асыру арқылы:


Өндірістегі жарылысың алдын алу үшін төмендегі шаралар іске асырылады: сақтандырғыш құрыл?ымдар (мысалы жеңіл лақтырылып тасталатын құрылмдар); жарылғыш булармен қоспалардың жинақталуы туралы белгі бергіштер; тұтандырғыштарды аластау; желдету, флагматизацияны қолдану; отқа бөгеттер ұйымдастыру; жарылысты тұншықтыру.

1.Сақтандырғыш (жеңіл лақтырылып басталатын) құрылымдар.СН және Е-ге сай А және Б дәрежедегі бөлмелер мен ғимараттардың сыртқы қоршау құрылғыларды жеңіл лақтырылып тасталатындай ойластырылуы қажет. Мұндай құрылғыларға шынылы терезе ойықтары мен фонарларын жатқызамыз.Терезе ойықтары жеткіліксіз болған жағдайда сыртқы ашылатын қақпа, есіктер, сонымен қатар болаттан алюминий, асбестоцемент тақталрынан жасалған жылу ұстағыштығы күшейтілген қабырға панелдерін қолданады. Олардың аудандары артық қысымға лайықталып , есептеу арқылы анықталады.Орташа есеп бойынша олар жарылыс кезінде 2 кПа аспайтын қысымда ашылулары керек. Жеңіл лақтырылатын терезе ойыөтары үшін қалыңдығы 3,4,5 мм шынылар қолданылады және олардың ауданы 0,8-1,5 м2 болуы қажет.

Технологиялық жабдықтарға жарылысты болдырмау үшін (мысалы қысыммен жұмыс істейтін құрылғы) артық қысым кезінде ашылатын, жарылып кететін мембраналы, пружиналы клапандар , сақтық клапандары пайдаланылады. Бұлар жүйедегі қысым 1 кПа аспайтын жабдықтарда қолданылады. Ал жоғарғы қысымдағы жабдықтарда шекті қысымға жетпейді көрсеткіштерде автоматты түрде өзі ашылып, артық қысымды реттеп отыратын құрылғылар пайданылады.Мұндай клапандардың ауданын есептеу арқылы анықтайды.

Оқулық Баратов 97 бет, формулалар 3.24; 3.25.



Тұтандырғыш көздерді аластау.

Жарылыстың тұтандырғыш көздеріне өндірістегі ашық отты пайдалану, жоғарғы температураға дейін қызған технологиялық жабдық беттері; электр энергиясы немесе механикалық әсерден қызу; химиялық реакциядан бөлінген қызу жатады. Әртүлі ава-риялық жағдайларда бөлінген жарылғыш газ, бу қоспаларының тұтану кездерімен жанасуы- жарылыстан қорғаудың негізі болып табылады.



2 Жарылыстың салдарын азайту шаралары
Жарылыс қауіпті нысандарда арнайы электр жабдықтар қолданылады. Жары-лыстан қорғалған электр жабдықтарды жарылыстан қорғалу түрі мен дәрежесіне, тобына, температуралық класына қарай бөледі.

Ережеге сай жарылыстан қорғалған электр жабдықтарының келесі түрлері белгі-ленген: жарылысқа қарсы жоғарғы сенімділіктегі (белгісі 2), жарылыс қауіпсіз (1) және ерекше жарылыс қауіпсіз (0). Ал олардың жарылыс қорғанышы келесі түрлерден тұрады: жарылыс кіре алмайтын сыртқы орам(d), сыртқы орамы қорғағыш газбен толтырылған неменсе үрленіп отыратын (p), ұшқыннан қауіпсіз электр желісі (i), тоқ жүретін бөліктер орамы кварцпен толтырылған (g), мамен толтырылған (s) және стандартқа сай қорғаныс (е).

Тұтандыру көзін болдырмас үшін төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет;


  • ЭА.Пісіру және ашық отты пайдалану жұмыс барысын ережеге сай жүргізу.

  • Жабдықтардың бөліктерінің қызуын пайдаланатын заттардың төменгі өздігінен тұтану температурасының 80% -нан асырмау;

  • Соғылған кезде ұшқын беретін материалдарды пайдаланбау;

  • Атмосфералық және статикалық электрден қорғау жабдықтарын пайдалану;

  • Механикалық және химиялық қызудың қауіпті әсерін уақытымен жойып отыру;

  • Желдету жүйесінің жолдарында өздігінен тұтанатын қалдықтардың айналуына жол бермеу;


Белгі беру (газосигнализация), флегматизация және желдету.

Өндірістік бөлмелердегі ауаға жарылыс түзету жанғыш заттардың буы мен газды бөлігінің жинақталуын бақылау үшін газанализаторлар, газсигнализаторлар және индикаторлар.Оларға термохимиялық термокондуктометрлік, оптикалық, ионизациялық аспаптар жатады.

Термохимиялық ГА-3, ПТФ2M газаналазаторлары және ИВК-1, ПНВ-1, ИВП-1 индикаторлары -20-50°C температурада жұмыс істей алады. Бұл әдіспен жекелеген заттардың немесе жанғыш заттардың жарылыс беретін қоспасының қосылуы құрамын және олардың жалынының төменгі шекті концентрациясының таралуын анықтайды.

Ал, автоматты сигналазаторлар бөлмедегі газ, бу жарылғыш қоспасының құрамы шекті мөлшердің 20% жеткенде сигнал береді СТГ-2м, СГП-1Xаи,СТХ-144, ШИТ-144.

Ионизационды жалынды сигнал беруші СДК-2 заттық шекті концентрациясы 5-45% жеткенде сигнал береді. Жұмыс істеу жағдайы 5-50°C.Іске қосылу уақыты 10-20 сек.Оптикалық әдіспен жұмыс істейтін газ анализаторлар ГИК-1, ИГА ауадағы СН4 2 , СО2- одан 20% концентрацияларын анықтай алады.

Оттегінің концентрациясын термомагниттік әдіспен анықтайтын газанализаторлар химия өндірісінде кеңінен қолданылады.

Флегматизация дегеніміз- технологиялық жабдықтың кеңістігінде немесе бөлме көлемінде жануды қолдамайтын орта түзу деген ұғым.Бұл әдіс жарылысты болдырмау үшін қажет.

Флегматизация екі әдіспен іске асады:



  • Ауаға инетті қоспаларды араластыру;

  • Ауа құрамына хладондарды және осы құрамдағы газды қоспаларды енгізу арқылы.

Бірінші әдісті көбінесе технологиялық жабдықтарды жарылыстан қорғау үшін, ал екіншісін өндірістік бөлмелерді жарылыстан қорғау үшін пайдаланады.

Флегматизациялауға қажетті инертті қоспалар кондентрациясын есеп арқылы анықтайды.

Бұл әдісті пайдаланудың тиімділігі флегматизация құрылғыларының іске қосылуын автоматизациялаудың жеңілдігінде.Құрылғының негізгі бөліктері болып газды балондар, тарату құбырлары және жапқыш клапандар.Жапқыш клапандар сигналдар беру аспаптарының ақпараты арқылы іске қосылып жарылысты болдырмайды.

Желдету – Авариялық желдету арқылы өндірістік бөлменің өрт-жарылыс қаупін төмендетуге болады.

А және В дәрежедегі өрт-жарылыс қауіпті бөлмелерде авариялық желдету, негізгі желдету жуйесімен қоса бөлменің барлық көлеміндегі ауаны сағатына 8 реттен кем емес жиілікте ауыстыратындай есептеледі.
Технологиялық жабдықтарды жарылыстан қорғау шаралары.

Жанғыш заттардың технологиялық жабдықтардың кеңістігнде пайда болуының алдын алу шарасының негізгісі- технологиялық режимді дұрыс таңдау және оны мүлтіксіз орындау.Бұл дегеніміз режимдегі температурамен қысымды қатаң сақтау және қадағалау.Яғни жанғыш-жарылғыш заттың төменгі және жоғарғы тұтану немесе жалынның таралу темпеатуралық шектеріне жеткізбеу қажет, сонымен қатар режимдегі қысымның нормадан артық болмауын қадағалау қажет.

Технологиялық ақпараттардан шыққан ұшқан шоқты өндіру мақсатында отқа тосқауылшы құрылымды қолдану екінші әдіс болып саналады.Олардың әрекеті шыққан жалын ұшқынды температурасын төмендететін арнайы тар каналдарға әкетуге негізделген.

Құрғақ тосқауылшы құрылымдар келесі типтерге жіктеледі.



  • Гранулді материалдардан тосқауыл( фарфор, ірі құм)

  • Тура каналді

  • Кассеталы

  • Тор көзді

Сонымен қатар отқа тосқауыл ретінде сұйықтың сақтандырғыш затворлар да пайдаланылады.

Технологиялық жабдықты жарылыстан қорғаудың сенімді әдістерінің бірі автоматты өртті тұншықтыры жүйесі Жұмыс принципі құрылғыдағы жоғарғы сезімталдықты индикатор арқылы жарылыстың басталу сәтін тез анықтапжарылыс кезінде қысыммен өрт сөндіру затын беру.Тиімді өрт сөндіру заттары ретінде хладондарды, ұнтақтарды және бүркілген су қолданылады.


Дәріс №5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1.Өндірістегі жарылыстың алдын-алу шараларын атап көрсет?

2. Технологиялық жабдықтарды жарылыстан қорғаудың шаралары қандай?


Дәріс №6. Өрт сөндірудің әдістері мен құрылғылары

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Өрттерді сөндіру әдістері

2. Өрттерді сөндіру құрылғылары
1. Өрттерді сөндіру әдістері

Өрт сөндіру әдістерін қолданылатын өрт сөндіру заттарының (құрамдары) түрі бойынша, оларды қолдану әдісі (жіберу) бойынша, қоршаған жағдай, тағайындалуы бойынша және т.б. жіктеуге болады. Өрт сөндірудің барлық әдістері ең алдымен өрт сөндіруші заттарды тікелей жану ошағына жіберуде көрінетін беттік сөндіру және өрт аймағында жануды қолдамайтын ортаны құруда көрінетін көлемдік сөндіру деп ажыратылады.

Өртті аудан бойынша сөндіру деп те аталатын беттік сөндіру өрттің барлық түр-леріне дерлік қолдануға болады. Сөндірудің бұл түрі үшін өрт ошағына қашықтықтан жіберуге болатын өрт сөндіргіш құралдарды қолданады (сұйықтық, көбіктер, ұнтақ-тар).

Көлемдік сөндіруді шектелген көлемде қолдануға болады (ғимараттарда, бөлік-терде, галереяларда,ыдыстарда және т.с.с.), ол қорғалатын объектінің барлық көле--мінде өрт сөндіру ортасын құруға негізделген. Осылайша, беттік сөндіру жоғарыда айтылғандарға сәйкес I класс ғимараттарындағы өрттерге, ал көлемдік II-класс ғимараттарындағы өрттерге қолданылады. Кей жағдайда көлемдік сөндіру әдісін жергілікті(локальді) ауданды үлкен көлемдерде өртке қарсы қорғаныс үшін қолданады (мысалы, үлкен ғимараттардағы өрт қауіпті аймақтар). Бірақ мұндайда өрт сөндіргіш заттардың жоғарылатылған шығыны орын алады. Көлемдік сөндіру үшін қорғалатын көлемнің атмосферасында таралып және оның әрбір элементтерінде өрт сөндіргіш концентрациясын құра алатын өрт сөндіргіш заттарды қолданады. Мұндайлар ретінде газдық және ұнтақтық құрамдар қолданады, олар туралы мәліметтер жоғарыда келтірілген. Көлемдік сөндіру әдісі прогрессивті болып саналады, себебі, ол тек қорғалатын көлемнің кез келген нүктесінде жануды жылдам және сенімді тоқтатуды ғана емес, сонымен қатар осы көлемнің флегматизациясын, яғни жарылыс қаупі бар ортаның қалыптасуын алдын алуды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, бұл әдіс экономикалық тиімді, себебі оны автоматтандыру оңай, ол жылдам әрекет етуімен және өзге де артықшылықтарымен ерекшеленеді. Дегенмен, бұл әдіс оның қолданылуын шектейтін кемшіліктерге де ие, олар төменде нақтырақ қарастырылатын болады.

Өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру әдісіне байланысты алғашқы құралдарға – өрт сөндіргіштер (ауыспалы және алып жүретін) мен ғимарат-тарда орналастырылатын өрт сөндіргіш крандары, қозғалмалы түрлі өрт сөндіргіш автомобильдер, сонымен қатар түрғылықты автоматты әрекетті немесе қолмен іске келтірілетін өрт сөндіргіш заттардың қоры бар арнайы құрылғылар, лафетті стволдар және басқалар деп жіктеледі. Беттік сөндіру өрт сөндіру техникасының барлық түрлерімен, бірақ басымдық түрде алғашқы және қозғалмалы түрлерімен, көлемдік сөндіру тек стационарлық құрылғыларымен жүзеге асырылады.

Өрт сөндіргіш заттар ретінде қолданылады: су мен кейбір тұздардың сулы ерітінділері, сонымен қатар суландырғыштары мен басқа қоспалары бар су, химиялық және ауа көбікті құрамдар, инертті газдар, хладондар, ұнтақтар, жиынтық немесе аралас құрамдар. Бұл заттар мен құралдардың өрт сөндіргіш әрекетінің механизмдері туралы, сонымен қатар оларды қолданудың облыстары мен шарттары туралы мәліметтер алдағы бөлімде мазмұндалды. Өрт сөндіргіш құралын, оны жіберу мен өрт сөндіру әдістерін таңдау өрттің туындау және даму шарттарымен анықталады.

Өрт сөндірудің құралдары мен әдістерін таңдау туралы жоғарыда келтірілген мәліметтерден бөлек экономикалық сәйкестікті ескеру қажет. Белгілі бір объектіні өртке қарсы қорғаудың барлық мүмкін әдістерінің ішінен тиімді қорғанысты қамтамасыз етумен қатар арзан болып табылатын әдісті таңдау қажет. Соңғы талап тек өрт сөндіру құрылғысының құнын ғана емес, сонымен қатар тауарлық құндылықтарға мүмкін зиян келуін, ғимарат элементтерінің бұзылуын, қоршаған ортаның ластануын және т.б. ескеру қажет.
. 2. Өрт сөндіргіш негізгі және көмекші құрылғылар
Өрт cөндіру техникасы келесі түрлерге жіктеледі:

1 - өрт сөндіру машиналары (автомобильдер, мотопомпалар және тіркемелер);

2 - көтеріп жүретін (аспалы) өртсөндіру құрылғылары (мотопомпалар, аспалы өртсөндіргіштер);

3 - тұрғылықты өрт сөндіру қондырғылары;

4 - өрт дабылы және хабар беру құрылғылары;

5 - қол өрт сөндіргіштері;

6 - өртсөндіретін қол құралы (шелек, лом, балта,күрек);

7 - өрттен құтқару құрылғылары. Әрбір өндірістік бөлме, ғимарат немесе имарат ҚР Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес қандай да бір өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілуі тиіс.

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет