Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау



бет6/9
Дата09.06.2016
өлшемі2.8 Mb.
#125040
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Құрамалы қондырғылар
Газды өрт сөндiру қондырғыларының өртке қарсы қорғанысының эффектісін жоғарылату үшін оны әртүрлі құрылымдар және жабдықтармен толықтырады. Осындай қондырғылар құрамалы деген атауға ие болды.

Құрамалы газды өрт сөндіру қондырғылары, мысалы, сумен салқындатқыш құрылымдар, өрт туралы сигнализация, терезелік ойықтар мен есіктерді автоматты түрде жабатын құрылымдар, желдету жүйесі және т.б. жүйелерді сөндіруден тұрады.

Өрт туралы хабарлайтын жүйе екі түрлі датчиктармен жабдықталады.Олар өрттің физико-химиялық факторларға (мысалы, түтін және жылу, жылу мен температураның жоғарылау жылдамдығына және т.б.) негізделеді.

Жергiлiктi газды сөндiрудi құрамалы қондырғылар 5.19-шы суретте көрсетiлген. Өртті өшiретiн құрам қысыммен балонда 1 сақталады. Пештің ішін-



5.19 Сурет. Кептiргiш агрегаттағы жергiлiктi газды өрттi сөндiрудiң автоматты құрамалы қондырғының сызбасы: 1 - баллондар; 2-iске қосқыш бастары; 3 - тетiк; 4 - құбыр; 5 - түрткi болатын құбыр; 6-желдеткіш канал; 7 - жапқыш; 8 - қондырмалар; 9,14-өрт датчиктерi; 10 - батырма; 11- конвейер; 12 - шұңқыр; 13 - сулаушылар; 15 – пеш.

5.20 Сурет. 1 - баллондар; 2 - таратқыш құрылғы; 3 - iлгешек; 4, 14 - құбырлар; 5, 13- түрткi болатын құбырлар, 6 - қондырма; 7 - сорап станциясы; 8 - сприн - клерлер; 9- жапқыш; 10- желдету жүйесі; 11 – бөлме(орын); 12- өздiгiнен жабылатын есiктер; 15- жәшiк; 16- сигналдық құрылым; 17- бастар-затворлар.


де 15 өрт болған жағдайда өрт датчиктері 9,14 іске қосылады. Өтр датчиктерінен сигналдар түрткі болатын құбыр 5 арқылы балондағы 1 өрт сөндіретін құрам құбыр 4 арқылы іске қосқыш бастарға 2 беріледі. Құбырдың 4 соңында қондырмалар 8 орналасқан. Олар арқылы қорғалатын орынға өрт сөндіргіш газ құрамы өтеді. Қондырмалар желдеткіш каналдарында 6, пеш төбесінде 15,конвейер 11 және щұңқырда 12 орналасқан. Щұңқырлардағы 12 өртті сөндіру үшін олар станционарлы сулағыштардағы 13 сумен толтырылады. Өрт датчигі әсерінен суландырғыш автоматты түрде қосылады. Өрт датчигі әсерінен бір уақытта суландырғыш құрылымдарымен қоса конвейер двигательдері де іске қосылады11, насостар, пеш15, желдеткіш каналдардың жапқышы және басқа да технологиялық қондырғылар. Қондырғыларды цех ішінен тетікті 3немесе батырманы басу арқылы қолмен де қосуға болады.

Белгілі бір орындарда өрт болған жағдайда (мысалы, 11бөлмеде) бірнеше спринкерлердің 8 біреуіашылады, түрткі болатын құбырда 13 қысым түседі, балон батареясының бастар-затворлары 17 ашылады және үйлестірілген қондырғы 2 құбырға қосылады 13. Газды сөндiрумен қатар бір уақытта өрт туралы хабарлайтын сигналдық құрылым да 16 іске қосылады. Өрт сөндіргіш газ құрамның қысымы әсерінен ілгешек 3 іске қосылады.Ол Өздігінен жабылатын есіктерді 12 босатады. Бір уақытта желдету жүйесі 10 сөндіріледі және желдетпе арнадағы жапқыш та 9 жабылады. Газды сөндірулі қондырғыны жәшіктегі 15 бақылау қалқанында орналасқан батырманы басу арқылы қолмен өшіруге болады.

Инертті газбен және майда бүркiлген суы бар сөндіру қондырғысын ірі компрессорлы станцияларды өрттеу қорғау үшін қолданады. Бұл қондырғылар қауіпті газдардан автоматты қорғану жүйесімен жабдықталған. Газды анализ жүйесі үш режимнің біреуімен жұмыс істейді: қалыпты, сынамалы және авариялы. Қалыпты режимде ауадағы газдардың концентрациясы бақыланады. Қауіпті концентрация тіркелсе автоматты түрде тексеру режиміне қосылады. Бұл режимде құрылғы датчиктің көрсеткіштерін мұқият тексереді және ақау пайда болса бірден авариялық режимге ауысады. Осы жағдайда автоматты түрде дыбыстық және түсті сигнализация қосылып, станцияның авариялық кілті қосылады.

Станцияда өртті түсті сигнализация арқылы анықтайтын жүйе орнатылған. Олар жылу датчиктарымен бекітілген және қоршаған ортаның температурасының өсу жылдамдығына әсер етеді.

Өрт шыққан жағдайда барлық двигательдар және желдеткіштер өшеді, барлық есіктер мен жапқыштар жабылады, сақтаушы клапан ашылады, және станцияның газ құбырларының ішіндегі заттар ауаға жіберіледі. Сөндіру қондырғысы автоматты түрде іске қосылады.Ол компрессорлы станцияны инертті газбен және майда бүркілген сумен толтырады.
Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Көпіршікті өртсөндіру қондырғыларының жұмыс принципі қандай?

2. Құрамалы өртсөндіру қондырғылары қалай жұмыс істейді ?



Дәріс №14. Қазақстан Республикасының Төтенше жағ-дайлар агентігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Қ Р Төтенше жағдайлар агентігінің өртке қарсы қызмет бөлімшеле-ріндегі еңбек қауіпсіздігі.

2. Қарауыл қызметін өткеру кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
1 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Агенттігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі нұсқаулықтары.

1.Осы нүсқаулық қызметтік міндеттерін орындау кезінде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің,тыңдаушыларының,жұмыскерлерінің(бұдан әрі-жеке құрам) денсау-лығы қауіпсіздігін және жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағыт-талған іс-шаралар жүйесін анықтайды.

2.Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті әсер етуін болдырмайтын іс- шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай күйі;

жазатайым оқиға-қызметтік міндеттері орындау кезінде қауіпті факторларды адамға әсер ету жағдайы;

өрттің қауіпті факторы-адамның жарақаттануына, улануына және өліміне, сондай-ақ материалдық шығынға әкелетін өрт факторы.

3.Жұмысқа басшылық ету және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жай- күйі үшін жауапкершілік:аумақтық өртке қарсы гарнизондарында-агенттіктің аумақтық органдарының басшыларына; орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде-оқу орнының,мекеменің бастығына;

Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде-бөлімшелердің бастықтарына; қарауыл-дарда-қарауыл бастықтарына; бөлімшелерде-бөлімше командирлеріне;

Өртте жұмыс істегенде-тапсырылған учаскеде жұмыс істеуді қамтамасыз етілген лауазымды тұлғаларға;

Сабақтар,жаттығулар, жарыста өткізу кезінде-сабақтардың, жаттығулардың, жарыстың басшыларына жүктеледі.

4..Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бастықтары заңнамада белгіленген тәртіппен өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамымен болған жазатайым оқиғаларды дұрыс және дер кезінде тергеу, олар туралы ақпарат беру, жазатайым оқиғаларды есепке алу үшін, сондай-ақ жазатайым оқиғаға әкелген себептерді жою бойынша іс-шараларды уақытылы және сапалы орындамағаны үшін дербес жауап береді.

5.Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамына қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын жасау үшін қарауыл қызметін өткеру, сабақтармен жаттығулар өткізу, өрт сөндіру және олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын ( бұдан әрі- өрт сөндіру) кезінде МӨҚҚО лауазымды тұлғалары:

белгіленген тәртіппен осы нұсқаулықтың талаптарын тиісінше орындау бойынша нұсқама өткізуге;

қарауыл қызметін өткеруге арнай бастапқы оқудан өтпеген және осы нұсқау-лықты білуіне сынақтар тапсырмаған тұлғаларды, сондай- ақ науқастар мен ішімдікке немесе есірткіге мас болған тұлғаларды жібермеуе;

өрт сөндіру,сабақтар мен жаттығулар өткізу кезінде бөлімшелердің жеке құрамымен іс –қимылын жеке өзі және қарауылдың бастықтары, жауынгерлік учаске-лердің (секторлардың) және бөлімшелердің командирлері арқылы үздіксіз бақылау жүргізуге;

жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша іс-шаралар әзірлеуге және шаралар қабылдауға;

ұзақ созылған өртте жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді дер кезінде алмастыруды, киім-кешекпен және азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға міндетті.
2. Қарауыл қызметін өткеру кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1..Қарауыл қызметін ұйымдастыру және өткеру тәртібі МӨҚҚО Қызмет жарғысымен ( бұдан әрі-Қызмет жарғысы)анықталады.

2. жауынгерлік кезекшілікке түскен кезде қарауыл бастығы мыналардың:

Өрт сөндіруші жауынгерлік киімі (бұдан әрі-жауынгерлік киім) мен жарағының;

Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын(бұдан әрі-ТОЖҚҚ);

Өрт сөндіру автомобильдері мен өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде алғашқы көмек көрсететің дәрі-дәрмек сөмкелерінің;

Гараж қақпаларының бекітілуінің( қысқы уақытта) жіне олардың тұйықтағыштарының жарамдылығының;

Дабыл белгісі бойынша қарауылдың жеке құрамның жүру жолында кедергілердің болмауының жан-күйін тексеруді қамтамасыз етуге міндетті. Жауынгерлік кезекшілікте түскен кезде қарауыл бастығы қарауылдың жеке құрамының,оның ішінде бақылаушылар мен шолғыншылардың осы нұсқаулықты білуін іріктеп тексереді.

3.Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамы күзетілген объектіде бекеттер мен шолғындарда қызмет өткеру кезінде еңбекті қорғау және өндірістік санитария ережесін қатаң сақтаулары қажет.

4.Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің үй-жайларында:

алаңдарында және саты торларының баспалдақтарында,түсіру бағандары мен есік ойықтарының жанында құрал-саймандар мен жабдықты орналастыруға;

осы мақсатта белгіленбеген және жабдықталмаған орындарда темекі шегуге тыйым салынады.


Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі қалай ұйымдастырылады ?

2. Қарауыл қызметін өткеру кезіндегі қауіпсіздік талаптары қандай?


Дәріс №15. Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
1. Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау шаралары.

2. Бөлімшелердің жауынгерлік әс-қимылдарды орындау кезіндегі қауіп-сіздік талаптары


1 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі ееңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық

1.Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі нүсқаулық (бұдан әрі-Нұсқаулық) қызметтік міндеттерін орындау кезінде өртке қарсы қызмет қызмеркерлерінің, тыңдаушыларының,жұмыскерлерінің(бұдан әрі-жеке құрам)денсаулығы қауіпсіздігін және жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар жүйесін анықтайды.

2.Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

еңбекті қорғау- құқықтық,әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-шылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және басқа да іс-шаралар мен құралдарды өамтитын еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамаз ету жүйесі;

еңбек қауыпсіздігі - еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті әсер етуін болдырмайтын іс- шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай күйі;

жазатайым оқиға-қызметтік міндеттері орындау кезінде қауіпті факторларды адамға әсер ету жағдайы;

өрттің қауіпті факторы-адамның жарақаттануына, улануына және өліміне, сондай-ақ материалдық шығынға әкелетін өрт факторы.

3.МӨҚҚ жүйесінде мынадай нұсқамалар түрлері жүргізіледі:

кіріспе;

жұмыс орнында алғашқы;

қайталама;

жоспардан тыс;

мақсатты;

4.МӨҚҚО басшылармен,орта және аға басшы құрамымен қайта нұсқама кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.

Диспетчерлер (радиотелефоншылар) тоқсанына кемінде бір рет осы нұсқаулықты білуіне емтихандар тапсырып, қайта нұсқамадан өтеді.Жеке құрамның осы нұсқаулықтың талаптарын білуін бақылау жыл сайын сынақ тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Өткізілген нұсқама мен сынақтар қабылдау туралы нұсқамалар журналында жазба жазылады.

5..Жұмысқа басшылық ету және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жай- күйі үшін жауапкершілік:аумақтық өртке қарсы гарнизондарында-Министрліктің аумақтық органдарының басшыларына; орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде-оқу орнының,мекеменің бастығына;

Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде-бөлімшелердің бастықтарына; қарауыл-дарда-қарауыл бастықтарына; бөлімшелерде-бөлімше командирлеріне;

Өртте жұмыс істегенде-тапсырылған учаскеде жұмыс істеуді қамтамасыз етілген лауазымды тұлғаларға;

Сабақтар,жаттығулар, жарыста өткізу кезінде-сабақтардың, жаттығулардың, жарыстың басшыларына жүктеледі.

6.Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бастықтары заңнамада белгіленген тәртіппен өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамымен болған жазатайым оқиғаларды дұрыс және дер кезінде тергеу, олар туралы ақпарат беру, жазатайым оқиғаларды есепке алу үшін, сондай-ақ жазатайым оқиғаға әкелген себептерді жою бойынша іс-шараларды уақытылы және сапалы орындамағаны үшін дербес жауап береді.

7.Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамы жеке және қоғамдық гигиена ережесін білууі және қолдануы, өзіне және зардап шекккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу қажет.Денсаулық жағдайын бақылау мақсатында тұтас жеке құрам мерзім сайын жылына бір рет медициналық тексеруден өтуі қажет.

8..Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамына қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын жасау үшін қарауыл қызметін өткеру, сабақтармен жаттығулар өткізу, өрт сөндіру және олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын ( бұдан әрі- өрт сөндіру) кезінде МӨҚҚО лауазымды тұлғалары:

белгіленген тәртіппен осы нұсқаулықтың талаптарын тиісінше орындау бойынша нұсқама өткізуге;

қарауыл қызметін өткеруге арнай бастапқы оқудан өтпеген және осы нұсқаулықты білуіне сынақтар тапсырмаған тұлғаларды, сондай- ақ науқастар мен ішімдікке немесе есірткіге мас болған тұлғаларды жібермеуе;

өрт сөндіру,сабақтар мен жаттығулар өткізу кезінде бөлімшелердің жеке құрамымен іс –қимылын жеке өзі және қарауылдың бастықтары, жауынгерлік учаскелердің (секторлардың) және бөлімшелердің командирлері арқылы үздіксіз бақылау жүргізуге;

жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша іс-шаралар әзірлеуге және шаралар қабылдауға;

ұзақ созылған өртте жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді дер кезінде алмасты-руды, киім-кешекпен және азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға міндетті.


2. Бөлімшелердің жауынгерлік әс-қимыл-дарды орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Шақыруларды өңдеу

9.Өрт сөндіру бөлімінің байланыс пункті, әдетте, табиғи жарықтанды-рылған гаражбен шектес үй-жайда орналасуы қажет және ең төменгі биіктік 3м болғанда ауданы кемінде 5болуы қажет.Цоколдық және жер төледе қабаттарында байланыс пунктерін орналастыруға болмайды.

10. МӨҚҚО бөлімшелерінң байланыс пункті уй-жайында кернеумен жұмыс істейтін электр қондырғылар өртін сөндіруге арналған өрт сөндіргіштерді оңай жерлеуге орналастыру және көрінетін жерге еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты,сондай-ақ оның талаптарын орындау үшін жауапты тұлғаның тегі жазылған тақта ілінуі қажет.

2.Шақыру( өрт) орнына шығу және бару

11.Дабыл бойынша қарауылдың жиналуы және шығуы белгіленген тәртіппен қамтамсыз етіледі.«Дабыл»белгісі бойынша қарауылдың жеке құрамы өрт сөндіру автомобильдеріне келеді, бұл ретте қарауыл бөлмесі мен гаражда жарық автоматты түрде қосылуы қажет.Жүру жолында киімді, күнделікті заттарды және басқаларын қалдыруға тыйым салынады.

12. Гараждан өрт сөндіру автомобильдерінің шыққаны туралы қала көлігі мен азаматтарға ескерту үшін арнайы бағдаршамдар жағылады. Олар болмаған жағдайда бекеттегі күзетші қызыл жалаумен,ал түнгі мезгілінде қызыл шаммен белгі беруі қажет.

Гараждан шыққан және шақыру орнына баратын кезде арнайы дыбыс және жарық дабылын қосуы қажет.

13. Шақыру орнынан шыққан қарауыл бастығы немесе қарауыл басқарып шыққан МӨҚҚО бөлімшенің жетекшісі жол қозғалысы ережесін білуге және жүргізушінің оларды орындауын қамтамасыз етуге міндетті.

Өрт сөндіру автомобилінің қауіпсіз қозғалысы үшін жүргізуші жауап береді.

14. Өрт сөндіру автомобильдерінің қозғалысы кезінде МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына кабинаның есігін ашуға, басқыштарда тұруына,темекі шегуіне және ашық отты пайдалануына тыйым салынады.

3.Өртті барлау

15.Өртті барлау МӨҚҚО бөлімшелерінің өртке шыққан сәтінен бастап және оны жойғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.Өртке барлау жүргізу үшін қарамағында ТОЖҚҚ бар, құрамында кемінде үш адамнан тұратын газ-түтіннен қорғау қызметінің (бұдан әрі –ГТҚҚ )звеносы құрылады.Күрделі құрылыстар( метрополитен,ғимараттардың жер асты фойесі,аса күрделі ғимараттар, кабель тоннелдері, күрделі жоспарланған жертөрелер )үшін-бес адамға дейін.

Метрополитендердің жер асты құрылыстарында және ұзыннан созылған жер асты құрылыстарында барлау жүргізу үшін ГТҚҚ екі звеносы жіберіледі.

16.ГТҚҚ звеносы түтіндеген аймақта болғанда мынадай талаптарды сақтауы қажет:

Әдеттегідей,іргелі қабырғалардың немесе терезелі қабырғалардың бойымен журу қажет;

Қозғалыс барысында котергіш құрылымдардың күйін,жалынның жылдам таралу мүмкіндігін,жпрылу немесе құлау қаупін байқау қажет;

Жоғары кернеулі қондырғылар,жоғары қысымды аппараттар (ыдыстар), жарылғыш,улы,радиоактивті,бактериологиялық заттар бар үй-жайларға тек қана объект әкімшілігінің келісімімен және олар ұсынған қауіпсіздік ережесін сақтай отырып кіруі қажет.

4.Адамдар мен мүлікті құтқару

17.Өртте адамдар мен мүлікті құтқару кезінде жедел лауазымды тұлғалар жағдайға және көмек көрсетілуі тиіс адамдардың жай-күйіне байланысты адамдардың құтқару тәртібі мен тәсілдерін анықтауға,қауіпті өрт факторларының құтқарушыларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.Құтқару жұмыстары шапшаң,бірақ құтқарылатын адамдарға зақым мен жарақат келмейтіндей ескерулерді сақтай отырылып жүргізіледі.

18.Құтқару жұмыстары жүргізілген кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғалар күштер мен құралдарды ораластырумен қатар сол сәтте қажеттілігі болмаса да,жедел медициналық жәрдемді шақырады.

19.Адамдар мүлікті биіктен құтқару үшін сынақтан өткен тұрақты және жылжы-малы қол өрт сатылары,автосатылар және өрт автокөтергіш-тері,құтқару жеңдері,пневматикалық секіретін құтқару құрылғылары және тиісті сертификаттары бар және сынақтан өткен өзге де бұйымдар қолданылады.

20.Құтқару және озін-озі құтқару үшін дымқыл немесе едәуір ылғалды құтқару арқандарын және басқа мақсатқа арналған арқандарды қолдануға тыйым салынады.

21.МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы зардап шегушілерді дереу шығару мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушілерді қолда бар барлық құралдармен аман алып қалу үшін ең алдымен таза ауа,жеке қорғану құралдарын ,ауыз-су,дәрі-дәрмектер мен тамақ беру ұйымдастырылады.


Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау шараларын ата ?

2. Жауынгерлік әс-қимылдарды орындау кезінде бөлімше қызметкерлері қандай қауіпсіздік талаптарын сақтаулары керек?

Практикалық сабақтар

Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Қазақстан Республикасы-ның « Өрт қауіпсіздігі туралы » заңы
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жұмыс мақсаты:« Өрт қауіпсіздігі туралы » ҚР-ның 1996 жылы 22 қарашадағы заңы-мен танысып, оның негізгі ұғымдарын, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцип-терін, , өрт қауіпсіздігі саласынғы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндет-терін оқып білу.

Оқу құрал жабдықтары:


  1. Заңның нұсқасы

1.Қазақстан Республикасының « Өрт қауіпсіздігі туралы » заңы 1996 жылғы 22 қарашада қабылданды. Заң 7 тарау, 31 баптан тұрады.



  1. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;

өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүзеге асыратын қызмет түрі;

өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;

өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;

өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының,  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы  күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің  жиынтығы;

өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі;

өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;

өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау;

өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;

өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлік өнімі, соның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру құралдары, от сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары;

өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері;

өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;

- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.



3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары :

өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреттер шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;

өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының  жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етеді;

елді мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;

қоныстану аумақтарын және мемлекеттік меншіктегі ерекше маңызды объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) , облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы  аумақтық  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша сот жүргізеді.

 4, Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Қазақстан Республикасы азаматтарының:

- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;

- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;

- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;

- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;

- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;

- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;

- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарыныңнұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен  мемлекеттік өртке қарсы қызметоргандарына өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау  мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

 5. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.

Ұйымдар:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;

- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;



- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде, соның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе ұстауға;

- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;

- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;

- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

- өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;

- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;

- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына беруге;

- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда белгiлен-геннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданы-лады.

1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет